Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет68/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   119
Авакова фразеосемантика

Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
133
налы түрде айта аламыз. Шын мәнінде, осы аталған екі әлемдік көрініс 
бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл екі көрініске қатысты себеп-
салдарлық байланысты қолдану мүмкін емес. 
Әлемнің тілдік көрінісінде қалыптасатын этникалық менталитет 
көбінесе белгілі бір тілді тұтынушылардың өздерін қоршаған орта тура-
лы менталды көрінісін сипаттайтын символдық вербалданған бейнелердің 
мәдени «тірек» концептілері арқылы өзектіленеді. 
XX ғасырдың соңында филологияда «концептуалды – мәдениет-
танымдық» бағыттың қалыптасуына ықпал етті. Осы бағыттың зерттеу 
контексінде мәдениеттану шешуші пән ретінде қаралды, ал оның басты 
бірлігі ретінде концепт танылды [В.П. Нерознак, 1997; 8 б.].
Концепт ұғымы лингвистикада «адамның әлем туралы жинақталған 
мәдени түсініктері» [А. Вежбицкая, 2001; 5 б.], «концепт – біздің нысан ту-
ралы білетініміздің барлық жиынтығы» [В.Н. Телия, 1998; 6 б.] «құдайлық 
ілімді танудың, сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың 
мәдени менталдығын танудың кілті» [В. Гумбольдт, 2000; 7 б.] тәрізді 
анықтамалармен беріліп жүр. Жаңа гуманитарлық білімдер саласына кон-
цепт терминін алғашқылардың бірі болып, орыс ойшылы С.А. Аскольдов 
енгізген болатын. С. Аскольдов концептінің «орынбасарлық қызметі» оның 
басты белгілерінің бірі болып саналады деп көрсетеді [С.А. Аскольдов, 
1997; 85 б.]. Сoncept термині В.З. Демьянковтың пікірі бойынша ағылшын 
сөздіктерінде «ұғым, идея, жалпы көрініс, тұжырым» мағынасымен бе-
рілген [В.З. Демьянков, 9, 40 б.]. 
Концепт термині когнитивтік лингвистика ғылымының қажеттілігі нен 
туындайды. Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерін саралай келе концеп тің 
ұғымнан басты айырмашылығы ұғымда энциклопедиялық ақпарат беріледі, 
яғни концепт ұғымнан кең мағынаға ие. «Ұғым» ғылыми білімнің нәтиже сін 
берсе, концепттің сөздіктегі мағынасымен қатар, «алғашқы формасы (эти-
мологиясы), басты тарихи белгілерін ғана қалдырып өте ықшам формасын, 
қазіргі заман ассоциациясын, бағалауын жинақтаған көп қабатты құрылым. 
Демек концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, 
прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.
Лингвистика саласында қолданылатын концепт термині бір жағынан 
жаңа, ал екінші жағынан ескі ұғым деп есептеуге болады. А. Вежбицкая 
«концепт» терминін адамның болмыс әлемі туралы жекелеген белгілі бір 
мәдени-негізделген көзқарастарымен берілетін шынайы әлемнің объектісі 
деген анықтамасы лингвистика саласында алдыңғы орынға қойып отыр.
А. Вежбицкая мәдениетті жекелеп алған мәдениет үшін ерекше маңызды 
әрі үлгілі болып келетін «тірек сөздер» арқылы қарастырады. Бұл сөздер 
айналасына мәдениеттің біртұтас салалары шоғырланған орталық нүкте 
ретінде талданады [А. Вежбицкая, 1999; 286 б.].
Ю.С. Степановтың зерттеуі бойынша, концепт дегеніміз – ұғым сияқты 
қалыптағы құбылыс. Орыс тілінде концепт және ұғым сөздері өзінің ішкі 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
134
формаларына қарай бірдей мағынада болып келеді: концепт латын тілінен 
калька ретінде алынған conceptus – «понятие» сөзі, ол conciperte «зачинать» 
деген етістіктен пайда болған, яғни сөзбе-сөз айтқанда «понятие, зачатие»; 
«понятие» дегеніміз «пяти» етістігінен туындаған, ежелгі орыс тілінде бұл 
етістік «погати», «понати», «схватить», «взять в собственность», «взять 
женщину в жены» деген мағыналарда қолданылған. Ю.С. Степанов қазіргі 
кезде бұл сөздердің нақты айырмашылықтары бар деп көрсетеді.
Автордың пікірі бойынша, концепт және ұғым – түрлі салалардың 
термині болып табылады: оның екіншісі негізінен алғанда логика мен фи-
лософия салаларында, ал алғашқысы, яғни концепт логиканың бір сала-
сында – математикалық логикада, сонымен қатар мәдениеттану саласында 
қолданылады. 
Автор мұнымен қатар концептіні адам санасында ұйып қалған 
мәдениеттің бір түйіршегі деп есептейді; яғни, мәдениеттің адамның 
менталитеттік әлеміне кіретін күйін автор осылайша атайды. Екінші 
жағынан алғанда, концепт ұғымы арқылы адам – қатардағы, қарапайым 
адам болып саналады, яғни адам «мәдени құндылықтарды туындатушы 
емес», керісінше сол мәдениетке өзі кіреді, ал кей жағдайда тіпті оған
тікелей әсер етеді [Ю.С. Степанов, 2001; 3 б.]. Ю.С. Степановтың пікірінше, 
ұғыммен салыстырғанда бұл терминнің өзіндік мағынасы тек ойға ғана 
емес, сонымен қатар күйзеліске түседі. Олар адамның көңіл-күйін, эмоци-
ясын, сүйініші мен күйінішін жеткізетін құрал. Концепт – адам баласының 
менталитеттік әлеміндегі негізгі ұяшық.
Ю.С. Степанов концептінің үш қабатын, яғни үш компонентін бөліп 
қарастырады: (1) негізгі, өзекті белгі; (2) қосымша, немесе бірнеше 
қосымша, «пассив» белгілер, бұлар өзекті емес белгілер, (3) «ішкі форма», 
ол сыртқы, сөздік формада байқалмайтын, танылмайтын концепт. 
Концепт терминін талдау барысында көптеген зерттеушілер оның мәнін 
жан-жақты ашатын ұғымдар ретінде «сөздің ішкі формасы», «прототип» 
терминдерінде де тоқталады. 
М.Т. Күштаева: «Концепт пен ішкі форма» терминдерінің мәнін ажы-
рату қиын. Бұл терминдер сөздердің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени 
тілдік құбылыстың ерекшелігін түсіндірудің кілті болып табылады... 
Олардың айырмашылықтары сақталуы мен қызметінде. Сөздің ішкі фор-
масы жоғалып кете алады, ал концепт әрқашан сөзбен бірге өмір сүреді. 
Сондықтан концепт қатары тұрақты деп есептелінеді, [М.Т. Күштаева, 
2005; 35 б.] – дейді.
Е.С. Кубрякова, Е.З. Демьянкова, Ю.Г. Панкрац, Л.Г. Лущина құрастыр-
ған «Краткий словарь когнитивных терминов» сөздігінде концепт терминіне 
мынадай анықтама берілген: «Концепт – біздің санамыздың және адамның 
білімі мен тәжірибесін білдіретін ақпараттық құрылымның психикалық не-
месе менталитеттік ресурстары бірліктерін түсіндіруге қызмет ететін тер-
мин; адам жадының, менталитеттік лексиконының, мидың тілі мен концеп-


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет