Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет69/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   119
Авакова фразеосемантика

Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
135
туалды жүйесінің, адамның психикалық қалпымен сипатталатын әлемнің 
барлық көрінісінің жедел мазмұндық бірлігі [А.П. Бабушкин, 1996; 90 б.]. 
Осы аталған авторлардың ойынша, ең маңызды концептілер тілде кодталады. 
Ғалым В.В. Колесов екі терминді бір-бірінен ажырата білу қажеттілігін 
айтады: conceptusa (ұғымдар (понятия)) және conseptuma («ұрық» («заро-
дыш») сөзімен мағыналас; «дән» («зерно») – тікелей концепт терминіне 
қатысты [В.В. Колесов, 2002; 123 б.]. Концепт терминінің түбегейлі 
мағынасын ескере отырып, оны ұғыммен синоним термин ретінде қол-
данудың қажеті жоқ. Автор концептінің таза болмысты білдіретіндігін ай-
тады, оның тұжырымы бойынша, концептінің мұнда уақыты да, кеңістігі 
де болмайды; бұл мәңгілік және эмпирикалық жолмен түсінілуі мүмкін 
емес төртінші өлшем.
Концепт шынайы қалыпта болатын, кез келген мәдениет үшін өмір-
лік қажетті тіл, фонема, морфема және ғылыммен анықталған мазмұн 
жобасының «ноумендері» сияқты сөзде бейнелі түрде берілетін ой 
сөйлесімінің (речемысли) болмысын айқындайды. Концепт сөздік таң ба-
ның семантикасында өзгеріске түспейтін термин, керісінше, осы тіл дегі 
сөйлеушілердің таңдауын анықтап және тіл-сөйлесімнің әлеуетті мүм-
кіндіктерін жасай отырып, олардың ойлауына белгілі бір бағыт береді. 
Концептінің жүзеге асырылуының бастапқы формасы бейне болып 
табылады. Ал концептінің мазмұндық формасы – белгі. Шынайы белгіні 
шеттен алып пайдалану мүмкін емес; өйткені ол өзінің даму жолында 
табиғи (естественный) тілден пайда болады. Бейнені суреттеуге, ұғымды 
анықтауға, ал белгіні тек түсіндіруге болады. Белгі бейне мен ұғымды, со-
нымен қатар концептіге оның бір формасы арқылы жақындау мақсатында 
мән мен құбылысты да тереңірек топтайды. 
В.В. Колесовтың тұжырымдауы бойынша, conseptum тамаша логостың 
«ұрығы» (зародыш), тапсырылмаған, тек берілген ойдың архетипі, бірақ ол 
өзінің грамматикалық және мазмұндық формаларын, ең алдымен – бейнелі 
формаларын үнемі өзгертіп отырады [ В.В. Колесов, 2002; 68 б.].
Н.Д. Арутюнова «концептілер зат есім және етістіктік категориялардың 
тоғысуының нәтижесінде қалыптасады: етістікті категориялар пікірдегі, 
яғни сөйлемдегі мағынаның қимылын жасаса, зат есімдер – оларды 
жасалынған, аяқталған факт ретінде белгілейді»,-– деп тұжырымдайды 
[Н.Д. Арутюнова, 1991; 102 б.].
В.В. Колесов С.А. Аскольдовты мақұлдай отырып, концепт үнемі 
«ұлттық субъектілік» болып қалыптасады; сөзбен іске асырылу барысын-
да концепт бірдей көрініс, бейне немесе ұғымдардың танымал мөлшерін 
белгілеуге қатысты гипероним ретінде қабылданады; бұл «жалпы ұғым» 
сияқты белгілі бір термин, тіпті оны әмбебап (универсалий) деп атауымызға 
да болады; бірақ олар жеке зат есімдік нақтылық бола алмайды деген 
қорытындыға келеді.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
136
Сонымен жоғарыда ғалымдардың концеп терминіне берген анық-
та ма ларын, ғылыми зерттеулердегі тұжырымдарын салыстыра-саралай 
келіп, өзіміздің пайымдауымызды ұсындық: концепт – индивидтің, тілдік 
ұжымның дүние, жаратылыс оның түрліше заттары мен құбылыстары ту-
ралы өмір тәжірибесі, білімдік аясы (көзқарасы, танымы) негізінде, өзі өмір 
сүретін әлеуметтік ортаның мәдениетінен қабылдап, қалыптастыратын 
танымдық, білімдік жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет