Авакова Р.А. Фразеосемантика
150
өгіз, Жер болса, жеті қат көк – Ай, Күн, Шолпан, Есекқырған (Меркурий),
Қызылжұлдыз (Марс), Сатурн, Мүштәри (Юпитер) [С. Кенжеахметұлы,
1998; 229 б.].
Академик І. Кеңесбаев аталмыш тіркестер туралы былай дейді: «Бұл фра-
зеологизмдер мифологиялық, астрологиялық ұғымнан хабардар беріп тұр.
Жерді ұстап тұрған «көк өгіздің мүйізі» деп білген халық өзінің ойын жетімен
байланыстыруы бұл да сан есімнің халықтың атам заманғы өмірімен, идео-
логиясынан аздап болса да дерек бола алатындығын көрсете алады. Осыған
қарағанда жеті қарақшы (көне түркіде Жетіген),
қырғызша Жети арқар
жұлдызын ала-бөле жеті санымен байланыстыра атауы, бұл санның, бәлкім,
«киелі» екендігін көрсетсе керек. ... көзге түртсе көрінбейтін түнді қазақ неге
жеті түн немесе жеті қараңғы түн дейді. Осы сөзден барып жасалған жеті
қараңғы түнде (жеті түнде) неғып жүрсің? Немесе жеті қараңғы түнде қайда
барасың? Жеті қараңғы таныған жеті түнде адаспас деген тәрізділер өте жиі
кездесіп отырады» [І.К. Кеңесбаев, 1977; 612 б.].
Жеті саны семантикасымен байланысты туған фольклор сюжеттері,
мақалдар мен мәтелдер түркі халықтарында көптеп кездеседі. Түрік
тіліндегі jedi baŝly «көкбет, ашушаң әйел туралы» (жеті басты), jedi зanly
«суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін адам» (жеті жанды); түрікмен
тілінде йединиң бери йесер «жетінің бірі қу», йеди дерианиң сувуни ишен
«жылпос, өз пайдасын, өз керегін тапқыш» (сөзбе сөз «жеті теңіздің суын
ішкен»); кабардин-балқарлары тілінде зети зол айыралған зерде «жеті
жолдың айрығында», зети қат зер астында «жеті
қат жер астында, өте
алыс», алтай тілінде д»етти д»олдиң белтири «екі жолдың айрығында»;
башқұрт тілінде йети күк, йети түн қорашқан «жеті күн, жеті түн деген-
де»; ұйғыр тілінде йеттә атиниң әрвалари урмақ «жеті атаның аруағы ұру»,
йәтти иқлим «барлық халық (жеті халық)», йәттә мүчә сақ «сау-саламат
(жеті мүшесі сау)» және т.б.
Жеті саны түркі тілдерінде туыстық қатынастарды да білдіреді. Мыса-
лы, «жеті ата» қазақтың ескі рулық жігінде ата, аталастық негізгі орынға
ие болған. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атаға жеткенде ақ түйе,
боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап,
бұдан былайғы жерде қыз алып,
қыз берісуге болған. Осыдан бері «жеті атадан әрі ғана қыз алысу» заңы
Тәукенің тұсында шыққан. Бертін келе алыс-жақындық өлшемі де осы
жетімен өлшеніп, мұсылман дініндегі елдер ең болмағанда әр рудың жеті
атасынан бергі шежіресін білуге міндетті болған [Ә. Ысқақов, 1992; 38 б.];
[Н. Уәлиев, 1988; 23 б.].
Жеті ата қазақ халқы үшін – бала, әке, ата, арғы ата, баба түп ата, тек
ата. Башқұрт тілінде йети ата «бір-біріне туыс емес, қандас емес» мағынада
қолданылса, осы ұғым ұйғыр тілінде йәтти ата, йәттиш пушти фраземасына
тән.
Халық әдет-ғұрыпында өлген адамның жетісін өткізу салты бар. Қазақ
тіліндегі жетісін өткізу, башқұрт
тіліндегі зідесін өткару, татар тіліндегі