Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет77/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
Авакова фразеосемантика

Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
151
йетеһен уткуру, ұйғыр тіліндегі йәтисини өткәзмәк фраземалары «өлген 
кісінің артын күту» мағынасында қолданылады. Қайтыс болған кісіге 
жеті күн өткен соң, құдай садақа береді, оны еске алу үшін жұртты жи-
нап, ас береді. Осы ұғым негізінде қалыптасқан жеті нан құдайы, жеті тиын 
садақа, жеті тиын нәзір фраземалар тілде қолданылады. Бұл фраземалар 
мотиві «ертеде бір нәрседен қатты қорқып сескенгенде, яки сиынғанда 
құдайға, аруаққа жалынып, кездескен қиындықтан өзін сақтауын тілеп жо-
лына мал, зат, ақша атап отырған. Оның саны жетеу болуы шарт болған» 
[І.К. Кеңесбаев, 1977; 203 б.].
Өзбек тілінде йетти қаралы күннің төртіншісі болып саналады, жеті 
саны үш түн мен төрт түннің қосындысы деп есептеген. Сахалықтарда 
(якуттарда) sättätä «жеті жануар» тіркесі Э.К. Пекарский пікірінше, салт 
бойынша қыз ұзатқан үйге берілетін, бір бұқа, бір жылқы, бір құлын (арық 
болса тірісін, семіз болса сойып), үш сиыр, қалың мал саны [Э.К. Пекар-
ский, 1959; 218 б.].
Жеті санының «молшылық, байлық, баршылық» мағынасын беретін 
тілдік фактілер бар. Мысалы: түрік тілінде: jedi iklim dort buzak «барлық 
жерде» (тура мағынасы жеті түрлі ауа райы, төрт бұрыш), jedi mahalle 
«бүкіл әлем, барлық жер» (тура мағынасы жеті шақырым), jedi kat «бірнеше 
мәрте» (тура мағынасы жеті қабат); түркімен тілінде йеди йщлуң үстүнде 
«бәрінің көз алдында» (тура мағынасы жеті жолдың үстінде), кабардин-
балқар тілінде зети атадан бери «баяғыдан, бұрынғы заманнан» (тура 
мағынасы жеті атадан бері); татар тілінде зиде төн уртаси ~ йети төн уртаһи 
«қап-қараңғы түн» (тура мағынасы жеті түн ортасы); якут тілінде sättäbin 
olturun (yllym) «жетеуін де тартып алдым». Якут тіліндегі бұл фраземаның 
негізінде «барлық қарызымды қалдырмай, түгел төлеткіздім» мағынасы 
жатыр [Э.К. Пекарский, 1959; 208 б.].
Қазақ тіліндегі жеті ғалам «бүкіл әлем» фраземасының мотиві, халық 
танымындағы жеті ғалам болып саналатын, шығыс, батыс, оңтүстік, 
солтүстік, аспан (жоғарғы ғалам), жер (орта ғалам), жер асты (төменгі 
ғалам) түсініктері жатыр. Жеті жұрт «көп ел» фраземасының негізі шығыс 
халықтарының ата жұрты болып табылады Үрім, Қырым, Тұран, Шам, 
Мысыр, Шын-Машын жерлері.
Түркі тілдеріндегі жеті санының символикалық мағынасы үш санынан 
асып түспесе, кем емес. Жеті санының монғол тіліндегі символдық табиғаты 
туралы атақты монғолтанушы, фразеология саласының маманы Г.Ц. Пюр-
беев былай дейді: «Найбольшее употреблений в тексте эпоса «Джангар»: 
падает на «магическую семерку». Число «семь» имеет «мистическое са-
кральное значение при описании Нижнего мира – семи стран преисподей, 
семи адов, сияния семи солнц», при описании обрядных действий, обряда 
присяга семи солнц, при описании обрядных действий, обряда присяги, 
клятвенных формул, при гиперболизации действий богатырей» [Г.Ц. Пюр-
беев, 1993; 67-68 бб.]. Жеті саны әлемнің көп халықтары үшін сакралдық, 
мифтік дүниемен байланысы бар жұмбақ ұғым болып табылады.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
152
Қазақ халқы дәстүрінде жеті қазына тіркесіп әр кезде, әр жер-
де түрліше айтылып жүр. Академик Ә. Қайдар жеті қазына тіркесіне 
этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жасай келіп, былай дейді: «... халық 
ұғымындағы сегіз қырлы, бір сырлы жігітке қажетті байлық – қазынаға 
көбіне-көп: а) жүйрік ат, ә) қыран бүркіт, б) құмай тазы, в) берен мылтық, г) 
өткір кездік, ғ) ау-жылым, д) қандауыз қақпан жатады және оларды былай-
ша таратып, бағалайды; жүйрік ат – адамның қаны немесе қанаты; қыран 
бүркіт – жігіттің қуаты; құмай тазы – берік сенімі; берен мылтық – оты; 
өткір кездік – сұсы; ау-жылым – әдіс-айласы; қандауыз қақпан – серті. Ескі 
наным-сенім бойынша осы жеті қазына жігіт адамның қолында түгел бол-
са, оның бағы жанады, арманы орындалады» [Ә. Қайдар, 1998; 47 б.].
Ал кейбір этнографиялық мәліметтерде жеті қазына – ер жігіт, сұлу 
әйел, ақыл мен білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы 
(ит) – деп көрсетеді [С. Кенжеахметұлы, 1998; 228 б.]. Қалай болса да, әр 
кездегі жеті қазына туралы уәждер түрліше болса да фраземаның семасын-
да «байлық көзі, байлық, құт-береке» мағынасы сақталған.
Академик І. Кеңесбаев пікіріне сүйенер болсақ, «жеті» дегенге әрдайым 
дін немесе миф, тотем арқау болды деген пікірлер бар. Біздің топшылауы-
мызша, кей жағдайда мәселенің осы ұшығы шындық өмірден елес беруі 
шүбәсіз [І.К. Кеңесбаев, 1977; 614 б.].
Сегіз санының символикалық мәні. Орхон-Енесей ескерт-кіштер 
тілінде сегіз санымен келетін тіркестер мағынасы өте қызық. Көне түркі 
лағұтында Мойын Чор ескерткішінде кездесетін «бір тайпаның бірлестігі» 
мағынасындағы sekiz oγuz «сегіз оғыз» этнонимі жиі ұшырасады. 
Руникалық ескерткіштер тілінде де sekiz adaqlyγ «сегіз аяқты» тіркесінің 
сыры жұмбақ. Енисей ескерткіштеріндегі biń sekiz adaqlyγ barymyт ... bőkt 
ädim «Көне түркі сөздігіндегі» (ДТС) мақала авторы Л.В. Дмитриева «я не 
насладился ... [в отношении] своего имущества – тысячи [голов] жирного 
[скота]» деп түсіндіреді. Ойды жинақтап айтсақ, sekiz adaqlyγ «семіз, май-
лы, байланған» (үй жануары туралы) мал мағынасын береді. Бірақ тіркесте 
берілген аяқтар санын жануарлар салмағымен байланыстыру қиындау. Піл 
қанша салмақты болса да, оның аяғының саны төрттен аспайтыны белгілі, 
түйе, жылқы, сиыр т.б. мал турасында да осыны айтуға болады. Мұндағы 
sekiz adaqlyγ мағынасының бейнесі ерекше.
Енисей ескерткіштері тілінде (Элегеш ескерткіші) tőrt adaqly jylqym 
säkiz adaqlyγ barymyт сөйлемін С.Е. Малов «менің төрт аяқты жылқым 
бар, сегіз аяқты малым бар» деп аударған [С.Е. Малов, 1951; 25-26 бб.]. 
Енисей ескерткіштерінің тағы бір жолында (Бегре ескерткіші) säkiz adaqlyγ 
barymym ücün тіркесі оралымын С.Е. Малов «менің өзімнің семіз малым 
бар» деп аударады [С.Е. Малов, 1951; 29-30 бб.], bin säkiz adaqlyγ barymym 
«менің сегіз аяқты мың малым» түрінде аударады. 
С.Е. Малов säkiz adaqlyγ тіркесін аударғанда қатты қиналған сияқты.
Дәл осы жағдайды П.М. Мелиоранский де басынан кешірген. Х. Вам-


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет