Авакова Р.А. Фразеосемантика
156
«Құтты білік» дастанында jaŝyn qyrqta kecsä «жасың қырықтан асса» kundin
son bedukladi ojnady »қырық күнде өсті, жүгірді, ойнады» және т.б.
Қырық саны о баста «көп», «мөлшерсіз» деген мағынада қолданылған
болу керек [В.А. Гордлевский, 1945; 133-134 бб.]. Қазақ тіліндегі қырық
қарақшы,
қырық бұрау, қырық тесік, қырық жыл тіркестерінде көптік
мағына сақталған.
Түрік тіліндегі: kyrk defa sőjledim «ауыз жаппай сөйледім» (қырық
рет сөйледім), kyrk evin kedisi «өз үйіндей көру» (қырық үйдің мысығы),
kyrk jamaly »қырық жамау», kyrk jylyn basynda «баяғы заманда» (қырық
жылдың басында), kyrk jylda bir «анда-санда» (қырық жылда бір); татар
тіліндегі: ĉőji qyrylŝyn «қырыққа бөлінсін» (маған десе быт-шыт болсын),
башқұрт тілінде: qyryqqa jaryla almam bin inde «енді не істе дейсіңдер»
(қырыққа жарыл дейсіңдер ме?), qyrq tőrlő hőjlaű «көп сөйлейтін» (қырық
түрлі сөйлеу), қырғыз тілінде: coro qyrq «қырық уәзір», qyrq kőjnők
«қырық көйлек» (баланы қырқынан шығарғанда кигізетін жейде), qyrq
cilten «қырық шілтен» (аңыз бойынша, адамдар арасында жүретін, ерек-
ше күш иелері) және т.б.
Қазақ халқы сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн
өткен соң,
ыдыстың түбіне күміс салып, қырық суды жақын адамдарына жақсы
тілектер айтқызып, суға түсіріп, қарын шашын алатын болған. Соны-
мен қатар адам өмірден өткенде қырық күннен соң, «қырқын өткізіп» ас
береді. «Адамның жаны қырық күннен соң шығады» деген діни ұғым бар.
Ертегілер мен аңыздарда қырық күн ойын, қырық күн той тіркестері жиі
кездеседі. Осы ұғымдар халық санасындағы мифологиялық культуремалар
ізі болар деген ой туындайды.
Қырық санының бойындағы киелі
ұғымдар ауыз әдебиетінде де
сақталған. Қарақалпақ халқының «Қырық қыз», қазақ халқының «Қырық
өтірік», «Қырымның қырық батыры» және т.б. ертегілер мен эпостық
шығармалар осының айғағы.
Қазақ фразеологиялық қорындағы қырық құбылу «сөзінде тұрмау»,
қырық қазанның құлағын тістеу «қыдырымпаз, кезбе кісі», қырық қалта
«қу, айлакер», қырық иттің құйрығын түйістірген «аса айлакер, қу» қырық
саққа жүгірту «сан түрлі құбылу» және т.б. фраземалар қырық сөзінің ішкі
семантикасымен тікелей байланысты.
Қазақ фразеологиясының атасы І. Кеңесбаев
қырық санымен келетін
фраземаларға сематикалық талдау жасай келіп былай дейді: «Қазақ
ертегілерінде ұшырасатын бойы бір тұтам, сақалы қырық тұтам, тазшаның
қырық өтірігі сықылдылар халықтың санасында ертеден орын тепкен.
Мақал-мәтел, нақыл сөздер және басқа сөз орамдары да бұл санның
«әшейін» сан емес, бір кезде киелі мөлшер екендігін көрсетеді. ... Қырықтың
діни ұғымы басқа тілдерде де бар».
Қорыта айтқанда, сан есімдер
ұйытқы болған фраземалардың
бойын дағы мифтік культуремалардың символдары сақталған. Олардың