Авакова Р.А. Фразеосемантика
158
актуализировать в составе устойчивого выражения свою архаическую ам-
бивалентность» [И.А. Подюков, 1997; 21 б.].
Табиғатта кездесетін әр алуан түстің барлығы әрқашанда заттың,
құбылыстың түрін-түсін анықтаумен шектелмейді. Олар көбінесе мүлдем
түске қатысы жоқ, ұғым түсініктерді мағыналарды білдіре алады. Мұндай
мағыналарды символдық мағыналар деп атайды.
Түр-түстердің қоғамда, ондағы әдет-ғұрыптарда, дәстүрлерде, белгілі
бір ұлтта, этноста кейде жеке тұлғалардың түсінігінде
өзіндік орны бо-
лады. Тіл-тілдегі түр-түске байланысты символдық мағыналар белгілі
ұлттың қоғамдық құрылымына, саясатына, сана-сезімі мен түсінігіне,
көзқарасына, мәдени мұраларына және тағы басқа атрибуттарына бай-
ланысты жалпылық қасиеттермен қатар жекелілігімен, «ұлттылығымен»
ерекшеленеді.
Адамдар қоршаған ортаға, табиғатқа көзқарасы оны көру әлемі ортақ
болғанымен, кейбір жағдайда өзін қоршаған табиғи түстер мен реңктерге
көзқарасы оларды сезінуі мен қабылдануы бірдей бола бермейді. Сондықтан
да түр мен түстің этностың, халықтың, жеке тұлғаның психологиясымен,
сезіну қабілетімен, эстетикалық танымымен, шығармашылық дүниесімен
тікелей байланысты.
Қазақ тіліндегі түр мен түстің тілдегі көрінісін
зерттеген ғалымдар
Ә. Қайдар, З. Ахтанбердиева, Б. Өмірбеков мынандай ғылыми пікір айтады:
«Қазақта «әр елдің заңы басқа, иттері – қара қасқа» деген мәтел бар. Оны
жеке адамдар мен қауымның түр-түске әр түрлі көзбен қарайтынына байла-
нысты айтуға болатын сияқты. Ол орыс тіліндегі «На вкус и цвет товарища
нет» деген мақалымен де астарлас. Өмірден алынған бұл екі нақылдан «әр
елдің, әркімнің өз талғамы, өзі ұнататын түрі мен түсі бар» дегенді аңғаруға
болады» [Ә. Қайдар, З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбеков, 1992; 74-75 бб.].
Әрбір этнос, ұлт түсінігіндегі түрлер мен түстердің өзіндік ұғымдар
мен мағынасы, таңбалық символы болады. Қазіргі әрбір халықтың, мем-
лекеттің рәміздері мен нышандар символдары, тарихы олардың ұлттық
дәстүрлермен,
салт-санасымен, әдет-ғұрыптармен генетикалық тұрғыдан
байланысты. Ерте кезде әрбір рудың, тайпаның өздеріне ғана тән таңбалар
мен ұрандары, тулары мен мөрі, қару-жарақтары, эмблемалары мен
елтаңбалары, ірі-қараға салынған ен таңбалары болған.
Осы аталған
этностың белгісін көрсететін символдар халықтың өз дәстүріне сай
әртүрлі түстер арқылы бейнеленген. Олардың өзіндік мағынасы, қоғамдық,
әлеуметтік дәрежесі, жалпы этносқа ортақ ұғым, таңба, белгі, символ
ретінде танылған. Сондықтан да ақ пен қараның, көк пен жасылдың, сары
мен қызылдың түстік, түрлік номинативтік мағынасы бірте-бірте абстрак-
тыланып, олардың заттық, материалдық ауыс мағыналары даму негізінде,
қолдану шегі бірте-бірте кеңейе түседі.
Қазақ тілінде түр мен түс атауларының тура номинативтік мағыналарына
қарағанда олардың ауыспалы, қосымша, символға айналған мағыналары
басымырақ болып келеді. Бұл категория
тілдің ұзақ даму тарихында