Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет81/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119
Авакова фразеосемантика

Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
159
қалыптасып, қолданыс дәстүріне айналған тілдің құдіреті мен қасиетінің 
көрінісі болып табылады. Лексикографиялық деректерден жиналған ма-
териалдарды талдау – түр мен түстің номинативтік мағынасы мен кон-
нотативтік мағынасының арасында кейде байланыс байқалса, ал кейбір 
жағдайда о бастағы семантикалық байланыстың үзілгенін дәлелдейді.
Бұл мағыналардың логикалық байланысы метафора, метанимия, синек-
доха, полисемия және тағы басқа тілдік заңдылықтарға байланысты болса, 
ал семантикалық байланыстың үзілуі – логикалық абстракция негізіндегі 
әлемді салыстыра, салғастыра танудың нәтижесі.
Негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығымен байланысты болған 
қазақ халқы неғұрлым табиғат сырын терең танып, табиғат құбылыстарын 
бағдарлау арқылы табиғатпен тіл табысқан. Халық қоршаған ортаны, тау 
мен тасты, өзен мен көлді, дала мен орманды «тұлғаланған», «жанданған» 
кейпінде қабылданған. Сондықтан да болар, қазақ тілі фразеологиялық 
қорында түс символикасымен қатысты тіркестер саны аз емес.
Фраземалар құрамында түс семантикасы түр-түстік мағынадан гөрі 
халықтық болмыспен, дүниені тану бейнесімен, өмір сүру ортасымен, 
мәдени және рухани дүниесімен, материалдық және өндіріс жүйесімен, 
әлеуметтік-экономикалық құрылымымен және т.б. атрибуттармен тікелей 
байланысты.
Қара түсімен байланысты фраземалардың негізгі символикасы, номи-
на тивтік мағынасы – «ақтың қарама-қарсы түсі». Қара түсі Орхон-Ени-
сей руникалық ескерткіштерінде, көне ұйғыр жазбаларында, Қара ханид 
және көне оғыз, орта ғасырлық ұйғыр қыпшақ, хорезм түріктері тілі 
ескерткіштері мен шағатай жазбаларында, қазіргі түркі тілдерінде qara, га-
гауыз, салар тілдерінде kara, түрікмен тілінде Gara, хакас, якут тілдерінде 
хara, чуваш тілінде хura, чуваш тілінде хura тұлғаларында қолданылады.
Академик А.Н. Кононов қара сөзінің барлық түркі тілдері материалдары 
бойынша 18 түрлі мағынасын көрсетсе, бізде жиналған лексикографиялық 
деректер бойынша қара сөзінің 31 мағынасы анықталды. Оны төмендегі 
сызба арқылы көрсетуге болады:
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қара сөзінің негізгі тоғыз мағынасы 
берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 36 б.].
1. Күйенің, көмірдің түсіндей (түс, бояу);
2. Дәл не екені айқын емес, қарайып көрінген нәрсе; қарай-ған;
3. Аумақ, көлем, сан, мөлшер, шама;
4. Жобасы, нобайы, пошымы, түрі;
5. Ес, серік, тірек, сүйеу;
6. Ауыс. Арам, қара ниет, зұлым;
7. Этнограф. Өлікті аза тұтудың белгісі ретінде киетін киім;
8. Қарапайым, халық арасынан шыққан адам, қара халық, бұқара;
9. Ірі мал: жылқы, түйе, сиыр.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
160
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦) 
берілген. Түркі тілдеріндегі лексикографиялық деректердің мағлұматына 
сүйенетін болсақ, №11, 12, 15-20, 23-26 мағыналарда қандай да бір түстік 
уәжділік ізі байқалмайды. Бұлардың басын біріктіретін негізгі сема «сан-
сыз көп, үлкен, қалың», осы мағыналардың «күшті, мықты» семалары да-
мып, №20 мағынада «өте» деген жалпылық, үстеулік мағынаға ие. Қара 
сөзінің №21 (дақ) мағынасында түр-түсітік белгі қандай да бір заттың 
алыстағы бейнесі, көрінісі қара дақ мағынасында қолданылады. Заттар 
мен адамдардың «шамалы, көлемі, саны» мағынасын, №11 сема көбінесе 
түркімен тілінде жақсы дамыған. Олардың «көлем шамасы» әйтеуір бір 
қарағанда байқалады. Түркіменше-орысша сөздікте төмендегідей мысал 
берілген: гарасы улы гөрүнәр «на вид довольно большой», гарсы хич зат 
дэл «с виду очень маленький» [Туркменско-русский словарь, 1968; 154-
155 бб.].
№9 мағынадағы жер семасы «қарайған нәрсе» денотатының негізінде 
пайда болған. Ал №13 мағынадағы «ірі-қара» яғни «мал» семасы алы-
стан көрінетін қарайған мал ұғымынан келіп шыққан болу керек. Ал №14 
семадағы «қалың» мағынасы мүмкін эпитеттің негізінде пайда болса керек.
Қара түсінің бірінші мағынасы түсіндірме сөздікте берілген-дей 
«ақтың қарама-қарсы түсі». Бұл оның негізгі номинативтік мағынасы бо-
лып табылады. Бірақ бұл номинативтік мағына одан кейін пайда болған 
коннотативтік мағыналардың қалыптасуының барлығына бірдей ұйытқы 
бола алмаған. Мысалы, түрік топонимикалық жүйесінде жиі кездесетін 
qara su тіркесінің мағынасы сумен емес, жермен байланысты, ал барлық 
орта ғасыр түрік ескерткіштерінде кездесетін qara budиn термині халықтың 
түсіне байланысты емес, оның қоғамдық-әлеуметтік орнымен байланысты, 
яғни қарапайым, төменгі сатыдағы халық, qara qum тіркесіндегі қара түсті 
білдірмейді «көп, мол» құм мағынасында қолданылады.
Қара сөзінің ауыс, коннотативтік мағынасы оның номина-тивтік 
мағынасына қарағанда әлдеқайда көп:
– мал мағынасындағы қара – ірі-қара мал, қара мал;
– алыстан бұлдырап, қарауытып көрінетін бейне, жанды /жансыз зат, 
силуэт – қарасын көрсетпей кету, қарасы өшу;
– хан, ақсүйектер тұқымына жатпайтын жалпы халық – қара халық, 
қара тобыр, қара бұқара (жай халық арасынан шығып, хан болған адамға 
Қарахан деген титул берген, халық аузындағы қарадан шығып хан болған 
деген мәтел осының айғағы);
– серік, ес, жәрдемші – Артында жалғыз қараны көретұғын күн қайда 
(Алпамыс жыры);
– айыпты, кінәлі, қылмысты адам – бақыт баста тұрғанда, білмесең де 
данасың, Бақыт құсы жөнелсе, ақ та болсаң қарасың (Ауыз әдебиеті).
– адамға зиян келтіретін қасиетсіз мақұлық – қара басқыр, қара көрінер;
– өлім-жітім, қайғы-қасірет – қара қағаз, қара уайым; қара жамылу;


161
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
161
5-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет