Пікір жазғандар

бет3/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
арнайы кітап

Арнаулы білім беру жүйесі - мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арнайы білім алуы үшін жағдай жасаудағы мектепке дейінгі,жалпы және кәсіптік білім беру.
Мүмкіндігі шектелі тұлға - жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруде білгілі бір шектеушілік туындататын дене немесе психикалық ақауы бар тұлға.
Кемшілік- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымының және ересектерге қатысты медициналық-сараптау кеңес беру қорытындысы бекіткен дене немесе психикалық кемшілік.
Дене кемістік - адам психикасы дамуының және/немесе жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзету арқылы қолдануды қажет ететіндей созылмалы бұзылу.
Психикалық кемістік - адам психикасының дамуында анықталған уақытша немесе тұрақты түрдегі сөйлеудің эмоциялық - ерік аясының кемшілігі, оқытуда қиындықтар тұғызытын психикалық дамудың кешеуілдеуі.
Ауыр кемістік- мемлекеттік (оның ішіндегі арнаулы) білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі;
Ерте қолға алу – психикалық және дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық – педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау.
Әлеуметтік бейімдеу – әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылдынған құндылықтарды, мінез – құлық ережелері мен нормаларын игеруімен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Күрделі кемістік – күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әр бірінділік алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бір қатар бастапқы ауытқулардың бірігуі.
Арнаулы (түзету) білім беру мекемелері – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.
Арнайы білім беру жағдайлары – мүмкіндігі шектеулі тұдғаларға жалпы білім беру мен кәсіптік білім берудегі арнаулы оқыту мен тәрбие жағдайлары.
Компенсация – (лат. compensatio – өтеу, теңдестіру, толықтыру, орнын басу) – организмнің бұзылған немесе толық дамымыған қызметтерін алмастыру, толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі.
Коррекция – (лат.correctio- түзеу) – балалардың психикалық және дене дамуының кешіліктерін түзетуге немесе оның салдарын жеңілдетуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі.
Коррекциялық процесс – дамудағы анықталған кеміліктерді түзетуге бағытталған арнайы редагогикалық көмек түрлері немесе әлеуметтік ортадағы түзете – дамыта оқыту прцесі.
Емдік педагогика - арнайы педагогикадағы көз қарастар жүйесін медициналық тұрғыда қарастыру.
Реабилитация – бұзылған фнукцияларды медициналық, әлеуметтік, білім беру тұрғысынан қайта қалыпқа келтіру процесі.
Абилитация – ерте жастағы балалардың дамуындағы функцияларды қалыпқа келтіру.
Скрининг – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды анықтау мақсатымен жүргізілетін жаппай стандартты түрдегі тексеру.
Мониторинг – білм саласындағы белгіленген прцестің алға қойылған мақсат міндеттерге сәйкестігін бақылау әдісі.
Педагогикалық зерттеу мен көмектің субьектісі – ерекше білімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогикалық көмек – арнаулы мамандардың басшылығымен ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлар, ерекше білімді қажетсінетін балалардың жеке дамуын қамтамасыз етудегі оқыту мен тәрбиелеудің ерекше мазмұмы, формалары, әдістері.
Халықаралық ғылыми қоғамдағы қабылданған терминдерге байланысты! “аномальды бала”, “аномальды даму” терминдері қазіргі уақыттың талаптарына сәйкес дұрыс, нақты түрі дефектологиялық сөздіктерде “ерекше білімді қажет ететін тұлға” терминіне ауыстырылып, “мүмкіндігі шектеулі тұлға” терминімен қатар қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категориясын топтастыру төмендегідей сипатталады:
• есту қабілеті бұзылған тұлғалар: естімейтіндер, нашар еститіндер, кейіннен
естімей қалғандар.
• көру қабіліті бұзылған тұлғалар: көрмейтіндер, нашар көретіндер.
сөйлеу тілі бұзылғандар
• тірек – қимыл аппараты зақымдалған тұлғалар
• психикалық дамуы тежелген балалар.
• зияты бұзылған тұлғалар (ақыл – ой дамуы кешеуілдегендер)
• эмоциялық – ерік сферасы бұзылған тұлғалар (ерте жастағы аутизмге шалдыққан
балалар)
• дамуында күрделі кемшілігі бар балалар.
Қазіргі кезде дамуындағы кемшіліктерді топтастырудың белгіленген нақты принциптері жоқ. Біздің мемлекетімізде арнайы психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде кеңінен таралған ( М.В. Власова мен М. С. Певзнер, В.В. Лебединский, О. Н.Усанова, В. Л. Лапшин мен Б. П. Пузанов) зерттеулерінде ұсынылған топтастыруларды қарастырып көрейік.
М.В. Власова мен М. С. Певзнердің еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тобы төмендегідей сипатталады:
1. Сенсорлық кемшілігі бар балалар (есту қабілеті, көре қабілеті, сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған).
2. Психикалық дамуы тежелген балалар.
3. Астениялық немесе реактивтік жағдайдағы, конфликт жағдайындағы балалар.
4. Психопатиялық күйдегі(эмоциялық-ерік қасиеттері бұзылған) балалар.
5. Ақыл – ой дамуы кешеуілдеген балалар.
6. Психикалық аурулардың алғашқы белгілері анықталған (шизофрения, эпилепция, истерия) балалар.
В.В. Лебединский зерттеулерінде дамудағы кемшілік психикалық дизонтогенез проблемасы негізінде топтастырылады:
1. Жалпы тұрақты бұзылу (мысалы, олигофрения).
2. Дамудың тежелуі (танымдық әрекет пен эмоциялық – ерік қасиеттерінің баяулауы).
3. Организмнің зақымдануы (тұқымқуалайтын аурулар, ұрықтық даму кезіндегі туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі инфекция, интоксикация, орталық нерв жүйесінің соққы алуы).
4. Дамудағы кемшіліктер (анализаторлық жүйелердің – көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы).
5. Белгілі псхикалық функциялардың дамуындағы жеделдеу(ерте балалар аутизмі).
6. Дамудың дисгармониялығы, туа пайда болған немесе ерте балалық шақта пайда болған тұрақты психикалық зақымдалу (психопатия).
О.Н.Усанова дамудағы кемшілікті топтастыруды төмендегідей көрсетеді:
1. Органикалық зақымдануға байланысты анықталатын дамуында кемшілігі бар балалар.
2. Функционалдық жетіспеушіліктің әсерінен болатын дамудағы кемшіліктер.
3. Психикалық депривация жағдайындағы балалар.
В. Л. Лапшин мен Б. П. Пузановтың ұсынуы бойынша дамудағы кемшілікті топтастыру келесіндей сипатталады:
1. Сенсорлық қабілеті бұзылған тұлғалар:
- көру қабілеті зақымдалған балалар;
- есту қабілеті зақымдалған балалар;
2. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар.

3. Зиятының жетіспеушілігі бар тұлғалар (ақыл –ой дамуы кешеуілдеген, психикалық дамуы тежелген балалар).
4. Тірек – қимыл аппараты бұзылған тұлғалар;
5. Күрделі кемшілігі бар тұлғалар.
Арнаулы білім беру жүйесін құруда, оның мүмкіндіктері мен тиімді жақтарына талдау жасауда, арнайы білім беру жүйесінің сапасын арттыруда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны, арнаулы білім беру мекемелерінің саны туралы мәліметтерге шолу жасаудың маңызы зор.
Арнайы педагогиканың пәндік салаларын төмендегідей топтастыруға ьолады:
1. Сурдопедагогика – есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы.
2. Тифлопедагогика – көру қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы.
3. Логопедия – сөйлеу тілінің кемшіліктері туралы ғылым, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың әдістері мен алдын алу шаралары арқылы арнайы оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.
4. Олигофренопефдагогика – ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.

Сурдопедагогика

Олигофренопедагогика

Тифлопедагогика

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет