Бірінші кезеңдегі мектеп бала түлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, кеңістікте бағдарлау, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.
Екінші кезеңдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуте бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, түлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады.
Орта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының Қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық өмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы бойынша пәндері енгізіледі.
Үшінші кезеңде кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген (информатика, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады.
Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретің мектептің алты нүктелік брайльдық шрифтімен жазылған оқулықтарымең қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған оқытудың тифлотехникалық құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жүмыс кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жөніндегі аттестат алады және жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді үйренеді.
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады:
- дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);
- нашар көретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда көру қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың көрнекі образы мен сөз арасындағы сәйкестікті калыптастыру, жазуға дайындау;
- зағип жандарды арнайы Брайльдік жүйе бойынша оқыту;
- рельефті-дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Математиканы оқыту бағдарламасының ерекшеліктері:
- дайындық сыныбының ұзартылуы;
- микро- және макро- кеңістікті бағдарлау дағдысы мен тэжірибесін қалыптастыру;
- заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлауды өлшеу, сызу дағдылары арқылы дамыту, заттың формасы, көлемі, саны, қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру;
Қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарының ерекшеліктері:
- нашар көретіндерге экскурсия, практикалық сабақтардың санын арттыру, көру органының анатомиясын, физиологиясын оқыту, жолда жүру ережелерін оқыту, қимыл-қозғалысқа түсу ережелерін игерту сабақтарын жүргізу;
- соқырларды заттардың сигналдық белгілерімен, тірі және өлі табиғаттағы объектілердің белгілерімен таныстыру, экскурсия, практикалык сабақтардың санын арттыру.
Бейнелеу өнеріне баулу сабақтарының бағдарламасында бейнелеу, модельдеу, декоративті қолданбалы өнерге баулу жұмыстары беріледі.Соқырлар мен нашар көретін балалардың шығармашылык белсенділігін арттыру, эстетикалық тәрбиелеуде мүсіндеу, жапсыру, конструкциялау, эн айту, көркем суреттеудегі шығармашылық қабілепн артыруға көңіл бөлінеді.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептердегі еңбекке баулу сабақтары тифлотехникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі. Кэсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жеке қызығушылықтарына, қалауларына байланысты қүрылады. Соған байланысты 5-10 сыныптарда балаларды еңбекке баулу жүмыстары жалпы білім беретін мектептердегідей политехникалық бағытта жүргізілсе, 11-12 сыныптарда мамандыққа байланысты профильді бағытта жүргізіледі.
Көру қабілеті бұзылған балалар мектебінде қолданылатын арнаулы оқыту құралдары:
- соқырлар үшін рельефті-нүктелі шрифтімен (Брайльдік жүйе бойынша) берілген түрлі оқулықтар, оқу құралдары, суреттер, сызбалар;
- нашар көретін балалар үшін рельефті және түрлі-түсті жазумен берілген оқулықтар; үлкейтілген шрифтімен жазылган арнайы оқулықтар.
Көруі зақымдалған балаларға арналған мектептерде көру функциясын
компенсациялау мақсатында тифлотехникалық қүралдар, оптикалық құралдар
(лупа, көзілдірік, үлкейткіш аппараттар), жарық бергіш қүралдар қолданылады. Брайльдік жүйе бойынша жазу құралдары, «сөйлетін оқулықтар» есту және тактильді сезу мүшелерінің жұмысын арттыруда арнайы құралдар қолданылады. Арнаулы мектептерде емдік-профилактикалау шараларын ұйымдастыру мәселесі бірінші орынға қойылған. Көрсетілетін емдік жұмыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері көз ауруларын емдеу, көру қабілетінің кемшіліктерін диагностикалау, көзілдіріктерді таңдау, офтальмологиялық емдеу жұмыстарын жүргізу.
Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялау арқылы оқыту тифлопедагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Аталған жағдайдағы жалпы білім беретін мектептегі интеграцияны ұйымдастыру үшін педагогтардың арнайы дайындықтан өтуі, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті базаны құру, тифлопедагогтардың көмегі қажет.
Көрудің нашарлауы немесе бұзылуы түлғаның жалпы дамуы мен қалыптасу процесінде кедергілер туғызады. Олар қимылдық белсенділіктің дамуында, кеңістікті бағдарлау қабілетінің дамуында, заттық-практикалық эрекетке түсудегі қабілеттіліктің қалыптасуында, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерде, баланың қоғамға қосылуында, еңбекке араласуы кезінде анық байқалады. Көру қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің жас ерекшелік дамуындағы гуманистік қағидаларға сүйене отырып, арнайы педагогиканың саласы тифлопедагогика ғылымы мынадай міндеттерді шешеді:
- көру қабілетінің бұзылуын және оның әсерінен болған психикалық, физикалық дамудағы кемшіліктерді психологиялық-педагогикалық, клиникалық негізде зерттеу;
- соқырлық пен нашар көрушілік кезіндегі бұзылған немесе кешеуілдеген функцияларды қалыпқа келтіру, коррекциялау, компенсациялаудың жолдары мен жағдайларын анықтау;
- көру қабілетінің бұзылуын анықтаушы барлық формалар кезіндегі тұлғаның қалыптасуы мен жалпы даму жағдайларын зерттеу.
Көрсетілген мақсат, міндеттерді шешу кезінде көру қызметіңт бұзылуына байланысты мынадай аспектілер ерекше орын алады: соқыр немесе нашар көретін түлғаларға арналған білім беру мазмұнын құру, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, ол балаларға арналған арнайы мектептердің типі мен құрылымдарын анықтау, оқу жоспарларьщ, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқытудың жеке әдістемелерін құрудьщ ғылыми негіздерін құру. Соның ішінде көру қабілеті бұзылған тұлғалардьщ танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында арнайы техникалық оқыту қүралдарын жасақтау, көру қабілетіне қойылатын гигиеналық талаптар мен ережелерді орындаудағы іс-шараларды ұйымдастыру, жарық түсірущі құралдарды құрудағы нормативтердің сақталуы, көздің жұмысын реттеудегі жүктеменің сақталуы, көру қабілетінен айырылған балаларды тәрбиелеу мен оларды еңбекке бейімдеу мәселелері ерекше орын алады.
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысатын мұғалімдерге коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктерін білу қажет. Мұндай білім мұғалімдердің аталған кемшілік кезіндегі балалармен жүмыс жасау мүмкіндігін арттыруға, оқыту процесін тиімді ұйымдастыруына, тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз етуші факторларды құруға жағдай жасайды.
Осы айтылған мәселелерге байланысты жалпы білім беретін мектептерде білім алатын көру қабілеті бұзылған тұлғалардың категориясы туралы айтсақ, көз рефракциясының аномалиясы анықталған балалар түзету көзілдіріктерін үнемі киіп жүрулері керек. Мұндай көзілдірікпен жүретін балалар педагогтар мен ата-аналар тарапынан үнемі мектепте де, үй жағдайында да санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға байланысты көмек түрлерін қажет етеді. Көру қызметі бүзылған оқушының жұмыс орны дүрыс, жеткілікті дәрежеде жарықтандырылуы тиіс. Ол балаларды бірінші немесе екінші партаға терезенің жанына отырғызу керек. Сонымен қатар, жақыннан көретін баланы тақтаға жақын жерге, алыстан көретін баланы тақтадан алыс отырғызу керек.
Мұғалім берілген тапсырмалардың орындалуын талап етуі үшін оқу материалының мазмұнына сай қолданылатын сызбаларды, карталарды, кестелерді, суретті картиналарды дайындауда олардың анық, бояуы қанык болуын, әріптердің ірі жазылуын есте ұстауы тиіс. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда, бала өзіне берілген тапсырманы білмегендіктен емес, оған берілген тапсырманың мазмұны мен шарты көрінбегендіктен орындай алмайды. Мұндай жағдай баланың оқу материалының мазмүнын уақытында игеруіне, оқу үлгеріміне кедергі келтіреді.
Көз рефракциясындағы кемшіліктер көздің жұмысына көп күш түсіреді де тез шаршатады, сондықтан тапсырмаларды түрлендіріп отыру керек. Көру қызметімен байланысты жұмыстан кейін (оқу, жазу, сызу) 10-15 минут боиы терезеге қарап көзге түскен күшті азайту мақсатында жаттығу жасату керек.
Сыныптан сыныпқа көшу кезінде оқу материалының күрделенуіне байланысты оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар да күрделене түседі. Ол оқушының берілген тапсырмаларды орындау барысында көрудің кызметіне күш түсуіне апарады. Мектепте оқу кезінде балалар арасындағы жақыннан көрудің кең таралуын есепке ала отырып, мектеп басшысы мен педагогикалық ұжым мүшелерінің көру органымен байланысты орындалатын үй тапсырмаларының көлемін қатаң бақылауға алуы қажет.
Соқырлар мен нашар көретін балаларға білім беру ісі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мекетептерде жүзеге асады. Көру қабілетімен қоса ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар да арнаулы мектептерде ерекше бағдарламамен, көру қабілетінің жүмысын емдеу және коррекциялау негізінде оқытылады. Бірақ бұл балалардың барлығы арнаулы мектептерде емес, жалпы білім беретін мектептерде білім алуға міндетті болып отырады. Көру қабілетінің аномалиясы кезінде жалпы білім беретін мектепте білім алудың себептері былайша түсіндіріледі:
- ата-аналар балаларын күн сайын өздерінің жанында болғанын, олармен қарым-қатынасқа түсуді, олардың білім алуы мен тэрбиесіне тікелей араласқанды қалайды;
- отбасыларының кейбіреулері қалалық білім басқармасынан баланы басқа қалада орналасқан арнайы мектептерге оқытуға бөлінетін қаржыны ала алмайды;
- ата-аналар балаларын мүгедек балалардың қатарында көргісі келмейді. Сыныпта көру қабілеті бар оқушының болуы мүгалімге қосымша
міндеттерді жүктейді. Мұғалімнің балаға деген жеке диференциалды көңіл бөлу жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін сыныптағы оқушылардың толымы 15 оқушыдан аспауы тиіс. Сынып бөлмесі жарықпен қамтамасыз етіліп, көруі бүзылған бала отыратын орын қосымша жарықтандырылуы керек.
Көру қабілеті бүзылған балалар білім алатын мектептерде арнайы оқулықтармен, рельефті-графикалық нұсқаулықтармен, оптикалық құралдармен, аудиоқондырғылармен, Брайльдік шрифтімен оқуға арналған материалдармен толықтырылған арнайы тифлопедагогика кабинеті жабдықталуы тиіс. Оқушылармен жұмыс жасайтын ата-аналарға,мұғалімдерге тифлопедагогикалық кеңес беру жұмыстары үйымдастырылып отыруы қажет. Мүндай кеңес беру орталықтары арнайы мектептерде, білім беру орталықтарында, ПМПК мекемелерінде үйымдастырылуы мүмкін.
Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту жағдайы оқу-тәрбие процесіндегі көру анализаторының жұмысын қолдануға мүмкіндік туғызады. Соқырлар мен нашар көретін бала дамуының айырмашылығы кемшіліктің пайда болу уақытына, оқушының жеке даму ерекшеліктерімен айқындалады. Оқушыларды осы негізде ажыратуда оқу жылының басында жүргізілген тексеру жұмысының нәтижесі қажет. Ол үшін оқушының тактильді немесе көру арқылы оқи алатындығы тексеріледі.
Көру қабілеті бұзылған балалардың барлығы дерлік жалпы білім беретін мектепте оқи алмайды, оларды әлеуметтік жағынан саралау жұмыстарын жүргізу қажет. Шет мемлекеттердегі (Франция, Италия, Германия) зертгеулердің нэтижесі бойынша мүлдем көрмейтш, яғни соқырлыққа ұшыраған мектепке дейін және бастауыш, орта сыныптардағы балалар үшін интегративті оқыту қолайлы емес. Өйткені бұл категориядағы баланың даму ерекшелігі осындай мүмкіндікті бермейді. Ол интегративті жүйеге механикалық түрде орналасқанымен оқу нәтижесі өте төмен болуы мүмкін Керісінше жоғары сыныптарда кейбір жағдайларда зағип балаларды жалпы білім беру мекемелерге енгізуге болады.
Жалпы білім беру мектептерінде әлеуметтік жағынан бейімделуі жоғары арнайы мектеп бағдарламасын өте жақсы меңгерген соқыр немесе нашар көретін балалар білім алады. Жалпы білім беретін мектепте оқуға қажетті тағы бір жағдай баланы алдын ала кездескен қиындықтарға қарсы тұруға бейімдейтін психологиялық дайындықтан өткізу керек. Сонымен, қатар сынып ұжымы да баланы дұрыс қабылдауы тиіс, яғни көру қабілеті бұзылған бала дамуының жеке ерекшелігімен сынып оқушыларын толық таныстырып, сынып оқушыларының бойында ол балаға деген мейірімділікті қалыптастырған дұрыс.
Көру қабілеті бүзылған баланы жалпы бағдарлама бойынша білім алуға икемдеу жұмысы мұғалім үшін де баланың өзі үшін де күрделі міндет болып табылады. Көру қабілетінің аномалиясы анықталған баламен жұмыс жасау кезінде мұғалімге эр уақытта қосымша талаптар мен ережелерді есте ұстағаны дұрыс. Соқыр немесе нашар көретін оқушының бая жазуы, баяу оқуы көретін балалар мен салыстырғанда қосымша жұмыс жасауды қажет етеді. Осыған байланысты мақсатты түрде сабақтың белгілі бір фрагменттері түсірілген диктафон, есте сақтауды копенсациялайтын ауызша есептеулер қажет болады. Одан басқа оқушының көру қызметіне шектен тыс күш түсірмеу керектігі туралы қатаң есте үстау керек.
Сыныптағы топпен жүмыс жасау көруі нашар бала үшін де маңызды, себебі ол балаға да арнап жеке жұмыс кестелерін, мәтіндер, карталар, көрнекі құралдарды алдын ала дайындап, топпен жұмысқа да кірістіруіге әбден болады.
Оқу-тәрбие процесі кезіндегі мұғалімнің сөзі ерекше роль атқарады. Мұғалімнің сөзі анық, мәнерлі, түсінікті болуы тиіс. Мұғалім өзінің айтқанын сурет түрінде баяндап, жазып, көрсете білуі қажет. Соқыр және нашар көретін балаларға вербализм тән, сондықтан да сөздіктермен жұмысты тіл дамыту сабақтарында ғана емес, басқа сабақтарда да жүргізіп отыру қажет.
Көру қабілеті бүзылған балалардың барлығы кеңістікті бағдарлау қызметі кезінде қиындықтарға кездеседі, сондықтан тифлопедагог кеңістікті бағдарлау қабілетін арттыру мақсатында арнаулы жұмыстар жүргізеді. Көру қабілеті бұзылған балалардың көпшілігінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі нашар болғандықтан, олардың сөйлеу тілі де монологты түрде болады және олар диалог түріндегі қарым-қатынасқа түсуді қиынсынады. Мұндай кезде мектеп психологының көмегі қажет. Соқыр немесе нашар көретін баланы сыныптан тыс шараларға қатыстыру үшін дайындық жұмысы жүргізуі керек Сынып мұғалімі көру қабілеті бұзылған баланың жеке даму ерекшеліктерімен жете танысып, оның басқа балалардан айырмашылығьш жақсы білуі керек. Көздің нашар көруі басқа да перифериялық көрудің әлсіреуі, көру кеңістігіндегі соқыр дақтардың пайда болуы, түстерді ажрата алмаушылық сияқты қосымша кемшіліктермен анықталатындықтан, біріншіден, оқушының көру қабілетінің ерекшеліктерімен толық танысып шығуы тиіс. Осының әсерінен, бір оқушы тапсырманы көру арқылы орындаса екіншісі сезу арқылы, үшіншісі көру және сезу арқылы орындайды. Сонымен қатар, көру қабілетінің жұмысына шектен тыс қажу, жарықтың түсуі, эмоциялық сергектік немесе керісінше шаршау жағдайлары уақытша әсер етуі мүмкін. Педагогтың міндеті - сынып оқушыларына көру қабілеті бұзылған баланың басқа балалар сияқты дамуға қабілетті, жеке көзқарасы мен қажеттілігі бар екендігін толық түсіндіру болып табылады.
Оқу жылының басында ұжымдағы оқушыға қажетті жағымды психологиялық климатты құруға талпыныс жасау қажет. Жаңа жағдайларға бейімделу кезінде көру қабілеті нашар баланың эмоциялық жағынан соққы алмауын бақылау барысында шектен тыс қорғау, қолдау жасамау керек. Себебі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсету оның ерекше бала екендігін анықтап отырады. Көру қабілеті бұзылған балалар кеңістікте бағдарлау қызметіне бейімсіз болғандықтан, оқу бағдарламасына осы кемшілікті түзетуге бағытталған тапсырмалар енгізілуі тиіс. Оның нәтижесі баланың оқулықпен, жоспармен, қартамен жұмыс жасауы кезінде, дене шынықтыру, бейнелеу өнері сабақтарында бекітіліп отырады. Оқу процесі кезінде көру қабілеті бүзылған балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында фильмдерді немесе бейне таспаларды сөз арқылы түсіндіре отырып, демонстрациялау жұмыстары жүргізіледі. Оқыту кезінде мұғалім көру қабілеті бұзылған балалардың берілген тапсырмаларды қалайша орындағандығына бақылау жасап, сынып оқушыларымен бірлесіп жұмыс жасай білуіне көңіл бөлуі керек. Осындай бақылау жүмыстары оқушыға берілетін жұмыс тапсырмаларын реттеуге тапсырманы орындауға берілетін уақытты азайту немесе көбейту үшін қажет болады.
Тиісті көмек түрлерін қабылдаған соң сыныбына қайта қабылданған көру қабілеті бұзылған баланың офтальмологиялық диагнозы мен көру қабілетінің нашарлау деңгейін ажыратқаннан кейін баланы қай жерге отырғызу керектігі туралы толық ойлануы қажет. Көру қабілеті нашар бала ортаңғы қатардың бірінші партасына, ал сипап сезу қызметіне сүйенетін соқыр бала мұғалімнің шешімімен кез-келген орынға отыра алады.
Сабақ барысында нашар көретін балалардың көзбен жұмыс жасау ұзақтығы 15-20 минутган аспауы тиіс, ал көру қабілетінің бұзылуы күрделі болған кезде 10 минут болуы тиіс. Әсіресе, жазба жұмыстары кезінде көру қабілеті бұзылған оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап, көз бен кітаптың арасы 30 см болуын еске ұстаған жөн. Көру қабілеті бұзылған балалар оқу процесі кезінде арнаулы оптикалық және оптикалық емес арнаулы құралдар пайдаланады. Оптикалық түзету қондырғыларының қатарына арнаулы көзілдіріктер, бифокалдар, призмалар, контактілі линзалар, телескопиялық көзілдіріктер жатады. Оптикалық емес құралдарға фломастерлер түрлі-түсті маркерлер, үлкен әріптермен жазылған жазық бетті кітаптар жатады Арнаулы мектептен жалпы білім беретін мектептертерге ауысу әр оқушыны стресс жағдайларына апарып, бейімделу процесінің туындауына себепші болады. Бала жаңа ортада, жаңа ұжымда, ортада көндіге алмай оқу бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездесіп жатырса, пайда болған ситуацияларды дұрыс сипаттап, шешу үшін тифлопсихологтың көмегі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |