Пікір жазғандар



бет46/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
арнайы кітап

I. Ауызша тілдің бұзылуы.
II. Оқу және жазу қабілетінің бұзылуы.


I. Ауызша тілдің бұзылуын тағыда келесі топшаларға бөлеміз.
1. Сөйлеудің дыбыс айту жағының фонациялың (сыртқы) безендірілуінің бұзылуы. Сөйлеу қабілетінің фонациялық бұзылуы белгілі- бір буынның зақымдануына қарай дифференциацияланады:
а) дауысының бүзылуы
б) сөйлеу тілінің екпіндік-ырғақтық жағынан бұзылуы
в) дыбыс айтуының зақымдалуы
Бұзылыстардың дәстүрлі түрде бекітілген ұғымдар арқылы белгіленетін түрлері бар.
Дисфония (афония) - дауыс аппаратының патологиялық өзгеруі салдарынан фонацияның жоқтығы немесе бұзылуы.
Брадилалия - сөйлеудің патологиялық баяуланған екпіні. Ми қабығындағы сөйлеу орталықтарының бұзылуынан пайда болған баяуланған артикуляциясында білінеді.
Тахилалия - сөйлеудің патологиялық жылдамдатылған екпіні. Кейде батгаризм (ұру, соғу), парафазия сияқты дербес бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Егер сөйлеген сөзінде негізсіз үзіліс, мүдіріс бар болса, ол полтерн ұғымымен белгіленеді.
Тұтығу - сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің дірілдеуі себебінен сөйлеудің екпінді-ырғақты жағының бұзылуы.
Дислалия - естуі қалыпты және сөйлеу аппараты жағдайда дыбыстаудың бұзылуы. Синонимдері: тіл мүкістіті, дыбыс мүкістіктері. Сөйлеген сөзді дыбыспен дұрыс безендірмеуде байқалады.
Ринолалия - сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялык мүкістіктерінің себебінен дауыс ырғағының және дыбыстаудың бұзылуы. Синонимдер: мыңқылдақтық, палатолалия. Қатты және жұмсақ таңдайдың жарылуы, ашық формада аденоидтер, маңқа ісіктері, жабык формада мұрын қалқасының қисаюы байқалады. Ауа мұрын арқылы да, ауыз куысы арқылы да өтеді. Сөйлеген сөзі бір сарынды және түсініксіз.
Дизартрия - сөйлеу аппараты иннервациясының органикалык жеткіліксіздігі себебінен сөзді айту жағының бұзылуы, дыбыстау механизмінің барлық буындарының қалыптаспағандығы байқалады. Дизартрия церебралды паралич кезінде орталық жүйке жүйсінің зақымдалуынын, нәтижесі болып табылады, бірақ нейроинфекция және басқа да ми ауруларының нәтижесі ретінде пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет