Пікір жазғандар


Талдауға ұсынылатын тапсырмалар



бет90/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99
арнайы кітап

Талдауға ұсынылатын тапсырмалар:
1.Арнайы педагогика және Монтессори педагогикасы.
2.Рудольф Штайнер педагогикасы.
3.Вальдорф мектебі және арнайы оқыту жүйесі.
Өткізу формасы: ауызша хабарлама жасау.
Тапсырмаларды орындауға қойылатын әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттермен толық танысып шығып, көрсетілген оқытудың технологиялары бойынша педагогикалық жүйелерді құрудың негізгі қағидаларын, оны арнаулы білім беру мекемелерінде қолданудың мүмкіндіктерін, тиімділігін, олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтаңыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Грюнелиус М.Э. Вальдорфский детский сад. - М., 1992.
2.Монтессори М. О принципах моей школы. - М, 1999.
3.Обучение детей с проблемами в развитии в разных странах мира: Хрестоматия/Сост. и науч. ред. Л.М.Шипицина. -СПб., 1997.
4.Педагогика Марии Монтессори: теория и практика // Международная научно-практическая конференция. - Белгород, 1995.
5.Штайнер Р. Методика обучения и предпосылки воспитания. - М, 1994


ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Арнайы педагогиканың объектісі
А) кәсіптік білім беру;
В) мектепке дейінгі жалпы білім беру;
С) жалпы білім беру үдерісі;
Д) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту процессі;
Е) орта білім беру.
2.Арнайы педагогиканыц мақсаты
А) арнаулы білім берудің теориялық және практикалық мазмұнын құру;
В) әлеуметтендірудің теориялық және практикалық сұрақтарын құру;
С) психикалық немесе дене дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен әлеуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық сұрақтарын құру;
Д) жалпы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық сұрақтарын құру;
Е) білім берудегі теориялық және практикалық сұрақтарды құру.
3.Арнайы педагогиканың практикалық міндеттері
А) арнаулы білім беру жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
В) мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
С) жалпы білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
Д) кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
Е) жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелерін қарастыру.
4.Зақымдаған функцияларды медициналық, әлеуметтік, білім беру тұрғысынан қалыпқа келтіру процесі
А) реабилитация;
В) абилитация;
С) компенсаци;
Д) коррекция;
Е) фундаментализация.
5.Қайта өрлеу дәуірінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға гуманистік көзқарастар иегізінде мейірімділік, адамгершілік идеяларын ұсынган зерттеушілер
А) З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг;
В) В.П.Кащенко, Н.Н.Малофеев;
С) В.Штерн, А. Мессер, Г.Риккерт;
Д) К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр;
Е) Т.Мор. Э. Роттердамский, Я.А.Коменский, Д.Локк.
6.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтығын қорғаудағы гуманизация мен демократизациялық көзқарастар туралы еңбектердің авторлары
А) Жан Жак Руссо, Вольтера, Монтескье, Дидро;
В) В.П.Кащенко, Н.Н.Малофеев;
С) М.Фуко, Ж.Делёз;
Д) К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр;
Е) Жан Итар.
7.«Жақын даму аймағы» түсінігін ұсынған белгілі зерттеуші
А) Л.С.Выготский;
В) М.С.Певзнер;
С) Г.Е.Сухарева;
Д) В.В.Ковалев;
Е) Ж.И.Шиф.
8.Қалыпты жағдайдан тыс дамуын жан-жақты жүйелі талдау жасау қалай жүзеге асады
А) реабилитациялау;
В) коррекциялау;
С) компенсациялау;
Д) бейімдеу;
Е) диагностикалау.
9.Сенсорлық кемшілігі анықталған балалар тобы
А) астениялық немесе реактивтік, конфликт жағдайындағы балалар;
В) психикалық дамуы тежелген балалар;
С) есту, көру, сөйлеу қабілеттері бұзылған балалар;
Д) зиятының мүмкіндіктері шектелген балалар;
Е) мүмкіндігі шектеулі балалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет