Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні



бет10/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

Пісіру кернеулері мен деформацияларын азайту шаралары. Ішкі кернеулер мен деформацияларды азайту шаралары. Ішкі кернеулер мен деформацияларды азайту құрылғы жобалаушы конструкторлардың, бұл құрылғыларды дайындаушы жұмысшы – пісірушілердің алдындағы манызды мәселе болып табылады.
Қалдық кернеулер мен деформацияларды азайту шараларын және технологиялық деп бөлуге болады.
Құрылғылық шаралар:
1. Құрылғыны дайындауға қажетті негізгі металл мен электродтарды таңдау.
Ауада салқындағанда шынығу құрылымдарын қалыптастыруға бейімі жоқ негізгі металды мүмкіндігінше пайдаланған жөн.
Балқытылған металдың илемділік қасиеттері негізгі металл илемділік қасиеттері негізгі металл илемділік қасиеттерінен төмен болмауын қамтамасыз ететін электродтарды пайдалану.
2. Құрылғы мен түйіндерді тиімді жобалау. Пісіру жіктерінің саны неғұрлым аз болғаны дұрыс, жіктің қимасы жобаланған мәннен аспауы қажет. Жобалағанда балқытылған металдың ең төменгі көлемі болуы ескеріледі. Көпшілігінде қатандау емес түйіс жіктерді пайдаланған жөн. Жиектерді қиғаштау бұрышы және түйістіретін жиектердің арасындағы саңылау мүмкіндігінше аз болуы қажет.
Түйіс жалғастарда, қалыңдығы әртүрлі бөлшектер болғанда, қалыңдықтарының жиегін жұқалауының қалыңдығына дейін қиғаштау қажет – бұл түйісетін жиектердің бірқалыпты қызуы мен балқуын, кернеулердің бірқалыпты бөлінуін қамтамасыз етеді .
Пісіру жіктерінің шоғырлануын, әсіресе айнымалы жүктемелермен істейтін құрылғыларда, олардың қиылысуын болдырмау қажет.
3. Күрделі пісіру құрылғыларын дайындағанда, оны жеке пісіру түйіндері түрінде дайындап, кейін тұтас құрылғыға жалғастырған жөн – бұл жіктер шөгісінің байланыстарға әсерін азайтады.
Технологиялық шаралар:
1. Құрылғылар мен түйіндерді пісіруге құрастырудың жоғары дәлдігін қамтамасыз ету. Бұл пісіру сапасын жоғарылатудың маңызды шарты болып табылады. Дәлдікпен құрастыру жік қимасының барлық ұзындығында бірқалыпты болуына кепілдік болады, жіктің жеке учаскелерінде кернеу шоғырлануын азайтады.
2. Пісірдің жылу ережесін дұрыс таңдау. Жылу әсерінен еркін қозғалатын бөлшектерді, сондай-ақ шынығатын болаттарды пісіргенде қуатты жылу ережесін пайдаланады. Бұл жағдайда доғаның барынша жоғары шекті погонды энергиясымен, жоғары пісіру жылдамдығымен (V см/с) пісіреді ( кал/см). Бұл жағдайда қыздырылған металл көлемі көбейеді және оның салқындауы баяулайды.
Металл қалыңдығын біркелкі қыздыру үшін, металдың балқуы тереңірек болу үшін, тоқтың тығыздығын көбейту тиімді. Терең балқыған жіктерді пайдалану металл қалыңдығының көлденең төгісін қысқартады деформациялар мен кернеулерді азайтады. Қатаң бекітілген бөлшектерді пісіргенде, көлденең шөгісті азайтатын, төмендеу жылу ережесін пайдаланады.
Бұл жағдайда балқытылған металдың жоғары илемділігін қамтамасыз ететін электродтарды қолданады.
3. Пісіру жіктерін орындау ретін дұрыс таңдау. Алдыңғы орындалатын жіктер мен кейінгі орындалатын жіктердегі кернеулер мен деформациялар теңесетіндей жіктерді орындау ретін қарастыру керек.
Түйіс жіктер бірінші ретте пісіріледі, бұрыштық жіктер – олардан кейін. Жаймалы құрылғыларда, алдымен жаймаларды жолақтарға байланыстыратын, көлденең жіктер орындалады, содан кейін жолақтарды өзара жалғастыратын бойлық жіктер пісіріледі. Қоставрлы арқалықтарды пісіргенде, бірінші ретте қабырғалары мен текшелерінің түйіс жіктері, содан кейін бұрыштық белдік жіктері пісіріледі. Ұзын жіктерді ортасынан шетіне қарай немесе кері сатылы әдіспен жіктің бір шетінен екінші жағына қарай пісіреді.
4. Қалыңдығы үлкен металдарды пісіргенде көпқабатты пісіруді пайдаланады.
Қалыңдығы үлкен қатаң бекітілген бөлшектерді көпқабатты пісіргенде жіктің жеке қабаттарының алдымен жиектерін, содан кейін жіктің ортасын толтырады. Көпқабатты жіктерді төбешік немесе каскадты әдіспен орындайды. Мұнда аумағы үнемі қызған күйінде болып, жылудың металда бірқалыпты бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қөпқабатты пісіруде алдынғы орындалған жіктерді жік металы құрылымын жақсартатын және ондағы қалдық кернеулерді азайтатын, біршама термиялық бәсеңдеу өтеді.
5. Пісіру алдында негізгі металды алдын-ала қыздыру және пісіру процесінде қыздыру пісіру құрылғыларындағы, пісіру кернеулері мен деформацияларын елеулі азайтады. Қыздырылған негізгі металл пісіру жігімен бір уақытта салқындап, жік шөгісі негізгі металл аумағына жақын кедергі кездестірмейді. Қиын жағдайда істейтін жауапты пісіру құрылғыларын пайдаланғанда олардың жұмыс қабілеттілігін жоғарлату үшін, пісіргеннен кейін меншікті қалдық кернеуін кетіреді. Бұл әсіресе легірленген болаттардан және көміртегі құрамы жоғары болаттардан құрылғылар жасағанда өте маңызды.
Пісіруден кейін қалдық кернеуді кетіру үшін келесі әдістерді қолданады:
а) пісіру бұйымын қыздыру пешінде жалпы жоғары термиялық бәсеңдету. Бұйымды пешке орналастырып 600-7000 С температурасына дейін қыздырады да, осы температурада ұстап тұрады. Осындай жылу әсері нәтижесінде болат илемділік жағдайда көшіп, кернеулері жойылады. Пешті жылу көзінен ажыратқаннан кейін, қалдық кернеулерден бос бұйым, пешпен бірге бірқалыпты салқындайды.
б) құрылғының (бұйымның) жік жаны аумағын 6000 С температурасына дейін қыздыру жолымен жергілікті термиялық бәсеңдету. Қыздыру индукциялық әдіспен немесе газ жалынымен орындалады. Жергілікті бәсеңдету қалдық кернеулерді толық кетірмейді; бірақ оларды елеулі азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет