Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні

Пісіру жалғасының құрылымы

бет8/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

3.2. Пісіру жалғасының құрылымы.

Пісіру жалғасының құрылымы. Пісіру жалғастарының сапасы оның құрылым сипатына елеулі байланысты. Пісіру жалғастарының құрылымын анықтау үшін, беті арнайы өңделген (ажарлап, тазартып) пісіру жігі қимасынан ысылма-үлгілік дайындайды. Ысылмаға металлографиялық зерттеулер жасайды, яғни макро құрылымын және микроқұрылымын зерттейді.

Макроқұрылымды зерттегенде, яғни қарапайым көзбен көретін немесе аздап үлкейтілген құрылымды зерттегенде кристалдану сипатын, балқу қарамын, термиялық әсер аумағын, ликвациясын, металл құрылымының біртекті еместігін, пісіру ақауларын анықтайды. (Ликвация деп - химиялық құрамының біртекті еместігін және зиянды қоспалардың бірыңғай орналаспауын айтады.)
Микроқұрылымды зерттегенде, яғни микроскоппен қатты үлкейтіп көрумен зерттегенде құрылымда кристалдардың орналасуын, фазалық құрылымдық өзгеру сипатын (екінші кристаллизация), жеке құрылымдық құраушылар ерекшеліктерін, нитридтердің болуын, микроскопиялық қосындыларды, кеуек пен сызаттарды анықтайды.
Пісіру жалғасын үш негізгі аумаққа бөлуге болады: А-негізгі металл аумағы, Ә-термиялық әсер аумағы, Б-жік металы аумағы (-суреті). Жік металының құрылымы (балқытылған металл) құйма болат құрылымындай болады. Термиялық әсер аумағы деп пісіру процесінде шекті температурадан (723°C) жоғары қыздыру нәтижесінде, құрылымдық фазалық өзгерістер өткен, жікке жақын негізгі металл учаскесін айтады. Қолмен доғалы түйір электродтармен пісіргенде термиялық әсер аумағының ені 3-6 мм құрайды.
Әдетте термиялық әсер аумағының механикалық қасиеттері төмен, сондықтан пісіру жалғастарының сапасы біршама термиялық әсер аумағының қасиеттері және ұзындығымен анықталады.

-суреті. Пісіру жалғасының негізгі аумақтары

А-негізгі металл аумағы, Ә-термиялық әсер аумағы (жік жаны), Б-жік металы аумағы

Термиялық әсер аумағының ені пісіру процесінің негізгі шартына, пісіру орнынан жылу алып кету шартына байланысты. Шынығуға бейім орташа көміртекті және төмен легірленген болаттарды пісіргенде термиялық әсер аумағында сызаттар қалыптасуы мүмкін. Қыздыруға сезімтал арнайы легірленген болаттарды пісіргенде термиялық әсер аумағының мәні өте зор. Мұндай болаттарды пісіргенде қатты құрылым мен сызаттар қалыптастыратын шынығу, сол сияқты термиялық әсер аумағы учаскесінде металдың беріктігін төмендететін күйдіру мүмкін. Бұндай болаттарды пісіргенде пісірудің жылу ережесін өзгерту және пісіру жалғастарын кейінгі термоөңдеу жүргізу үшін арнайы шараларды пайдалануға тура келеді.

Термиялық әсер аумағына жақын жатқан негізгі металл аумағы А 723-500°С температурасына дейін қызады. Бұл учаскеде болат құрылымы өзгермейді, тек болатты илемдегенде деформацияланған түйіршіктердің бұрынғы пішіні мен мөлшері қайта қалпына келеді. Бұл процесс қайта кристалдану (рекристализация) деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет