5.3. Пісіру түзеткіштері
Айнымалы тоқпен нәрлендіру көзі – трансформаторлармен салыстырғанда тұрақты тоқпен нәрлендіру көзі есебінде пісіру түзеткіштері доға жануының жоғарғы сенімділігін және оның жану тұрақтылығын жоғарырақ қамтамасыз етеді. Пісіру процесін тұрақты тоқпен жүргізу үшін жүйедегі айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдыру тәсілі де қолданылады. Айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдыру – тоқты түзету, ал осы процесті іске асыратын аппараттарды – түзеткіштер деп атайды. Пісіру түзеткіштері әртүрлі пісіру тәсілдерінде доғаны тұрақты тоқпен нәрлендіретін нәрлендіру көздерінің негізгі түрі.
Пісіру түзеткіштерінің бәріне тән негізгі элементтері: төмендеткіш үш фазалы трансформатор және жартылай өткізгіш элементтер негізінде түзететін – түзеткіш бірікпесі (блогі).
Трансформатор (үш фазалы) - пісіруге қажетті тоқ күшімен қамтамасыз етеді, түзеткіш бірікпесі – тоқты түзетеді, іске қосады, реттейді, өлшеу және сақтандыру элементтерін қамтиды. Сонымен қатар пісіру түзеткіштері ауамен салқындататын желдеткішпен жабдықталады. Құрылғылық ерекшеліктеріне байланысты және көрсеткіштерді басқару сұлбасына сай түзеткіштерді екі негізгі топқа бөлуге болады:
трансформатормен басқарылатын түзеткіштер:
Достарыңызбен бөлісу: |