Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні


Пісіру жалғастарының жіктері



бет14/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

4.3. Пісіру жалғастарының жіктері
Пісіру жігі – балқытылған металдың кристалдану нәтижесінде қалыптасқан пісіру жалғасының учаскесі (бөлігі). Пісіру жігі, негізгі металдың құрылымынан өзгеше өзінің құрылымы бар, пісіру жалғасының бөлігі.

4.3 – сурет. Түйіс және бұрыштық пісіру жіктері:


l- жік ені; h – балқу тереңдігі; q – жіктің дөңестігі (күшейтілуі); ажік қалыңдығы; к – жік катеті
Пісіру жіктері жалғас түрі және көлденең қимасы пішінімен түйіс және бұрыштық жіктер деп бөлінеді (4.3 – суреті). Түйіс жіктерді түйіс жалғастарды, сиректеу бұрыштық және таврлы жалғастарды пісіргенде қолданады. Бұрыштық жіктерді бұрыштық, таврлы және айқас жалғастарды пісіргенде қолданылады.
Түйіс жік ені (l ) және балқу тереңдігімен (h) сипатталады. Бұрыштық жіктің сипаттамасы жік ені (l ), жік қалыңдығы (а) және жік катеті (к) болып саналады.
Түйіс жіктің балқу тереңдігі (h) – жік қимасындағы негізгі металдың көбірек балқыған тереңдігі.
Бұрыштық жіктің қалыңдығы (а) – бұрыштық жітің бетінен негізгі металдың ең көп балқыған нүктесіне дейінгі ең үлкен қашықтық.
Бұрыштық жіктің катеті (к) – бір пісірілетін бөлшектің бетінен бұрыштық жіктің екінші пісірілетін бөлшек шекарасына дейінгі қысқа қашықтық.
Симметриялы бұрыштық жікте есепті қажет есебінде тең катеттердің кез-келгені, ал симметриялы болмағанда – кіші катеті қабылданады.
Пісіру жігінің дөңестігі (q) – пісіру жігінің негізгі металда көрінетін шекара сызығынан өтетін жазықтық пен дөңестіктен өлшенген пісіру жігі бетінің арасындағы қашықтықпен анықталатын жіктің дөңестігі. Жік пішінінің негізгі көрсеткіші пісіру жігі пішінінің коэффициенті (Ψ) – ол жік енінің балқу тереңдігіне қатынасы (түйіс жік үшін) немесе жік енінің жік қалыңдығына қатынасы (бұрыштық жік үшін) болып табылады.
Пісіру жігінің пішіні мен мөлшері пісіру жалғасының сапасына елеулі әсер етеді. Қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісіргенде балқыту пішіні коэффициент Ψ = 1,0 – 2,5 шамасында өзгереді.
Пісіру жалғастарының жіктерін әртүрлі белгілерімен жіктеуге болады.
Сыртқы бетінің пішінімен пісіру жіктері дөңес, жазық, ойыс болады. Түйіс жіктер дөңес (күшейтілумен) және жазық (тегіс) болып орындалады. Түйіс жіктердің ойыс болуы рухсат етілмейді, ол пісірудің елеулі ақауы болып табылады (4.4 –сурет).

4.4 – сурет. Жіктердің сыртқы беті пішінімен жіктелуі.


а – түйіс дөңес; ә - түйіс жазық; б - түйіс ойыс; в – бұрыштық дөңес; г – бұрыштық жазық және ойыс

Бұрыштық жіктер дөңес, жазық және ойыс болып орындалады. Барлық кеңістік қалпында пісіргенде бұрыштық жіктердің ойыстығы (∆) 3 мм-ден аспауы керек.


Пісіру жіктерінің дөңестігі (күшейтілуі) төменгі қалыпта пісіргенде 2 мм- ден, ал барлық басқа қалыптарда 3 мм –ден аспауы қажет.
Негізгі металдың қалыңдығы 26 мм –ге дейін болғанда тік, көлбеу және төбелік қалыпта орындалған пісіру жіктерінің күшейтілуін 1 мм, ал негізгі металдың қалыңдығы 26 мм-ден асқанда 2 мм көбейтуге руқсат етіледі.
Дөңес жікті (түйіс және бұрыштық) пісіру жалғастары статикалық жүктемелерге жақсы жұмыс істейді. Бірақ аса күшейтілген жіктердің екі себеппен қажеттілігі шамалы:
а) электрод пен электр энергиясы шығыны жоғарырақ болғандықтан;
ә) негізгі металл мен жік бетінің қиылысқан нүктесінде кернеу шоғырланатындықтан.
Пісіру Жалғастарды жазық (түйіс және бұрыштық және ойыс (бұрыштық) жіктермен айнымалы және динамикалық жүктемелерге жақсы жұмыс істейді.
Пісіру қалпымен жіктелуі. МЕСТ 11969-79-ға (Сварка плавлением. Основные положения и их обозначения) сәйкес пісіру жіктері қалпына байланысты жіктеледі. Пісіру қалпы жіктің бойлық осінің көлбеу бұрышымен (d) және жіктің көлденең осінің олардың нольдік қалпынан бұрылу бұрышымен (β) анықталады (4.5 суреті).

4.5 – сурет. Жіктердің кеңістіктегі қалпы:


а – төменгі; ә - тік; б – көлбеу; в – төбелік

Пісірудің келесі қалпы және олардың белгіленуі бекітілген: төменгі – Н, қайықша – Л, көлбеу (горизонтальное) – Г, жартылай көлбеу - Пг, тік – В, жартылай тік - Пв, төбелік – П, жартылай төбелік – Пп.


Төменгі қалыпта пісіру ең ыңғайлысы , жеңіл игеріледі. Завод жағдайында әртүрлі айлабұйымдар көмегімен құрылғыларды толығынан төменгі қалыпта пісіруге болады. Тік, көлбеу және төбелік жіктермен пісіру құрылыс –жинастыру өндірісінде қолданылады.
4.6 – сурет. Үзікті пісіру жіктері:
а – тізбекті, ә – шахмат тәріздес; t – үзік жіктің қадамы, L – жік учаскесінің ұзындығы


Жіктердің ұзындығы бойынша бөлінуі. Пісіру жіктерін үзіксіз және үзікпен деп бөледі. Үзіксіз жік - барлық ұзындығында үзіліс қалдырмай пісірілетін жік. Үзіксіз жіктеді ұзындығына байланысты шартты түрде қысқа (300 мм –ге дейін), орташа (1000 мм-ге дейін) және ұзын (1000 мм-ден жоғары) жіктер деп бөледі.
Үзікті жіктер – ол ұзындығында үзікпен (үзіліспен) орындалатын жіктер. Бір учаскенің басынан келесі учаскенің басына дейінгі қашықтық жіктің қадамы деп аталады.
Үзікті жіктер тізбекті және шахмат тәріздес орналасады (4.6 – сурет).
Тізбекті үзікті жіктер – ол қабырғаның екі жағында бір-біріне қарсы орналасқан екі жақты үзікті жік.
Шахматты үзікті жік – ол қабырғаның бір жағындағы жік үзігі, екінші жағының пісірілген жік учаскесіне қарсы орналасқан екі жақты пісірілген жік.
Жіктердің әсер ететін жүктеме бағытына байланысты бөлінуі. Пісіру жіктерін бойлық (фланговый), қарсы (лобовой), қиғаш және құрама (аралас) жіктер деп бөледі (4.7 – сурет).

4.7 – сурет. Әсер ететін жүктеме бағытына байланысты пісіру жіктерінің түрлері:


а – бойлық; ә - қиғаш; б – қарсы; в – құрама

Бойлық жік әсер етуші жүктеме бағытына параллель орналасады. Қарсы жік әсер етуші жүктеме бағытына бұрышпен орналасады. Құрама жік бойлық және қарсы жіктерден турады.


Жіктердің жік қимасын толтыру әдісімен бөлінуі. Пісіру жіктерін бірқабатты (бір өтпелі), көпқабатты, ), көпқабатты көпөтпелі (4.8 – суреті) деп бөледі.
4.7 – сурет. Пісіру жіктерінің жік қимасын толтыру бөліну түрлері:
а – бірқабатты; ә - көпқабатты; бкөпқабатты көпөтпелі

Көпқабатты жіктерде қабат саны өтпе санына тең. Егер көпқабатты жікте кейбір қабаттары бірнеше өтпемен (өтумен) орындалса, онда мұндай жік көпқабатты көпөтпелі жік деп аталады. Түйіс пісіру жалғастарында негізінен бірқабатты және көпқабатты жіктер қолданылады. Бұрыштық, таврлы және айқас жалғастарда көбінесе бірқабатты және көпқабатты көпөтпелі жіктер қолданылады.


Жіктердің орындалу жағдайы және орны бойынша бөлінуі. Пісіру жіктерін завод және жинастыру жағдайында орындалатын жіктер деп бөлінеді. Заводтың жіктер әдетте ғимарат ішінде (цех, шеберхана немесе дайындау учаскелерінде) орындалады, яғни пісіруге ыңғайлырақ өндіріс жағдайында орындалады. Жинастыру жігі – құрылғыларды немесе ғимараттарды жинастырғанда орындалатын пісіру жігі. Жинастыру жіктері көпшілігінде пісіруге ыңғайсыз жағдайларда (үлкен биіктіктерде, әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру, қысқа және жазда орындалады.

Бақылау сұрақтары.



  1. Пісіру жалғастарының негізгі түрлерін атаңыз?

  2. Пісіру жалғастарының геометриялық пішіні элементтерін айтыңыз?

  3. Кеңістіктегі қалпына байланысты жіктер қалай бөлінеді?

  4. Пісіру жіктері ұзындығымен қалай бөлінеді?

  5. Жинастыру жағдайында пісірілетін жіктердің пісіру ерекшеліктері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет