Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні


Электр доғасының пісіру қасиеттері



бет4/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

2.2. Электр доғасының пісіру қасиеттері
Электр доғасы шоғырланған жылу көп шоғырлануы және доғаның жоғары температурасы, іс жүзінде барлық белгілі металдарды балқытуға мүмкіншілік береді.
Пісіру доғасындағы жылудың бөлінуі. Тұрақталған пісіру доғасында электрод ұшы мен негізгі металл (бұйым) балқыған күйінде, яғни электрод доғасы сұйық электродтардың арасында жанады. Пісіру доғасының әртүрлі аумағында жылу бөлінуі бірдей емес. Доғаны тұрақты тоқпен нәрлендіргенде көбірек жылу бөлінуі анод аумағында (43%) бөлінеді. Катод аумағына доға жылуының шамамен 36%, доға бағасына 21% бөлінеді. Доға ұзындығында да температура бірдей бөлінбейді. Балқитын металл электродымен пісіргенде катод аумағындағы температура 24000 С-ға, ал анод аумағында – 26000 С-ға жетеді. Доға бағанасының температурасы шамамен 60000 С. Пісіру ваннасындағы металл температурасы 1800-20000 С.
Пісіру жігінің қалыптасуы. Электрод металы негізгі металмен қосылып балқитын, бұйым бетіндегі балқыған метал көлемі пісіру ваннасы деп аталады. Электр доғасы пісіру жиектерінің бойымен жылжиды. Жік осіне жақын негізгі және электрод металдары балқиды және жылжымалы пісіру ваннасында араласады да, қатып, пісіру жігін қалыптастырады. Қаптамалы түйір электродпен қолмен доғалы пісіргенде пісіру жігі шамамен 70% электрод металынан және 30% негізгі металдан құралады.
Пісіру бағанасының қысымымен сұйық металл пісіру ваннасының түбіне оның жиектеріне қарай «кратер» - деп аталатын ойшық жасап, ығыстырылады. Доғаның қысымы оқтын-оқтын өзгереді де сұйық металл жеке көлеммен бөлектеп ығысады, содан пісіру ваннасы қатқанда жігінің бетінде қатқан қабыршақтар пайда болады. Пісіру ваннасы бетіндегі электрод қожының қабаты қалың болған сайын, қабыршақтар аз, ал жік беті тегістеу және таза болады.
Электрод ұшы мен пісіру ваннасы бетіндегі кратер түбі арасының қашықтығы доға ұзындығы деп аталады. Доға жылуы әсерінен негізгі металл балқыған тереңдік балқу тереңдігі деп алады.
Пісіру доғасы металды балқу нүктесінен біраз жоғарырақ қыздырады. Катод пен анод аумағындағы температурасына жақын болады. Нәтижесінде металдық химиялық құрамы мен оның құрылымы қатқаннан кейін өзгереді, сондай-ақ оның механикалық қасиеттері де өзгеріске ұшырайды. Пісіру жігі металының қасиеттері пісіру жасалмаған негізгі металдың қасиеттерінен әдетте айырмашылығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет