Почвоведение и агрохимия



Pdf көрінісі
бет8/102
Дата10.03.2022
өлшемі4.83 Mb.
#456128
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
ОКОНЧАТЕЛЬНЫЙ. ПиА №4 (2020)

География и генезис почв 
 
Почвоведение и агрохимия, №4, 2020 
Таулы-дала зонасындағы әлсіз 
сілтілі қара топырақ (сурет 1) жамыл-
ғысындағы топырақ кескінінің марфо-
логиялық сипаттамасы: 
Күңгірт сұр түсті, өсімдік тамырларына бай, құрғақ қабыршақтар, ұсақ тастар көптеп 
кездеседі, аздап тығыздалған, келесі горизонтқа ауысуы анық байқалған, құрылымы 
түйіршікті, ылғалдылығы жоғары, механикалық құрылымы бойынша жеңіл сазды
қайнау дәрежесі төмен. 
Құба реңді сұр түсті немесе ашық қоңыр құба реңді, қабыршақты, қабыршақты-
призмалық немесе кесек құрылымды, ылғалдылық деңгейі жоғарыдан төмен, қайнау 
дәрежесі жоғары, жеңіл сазды, қабыршақты қосындылар кездеседі, келесі горизонтқа 
ауысуы біртіндеп қана байқалады. 
Төменге қарай ашығырақ қара реңді қоңыр түсті, ылғалдылық деңгейі жоғарыдан 
төмен, құрылымы тығыз немесе өте тығыз, қабыршақты кесек тәріздес немесе әлсіз 
қабыршақты, карбонатты түзінділер, қайнау дәрежесі өте жоғары, механикалық 
құрылымы бойынша жеңіл сазды, келесі горизонтқа ауысуы біртіндеп қана 
байқалады. 
Сұр-қоңыр, ылғалдылығы жоғары, тығыз, қабыршақты, механикалық құрылымы 
бойынша орташа сазды, қайнау дәрежесі өте жоғары, өсімдік тамырлары және 
карбонаттардың қалдықтары кездеседі. 
Негізгі белгілері бои ынша қара-
қоңыр карбонатты топырақ түріне сәи -
кес келеді. Топырақтың таралу биіктігі 
және топырақ түзуші жынысы бои ынша 
аи ырмашылығын баи қауға болады. Не-
гізінен антропогендік әсерден туын-
даған (көлбеу жерлер, мал жаи ылуы 
және т.б.) және табиғи эрозиялық про-
цестердің күшеи уінің салдарынан, то-
пырақтың ең құнарлы қабатының бір 
бөлігін жоғалтуға әкелетін, жоғарғы 
қабатын жуу процестерінің көрінісі баи -
қалады.
Топырақ түзуші жыныстар – лесс 
тәрізді, әлсіз сілтілі, карбонатты саз
құба түсті, құрылымы анық баи қалатын 
қабыршақты жаңғақ тәріздес.
Жоғарғы гумус қабаты қара сұр 
және сұр түсті, аздап тығыздалған, 
құрылымы дән тәріздес, астық дақыл-
дарының тамырына баи . Тұз қышқы-
лынан қаи нау қабаты (АВ 27-37) жоғар-
ғы деңдеи ден анық басталады. Гумус-
тың төменгі шекарасы мен карбонатты 
горизонттың шекарасы аумағында кар-
бонаттардың қаи нау және бөліну қаба-
ты түзілген. 
Таулы-дала зонасындағы оңтүстік 
қара топырақ. Топырақ кескіні Теріскеи
Алатауында (Сарыжаз және Қаи нар 
ауыл аралығында) жасалынды. N 42
0
52’27.1” Е 79
0
44’58.4”. Экспозиция: 
оңтүстік-шығыс. Қауымдастық: Астық-
жусанды әр түрлі шөпті және бұталар-
дың қатысуымен. Түрлердің жобалық 
жабыны: 50-55 %. Түрлік құрамы: 
Festuca valesiaca, Eremostachys speciosa
Dracocephalum integrifolium, Artemisia 
glauca, Artemísia vulgaris. 
Таулы-дала зонасындағы оңтүстік 
қара топырақ (сурет 1) жамылғысын-
дағы топырақ кескінінің морфология-
лық сипаттамасы: 
Сұр реңді қара-қоңыр түсті, аздап тығыздалған, қабыршақтарға бай, әлсіз 
қабыршақты, ұнтақ тәріздес, қайнау процесі байқалмайды, келесі қабатқа ауысуы 
анық байқалған, ылғалдылық мөлшері жоғары, механикалық құрылымы бойынша 
жеңіл сазды. 
Сұр реңді ашық-қоңыр немесе құба-қоңыр түсті, қабыршақты призма тәріздес немесе 
кесек құрылымды, кейбір құрылымдарында коллоидты жылтыр қабат кездеседі. 
Ылғалдылық деңгейі жоғары, өсімдік қабыршақтары, қиыршықты тас және тасты 
қосылыстар, карбонаттық түзілімдер, қайнау деңгейі төмен, механикалық құрылымы 
бойынша жеңіл сазды. 
Әркелкі боялған, ашық қоңыр түсті, ылғалдылық деңгейі жоғары, құрылымы тығыз, 
механикалық құрылымы бойынша құмдақ, кейбір құрылымдарында анық жылтыр 
қабат байқалады, келесі қабатқа өтуі анық байқалған, карбонаттық түзілімдер, қайнау 
дәрежесі өте жоғары, қиыршықты тас және тасты қосылыстар кездеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет