ПОӘК 042 14 03-064 2008 №1 басылым


Жалпылауыш көрсеткіштер көмегімен талдау әдісі



бет11/11
Дата17.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#206236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жалпылауыш көрсеткіштер көмегімен талдау әдісі

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл статитсикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталған, өңделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады.

Өсіңкілік қатар түсінігі

Нақты өсім – көрсетілген дәрежелердің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өсу немесе кему қарқындылығының мөлшерін анықтау үшін есептелінеді.

Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегерген, нақты өсім тұрақты тәсілмен есептеледі.

Егер уақыт дәрежесінен өзінің алдында тұрған дәрежесін шегерген тізбектелген тәсіл қолданылады.

У1-1- дегеніміз ағымдағы уақыт алдында тұрған дәрежесі.

өсу қарқыны – екі уақыт көрсеткішінің бір- біріне қатысты шамасы арқылы есептеледі.(коэфицент немесе процентпен есептеледі).

Егер өсіңкілік қатардағы әр бір уақыт дәрежесін тұрақты бір уақыт.

Өнім қарқыны. Өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты өсімнің салыстырмылы шамасын көрсетеді.Бұл көрсеткіш процент немесе кофицентпен өлшенеді.

Бір процент өсімнің нақты мәні.Бұл көрсеткіштің экономикада атқаратын қызметі зор, себебі ол өнімінң әр бір проценттің қалай өзгергенін сипаттайды.
Дәріс 15. Нарық экономикасы шартындағы статистиканың міндеттері.


  1. Мәліметтері жинақтау және топтау.

  2. Стаистикалық кестелерді құрау.

  3. Экономикадағы индексті әдіс.

  4. Орташа шамалар және вариация.


Қазіргі кезецде "статистика" термині томендегідей ор түрлі мағынада қолданылып жүр:

    • статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың озгерістерін жуйелі түрде есепке алу;

    • статистика - статистикалық жинақтарда, аиықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жариялана-тын сапдық корсеткіштер;

    • статистика - қогамдық гылымиың бір саласы жэне оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу эдістері бар гылым.

Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статситикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты – бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1. Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

2. Алғашқы мәліметер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.


Статистикалық көрсеткіштер және бөлу талдауы.

Статистикалық көрсеткіштер жиынтықты белгілі бір белгісі бойынша, құрамы бойынша сипаттайды, кеңістікпен уақыттағы өзгерісінің жағдайы мен тенденциясын көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштің мағынасы зерттейтін құбылыстар мен процестердің нақты құрамының көрінісі бола тұрып, статистикалық көрсеткіш танымның құралы болып табылады.

Статистика теориясында нақты объектілердің құрамының көрсеткішін және осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді кез-келген қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрамының көрсеткішін бөледі. Біріншісінде нақты статистикалық көрсеткішті және көрсеткіш-санатты бөліп қарайық.



Нақты статистикалық көрсеткіш – зерттелетін құбылыстың немесе процестің нақты бір уақыттағы және нақты бір орындағы көлемін, шамасын сипаттайды. Егер біз өнеркәсіптегі өнім өндірісі көлемінің нақты шамасын айтатын болсақ, онда оны өндңрген кәсіпорынды, орынын және уақытын айтуымыз керек.

Көрсеткіш-санат – нақты бір статистикалық көрсеткіштің бір түрінің (орынын, уақытын және сандық мәнін көрсетпей) жалпы мәнін, ерекшелік құрамын сипаттайды. Әр түрлі қалалардағы өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісі көлемі орнымен, уақытымен жіне сандық көрсеткішімен ерекшеленеді, бірақ ол бір мәнге ие, ол өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісі шығарылымы көрсеткіш- санатында көрсетіледі.

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрылымының көрсеткіші – осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді емес көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіштерге: қатысты шама, варияция көрсеткіші, белгілер байланысының тығыздығы, құрылым көрсеткіші және бөлу мінездемесі, динамиканың құбылмалылығы көрсеткіші және т.б.



Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін.

Сандық белгі – сандық мәнмен көрсетіле алатын белгі.

Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі.

Статистикалық кестелер

Статистикалық кесте дегенііз – сандық мәліметерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кесте - көлденең және тігіен сызылған сызықты бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі бар: бастауыш және баяндауыш. Бастауыш деп зерттелетін объектіні санлдағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Бастауыштың құрамына қарай сатистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кестеде бастауыш бір ғана билігі арқылы бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі. Оның үш түрі бар:



  1. тізімдік

  2. территориялық

  3. хронологиялық



Абсолюттік көрсеткіштер

Абсолюттік көрсеткіштер – статистикалық көрсеткіштің алғашқы, жалпы формасымен суреттеуі. Абсолюттік шаманың мәні біріншіден статистикалық көрсеткішті айқындайтын алғашқы формасы, екіншіден зерттейтін құбылыстар мен процестердің абсолюттік шаманы сипаттайды, ал үшіншіден жиынтықтың көлемін сипаттайды.

Абсолюттік көрсеткіштер аталмыш сан болып табылады. Зерттелетін құбылыстың әлеуметтік-экономикалық мағынасына қарай натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құндық өлшем бірліктерімен көрсетіледі.



Жеке абсолюттік көрсеткіштер – зерттелетін объектілердің жеке бірліктерінің сандық белгілері шамасын айқындайтын көрсеткіш, мысалы, нақты бір жұмысшының көрсетілген айдағы жұмыс өндірімі, нақты бір фермердің егіс көлемінің шамасы т.б. Жеке шамаларды тәртіп бойынша статистикалық бақылай процесінде алады.

Қатысты (қосынды) абсолюттік шамалар –зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерінің бір белгісінің шамасын нмесе олардың жеке топтарын сипаттайды және нәтижесінде жеке абсолюттік шамаларды бір-біріне салыстырып қойып шығарады. Қатысты абсолюттік шамасын жеке мәндерді жинақтау және топтау нәтижесінде алады.
Қатысты көрсеткіштер

Қатысты көрсеткіштер – екі сәйкестірілген абсолюттік шамалардың сандық қатынасын сипаттайтын қорытылған көрсеткіш. Қатысты көрсеткіш зерттелетін құбылыстың уақыттағы қарқындылығын өлшейді; бір құбылыстың даму деңгейін байланысы бар басқа бір құбылыстарға қарап бағалайды.

Тақ бөлікке орналсқан абсолюттік көрсеткіш ағымдық және салыстырмалы, ал жұп бөлікте орналасқан көрсеткіш негіз немесе салыстыру базасы деп аталады. Қатысты шамалар коэффициентпен, пайызбен(%), промильмен(%0), продецильмен(%00), просантильмен (%000) көрсетіледі.

Қатысты шамалар аталмыш емес болуы мүмкін егер олар бір атты шамаларда бөлу нәтижесінде алынса. Аталмыш қатысты шама деп әр түрлі атты абсолюттік шамаларды бөлу алынатын қатысты шаманы айтамыз. М, халықтың тығыздығы (тұрғындардың санының олар өмір сүріп жатқан территориясның көлеміне қатынасы) бір шаршы километрге адамдардың орташа санымен анықталады. Барлығы 7 түрлі қатысты шамалар бар: құрылымының (бөлудің) қатысты шамасы, координацияның қатысты шамасы, динамиканың қатысты шамасы, салыстырудың қатысты шамасы, қарқындылықтың қатысты шамасы, жоспарды орындаудың қатысты шамасы және жоспар тапсырмасының қатысты шамасы.
Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері

Орташа шама – құбылыстың біртектес жиынтығының нақты сызық белгісі бойынша қорытылған сипаттамасы. Орташа шаманың мәні ондағы жиынтықтың барлығына тән және жалпы; кездейсоқ факторлармен шарттасылған жиынтық бірліктерінің жеке әртүрлілігі өтеледі; кез-келген бір белгі бойынша әртүрлі жиынтықты салыстыруға орташа шама мүмкіндік береді.

Орташаның ағымдық қатынасы – белгінің сандық мәнінің жиынтық көлеміне қатынасы.

Орташа шаманың 2 түрі бар:

а) орташа деңгейлі, демек әр түрлі деңгей варианттарынан құрастырылған орташа: орташа арифметикалық, орташа квадраттық, орташа үйлесімдік, орташа геометриялық және т.б. Барлық деңгейлі орташа екі формада есептеледі: жай және салмақталған.

б) орта құрылымдық: мода және медиана, демек жиынтықтың құрылымын сипаттайтын орта шамалар.

Кез-келген орташаның бірін таңдау зерттеу мақсатына, орташа көрсеткіштің экономикалық мәніне және алынған мәліметтердің сипаттамасына байланысты.



Орташа арифметикалық жай есептеледі егер жиіліктер бір немесе бірдей бірнеше рет кездессе, демек орташа топталмаған мәліметтер арқылы есептелсе:

_ Σх

Х =— мұнда x-белгінің жеке мәні;

n n – жиынтықтың бірлігі саны;

Орташа арифметикалық салмақталған есептеледі, егер жиіліктері өзара бірдей болса Σx·ƒ

Х= —— мұнда ƒ- жиіліктер және салмақ;

Σƒ

Интервалды қатардың орташа арифметикалық шамасы. Интервалды қатардан орташаны есептеудің бірнеше өзгешеліктері бар. Интервалды қатардан орташа арифметикалықты есептеу үшін, алдымен әр интервалдық орташасын анықтау керек, ал одан кейін қатардың барлығының орташасын анықтау керек. Орташаның әр интервалы жоғары және төменгі шекараның жарты санымен анықталады, демек орташаның арифметикалық жайы бойынша.

Орташа үйлесімді салмақтанған - орташа арифметикалықтан қайта құрылған. Ол қажет салмақ берілген мәліметтерде көрсетілмеген болса қолданылады. Олар алынған көрсеткіштердің біріне көбейтіліп кіре алады.

Келтірілген формула орташа үйлесімді деп аталады. Ол нақты салмағы ƒ белгісіз, ал туынды ƒ·х=М белгілі болғанда есептеледі.

Егер туынды ƒ·х бірдей немесе бірге тең (М=1) болса, онда орташа үйлесімді жай қолданылады, ол мына формуламен есептеледі:

Мұнда х – жеке варианттар;

n –олардың саны;

Орта геометриялық – орта жылдық өсім деңгейін есептеу үшін қолданылады. Ол белгінің жеке мәнінің туындысынан деңгей түбірін шығарып алумен есептеледі.

Варияция – жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі.

Вариация деп зерттелетін жиынтықтың кез-келген бірлігі белгісі мәнінің бір кезеңдегі және мезеттегі құбылмалылығын айтады.

Вариация мәні:


  • Оның өзгеруі басқа өзгермелі белгілердің сол белгіге әсер ету деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

  • Статистикалық моделбдерді құруда қолданылады.

Вариация өлшемі деп бегінің ауытқушылығын көрсететін абсолюттік және қатысты көрсеткіштерді айтады. Вариацияның абсолюттік көрсеткіштеріне : вариация ауқымы, оташа ауытқу, дисперсия, орта квадраттық ауытқу жатады. Вариацияның қатысты көрсеткіштеріне: осцилляция коэффиценті, вариацияның сызықты коэффиценті, вариация коэффиценті жатады.

Вариациялық қатардың құрылымдық сипаттамасына: мода, медиана, децили, квартили, перцентили жатады.

Мода деп – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін вариантаны айтады.

Дискреттік қатарда мода деп – көп рет кездесетін белгіні айтады. Мода мысалы, сатып алушыларда үлкен сұранысқа ие киім мен аяқ киімінің размерін анықтау үшін жиі қолданылады.

  • Интервалды вариацияның қатарда моданы есептеу үшін алдымен мода орналасқан модальді интервалды анықтау керек, ал одан кейін белгінің модальді шамасының мәнін анықтау керек.

Медиана (Ме)- белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы. Ол мұндай қатарды ортасынан бөледі. Медиананы табу үшін реттелген қатардың ортасында орналасқан белгінің мәнін табу керек. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы деп ортасында тұрған белгінің шамасын айтады. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы номері келесі формуламен есептеледі:

NMe=, мұнда – қатардың мүшесі саны;

Жұп сандағы реттелген қатардың медианасы деп қатардың ортасында орналасқан екі варианттың бірінің орташа арифметикалығын айтады.

Дискретті вариациялық қатардың медианасы жиынтық көлемінің ортасынан асатын жинақталған жиілігін сомасымен табылады.

Вариациялық қатардағы моданы және медиананы тапқаннан кейін қатарды 4 бірдей, 10 және 100 бөлікке бөлетін бірліктердің белгісі мәнің табуға болады. Бұл шамаларды «децили», «квартили», «перцентили» деп атайды.


Экономикадағы индексті әдіс

Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің ауысуының мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.

Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді.

Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.

Индекстер қатысты санмен көрсетіледі.

Индекстер мәні мынада:



  • ұлттық экономиканың дамуын толық және жеке салалары бойынша сипаттайды;

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесін талдайды;

  • маңызды экономикалық көрсеткіштерді құруда жеке факторлардың ролін зерттейді;

  • өндіріс резервтерін айқындайды және т.б.

индексті әдістің өзінің символикасы мен терминологиясы бар:

q-натуралды формадағы кез-келген бір өнімнің саны (көлемі);

p-тауар бірлігі бағасы;

z- өнім бірлігінің өзіндік құны;

T- уақыттың жалпы шығыны (Т=p*q) немесе жұмысшыларды саны

П- егіс көлемі

У- егіншілік

p*.q- берілген түрдің өндірілген өнімнің жалпы құны

z.*q- барлық өнімді өндіруге кеткен шығындар

Индекстер топтамасы:



құрастыру формасы бойынша:

  • агрегатты;

  • орташа;

салмағы бойынша:

  • тұрақты салмақпен;

  • ауыспалы салмақпен;

зерттейтін объектінің сипаты бойынша:

құбылыстың құрамы бойынша:

  • ауыспалы құрам индекстері;

  • тұрақты құрам индекстері;

Индекстерді есептеуде салыстырмалы деңгейді және базисті деп аталатын салыстыру жүргізілетін деңгейді бөліп қарайды. Салыстыру базасын таңдау зерттеу мақсатымен анықталады.

Бір аттас құбылыстардың динамикасын зерттеу салыстырудың, динамикалардың және жоспарды орындаудың белгілі қатысты шамалары болып табылатын жеке индекстер (і) көмегімен зерттеледі.

Салыстырылмайтын элементтерден тұратын жиынтықтарды өлшеу топтық немесе жалпы индекстер көмегімен зерттеледі.

Соңғылары құрастыруәдісі бойынша агрегатты индекстер және жеке индекстерден орташа салмақталған болып бөлінеді.

Негізгі индекстердің арасында өзара байланыс бар, олар бір индекстің негізінде басқа индекстерді алуға мүмкіндік береді:

- өнім құны индексі- бағалар мен өнімдердің физикалық көлемінің индекстерін шығару,

- өнім шығыны индексі дегеніміз өнімнің өзіндік құнының индексін шығарылған өнімнің физикалық көлемінің индексіне шығару;

- тауарайналым индексі – баға индексі мен тауарайналымның физикалық көлемінің индексін шығару.

Егер сапалық көрсеткіштер индексі ағымдық кезең деңгейінде алынған салмақтар негізінде құрастырылған болса, онда қарастырылған жоғарыдағы агрегатты индекстер, с.қ. олардың элеметтері бір-бірімен өзара байланысты.

3. Магистранттардың өзіндік жұмысына тақырыптар тізімі


3.1. Ғылыми оқу ғылыми жұмыс негізгі нысаны ретінде

3.2. Ғылыми зерттеудің жалпы жүру сызбасы

3.3. Макроэкономикалық жоспарлаудың мәні, мазмұны және түрі

3.4. Жоспарлау әдістерінің сыныптамасы

3.5. Логикалық заңдар мен ережелерді қолдану

3.6. Ғылыми тану әдісін қолдану

3.7. Зерттеудің экономикалық тиімділігін бағалау

3.8. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері

3.9. Ғылыми әдебиетпен жұмысты ұйымдастыру

3.10. Математикалық зерттеу әдісін қолдану

3.11. Эксперименттердің сыныптамасы, типтері және міндеттері

3.12. Ғылыми зерттеулере ЭЕМ қолдану

3.13. Зерттеулерде моделдеу және моделдер типтері

3.14. Ғылыми-техникалық ақпарат нарығының ерекшелігі

3.15. Зерттеудің талдау әдістері

3.16. Ғылыми-техникалық патентік ақпарат

3.17. Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі

3.18. Зерттеудің әдіснамалық қамтамасыз етуі



3.19. Бақылау, типтер және мазмұны

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет