Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Магистранттың өздік жұмысы
1. Глоссарий
Сауалнама (сұрау беті) – әртүрлі респонденттердің бірдей сұраққа жауап беру арқылы, жалпы тенденцияларды анықтау.
Баланс – құбылыстары және оның жеке түрлерін салыстырады немесе қарсы қою арқылы сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Таңдау – зерттеуге қатысуға арналып таңдалған популяция элементтердің кіші тобы.
Сұрақ – ақпаратты алу үшін есептелген бірнеше ой-пікірлер.
Жұмыс гипотезасы – қарастырылатын мәселенің мәні және мәселені шешу жолдары туралы болжау ұсынысы.
Дельфи – әдісі – тар деңгейдегі мамандардан алынған ақпарат әдісі.
Нарық сыйымдылығы – белгілі уақыт аралығында (көбінесе бір жылда). осы нарықта сатулуы мүмкін тауар көлемі (құнды және табиғи сипатында),
Ақпарат – сақтау объектісі, тасу және өңдеуболып табылатын мағлұмат.
Бақыланатын факторлар – фирманың басқару қызметінің құрамына бағынатын факторлар болып табылады.
Зерттеудің кабинеттік әдісі – екінші көздерді қолдану, яғни құжаттармен жұмыс істеу әдісі.
Лайкерт шкаласы – қарым қатынастарды өлшеуге арналуға қолданылатын шкала.
Маркетингтік ақпараттық жүйе – басқару шешімдерін қабылдаған кезде қолданылатын актуальды ақпаратты үнемі жинауға, талдауға, бағалауға,и сыныптауға және бөлуге арналған әдістер, процедуралар, тәсілдер жинағы.
Бақылау – әртүрлі жағдайларда адамдардың қылықтарын бақылайтын әдіс.
Бағалар – қорытынды мен статистикалық есептерге негізделген ақпарат.
Сұру – респонденттен алынған ақпарат.
Жоспарлау — қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекет жүйесі.
Популяция – біраз жалпы сипаттамасы бар, барлық элементтер жиынтығы.
Бағандық зерттеулер – зерттеудің қойылған мақсаттарына сәйкес зерттеудің объектісі туралы ақпаратты жинау және бағалау әдістерінің жиынтығы.
Алғашқы ақпарат – берліген зерттеу үшін алынған мәліметтер болып табылады.
Мәселе – фирманың тиімді даму жолындағы кейбір кедергілер.
Рентабельділік— кәсіпорынның жұмыс тиімділігін сапалы сипаттайтын көрсеткіш.
Таңдаудың репрезентативтілігі – барлық генеральды жиынтық бірлігінің негізгі сипаттамаларын көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау – қоршаған ортаның тосылатын өзгерісіне бейімделген жоспарланған процесс.
Мағлұмат – жүйеленген жалпыланған түрде берілген деректердің әр түрлілігі.
Сыбыстар – дәлелденбеген, тексерілмеген дәйектер.
Қызметтер – адамға жағымды нәтиже, табыс немесе қанағат әкелетін іс-әрекет.
Дәйект– тексерілген ақпарат.
Фокус – топ – таңдалған топ адамдарымен мәселені жан-жақты талқылау.
Қор қайтарымдылығы – 1 теңге сома табысына келетін көрсеткіш.
Қор сыйымдылығы - әрбір теңге табысы алынған негізгі өндірістік қорлар дәрежесін сипаттайды.
Сандар – сандық ақпаратты сипаттайтын нысан.
Шкала – құбылыстарды графикалық түрде бейнелеу.
Штрихтық кодтау (штрих-код) – кәсіпорын туралы, өндірушінің мекен-жайы мен тауар туралы ақпарат иесі.
Этикетка – ақпаратты өзіндік жеткізушісі, тауарға жабыстырылады немесе типографиялық әдіспен белгіленеді.
Эксперимент – процессті моделдеу жолымен алғашқы ақпаратты жинау әдісі.
Экономикалық тиімділік— шығындар мен нәтижелерді салыстыру
Эмпиринацилау зерттеу әдісі – нақты объектіні оқу негізінде ақпаратты жинау.
2. Дәрістер
Дәріс 1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде әдістемелік тәсілдердің даму тарихы.
-
Оқымыстыға негізгі талаптар.
-
Оқымысты кодексінің негізгі ережесі.
-
Зерттеу әдістерінің мазмұны.
-
Ғылыми абстракция, индукция және дедукция әдісі.
ОҚЫМЫСТЫ КОДЕКСІН ДАЙЫНДАУ СҰРАҚАРЫНА
Қоғамның барлық сферасын дамытуға, ғылыми зерттеу тиімділігін жоғарлату үшін әрбір оқымыстыға ережелер мен талаптар дайындау керек. Бұл оқымыстылардың өздерінің зерттеулеріне деген жауапкершілікті жоғарлатады, сонымен қоса ғылымның беделі көтереді.
Біз ғылымды жаңа білімдерді өңдіретін құрал, құбылыстардың заңнамалық белгілеулері деп ұғамыз. Ғылым құбылыстардың бір түрінен екінші түріне айналуға көмектесед. Бірақта, оның әрқашан ақырғы қорытындысы маңызды: адамның барлық қызмет сферасында ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру.
ОҚЫМЫСТЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бірінші талап болып барлық оқымыстыларға таңдаған тақырыбы бойынша барлық ақпаратты білу керек.
Бұл жерде Л.Н. Толстойдың мына сөздерден айтқан орынды: «Дұрыс жол мынадай: сенің алдыңғы бабаларын не жасағанын меңгер де, ары қарай жүр».
Оқымыстының өзінің тақырыбы бойынша ақпаратқа ие болуы туралы, айтқан бұл оңай емес, өйткені мәліметтер сенімді, яғни ресми деректер болуы керек сонымен қатар оқымыстының да шынайлығына көңіл аудару керек.
Екінші талап болып жұмыстың соңғы мақсатын және жоспарланатын ғылыми-техникалық прогрестің деңгйін анықтап алу табылады.
Ғылымии зерттеулердің тақырыбын қалыптастыруда жүйелі методологиялық әдістің жоқ болуы және олардың тиімділігін бағалау, ғылыми-техникалық бағытқа сай келетін, дүниежүзілік стратегиялық қателік болып табылады. Осында біздің технологиялық және материальды-энергетикалық шығындардың көптігінің негізгі себебі жатыр.
Ғылыми тақырыптың қалыптасуы кезінде зерттелетін сұрақтың жағдайының нақты және объективті көрсеткіштері, зерттеудің дәлелденген мақсаттары мен міндеттері болуы керек.
Ғылыми жұмыс жоспарларда элементарлы басы жоқ сияқты көптеген мысалдар келтіруге болады, яғни оларда зерттеудің мақсаттары мен міндеттері айқындалмаған, ақырғы нәтижелер жоспарланбайды.
Төменгі көрсеткіштерге ұмтылатын оқымыстылар, ақырында тәжірибелік маңыз әкелмейді. Кез келген жаңа жұмыс өз облысындағы деңгейден жоғары болуы керек.
Оқымыстыға үшінші талапты қалыптастырудан бұрын, зерттеу жұмыстарының қысқартылуы оқымыстылардың: әлеуметтік статусының төмендеуінен, ғылыми жұмыстарды қаржыландыру көлемінің төмендегінен және құнының қымбаттауынан болды.
Жаңа кезеңде ғылыми-техникалық прогресстің деңгейінің жоғарлауы, техника мен технологияның дамуы ғылыми білім қорын күнделікті толтырусыз мүмкін емес. Егерде жаңа білім жоқ болса, онда тәжірибелік нәтижелер болмайды.
Сонымен үшінші талап: терең зерттеулер мен жаңа білімдермен ғылымды байту.
Терең зерттеулер ғылымның жаңа бағыттарын ашады, сонымен қатар жаңа техника мен жоғары технологияны шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдай ғылыми зерттеулердің ақырғы мақсатына сай келеді. Сондықтан да әрбір оқымысты өз білім саласында терең зерттеулердің дамуына үлес қосу керек.
Төртінші талап: ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз жылжуынан жаңаша шығар, шығарылғаннан асып түс. Сондықтан да ғылыми жұмыстардың сонымен қоса диссертациялық жұмыстың жаңашылдығын құрау керек:
-
экономикалық, технологялық, техникалық, экологиялық және эргономикалық жүйенің және оның элементтерінің құрылуының заңдылығы, қызмет етуі және дамуы;
-
физикалық, химиялық, биологиялық процестердің және оның кешендерінің механизмдары;
-
білімді жүйелеу.
Ғылыми жағдайлардың жаңашылдығы ғылыми-техникалық прогрестің өсуін қамтамасыз етеді.
Бесінші талап: ғылыми жағдайлардың, шешімдердің және нұсқаулықтардың сенімділігін, негізділігін қамтамасыз ету.
Ғылыми зерттеулер нәижелерінің сенімділігі мәселелердің тәсілдері мен әдістерінің шешуін дәлелдеу керек, сонымен қатар статистикалық ақпараттың жеткілікті көлемі дәлел боа алады. Нәтижелердің сенімділігін қамамасы етуде есептерді шығаруда математикалық тәсілдеді қолдану үлкен мағынаға ие.
Ақиқат критериясы болып тәжірибе саналады. Сондықтан ғылыми жағдайлардың сенімілігін дәлелдеу үшін теориялық және эксперименальдық мәліметтерді бағалау жүргізіледі. Ғылыми жағдайлардың сенімділігіне дәлел ретінде өндірістік тексеріске үлкен орын алады.
Алтыншы талап: масштабты фактор есебімен жұмыстың тиімділігін дәлелде.
Ғылыми жаңаыл мідетті түрде нақты тәжірибелік шешім табу керек.
Ғылыми жаңашылдықты қолдану бойынша зертеудің тәжірибелік құндылығы өндірістік асыруда немесе оларды қолдануда жату керек: ғылыми-техникалық прогресті сәйкесінше салада қамтамасыз ететін жаңа бәсекеге қабілетті заттарды, технологияларды, құралдарды, зерттеу мен есептеу әдістерін шығару керек.
Әрбір ғылыми жұмыстың тиімділігі зерттеудің маңыздылығы, ерекшелігі және тәжірибелік қолдануының масштабтылығымен бағалануы керек.
Жетінші талап: табиғатқа, адамға және қоғамға зиян келтірме.
Ірі өндірістік және ауыл шаруашылық өндіріс агроэко жүйеге біршама әсер етеді. Сондықтан ғылыми зертеулердің бағыты өндірістің қызмет ету процессінде экологиялық және табиғаттың тепе-теңдігін бұзбайтындай техногендік факторлар реттелуі керек.
Келесідей оқымыстылардың кодексі қалыптасқан:
таңдаған тақырыбын бойынша толықтай ақпаратқа ие бол;
жұмыстың ақырғы мақсатын және жоспарланған ғылыми-техникалық прогресстің деңгейін нақты анықта;
терең зертеулер мен жаңа білімдемен ғылымды байыт;
жаңа шығар, шығарылғанды оз;
ғылыми жағдайлардың, шешімдердің және нұсқаулықтардың сенімділігін, негізділігін қамтамасыз ет;
масштабты фактор есебімен жұмыстың тиімділігін дәлелде;
табиғатқа, адамға және қоғамға зиян келтірме.
Оқымысты кодексін әрбір ғылыми қызметкер білу керек және өзінің шығармащылық жұмысында басшылыққа алу керек.
Магистранттарға басынан зерттеушілердің жұмысы неден басталатынын еске салу керек:
- ол ең біріншіден, жұмыс уақытын жоспарлау;
- зертелетін сұрақ пен қойылған мақсатты талдау;
- міндетті қою және анықтау;
- еңбек шығындары мен штаттық күнтізбені жоспралау;
- әдебиетерді таңдай және зерттеу әдісі;
- зерттеуді енгізу үшін өндірістік базаы іздеу;
- диссертация бөлімдерін құрастыру және талдау;
Адамзат ерте кезден-ақ танымны ғылыми әдістерінің күмәнсіз пайдасын ұғынды. Ағылшын философы Ф.Бэкон әдісті, қараңғыда жолаушының жолына жарық түсіретін шырақпен тенеді. Ол, жолмен ілби басып келе жатқан ақсақтың өзі жолсызбен жүгірген жаннан озатынын айтты.
Қоғамдық өндірістің даму заңдылықтарын танып-білу, шаруашылықты өрістеудің стихиялы күшінен босануға, тіпті болмағанда, оның күйретуші салдарын азайту үшін қажет. Экономика ғылымы әр кәсіпорын, ел және әлемдік шаруашылық ауқымындағы экономикалық дамудың объективті логикасын мүмкіндігінше толық және терең тануға ұмтылады, сондықтан экономист-ғалым зерттеу құралдарын игеруі тиіс. Ол зерттеу әдісі болып табылады.
Ғылыми әдіс зерттеудің принциптері, әдістері және құралдарының жанды бірлігі ретінде барша ғалым үшін біркелкі емес. Қоғамдық процестермен құбылыстарды оқып үйрену үшін, тек жаратылыстану ғылымына тән құралдарды таңдап алуға болмайды.
Әдіс – теориялық танып білудің жалпы амалдарының жүйесі, практикалық қолдану мен құру тәсілі және экономикалық құбылыстар туралы білімдер жүйесін құру тәсілімен дәлелдемесі. Экономикалық құбылыстарды танып білудің әдістері, басқа ғылымдардың әдістері тәрізді адамдардың нақты тіршілігіндегі іс әрекеттеріне бастау алады және экономикалық өмірдің объективті даму заңдылықтарының және логикасының бейнеленуі болып саналады.
Әдістер екі топқа бөлінеді: жалпы және спецификалық.
Жалпы әдістер бүтіндей экономикалық шынайы жағдайдың ғылыми меңгерулеріндеі амалдарды, жалпы философия негізін дүние танымдық тінін, экономиканы зерттеудің әдіснамалық түйінін береді.
Еуропадағы ХVIII –ХIХ ғ. пайда болған бірінші экономикалық ғылымдардың жүйелері қандай да бір философияның негіздеріне сүйенген. Мысалы, А.Смиттің «Халықтар байлығы» еңбегінде жүзеге асырлған экономикалық жүйесі, көпшілігінде философ-эмпирик Дж.Локтың қағидаларына негізделген; Д.Рикардоның «Саяси экономикасының бастамасындағы» баяндалған экономикалық жүйесі, философ-рационалст Б.Спинозаның қорытындыларымен айрықша байланыстылығы бар; К.Маркстің «Капиталында» келтірілген экономикалық жүйесі, Гегельдің диалектика ілімінің әдіснамалық негізіне бағыталған.
Спецификалық әдістер ғылымның әр салаларына арналған әдістер. Экономиканы статикада емесе белгілі қозғалыста, кәсіпорындардың тұтастай немесе бөліктерінің дамуы қарастыруға болады.
Экономикалық процессті зерттеу кезінде жеке әдісті ғана емес, белгілі жүйелікте әр түрлі әдістердің қолдану талап етіледі.
Экономикалық теорияның әдіснамасында философиялық әдістерге негізделген әр түрлі көзқарастар бөлініп шығады. Нақты өмірді қарастыратын ең жалпы амалдарды және тәсілдерді бөліп алу қажет: материализмды және идеализмды, диалектиканы және метафизиканы.
Матерализм дегеніміз адам санасының сыртқы дүние бейнесін жалпы танымдар арқылы қабылдауы.
Идеализм сананың, абсолют идеяныі өзін-өзі тануы деп түсіндіріледі. Диалектика – «адам ойының болмысы және танып білудің алпы заңдаы жайындағы ғылым».
Метафизика «бір мәнді дүние картинасын жасауға немесе болмыстық үзінділерді абсолюттеуге және жекешелеп қарастыруға тырысушы тенденция».
Экономикалық ғылымда философиялық жалпылама қарастыру қырымен қатар мынадайларын бөліп көрсетеді:
- субьективтік;
-неопозитивист-эмпирикалық;
- бақылау және эксперимент;
- жүйелі-құрылымдық.
Қазіргі танып білу әдістері (гипотеза әдісі, ойша эксперимент) ғылыми зерттеулерде «субъективтік» сәтердің өсуіне әкелді. Экономикалық талдаудың объектісіне субъективтік қырынан қарағанда субъектінің («гомоэкономикус») шаруашылық әрекеті болы саналады, яғни экономикалық ғылымның тақырыбы адамзат баласының «қажеттіліктің шекараларын анықтайтын іс-әрекеттері туралы ғылым» болып есептелінеді. Осындай қырынан келген кезі де басты категория – қажетілік, пайдалылық. Экономика шаруашылық жүргізуші субъектінің түрлі нұсқадан таңдау жасау теориясы болып қалыптасады.
Неопоитивті-эмпирикалық амал кезінде танып білудің басты атқарушы құралы зерттеудің техникалық аппараттары (экономикалық –математикалық әдістер, кибенетика және т.б.). Қазіргі кезде танып біудің ғылыми әдістерінің зерттеулері техникалық құралдармен жабдықталған. Соңғысын аппаратсыз, компьютерсіз және басқа да техникасыз, қуат жеткізгіштерсіз көзге елестету мүмкін емес.
Ғылыми танымға модельдік амалды енгізу қазіргі ғылыми әдебиетте кеңінен таралуда.
Экономикалық әдебиетте «экономикалық теорияда әдіс ретінде жалпы талдап қорыту әдісі қолданылады» деген көзқарас бар. Автордың келтірген мысалда, индукция, дедукция әдісінің мазмұны көбірек сипатталады. Бірақ жинақтау әдіс ретінде барлық ғылымда бар. Мысалы, медицина жән химия салаларындағы көптеген тәжіриелер негізінде адам ауруларының себепті факторларына, қорытындылар жасалынады. Экономика саласында жинаған тәжірибелер негізінде белгілі бір қорытындылар жасалады. Мысалы, тауардың белгілі түріне сұраныс өндірістің дамуына немесе оның қысқартылуына әкеледі, бірақ қандай да болмасын шешімді қабылдау үшін бұл тауарларға сұраныс бойынша сансыз көп мәліметтерді жинақтап қорыту және осының негізінде олардың тенднцияын анықтау керек, және де таңдап алынған қорытындысы шығарылып шешімі қабылданады.
Әдіснамалық ғылымда ақыл-парасат, танып білу және әрекет негізі болып саналатын рациональдық әдіс бөліп көрсетілген. Ақыл-парасатты сенім көрсеткіштерінен ажыратылмайды, бірақ ол оған шексіз сенуге тиіс емес. Танып білу сезімдерінен ақыл-парасатты ажырату мүмкін емес рационализаторлық әдісм – тұтас экономикалық жүйенің, нақты жүйені реттеуші экономикалық заңдардың, қоғамның экономикалық «анатомиясын» зерттелуін қажет етеді.
Көне экономикалық таблицасы – осындай қырынан келу шыны. Қарастырылып отырған қырынан келу, экономикалық теория қоғамдық өнімнің тұтынуын және таралуын, өндірісін реттеуші экономикалық заңдарды зеттейді деп есептейді.
Танып білудің тағы бір әдісі сенсуализм (латын сөзі sensus -сезім) болып саналады.
Аталған әдісте танып білудің негізі ретінде сезім, сезінушілік реакциясы алынады, мұнда бұл әдісті қолданушы зерттеушілер білімнің барлығын сезім органының қабылдау, түйсіктерінен шығарып тастауға тырысады. Танымның бұл әдісін жеке өздігінен қарасытруға болады, бірақ бақылаусыз, эксперимент, жасаусыз, қандай да болмасын сезінушілік реакциялары жайлы айту қиын.
Сондықтан бақылау және эксперимент сезімімен қабылдаудың алдында тұрып аналитикалық пайымдауға мүмкіндік туғызады. Яғни экономикалық құбылыстарды танып білудің әдістері сияқты бақылау және эксперимент ақыл-парасаттылықтың қорытындыларын жасау үшін пайымдау, ойлау, түсіну және ақылдың қорытынды жасауына өте мөте қажет.
Итальян социологы және аяси экономика маманы Вильфредо Паретто қоғамдық құбылыстарды зерттеудің қисынды-эксперименттік әдісін негіздеді. Оның пікірінше қғам туралы ғылымдар тәжірибелердің дәл мәліметеріне, яғни эмпирикалық, эксперименттік мәліметтерге негізделуі тиіс. В.Паретто ойлары бойынша солар ғана тек ғылыми дұрыс және сенімді қорытындыларды қамтамасыз етуі мүмкін.
Танып білудің әдіснамасында маңыздырақ әдісті жүйелі-құрылымдық қырынан келу болып табылады. Адамза қоғамы белгілі құрылымға ие әлеуметтік-экономикалық жүйе болып келеді, оның элементері өзара әрекеттесе отырып, экономикалық процестердің ықпал жасауына қарай өзгеріледі. Сонымен қатар қоғамның экономикалық құрылымына экономикалық процестер мен экономикалық заңдар ғана емес, адамдар жәе оларың жетекшілерінің, яғни жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, жеке елдер мен аймақ адамдарының бейімділіктері мен мүдделері ықпал жасайды.
Жүйелі –құрылымдық қырынан қарастыру экономикалық құбылыстарды қозғалыста, кеңістікте және уақыттағы өмір сүру тетігін ашу мүмкіндігімен құнды болып келеді.
Сонымен экономикалық құбылыстың нақтылы күйін жақсы бейнелейді. Құрылымның элементтерін жүйелі өзара байланыстыққа және өзара шарттастыққа қадағалау, зерттелетін құбылыстың пайда болу тарихына жауап бермейді немесе оған әр уақытта жауап берілуі мүмкін емес.
Экономикалық жүйенің қандай да бір дамуының тарихын зерттеуі табиғи-тарихылық қырынан келуді білдіреді.
Бұл жоқтан бар болмайды. Әр құбылыстың өз ілгергі тарихы бар, тарихы болады дегенге сайады. Құбылыстар тарихылығы жалпыға мәлім, бірақ бір тарихи құбылыстан, басқаға ауысуы ауыспалы кезеңнің проблемасын есептемеген де, жеткілікті айтылмады.
Табиғи-тарихи қырынан келу бар екендігі жоққа шығарылмайды, бірақ тарихылық және қисынды бірыңғай әдістің бар болуын болжайды.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өкілдері, сонымен бірге экономика ғылымдары, ғылыми абстракция әдісін кеңінен пайдаланады. Абстракциялаудың басы зерттелінетін құбылыстың аналитикалық бөлшектенуінде, оның іштей байланысқан жақтарында жатыр.
Ғылыми танымда индукциялы және дидукциялы әдіс кеңінен пайдаланылады. Индукция әдісі жеке фактіден жалпыламалы сипаттан қисынды ойлауға ойысу тәсілі болып саналады. Индукциялы пайымдау, гипотезалардың ұсыну мүмкіндігін болдыра отырып, жалпы ғылыми білімдерді қалыптастырады, оның ғылыми постулаттары ғылымға аңа түсініктер еңгізеді. Индукциялы әдіспен зерттей отырып, құбылыстары қайталанған оқиғалардың заңдылықтарын анықтайды, сонымен жеке біркелкі фактілерден жалпы заңдылықты белгілейді.
Индукциялы әдістің екінші жағы дедукциялы әдіс болып саналады. Дедукция жалпы жағдайы бар алғы шарттар негізінде жеке эмпирикалық заңдарды шығару мүмкіндігін береді.
Экономикалық зерттеулерде жекелеген фактілермен емес, олардың белгілі статистикасымен, яғни статистикалық жинытығымен істес болады. Статистикалық жинақтау жағдайлардың белгілі пайызымен шектелінеді. Ал енді әмбебабы түгелдей барлық жағдайларға қатысы бар.
Экономика өндірістік қатынастардың қарапайым және күрделі жинытығы болып саналады. Мысалы, қарапайым нарықтағы алыс беріс қатынасы және материалды –техникалық жабдықтаудың жүйесі арқылы болатын алыс – беріс қатынасы.
Дамуға байланысты қарапайым қатынастар жоғалмайды, олар күрделі жүйенің элементтеріне айналады. Тану процессінде қарапайым элементтер анағұрлым абстрактілі түсініктерде және категорияларда (тұтыну құны, құны, баға және т.б.) көрініс береді. Абстракция әр кезде шынайы өмірдің нағыз жалпы және қарапайым жақтарымен шектелінеді. Күрделі құбылыстар анағұрлым көп нақты анықтамаларды алады. Сондықтан қарапайымнан күрделі экономикалық процесске, қарай дамуы қарапайымнан күрделіге көтерілу әдісінің көмегімен зерттеледі.
Сондай-ақ экономикалық қатынастар танымының әдісі ретінде сапалық және сандық талдаудың бірлігі белгіленеді. Экономика ғылымы экономикалық процестердің сапалық жақтарын ғана емес, сонымен қатар, сапалық өзара байланыстарын да зерттейді. Сөйтіп, танылған экономикалық процесстер өлшемдер түрінде немесе сапалы нақты сан түрінде көрсетіледі. Мысалы, экономикалық қарқындары және пропорциясы, процесстердің өлшемі дамуының көрсткіштері болып саналады.
Сонымен, бұл тарауда экономикадағы зерттеулердің ғылыми әдістерінің мәнін аша түсу әрекеті жасалады. Экономикалық зерттеулерге қарай ғылыми танымның тәсілдері және әр түрлі формалары қарастырылады. Нақты мысалдарда, сол немесе басқа әдістердің кономикалық құбылыстарды зерттеулеріндегі қолданылуы мен әсері және олардың арасындағы байланыстар көрсетіледі.
Осы жерде П.Самуэльсонның сөзін келтірсек, ол теория және практика мәселелерін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келді: «баса көрсетсек: жоғарыда келтірілген пікрілердің әрқайсысы дұрыс. Бірақта олар сырттай оғаштьқта. Бұл кітаптағы оғаш болып көрінгендердің бәрін шешуге болады. Мұнда көз бояған тұжырымдамалар немесе жасырын жалғандары жоқ. Шындығында, жүйелі және қисынды дамуды дәлелдеу кезінде осындай экономикалық теория әрдайым болады және толық сапалы болып көрінуі тиіс.». Әр түрлі амалдарға жалпылама тән қасиет, әрқайсысы өзіне тән философиясын қамтыған экономикалық категория заңдылықтары бейнеленген ғылыми теориялық ойлау болып есептеліеді.
Дәріс 2. Эконоимкалық құбылыстарды танып білудің сатылары.
-
Танымның құрылу процессі.
-
Категория ортасы мен жүйесі.
-
Өндіріс әдісі мен ғылым.
Эконоимкалық құбылыстарды ғылыми танып білу әдіс тиістілік, бірақ та жеткілікті шарты емес. Тану процесінің маңыздырақ кезеңі зерттеу жүйелілігі болып саналады немесе біз таным сатылары деп жиірек айтып жүрміз. Мұнсыз заңдардың бұл процессі категориялардың шым-шытырық және ретсіз жиынтығына айналып кетеді, бұл зерттеушіні тұйыққа, ал зерттелінетін жүйені келешегі жоқ эконоимкалық процеске әкеледі.
Қалыптасу мұнда құбылыстың бар екендігі енді басталған процес, бірақ аяқталу түрін әлі иеленген жоқ деген сөз. Қалыптасу бұл жаңа құбылыстың пайда болуының бірлігі және сол құбылыстың бір мезгілде өтуі болып есептеледі, соның ішінде жаңасы пайда болып, дами түседі. Бұны көрнекі түрде картоптың дәні арқылы көрсетуге болады. Топырақта картоптың түйнегінен тамыры, содан соң сабақтары өседі және түйнегі шырып қалады, ал тамырларынан жаңа түйнектер өсе бастайды. Ескі түйнегіне тамырының өсіп шығуынан жас түйнектердің пайда болуына дейінгі процесс қалыптасу процесін құрайды, яғни осының нәтижесінде жаңа құбылыстың пайда болуына әкеледі. Маңызы бірдей емес дамудың қалыптасуы немесе қалыптасу процессінде болмыс еместен болмысқа қозғаушы болады, яғни ол өзімен пайда болу процесін қамтиды, ал болмыс дамуында өз негізінде өздігінен дамытылады, яғни енді пайда болудың кезеңдік құбылысы өтті.
Экономикалық құбылысты танып білудің маңыздырақ кезеңі, өмір сүру ортасын анықтау болып есептелінеді. Нақ орта едәуір дәрежеде, эконоимкалық құбылыстың атқарымдылық сипатын және дамудың дәрежесін анықтайды және қамтамасыз етеді. Орта тарихи қалыптасқан қажетті жағдайдың және экономикалық құбылыстың пайда болуының алғы шарттары және де соңғысы бұл жағдайдың және алғы шарттың негізінде әр дайым жаңадан жаңғыртылады.
Өндіріс тәсілінің категориялары жүйесімен заңдылықтарын зерттеуде жаңа эконоимкалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтарын қалыптастыратын тарихи алғы шарттары да айқындау біршама дәрежеде өте маңызды нәрсе болып табылады.
Эконоимкалық құбылыстардың қызмет ету заңдылықтарын тану процесінде нақты шанайлықтың абстрактілі алғы шартын айқындау керек, тек содан ғана ой нақты құбылысқа қарай ойысады.
Жаңа экономикалық жүйе өндіріс орайымен, заттарды бөлу, айқындау мен тұтыну ретінде жүзеге асатындықтан, бастапқы қатынастардың материалдық – заттық тасымалшысы болып табылатын шынайы алғы шартқа ие болу керек. Өндірістің капиталистік тәсіліне қатысты Карл Маркс тауарды сол шаруашылық жүйесінің нақты алғы шарты ретінде қарастырды. Осыған орай нақты алғы шарттарды айқындаудағы мына өте маңызды жайттерді анықтаған жөн: «Тауар, бюржуазиялық байлықтың элементарлы түрі ретінде біздің бастапқы пунктымыз, капиталдың пайда болуының алғышарты еді. Бір жағынан ауар енді капитал өнімі ретінде көрініс беруде.». Мұнда Карл Марксың айтуында бастапқы категорияларды айқындаудың екі жайты аталған. Біріншіден, тауарда екі қарама-қайшы жайт –алғышарт пен капитал өнімі көрсетілген, екіншіден тауар бастапқы категория ретінде сол қарама-қайшылықтар бірлігі болып табылады. Болмаған жағдайда ол категориялар жүйесіне кіріге алмайды, өйткені тарихи алғышартсыз бірінші қатардың мәнін анықтауға болмайды. Осыдан, экономикалық құрылыс дамуының заңдылықтары мүмкін болмайды. Егер өзінің дамуына алғышарт пән желісіне айналмаса, онда оны категориялар жүйесіне кіргізуге болмайды, өйткені ол әрқашан тегі бөлек құбылыс.
Пәнде бар заңдылықтар алғышарттар заңдылығынан айырмашылықта болады. Пән заңдылықтары алғышарттар заңдылықтарына қарағанда өзіің көрініс беруі бойынша анағұрлым жан-жақты, айтарлықтай дамыған. Соңғысы оларды әлеуетін бойында ғана ашылмаған түрде сақтайды. Осыдан басқа пәннің ішкі құрылымы алғышарт құрылымына бара –бар емес. Бірақ сонымен бірге пән ішкі жағынан ағы шарт тарапынан дами бастайды және пән қозғалысы кезінде соңғылары бағыныңқы, ал біріншілері басыңқы түрлер ретінде көрініс береді.
Осы процесте екінші қатар мәнінің бастапқы өндіріс тәсілі пайда болады, бұл жаңа өндіріс факторларын біріктіру негізінде жүзеге асады. Бірақ өндірістің мұрагерлік құралдары мен өндіріс тәсілінде біртіндеп жоғарғыда аталған өзгерістер жүре бастайды, бұл өндііс тәсілінің өзгерісіне алып келеді.
Бұл қайта өзгерістер негізгі экономикалық заңның айрықша әрекетіне алып келеді, нәтижесінде өндірістің материалдық-заттық көрінісінің спецификалық формасы мен тәсілі пайда болады.
Өтпелі кезең түрі мен қалдық құбылыстардың өмір сүру заңдылықтарын оқып – зерттеу оларды арнайы зерттеу пәні болып табылмақ. Бірақ олар жаңа экономикалық жүйемен байланыссыз, өз бетінше өмір сүруін жалғастырмайды. Керісінше, алғашқы кезеңдерде екі қарама-қайшы бастаулардың бірлігі бола отырып, өнірістің жаңа тәсілінің қалыптасуындағы өздіндік бір кезеңді құрайды.
Өндіріс факторлары спецификалық өндіріс тәсілдерін қалыптастырудағы олардың рөліне байланысты зерттеу объектісіне айнаа бастайды. Соңғы айтылғандар кезең-кезеңімен дамиды және өндірістіңң спецификалық түрлері арқылы көрініс табады.
Эконоимкалық анализ түрлеріне жүргізілетін сыныптаулар негізінде басқару функциясының сыныпталуы жатады, өйткені экономикалық анализ, экономиканы басқарудың әрбір функциясының орындалуындағы қажетті элемент болып табылады.
Дамыған нарықтық экономика ішкі басшылық анализі мен сыртқы қаражат анализіне деген қажеттілікті туындатады.
Ішкі басшылық анализі басқару есебінің құрамдас бөлігі, яғни әкімшілікті кәсіпорын басшылығын ақпараттық-сараптамамен қамтамасыз ету болып табылады.
Сыртқы қаражат анализі эконоимкалық анализдің дербес субъектісі ретіндегі кәсіпорын туралы ақпараттың сыртқы пайдаланушыларына қызмет ететін, ашық қаражат есебінің құрамдас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |