128
Түлкі: Осылай отыра береміз бе? Одан да ойын ойнамаймыз ба?
(қуланып)
Аю: Тағы да не ойлағаның бар?
Түлкі: Ештеңе, жай ойнайық дегенім ғой.
Көжек: Ал, қандай ойын ойнайық! Ойыныңның аты бар ма өзі?
Түлкі: Ойын
«Кім жылдам?» деп аталады.
(Ойын ойналып болған соң, бəрі үстелге отырады.)
Түлкі: Ойбуй, менің үйге кетуім керек. Тауық, сен кетпейсің бе?
Тауық: Жоооқ! Мен сенімен кетпеймін! Ку-ка-ре-ку!
Аю: Тиме тауыққа, ол менімен барады!
(ашуланып)
Түлкі: Жарайды. Қасқыр, сен жүрмейсің бе?
Қасқыр: Сен қай жаққа барасың?
Орманның ар жағындағы өзен
жағасына барсаң, менде сонда барамын!
Түлкі: Иə, иə, мен сонда барамын. Кеттік ендеше, рақмет. Бəрі де өте
дəмді болды.
(Түлкі мен қасқыр кетіп қалады.)
Көжек: Сау болыңдар, достарым!
Аю: Жүр, тауық, мен сені үйіңе апарып, анаңмен қауыштырайын. Тағы
келерміз. Сау бол!
Көжек: Жарайды, сау болыңдар. Келгендеріңе көп рақмет!
(Сайқымазақ пен айдаһар кетеді.)
Анасы: Жарайды, көжегім. Енді, үйді жинастырайық.
Көжек: Анашым, мен біраз ойнап келейінші. Сосын жинаймын.
(Қоян допты алып жүгіріп шығып кетеді.)
Анасы: Əй, көжегім-ай! Жарайды, ойна. Тек алысқа кетпе.
(Анасы ыдыстарды жинап алады, көңілді музыка ойналады ортаға
Сайқымазақ келеді.)
Достарыңызбен бөлісу: