Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»



Pdf көрінісі
бет82/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Патша таң қалып: Менің кіші қызым ақылды екен ғой. 
(Жаңғақты сындырып алып, кетіп бара жатқанда, бір аю шығып 
былай дейді.) 
Аю: Патша, менің бауымдағы жаңғақты неге аласыз?
Патша: Кенже қызым сұрап еді. 
Аю: Мейлі, алып бар, бірақ, қызыңды үш күннен кейін алып кел.
Патша қорқып: Не үшін алып келемін?
Аю: Мен сенімен əзілдеспеймін, алып кел, болмаса өзім барып алып 
келемін. 
Патша: Мақұл. 
(Қыздарына алған нəрселерін таратып беріп, өзі қапа болып жүріпті.) 
Əйелі: Неге қапа боласың? 
(Патша аюдың айтқан сөзінің бəрін əйеліне айтып береді.) 
Əйелі: Қой, қапа болма, қызым үшін өзім барамын. 
(Қызы ата-анасының сөзін естіп қалып) 
Қызы: Апа, сен барма, мен өзім барамын, бұл пəленің бəрі менен 
болған екен. 
(Аюдың берген үш күні де өтіп кеткен екен. Сол кезде патша үйіне аю 
келеді.) 


130 
Аю: Кəне, қызың маған беретін... 
Патша: Мынау... 
Аю: Онда қызыңды киіндір. Уəдеңде тұр. 
(Қыз киініп, үй-ішімен қоштасып, аюмен бірге арбаға мініп кетеді. Аю 
қызды алып бауға келеді.) 
Аю: Кəне, түс. Менің соңымнан жүр. 
(Сөйтіп, бір жердің астына түседі. Қыз артынан еріп жүреді. Бір 
есікті ашса, қап-қараңғы екен. Екінші есікті ашса, жап-жарық алтын 
сарай, жаңағы аю əдемі жігіт болып кетіпті.) 
Жігіт қызға: Сен маған тұрмысқа шығасың ба? 
(Қыз жаңағы аюдың əдемі жігіт болғанына таң-тамаша болып қарап 
қарады.
Қыз: Жарайды, келісемін. 
Автор: Жігіт қызға үйленіп, той қылып, қыздың əке-шешесін 
шақырады. Əкесі мен шешесі мəз болып қуанады. Сөйтіп, ұлан-асыр той 
жасады. Екеуі бақытты да баянды өмір сүріпті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет