Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»



Pdf көрінісі
бет84/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Иіскеленіп ит келеді: (өлең жолымен өзін таныстырады) Мұнда бір 
бөтен иіс бар. Достарым, біздің орманға бөтен жануар келген секілді. 
Арыстан: Иіс сезгіш досым-ау. Бұл – біздің қонағымыз маймыл. Ол 
сонау Африка елінен келе жатыр. Ол бізді таба алмай жүрген шығар,ал саған 
оны табу қиын емес. Бір көмегің болсын, бізге оны тауып ертіп алып кел. 
Ит: Жарайды. 
Түлкі: Біз дайынбыз, тек қонақ кешігіп жатыр. 
(Музыка ойналады, маймыл билеп шығады) 
Ит: Сəлем беріп сіздерге, маймыл келді бұл жерге. 
Маймыл: Сəлем, достар! Сəлем, арыстан досым! Сендерге жеткенше 
ит мені орманмен таныстырды. Ормандарың керемет екен. Біздің орманға 
ұқсамайды. 
Арыстан: Біздің орманмен танысыпсың, енді мұнда тұратын аңдармен 
де таныс. 
(Аңдар өздерін таныстырады.) 
Маймыл: Мен – маймылмын. Сонау Африка елінен келдім. Мен 
ағаштардан ағаштарға секіріп ойнаймын. Банан жегенді ұнатамын
(Аңдарға банан береді) 
Арыстан: Не тұрыс? Көптен күткен досымыз да келіп калды. Ойын-
сауық басталсын. Қане, маймыл досым, бізбен бірге көңіл көтер. 
( «Ойыншықтар» əні орындалады.) 
Ит: Тағы да əн салайық! 
Аңдар: Салайық, салайық! 
Түлкі: Бүгінгі күн бір ғажайып, тағы да бір шырқатайық! 
Қоян: Жо-жо-жоқ , би билетіп дулатайық! 
(Аңдар көңілді əуенмен би билейді.) 
Маймыл: Сендер қонақжай екенсіңдер, маған қатты ұнап қалдыңдар. 
Аң патшасы арыстан ойын-сауық ұйымдастырғанына рақмет! Енді, мен 
кетейін. 


132 
Арыстан: Барлығымыз сені шығарып салайық. 
(Барлық аңдар көңілді əуенмен шығарып салады.) 
 
ТҰРСЫНХАННЫҢ ҮШ ҰЛЫ 
 
Автор: Баяғы заманда Тұрсынхан деген кісінің үш баласы бар екен. 
Үшеуі де өнерпаз, шешендігімен «Тұрсынханның үш шешені» атаныпты. 
Тұрсынханның есігінің алдында екпе бəйтерегі бар екен. Сол бəйтеректің 
ішін ойып, ат басындай алтын тығып қояды. Оны өзінен басқа ешкім 
білмейді. Тұрсынхан өлер алдында балаларын шақырып алып: 
Тұрсынхан: Балаларым, енді мен өлемін, сендерге айтатыным, есік 
алдындағы бəйтеректің түбіне ат басындай алтын тықтым. Сол алтынды 
қашан қолдарыңнан мал кеткенде, əбден ішерге тамақ, киерге киім, мінерге 
ат таба алмағандарыңда, бір қолдарың екеу болып көрінгенде алып, 
күндеріңді көріңдер! 
Автор: Тұрсынхан жүз бір жасында қайтыс болыпты. Үш баласы 
бəйтеректің түбіндегі алтынды күнде қарап, бағып жүреді. Бір күні 
бəйтеректі келіп қараса, алтын жоқ. Біреу ұрлап кетіпті. Үшеуі кім алғанын 
білмейді. Əрі ойлап, бері ойлап, еліндегі ханға жүгініске барады үшеуі. 
Ол хан сондай тапқыр, ақылды екен. Егер өзі білмесе, жұрттан асқан 
сұлу қызы сөз тауып, талай адамдарды даудан құтқарған екен. Ағайынды 
жігіттер ханға барып отырады. Сол уақытта үлкені екі інісіне сыбырлап: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет