Практикалық сабақ 1



бет19/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Практикалық сабақ №9
Тақырыбы: ДӘН ЖӘНЕ АРАЛЫҚ ӨНІМДЕР КОММУНИКАЦИЯСЫН ҮЙЛЕСТІРУ


Мақсат: Коммуникацияларды жобалау принциптерін оқып үйрену.
Астық қозғалысының цех аралық коммуникациясы
Машиналарды жүйелер бойынша орналастырып тұрғаннан кейін және олардың орналасатын орнын алдын ала белгілегеннен кейін өнімтасымалдағыш құбырларының коммуникациясын жобалайды. Процесс жүзінде коммуникацияны жобалаған кезде машиналардың алдын ала белгіленген орындарын бекітіп, олардың және пневмотранспортты жүйенің түсіргіштердің тұрақты орнын және транспортты механизмдердің саны мен олардың орналасу орындарын бекітеді.
Коммуникацияны жобалау графикалық бөлімнен және түсініктеме қағаздан тұрады. Графикалық бөлімінде көлденең және ұзына бойына ғимараттардың қимасы, оларда барлық технологиялық, транспорттық, аспирациялық және қосымша қондырғылар көрсетіледі. Негізгі контурлы сызықпен графикалық бөлімде өзіндік ағу құбырларын, ал қосымша контурлы сызықпен қосымша құбырлар сызылады.
Цехішілік коммуникацияны жобалау кезінде кедесі материалдар қолда болуы керек:

  • технологиялық процесстің сызбасы;

  • рассевтерінің аудандары (жобада қандай рассев түрі таңдалғанына байланысты);

  • өнімдердің машинаға кіретін және шығатын жүйелерінің бекітілген орындарының сызбасы;

  • көлденең және ұзына бойына қимасы;

  • өнімдердің жылжу ведомості;

Білікті станоктар мен рассевтерді қабат жобасында орналастырғаннан кейін оларды көлденең немесе ұзына бойына жүргізілетін қималарға көшіреді. Өзіндік ағу құбырларының коммуникациясын көлденең және ұзына бойына жүргізілетін қималарынан бірдей жобалайды.
Машиналарды қималарда орналастырып болғаннан кейін өнімнің машинаға кіретін және шығатын өнім тасымалдағыштарды көрсетеді. Біртекті өнім қозғалатын өзіндік ағу құбырларын бір нөмірмен белгілейді. Өзіндік ағу құбырларын бір жазықтықта орналастырады. Өзіндік ағу құбырларының нөмірлерін әр қабат қимасында қойып шығады және олар араб цифрлерімен нөмірленеді. Транспорттық механизимдердің нөмірлерін рим цифрлерімен белгілейді. Өзіндік ағу құбырларының бұрышын алдын ала көлденең және ұзына бойына қимасында өлшеп, номограммада оның нақты мәнін анықтайды.
Өзіндік ағу транспорты жобалаған кезде мына шарттар сақталуы керек:

  • өзіндік ағу құбырларын жобалаған кезде олардың көлбеу бұрыштары минималды шамадан көп болу керек;

  • екі өзіндік ағу құбырларын біріктірген кезде олардың қосылу бұрышы тік немесе бітеу болмауы керек;

  • бір құбырға екінші құбырды біріктірген кезде өнімнің жүру барысында олардың бірігу бұрышын өткір етіп, бірақ 250 кем болмауы керек.

Өзіндік құбырлардың бағытын сонымен қатар олардың жолында кездесетін машиналарды, транспорттық механизмдерді айналып өту үшін өзгертеді. Бірақ дәнге байланысты өзгерген бағыт ұнға келмеуі мүмкін. Олкезде ұн және дәнге бөлек нормалар белгіленген. Өзіндік құбырларды жобалаған кезде машиналар, өнімтасымалдағыштар және нориялардың арасындағы қашықтық еденнен 2,25-1 м-ден кем болмауы керек. Құбырдың машинадан 0,7-1 м-ден кем жақын орналаспауы керек. Өзіндік құбырларды баспалдақ торына және баспалдақ жаққа орналастыруға болмайды. Сонымен қатар терезенің анында 2,25-2 м еденнен биіктікте орналасқан құбырлар, терезелердің, фрамугтардың ашылуына немесе терезелерді тазаланған кездекедергі келтірмеу керек. Машиналардың жанынан өтетін құбырлар солмашиналарға қызмет көрсету немесе машиналарда жүріп жатқан процесстерді бақылауға кедергі келтірмейтіндей етіп салынады. Білікті және рассевтік қабатта өзіндік ағу құбырлары еденнен 2,5-2,75 м деңгейіндегі құбырлар тек өнімтасымалдағыштардың жанында өтуі керек. Машиналардың жанында өтетін құбырлар вертикалды түрде еденнен 2-2,25 м биітікте болуы керек. Ситовейкалық машиналардың көлденең жағынан өтетін құбырларды 2 м биіктіктен төмен болмайтындай етіп вертикал жағдайда бақылау терезелерінің арасында өткізеді. Қызмет көрсетуді қажет ететін қондырғыларды (бақылау люктері, задвижкалар,бөлгіш лапандар) еденнен 1,5 метрлік деңгейден аспайтындай етіп орналастырған жөн. Цехтін өзіндік ағу құбырларын бункерлер, бөлгіш пунктері, шеберханаларды және т.б кесіп өткізуге болмайды.
Білікті станоктардың жанында өтетін өнімтасымалдағыштарды машиналардың арасындағы проходтар мен көлденең және ұзынынан бойы қабырғаларды кеспей өтетіндей етіп құрады. Өнімтасымалдағыштарды ғимараттың ортасында, ғимараттың ұзына бойына, екі қатарлы,ал керек кезінде көлденең қабырғалардың бойымен бір қатарлы етіп құрады.
Түсіргіштерді жоғарғы қабатта екі немесе төрт қатарлы, ғимараттың ұзына бойына, өнімтасымалдағыштарға және рассевтердің қабылдағыштарына жақын орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет