Практикалық сабақ 1



бет18/23
Дата18.01.2024
өлшемі2.58 Mb.
#489300
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Жобалау. Тәжірибелік сабақтар

Рассевтердің елеу бетін есептеу және процесстерге бөлу

Елеуіштердің жалпы елеу бетін келесі формуламен анықтаймыз:
F0=Q*1000/qв (15)
Екінші әдіс бойынша: әр бір жүйеге қажетті елек бетін келесі формула бойынша анықтайды:
(16)
Рассев санын мына формула арқылы өрнектейді:
(17)

яғни бұл төрт секциялы рассевте бір секция жасайтынын көрсетеді.
Қалған жүйелердің рассевтер санын осылай етіп шығарады.


6-кесте. Елеуіштердің есептік бетінің ауданы мен саны

Жүйелер

Баланс бойынша меншікті жүктеме, %

Норма бойынша жүйеге түсетін меншікті жүктеме,
кг/(м
2* тәул)

Елеуіштің есептік ауданы, м2

Елеуіштер

Саны

А1-ЗРШ-4М елеуішінің елеу бетінің ауданы , м2

I ж.ж

100

20000

2,5




17

II ж.ж.

80

15000

2,67




17

III ж.ж.

22,3

10000

1,115




17

IV ж.ж.

15

7000

1,07




17

1 ұн.ж

22,87

88000

1,29




17

2 ұн.ж

28,48

88000

1,62




17

Есептеулер нәтижесінде негізгі технологиялық процесстерге А1-ЗРШ-4М маркалы 1 рассев және ұнды бақылау үшін А1-ЗРШ-4М маркалы 1 рассев қолданылады.





  1. Үгіту қондырғысын есептеу

(18)
Есептеу нәтижелерінде бұл технологиялық процесте қосымша бір А1-БВГ үгіту қондырғылар қолданады.
Ұн зауытындағы майдалу бөліміндегі құрал- жабдықтарының техникалық сипаттамасы мен технологиялық спецификациясы

8-кесте. Технологиялық үрдістің техникалық сипаттамасы





Атауы

Марка

Саны

1

2

3

4

1

Білікті станоктар

А1-БЗН

3

2

Майдалау линияларының жалпы ұзындығы, см: жармалау және ұнтақтау жүйесінде




2200
1000
1200

3

Майдалау линиясындағы ұнтақтау жүйесінің жармалау жүйесіне қатынасы




1,4

1

2

3

4

4

Елеуіштер

А1-ЗРШ-4М

2

5

Ұн бақылауға арналған елеуіш

А1-ЗРШ-4М

1

6

Жалпы елеу беттері, м2: жармалау жүйесі
Ұнтақтау жүйесі
Ұн бақылау




38,5
2,5
1,29
5,05

7

Елеу беті бойынша ұнтақтау жүйесінің жармалау жүйесіне қатынасы




0,5

8

Үгіту қондырғысы

А1-БВГ

1

9

Магнитті сепаратор

У1-БМП

7

10

Ұнлау жүйесіне арналған меншікті жүктеме қарапайым ұн тарту үшін, кг/см*тәу.




330

11

Ұнтақтау жүйесіне арналған меншікті жүктеме қарапайым ұн тарту үшін, кг/м2*тәу.




1300



9-кесте. Майдалау бөліміне арналған қондырғылардың спецификациясы

Қондырғылардың атауы

Марка, тип

Саны, дана

Өнімділігі, т/сағ

Электр- қозғалт- қышы- ның қуаты, кВт

Габарит- тік өлшем-дері, мм

Білікті станок

А1-БЗН

3

3,50

7,5-18,5

2030*1700*1800

Елеуіш

А1-ЗРШ-4М

2

21,0

3,57

730*1085*2760

Үгіту қондырғысы

А1-БВГ

1

0,9-1,6

5,5

1600*820*1720


Практикалық сабақ
Тақырыбы: ҰН ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ

Мақсат: Технологиялық жабдықтар, транспорттық, көмекші жабдықтарды тиімді жайластыру принциптерін оқып үйрену, әртүрлі нұсқаларға талдау жасау.


Ұн зауытындағы тазалау және ақтау бөлімінің бастапқы мәліметтері
Ұн зауытына түсетін астық бірнеше компанеттерден тұрады:

  1. Негізгі дән

  2. Басқа дақыл дәндері

  3. Қалдықтар

  4. Микроағзалар

  5. Ауа

  6. Зиянкестер

Астық құрамындағы қалдықтар одан алынатын өнім (ұн, жарма) сапасын төмендетеді, кейбір кездерде стандарттарға сай емес өнімдер алынады. Астықты қалдықтардан тазарту күрделі болып, тазарту үдерісі бірнеше сатыда жүргізіледі.
Берілген шығындағы және сападағы ұнды алу үшін астыққа келесі талаптар қойылады:

  1. Дәннің ылғалдылығы: а) сорттық ұн тартуда-13%;

б) басқа ұн тартуда -14%
2) Шөпті шалаң қалдықтар мөлшері 2%-дан аспау керек (егерде элеваторда дән тазаланатын болса, онда 1% -дан аспау керек)
3) Дәнді қалдықтар мөлшері : а) бидайда- 5%
б) қарабидайда -4%
4) метал- магниттік металмагнитті сепараторда ажыратылады
Астық құрғақ компаненттерді ажырату үшін олардың бір-бірінен физика-механикалық қасиеттері бойынша қандай айырмашылықта болатынын білу керек. Бұл компанеттерді бір-бірінен ажрату тәсілдері бірнеше түрлері бар.

2-кесте. Қалдықтардан тазалау тәсілдері



Қалдықтар

Тәсіл

Ені мен қалыңдығы

Елеу

Жеңіл

Аэродинамикалық әсері

Минералды

Тығыздық бойынша елеу

Ұзын-қысқа

Триерлер, ұяшықты елеу

Қиын ажыратылатын

Фракциялық елеу

Магнит

Магнитті сепараторда

Астықты қабылдау, өңдеу кезінде кеңінен қолданылатын үдерістердің бірі електерде елеу. Електер жасалынатын материалдары бойынша, тесіктердің өлшемі, пішіні бойынша ерешеленеді. Астықты тазалау кезінде қолданылатын сепараторлар тесігі дөңгелек, ұзынша, үшбұрышты болып келетін, штампталған електер қолданылады. Сонымен қатар електер тесіктердің жұмыстық өлшемімен және тірі қима коэффициентімен сипатталады. Електің тесіктерінің жұмыстық өлшемі- електі жарыққа қарағандағы өлшемі. Дөңгелек пішінді елек диаметрмен, ұзынша және ұшбұрышты мм өлшемімен беріледі. Електің тірі қимасы дегеніміз- ондағы тек қана тесігінің ауданы електің жалпы ауданына қатынасы. Сусымалы өнімдерді сұрыптау үдерісі бір мезгілде жүретін 2 кезеңнен тұрады:



  1. өздігінен сұрыптау (қабаттарға бөлінуі)

  2. еленеді

Өзі елеу үдерістерінің тиімділігі келесі факторларға байланысты болады:

  1. електің кинематиқалық параметрлеріне байланысты

  2. ылғалдылығы

  3. жүктеме мөлшері

  4. жасалынатын материалға

  5. електің тесігінің мөлшері мен пішіні

Астықты електе тазарту үдерісінің тиімді жүруі одан кейінгі машинаның жұмыс істеу тиімділігіне және дайын өнім сапасына әсері улкен.
Сеператор дегеніміз - ені мен қалыңдығы бойынша ажыратылатын ерекшеленетін қалдықты ажырататаын елек. Оның маңызды жұмыс бөлігі- елек.
Астық қабылдау және өңдеу салаларында сепаратордың келесі түрі қолданылады:

  1. Элеваторларда – А1-БИС -100 (100 т/сағ)

АБ1-СР-БШ (50 т/сағ)

  1. Ұн және жарма зауытындав –А1-БИС-12 (12 т/сағ), А1-БЛС (16 т/сағ)

Элеваторларда астықтағы кездейсоқ түскен дөрекі қалдықтарды ажырату үшін А1-БЗО- скальпираторларқолданылады. Оның өнімділігі 100 т/сағ
Оның маңызды жұмыс бөлігі – горизонталь орналасқан, баяу айналатын цилиндрлі тор, цилиндрлі тордағы тесік мөлщері 25*25мм . Цилиндрлі тордың өтімімен астық сырғымасымен дөрекі қалдықтар. Барлық сепаратор бір-біріне ұқсас А1-БИС-12 сепараторының жұмысын қарастырайық.

Ұсақ қалдық

Сепараторлардың жұмысының техникалық тиімділігі келесі формуламен анықталады: Е= А*В*100/ А


А- сепараторға дейінгі қалдық мөлшері
В- тазалаудан кейінгі қалдық
А1-БИС12 тиімдіділігі 84% , ірі қалдық 100%, ұсақ 86%, жеңіл қалдық 87% алыну керек.
Астық құрамындағы аэродинамикалық қасиеттері бойынша негізгі дәннен ерекшеленетін жеңіл қалдықтар вертикалық ауа ағынында ажыратып алады. Мұндай жеңіл қалдықтарға жататындар: шөккен дәндер, жетілмеген, қабық, қауыздар, жапырақтар өзектері т.б.
Бөлшектердің негізгі аэродинамикалық қасиетін сипаттайтын көрсеткіш -қалықтау жылдамдығы.
Бөлшектердің қалықтап тұру сәйкес жылдамдық қалықтау жылдамдығы деп атайды немесе критикалық жылдамдық деп атайды.
Аэродинамикалық елеудің тиімділігіне келесі факторлар әсер етед:

  1. Ауа ағынығың орташа жылдамдығы

  2. Жүктеме

  3. Тазаланатын астық құрамы (қалдық мөлшері)

Астық қабылдау,сақтау және өңдеу кәсіпорында келесі машиналар қолданылады: А1-БВЗ (10 т/сағ), Р3-БАБ (10,5 т/сағ), Р3-БСД(7 т/сағ)
Р3-БАБ аспираторының жұмыс істеу приципі.Сырттан ауа беріп тұру және ол ауаны аспирация жүйесіне сору режимдерінде жұмыс істейді. Тазаланбаған астық қабылдау камерасына келіп түседі. Содан кейін қабылдау камерасына ауаның кетңп қалуын тежейтін вибро ожаулы қоректендіргішке түседі. Вибрация нәтижесінде жеңіл қалдықтар астық массасының жоғарғы қабатына жинақталады. Сонымен қатар астыңғы бағытта орналасқан жылжымалы қабырғаны көлденең бағытта оны жеңіл қалдықтардан ауамен алып кету үшін сол бағытта етіп орналасады. Тазаланған астық машинадан шығарылады, жеңіл қалдық ауамен сорылып кетеді.
Жұмыс органы: пневмо сұрыптау каналы
А9-УТК-6.Тазаланбаған дән қабылдау қондырғысы арқылы келіп түседі. Содан кейін таратқыш лотоктар арқылы диск арасындағы жұмыс бөліміне жіберіледі. Дисктердің қозғалу нәтижесінде астық массасы тесіктерден лотокқа түседі. Содан кейін шығару патрубы арқылы машинадан шығарылады. Қысқа шөп-шалаң қалдықтар дискінің бетімен жанасқан кезінде ұяшықтарға келіп түседі. Содан кейін инерция және ауырлық күштері арқылы сонымен қатар дисктердің бұрылу бұрышы улкен болғандықтан лотоктар арқылы шнекке беріледі. Осы шнек арқылы шығарылады. Ұяшықтары бар дөңгелек дисктер өнімділігі 6 т/сағ.
Астықтың құрамында тығыздығы бойынша ерекшеленетін қалдықтар кездеседі. Бұл қалдықтарға тас бөлшектері, шыны, руда, кесектер т.б.-оларды минералды қалдықтар деп атайды. Бұл қалдықтарды тас бөлгіш машиналардың көмегімен бөліп алады.
Тас бөлгіш машиналар дірілді (виброционды)гидравликалық дірілді, пневматикалық (вибропневматикалық) болып жіктеледі. Бұның ішінде ең көп қолданылатыны және тиімді жұмыс істейтіні дірілді пневматикалық тас бөлгіші. Бұл машинаның негізгі жұмыс істеу принципі түскен астықты «қайнау» деңгейіне дейін қопсыту. Соның нәтижесінде астықты бірнеше қабатқа бөлу. Астықтың осы қабаттары машинаның жұмыс істеу кезінде әр түрлі бағытта қозғалады.
Астықты тазалау бөлімінде тазартып майдалау бөліміне жіберу кезінде минералды қалдықтардың болуы рұқсат етілмейді. Өйткені дайын өнімнің (ұнның) құрамында азғантай минералды қалдық болғанның өзінде ұнды «қытырлақтық» пайда болады. Ол стандартқа сай емес.
Тас бөлгіш машинаның келесі маркаларын кеңінен қолданады: Р3-БКТ-100 (9 т/сағ), Р3-БКТ-150 (12 т/сағ). Бұл машиналардың минералды қалдықтардан тазарту тиімділігі 98-99%. Тас бөлгіш машиналардың үдерісі келесі жолмен жүреді. Бастапқы дән қабылдағыш құрылғысынан кейін електі бөлгіш бетке түседі. Бұл електер ауамен үрленіп тұрады, соның нәтижесінде астық електі тор декаға түседі. Осы деканың үстінде дән мен минералды қалдықтар ажыратылады. Дека дірілді қозғалыста болып, оның астынан ауамен үрлеу нәтижесінде дән деканың бетінде қайнайды. Соның ішінде деканың бетінде ауыр қалдықтар түседі, деканың дірілінің нәтижесінде олар жоғары қарай қозғалады. Бұл кезде негізгі дән төменгі шығу тесігіне қарай ағады. Ауа ағынының әсерінен жеңіл қалдықтар бөлінеді. Параметрллері:жүктеме, ауа мөлшері, діріл, деканың орналасу бұрышы, елену бағыты. Бұл парамерлердің машина тоқтатқыш жүктеме, ауа мөлшері, деканың көлбеулік бұрышы. Машинаның жұмыс тиімділігін арттыру үшін ауа ағынының шығынын төмендету керек және деканың көлбеу бұрышыназайту керек.
Астық өңдеу кәсіп орындарында дәнді тығыздығы бойынша сұрыптау үшін А1-БЗК тиіпті концентраторлар да қолданылады. Бұл машинаның жұмысында дірілді пневмотикалық тас бөлгіштегідей тәсіл қолданылады. Бұл машинада елеу нәтижесінде төменгі натуралы және төмен сапалы дәндер мен жеңіл қалдықтар ажыратылады. Концентраторлардың келесі екі түрі қолданылады: А1-ДК9-6 т, А1-ВЗК-18-12 т. Концентрторлардың негізгі органы 2 електен тұрып, горизонталь жазықтықта тербелмелі қозғалыста жасайды. Бұл машиналардағы үдеріс келесі жолмен жүреді. Бастапқы дән қабылдау құрылғысы арқылы тесіктері диаметрі 2 мм болатын 1елеке түседі. Елек корпусының қозғалысымен және ауамен үрлену нәтижесінде астық қабаттарға бөлінеді. Ауыр фракция елек бетінде – төмен жағында орналасқан жеңіл фракция жоғарғы жағында. Ауыр фракция жеңіл фракциямен салыстырғанда көлемдік массасымен, 1000 дән массасы жоғары болады. 1 елек өтімімен ұсақ қалдықтар аламыз. Тесіктерінің диаметрі 9мм, 2 електе астық қозғалған кезінде ауыр қалдықтар астында, жеңіл қалдықтар үстінде. 1-ші төменгі қабат ауыр фракция електерде, одан кейін жеңіл фракция. Бұл кездегі ауыр фракция мөлшері 65-75% құрайды. Қайнап жатқан астық ортаңғы қабаттарына тығыздығы төмендеу дәндер орналасады. Бұл қабатта өнген, желінген, кептіру кезінде бүлінген дәндер кездеседі. Бұл фракция мөлшері 30-35% .
Сырғыма өнімдері келесі компаниенттерден тұрады: қара сұлы ,арпа,жабайы өсімдік тұқымдары, желінген, бүлінген, негізгі дәндер т.б. Олар негізгі дәннен тығыздығы бойынша айырмашылықта болады.
Концентраторлардың жұмыс істеу тиімділігі келесі параметрлерге байланысты. Астық елеу бетіне біркелкі таралуы, ауа ағыны мөлшері, електің кинематикалық параметрі. Астықты ұзындығы бойынша –елеу. Астықтың құрамындағы негізгі дәннен ұзындығы бойынша айырмашылықта болатын қалдықтар болады. Олар ұзын және қысқа болып бөлінеді. Қысқа қалдықтарға жататындар қарашық (куколь), сынған дән, дала бұршағы т.б. Ұзын қалдықтарға жататындар: қара сұлы, сұлы, арпа. Бұл қалдықтарды астықтан ажырату үшін триерлер қолданылады. Цилиндрлі және дискілі екі типі болады. Қазіргі кезде кеңінен дискілі триерлер қолданылады. Цилиндрлі триерден өзінше келесі артықшылықтары бар: жоғары тиімділікті және реттеу мүмкіншілігі. Бұл триерлер кемшілігі өнімділігі төмен, габариттік көрсеткіштері улкен.
Дискілі триерлер өнімділігі жоғары, сыртқы өлшемдері кіші. Негізгі дәннен қысқа қалдықтарды ажырату қарашық (куколь ) ажыратқыш А9-УТК-6 (6 т/сағ). Дәнді ұзын қалдықтан ажырату қара сұлы (овсюк) ажыратқыш А9-УТО-9 қолданылады. Жұмыс органы дисклер.
Астық құрамында негізгі дәннен магниттік қасиеттері бойынша ерекшеленетін қалдықтар кездеседі. Олар астыққа жинау, тасымалдау, сақтау, өңдеу кезінде түсуі мүмкін. Оларды ұнға өңдеу алдында міндетті түрде толығымен алып тастау керек, өйткені , ұн стандартқа сай емес өндіріледі, адам ағзасына зиянды. Металл магниттік қалдықтарды астықтан тазалаудың тағы бір мақсаты- машиналардың негізгі жұмыс органдарының істен шығуын, ұшқын шығып пайда болып одан өрт болудың алдын алу. Магниттік қалдықтардан ажрататын машиналар жұмыс істеу принциптері соққылау, сығу,есу, кесу, үйкеліс негізіндегі принципті жұмыс істейтін машиналардың алдына қойылады( білікті станок, обойкалық машиналар, энтолейторлар, ылғау-ақтау машиналары, балғалы ұсақтағыштар т.б.) пневмотранспортқа жіберетән алдында. Бұл қалдықтарды астықтан ажырату үшін магнитті сепараторлар қолданылады.
Ұн зауыттарында тұрақты магниттермен жабдықталған сепараторлар қолданылып, онда астық тікелей магниттік экранмен жанасу кезінде тазартылады. Ондай сепараторларға жататындар:

  1. Дисклі магнитті У1-БМЗ

  2. Жалпақ магнитті У1-БМП

  3. Сақиналы магнитті У1-БММ

Магнитті блоктар бетін аусым сайын тазартып алынған металл қалдықтарды таразыға тартып зертханаға тапсырады (есепке алу үшін). Ұнның құрамында рұқсат етілмейтін металл қалдықтар мөлшері 3мг/кг.


Дәннің бетін құрғақ тазарту және залалсыздандыру.Сепараатордан, тас бөлгіштен, триерлерден өткен дән бетінде көп көлемде шаң-тозаң, микроорганизмдер, балшықтар болады. Олардан тазарту үшін және дән бетіне құрғақ өңдеу жүргізу үшін обойкалық және щеткалы машиналар қолданылады.
Бұл машиналарды астық бетін құрғақ тазарту кезінде аталған қалдықтармен бірге дәннің қабығының, ұрықтығының бір бөлігі ажыратылады.
Обойкалық машина горизонталь және вертикаль болады. Маңызды жұмыс бөлігі болып вичтіротор мен електі цилиндр. Вичтіротор мен електер арасында өңделетін дән түріне қарай саңылау болады. Дәннің бетін құрғақ тазарту келесі жолмен жүреді.Машинаға түскен дән айналып тұрған вичтіротордың центрден тепкіш күш әсерінен електі цилиндрдің бетіне ұрылып, қарқынды үйкеліске ұшырау: дән мен дән, дән мен вичтіротор, дән мен електі цилиндр. Осы үдеріс нәтижесінде дән бетіндегі шаң, құм, микроағзалар, қабық пен ұрықтықтың бір бөлігі дәннен ажыратылады. Абойкалық машинадағы өнім негізгі екі фракциядан тұрады: негізгі дән, ақтау өнімдері. Олар асператорларда ажыратылады.
Ұн зауыттарыда келесі вертикальді обойкалық машиналар қолданылады: Р3-БМО-6, Р3-БМО-12-12 т/сағ . БМО-6 мен БМО-12 айырмашылығы –өнімділігі, БМО-6 өңделген өнім машинадан бірге шығып, БМО-12 –негізгі дәннен ажыратылып шығады. Абойкалық машина жұмыс істеу тиімділігі әсер ететін негізгі фракция вичтіротор айналу жылдамдығы, саңылаумен вичтіротор мен електі саңылау мөлшері, жүктеме дән құрамы.
Вичтіротордің айналу жылдамдығы өңделетін дақыл түріне байланысты. Мысалы: қара бидай -15-18м/с; жұмсақ бидай 13-15 м/с; қатты бидай 10-11м/с .
Дәннің бетін құрғақ тазарту үшін жоғарыдай айтылған машинадан басқа А1-ЗШН ақтау-ажарлау машиналары қолданылады. Оның маңызды жұмыс бөлігі образивті дисклер мен електі тор.
Дәнді майдалауға жіберу алдында оны залалсыздандырады, яғни жасырын залалданған дәнді жою. Бұл үдерісті соққылау әдісімен жұмысістейтін энтолейтоларда жүргізіледі.Олардың маңызды жұмыс бөлігі болып горизанталь орналасқан екі елек және олардың ортасында екі қатарлы орналасқан втулкалар. Дисклер мен втулкалар жиынтығы ротор деп аталады. Ротордың айналу нәтижесінде дән көптеген соққыға ұшырайды. Соның нәтижесінде зиянкестер жойылып, личинкалары бар залалсызданған дәндер жарылып, алынған қоспа аспираторларда ауа ағыны жәрдемімен ажыратылады. Дәнді залалсыздандыру үшін Р3-БЭЗ маркасы қолданылады. Энтолейтор әр түрлі мақсатта қолданылуы мүмкін. Мысалы, Р3-БЭР- олар майдалану бөлімінде білікті станокта аралық өнімдерді қосымша ұсақтау үшін қолданылады; Р3-БЭМ-ұнды қопсытып залалсыздандыру үшін қолданылады.
Дәннің бетін ылғал әдіспен тазарту .Ұн зауытының тазалау бөлімінде дәннің бетін ылғал әдіспен тазартады. Ол үшін келесі екі әдіс қолданылады:

  1. Ж9-БМА машинасы жуу

  2. А1-БМШ ылғал-ақтау машинасында-ылғалдау.

Дәннің беті Ж9-БМА машинасында тиімдірек тазаланады. Өйткені, жуу ваннасында қарқынды жуынады. Дән бетіндегі артық ылғал сығу колонкасында бөлініп алынады. Бұл машинананың негізгі кемшіліктері үлкен сыртқы өлшемдері мен массасы жатады, сонымен бірге су шығыны көлемі көп (1кг дән -2 л су). Сондықтан бұл машиналар қолданысы сирек қолданады. Қазіргі кезде дәннің бетін ылғалдау үшін А1-БМШ машинасы қолданылады. Бұл машинадағы су шығыны алдындағы машинаға қарағанда 10есе төмен. Жалпы алғанда бұл машинадағы үдеріс келесідегідей болып жүреді. Машинаның қабылдау құрылғысына бір мезетте дән мен су беріледі. Дәнді жуу аймағынан кейбір (вичтіротор) көмегімен қалақтар көмегімен жоғары көтеру арқылы дәнді артық ылғал бөлінеді. Сонымен дән қарқынды үйкеліс нәтижесінде дәннің беті тазартылып, дәннің бір қабығы ажыратылады. Бұл машина тиімділігі екі көрсетішпен бағаланады:

  1. Дән күлділігі төмендеуімен ( 0,02-0,05% )

  2. Сынған дән мөлшері (1%)

Гидротермиялық өңдеу және оған қолданылған машиналар.Табиғи жағдайда дән қабығы ылғалдалып эндоспермнен төмен. Мұндай дәннен қарапайым ұн ыңғайлы. Сондықтан қарапайым ұн алу кезіндегі дәнді аса ылғалдамайды, гидротермиялық әдіс жүргізілмейді.
Дәннің мұндай күйі сорты ұн алған кезде тиімсіз. Сортты ұн алу үшін дәннің қабығының ылғалдылығы эндосперм ылғалдылығынан жоғары болу керек. Дәнді осындай жағдайға жеткізу үшін оны ГТӨ-ден өткізеді.
ГТӨ-оның құрылымдық –механикалық қасиеттерін қажетті бағытқа бұру үшін қолданылатын технологиялық операциялар. ГТӨ үдерісі кезінде келесі операциялар қолданылады:

  1. Дәнді жуу кезінде оны ылғалдау

  2. Кезең-кезең арнайы аппаратарда ылғалдау

  3. Ылғал-ақтау кезінде дән ылғалдылығын арттыру

  4. Боктеру –ылғалданған дәнді ылғалды сіңіру және оның бөліктеріне тараалу үшін арнайы бункерде сақтау.

  5. Дәнге жылумен әсер ету ( ыстық ауа, жылы су, бу, ауа баптағыштар)

  6. Ылғалдау машинасында қолданылған суларды сүзу және тазарту

Дәннің ылғалды сіңіру жылдамдығы өңделетін дән ерекшелігіне қарай, ылғалды сіңіру жылдамдығы қатты, жоғары шынылықты дәнде төмен болады. Бұл процесс ұнды дәндерде қарқынды жүреді.
Дән мен судың әрекеттесуін 3 кезеңге бөледі:

  1. Бастапқы кезең- 0,5- 1 сағат (негізінен қабық ылғалданады)

  2. Негізгі кезең- 5-12 сағат (ылғал қабықтан эндоспермге өтеді)

  3. Соңғы кезең -1 тәулік одан да көп (ылғал дәннің барлық анатомиялық бөліктеріне таралады)

Судың температурасы артқан сайын дән мен оның сіңіру жылдамдығы жоғары болады. Сондықтан суық кезеңдерде дәнді +15 0С жылытып, жылы сумен (30-500 С) өңдейді.
ГТӨ-нің маңызды факторы –уақыт- бұл фактор дәнді боктеру кезіндегі уақыт ұзақтығымен анықталады. Боктеру уақыты келесі факторларға байланысты қабылданады: дән шынылығы, бастапқы ылғалдылық, дән типі.
Дәнді өңдеуге қолданылатын су салқын солған сайын ұзақ болады. Боктеру уақыты қарқынды баптау кезінде 2 сағат басталып, салқын баптау кезінде 24 сағат дейін болады. Қарқынды баптау кезінде боктеру уақыты қысқарып, боктеру бункерлері саны азаяды.
Ұн зауыттарында гидротермиялық өңдеудің екі әдісі қолданылады: салқын баптау(холодный консервания ), қарқынды баптау(скоростной консервания).
Салқын баптау.Ұнды тартатын зауыттарда салқын баптау әдісі кеңінен таралған. Бұл кезде дәнді негізгі ылғалдау А1-БМШ ылғал-ақтау машинасында жүргізіліп, дән ылғалды шамамен 2% дейін көтеріледі. Кейбір кездерде дән ылғалдылығының мұнша көтерілуі жетіспейді, сондықтан бұл кезде дәнді А1-БУЗ ылғалдау машиналарымен өңдеу оның ылғалдылығын тағы 1,5% көбейтеді. Ылғалдалынған дән арнайы боктеру бункерлеріне түсіп, белгілі уақыт ішінде ылғал дән анатомиялық бөліктеріне таралады.
Соның нәтижесінде дән қабығы мен эндоспермнің физика-механикалық қасиеттері, әр түрлі жағдайға жеткізіледі.
Құрғақ және жоғары шынылықты дәнді ГТӨ өткізу кезінде екі рет ылғалдап, екі рет боктеру ұсынылады. ГТӨ қайсы бір әдіс қолданылмағына қарамастан дәнді майдалау алдындағы міндетті түрде қосымша 0,5-1% дейінылғалдап 20-30 мин боктереді.
Суық баптаудың режимдерін келесі параметрлер жатады: дән ылғалдылығы мен дәнді боктеру уақыты.
Қарқынды баптау. Жылу дәнді ылғалдау және боктеру кезінде үдерістерді тездетеді және тереңдетеді. Бұл әдіс қолдану кезінде бірінші жүргізілетін операция дәнді арнайы қарқынды баптағыштар (АСК- аппарат скоростной консервания) бумен өңдейді. Бумен дәнді өңдеу кезінде дән қызады және ылғалданады . Соның нәтижесінде қызған дән ылғал-ақтау машиналарында салқындатылады. Одан кейін дән бетіндегі артық артық ылғал ылғал ажыратқыштарда (влагосниматель) бөлініп алынады. Ылғал ажыратқыштардың жұмыс істеу принципі шахталы астық кептіргіштегідей, астық температурасы 500С ауада жүргізіледі. Кейбір кездерде ылғал ажыратқыштарда дәнді артығырақ кептіріп жібереді, мұндай кезде қосымша ылғалдау машиналары қойылады.
Қарқынды баптау кезіндегі дәнді боктеру уақыты 3 сағатқа қысқарады. Бұл әдісті қолдану кезіндегі дәннің қызу температурасы 40-600С аспауы керек. Дәннің қызу температурасы дәндегі сағыздылық сапасына байланысты қыздырады. Дәнді қыздыру кезінде оның сағыздылығы қатаяды. Дәнді 600С дейін қыздыруға рұқсат етілмейді. Сағыздылық сапасы қатты дәндерде 400С шамасында. Дәнді ылғалдау үшін келесі машиналар қолданылады: А1-БШУ-1, А1-БШУ-2.
Қосалқы өнімдегі қалыпты дәнге зақымдану сипаты бойынша шөп-шалаң қалдықтарға жатпайтын бидай мен басқа дәнді дақылдармен бұршақ тектес дақыл дәндері қосалқы өнімдер мен қалдықтар негізгі дәнге тесік өлшемдері 1,7*20 мм болатын елек сырғымасымен алынатын бидайдың бүтін дәндері және тесік өлшемдері 1,4*20 мм болатын елек сырғымасымен алынатын қара бидайдың бүтін дәндері жатады. Бұл фракцияны дәнді және шөп –шалаң қалдықтарға жатқызбайды. Ұн зауытының тазалау бөлімінде алынатын негізгі өнімге жатпайтын өнімдер қосалқы өнімдер және қалдықтар болып бөлінеді. Қосалқы өнім:

  1. Бірінші өңдеу нәтижесінде оның құрамы 50-70% -дан жоғары және 70...85% -дан жоғары азық-түлік (жармалық дәндерді қоса алғанда)

  2. Жемдік

  3. Кебек

  4. Дәнді ұнға өңдеу бөлініп алынады

Қалдықтар: I категория :а) құрамы 30...50% дәнге дәнді қалдықтар
ә) құрамы 10...30% дәнді кебек дәнді қалдықтар
б) ұнды сыпырандылар
в) обойкалық тозаң (ақ тозаң)
II категория: а) құрамы 2..10%-дыкезде дәнді қалдықтар
ә) обойкалық сұр тозаң
III категория: а) құрамы 2% дан аспайтын негізгі дән кездесетін астықты тазартудан қалған (сеператордың қабылдау елегінде сырғымасы төменгі елегінің өтімі)
ә) желдету кезінде бөлінетін шаң және обойкалық қара тозаң.
Қосалқы өнімдер және қалдықтардың негізгі дән мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен жағдайда оларды бақылаудан өткізеді. Қосалқы өнімдер және қалдықтар ЦМБ-3 бураттарында бақылау триерлерінде асператорлпрда сонымен қатар ылғал өңдеу машиналарының қалдықтарын өңдейтін жабдықтар жиынтығында бақылауында өткізеді. Ылғал жуылған суды бақылайтын және жарамды дәнді бөліп алатын А1-БСТ сепаратор шнекті пресс Б6-БПО және шнекті кептіргіш У2-БСО жатады. Қалдықтар кейбірі жек бақылаудан өткізіледі. Оларға:тас бөлгіш, триер қалдықтар сонымен қатар ылғал-ақтау жәнежуу машиналардан кейін қолданылған су жатады.
Дәнді және аралық өнімдерді білікті станоктарда майдалау.Кез-келген қатты денені бөлшектерге бөлуді майдалау дейміз. Майдалауды екіге бөлеміз: қарапайым және таңдамалы.
Қарапайым майдалау кезінде қатты дене ірілігі бойынша біркелкі қоспа алынады (қарапайым ұнтартулар).
Таңдамалы майдалау кезінде құрамы біртекті емес қатты денелерді ұсақтау , қажетті бөлігін ажыратып алынады эндосперм (сортты ұнтартулар).
Ұн өндірісі кезіндегі майдалау үдерісі аралықлық өнімдердің максималды мөлшерін алу мақсатында қолданылады. Бұл кезде алынатын жарма мен жармашықтар жоғары сапада болу керек.
Бидайды сортты ұн тартуларға майдалау кезінде майдалау үдерісі кезеңі: жармалау үдерісі; аралық өнімдерді байыту;байытылған өнімдерді ұнтақтау.
Майдалау үдерісінің тиімділігі келесі екі көрсеткішпен сипатталады: сандық және сапалық.
Сандық көрсеткіші бойынша елеп алу коэффицентімен (извелшение), сапалық өнімділік күлділігімен бағаланады.
Ұн өндірісінде негізінде майдалау жабдығы машина білікті станоктар қолданылады. Қосымша майдалау үшін екшеу машиналары (вымольная ), энтолейторлар, деташорлар қолданылады.
Білікті станоктардың маңызды жұмыс бөлігі бір- біріне қарама-қарсы әр түрлі жылдамдықта айналатын шойыннан жасалған цилиндр біліктер. Олардың диаметрі 250мм болып, ұзындығы 600-1000 мм болады. Сонымен қатар диаметрі 185 және 300 мм ұзындықтары 400-1250-1500 мм. Ұсақтау кезінде майдалау үдерісі келесі факторлар әсер етеді:

  1. Дәннің құрылымдық –механикалық технологиялық қасиеті (шынылық, ылғалдылық).

  2. Жұп болып істейтін біліктердің геометриялық және книматикалық параметрлері

  3. Машинаға түсетін жүктеме

Майдалау үдерісінің тиімділігі ең көп әсер ететін көрсеткіші- дәннің шынылығы мен ылғалдылығы.
Жұп болып істейтін біліктің книматикалық параметрлері: тез айналатын біліктің жылдамдығы, баяу айналатын біліктің жылдамдығы, екеуінің қатынасы дифференцал.
Геометриялық параметрлері: екі біліктің арасының саңылау мөлшері(в), біліктер жұмысының беттері(тісті, жылтыр), білік шеңбері бойынша 1 см келетін тістер саны (r) , тістер көлбеулігі (У%).
Жұп болып істейтін біліктер өзара орналасуы, диаметрі (d), ұзындығы (l).
Тез айналатын білік – жармалық жүйелері 4-6 м/с, басқа жүйелер 5-6 м/с, тез айналатын білік пен баяу айналатын білік қатынас К -2,5(тісті біліктерде); К= 1,25 жылтыр бетті біліктерде.
Екі білік арасындағы саңылау мөлшері в= 0,03-1,5 мм.
Тістер профилі өткір бұрышы α= 20-35%, жайпақ ᵦ=60-70%, α+ᵝ= өткірлік бұрыш білік бетіндегі тістердің кесілу тығыздығы R= 3-12 тістердің көлбеулігі -4-10% біліктер бетіндегі тістердің өзара орналасуы келесі жағдайда: өткір- өткір, жайпақ-жайпақ,өткір-жайпақ, жайпақ-өткір.
Білікті станокқа түсетін жүктемені бір тәулікте майдалау линиясының 1 см келіп түсетін өнім мөлшерімен бағалайды. Орташа меншікті жүктеме 50-340 кг/см*тәу; Бұл кезде макарондық ұн тартуларда жүктеменің төменгі мәндерге ие болса жүктемені ең көп мөлшері қарапайым ұн тартуларда болады. Ұн өндірісінде негізгі майдалауға білікті станоктар қолданылса, аралық өнімді қосымша майдалау үшін А1-БВГ-екшеу машиналар, R3-БЭР-энтолейтор, А1-БДГ-деташорлар қолданылады. А1-БВГ-ның жұмыс органы –вичтіротор; , R3-БЭР- екі горизанталь тұратын втулкадан; А1-БДГ –вичтіротор.
Білікті станоктың келесі маркалары қолданылады: ЗМ-БВ2, А1-БЗН 4 білікті станоктар , қазіргі кезде 8 білікті станоктарда көп қолданыс табуда. Жарма I,II,III рим сандарымен, ұнтақтау 1,2,3 араб цифрларымен белгіленеді.
Дәнді майдалау нәтижесінде алынған аралық өнімдер.Аралық өнімдер: өлшемдері,пішіндері, тығыздығы, аэродинамикалық қасиеті, ылғалдылығы, ерекше бөлшектерден тұрады.
Бұл өнімдерді ірілігі бойынша сұрыптау елеуіштерде (рассивтерде ) қойылған електер арқылы жүргізіледі.
Електер – бетінде әр түрлі өлшемдегі және пішіндегі тесіктері бар жазық бетті айтады. Електер келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  1. 2 Жіптер арасындағы қашықтық қадаммен

  2. Тесіктің жарықтық ені

  3. Жіп диаметрі

  4. Тірі қима коэффицент(тесіктің барлық ауданының қосындысы, електің жалпы ауданының қатынасы).

Електер металл, сым-темір, жібек жіп, капрон, полиметаллмен жасалады.
Сонымен қатар әрбір елек нөмері беріледі. Сым-темір елек нөмері тесіктердің жақтарының өлшемдері 4,25*20 .
Капрон және полиметалл елек нөмері 1см келетін тесіктер саны.
Майдаланған өнімді сұрыптау тиімділігі бір-бірімен тығыз байланыста екі көрсеткішпен сипатталады:

  1. Елеу алу коэффиценті (измельчение)Ее.к=QӨ/Qж( нақты бөлініп алынған мөлшері/жалпы өтім мөлшері)

+

  1. Коэффиценті (недосевать) елемей қалу коэффиценті Ее.қ= Qc.ө/Qж( сырғыма өтім мөлшері/жалпы өтім мөлшері)

=1
Елеу алу коэффиценті бастапқы қоспадан өтімдік өнімдердің бөліп алу толықтығын білдіреді.
Елемей қалу –сырғыма өнімдегі өтімдік өнімдердің мөлшерімен бағаланады. Сонда екі коэффицент қосындысы 1-ге тең.
Ұн зауыттарында аралық өнімдердің ірілігі бойынша сұрыптау үшін елеуіштер (рассев) келесі маркалары қолданылады: ЗРШ-4М және Р3-БРВ-4 секциялы, ЗРШ-6М - Р3-БРБ-6 секциялы.
Елеуіштердің негізгі жұмысорганы айналмалы қозғалыста болатын електі канал . Електердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы електі тазалаушы құрылғыны қолданады: пластинада, бетіндегі шарикті тәрізді болуы мүмкін.
Елеуіштер ЗРШ-4М , ЗРШ-6М елеуіштері 4 технологиялық сұлбасы болады; ал Р3-БРВ-20жуық, Р3-БРБ-2 жуық технология сұлбасы бар.
Р3-БРБ-ұнтақтау елеуіші болып, Р3-БРВ-көбінесе өнімді негізінде қоланылады. Технология сұлба-өнімдері електер рамасында қозғалыс тәртібін елеуіш технология сұлбасы деп атайды. Тесіктердің өлшемі бірдей електерді бір топқа біріктіреді. Електер әр бір тобын өнімдер паралель, тізбек, паралелль –тізбекті қозғалыс болады.
Електің әрбір тобы екі фракциямен алынады: сырғыма мен өтім.
ЗРШ типті елеуіш 16 рама болады, Р3-БРБ , БРВ -22 електі рама болады.
Елеуіштердің елеу беттері: ЗРШ-4М жалпы елеу беті-17м2, ЗРШ-6М-25,5 м2, Р3-БРБ-28,2 м2, Р3-БРВ-18,8 м2.
Дәнді майдалаудың соңғы кезеңдерінде рассевтермен қатар центрофугалар қолданылады. Р3-БЦА- центрафугалы қиын сусымалы аралық өнімдерден ұнды елеп алу үшін қолданылады. Оның маңызды жұмыс бөлігі капроннан жасалған қозғалмайтын електі цилиндр ішіне орналасқан вичтіротор.
Аралық өнімдерді сапасы бойынша сұрыптау (байыту)
Майдаланған аралық өнімдер бөлшектері бір-бірінен ірілігі бойынша ғана емес сапасы бойынша ерекшелікте болады.
Өнім сапасы оның құрамындағы эндоспермнің мөлшеріне тікелей байланысты. Эндосперм мөлшері көбейген сайын оның сапасы жоғарлайды. Өнім құрамында қабық мөлшері артқан сайын оның күлділігі арта түседі. Демек, күлділік артқан сайын қабық мөлшері көбейе түседі.
Дәннің аралық өнімдер майдаланған өнімдер сапасы бойынша сұрыптау-байыту деп аталады. Ұн зауытында байыту үрдісі желді елек (ситовичный ) машиналарда жүргізіледі. Бұл машинаның маңызды жұмыс бөлігі електер болып , олар қайтымды қозғалыста болады(ілгермелі).
Бұл үдеріс електі елеу үдерістерімен бірге ауа ағынын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Бұл кезде сұрыпталатын бөлшектер өлшемі, пішіні, тығыздығы, аэродинамикалық қассиеттері есепке алынады.
Байыту нәтижесінде сапасы бойынша ерекшеленетін құрамындағы эндосперм мен қабық мөлшеріне қарай үш фракция алынады:

  1. Таза эндосперм бөлшектері-ұсақтау

  2. Құрамында қабық мөлшері жоғары фракция білікті стоноктарда –майдалау

  3. Аралық фракция-қырғылау жүйелері

Ұн зауыттарында аралық өнімдері байыту үшін желделек (ситовика) машиналары екі типте қолданылады:

  1. Екі қабатты (ярусты) ЗМС типті мөлшерлер

  2. Үш қабатты (ярусты) А1-БСО желіделек машиналар. Бұл машиналар жұмыс істеу принципі бірдей олардың бір-бірінен ерекшелігі конструкциясы мен технологиялық сұлбасы бойынша ерекшеленеді.

А1-БСО желдіелек машинаның технологиялық сұлбасы ЗМС машиналарынан келесі ерекшелікте болады: егерде ЗМС машиналарындағы өнім жоғары және төменгі қабаттары паралелль қозғалатын болса, А1-БСО машинасында үш қабатында өнімдер тізбекті түрде қозғалады. Әр бір төменгі елекке жоғарғы елек өтімі түсіп тұрады.
ЗМС типтегі машиналар (желделек)
Бұл машиналар 2 немесе 4 секциялы болады. Әрбір секциясы бөлек-бөлек әр түрлі өнімдерде немесе төртеуді де бір өнімде жасауы мүмкін. Електі кузовта көлбеу екі қабат електер орналасқан. Төменгі електің астынан берілетін ауа ағыны екі електен де өтеді. Машинаның жоғарғы қабатында електі кузов ұзындығы бойынша 6 елек , төменгісінде 5 елек.
ЗМС

























Бұл желдіелек машиналар капронды, полиэтилен електер қолданылады . Бұл електе инерционды щетка қолданылады. Желдіелек машинаны есептеу кезінде, оның қабатының елегі 1см түсетін жүктемені өніммен мөлшерлеу ескеріледі: көп сортты ұн тарту наубайханалық ұн тартуды 400-500 кг/см, макарондық 100-120 кг/см.
А1-БСО типті желіделек
Бұл машина паралелль жұмыс істейтін 2 секциядан тұрады. Әрбір секциясы 3 қабаттан құрамын онда 4 електі рама жайласқан әрбір секция үстінде желдету камералары орнатылған . Олар бірдей 16 бөліктен тұрады.
Аралық өнімді байыту нәтижесінде әрбір желдіелек жүйесінен сапасы мен ірілігі бойынша әр түрлі 5-6 түрлі өнім алынады. Бұл өнімдер 3сырғыма 4 өтімнен құралады.
Желді елек машиналарының жұмыс істеу тиімділігі келесі көрсеткішпен анықталады:

  1. Байытылған өнім шығымы (өтім)

  2. Күлділіктің төмендеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет