14. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум
Нан-тоқаш өнімдерінің кеуектілігін анықтау үшін сынама алғыштың көлемін тексеру Сынама алғышты (сурет 1.5) тексерудің мақсаты сынақтың көлемі
27см
3
шамасына сəйкес келмегенде, кеуектікті есептеу үшін кестені қайта
есептеп, оның нақты көлемін анықтау. Сынама алғыштың мұндай көлемі
базистік ретінде орнатылған (цилиндрдің ішкі диаметрі 3см лоток
қабырғасынан ойыққа дейінгі қашықтық 3,8см). Сынама алғыштың көлемін
анықтау үшін цилиндрлік бөліктің ішкі диаметрі мен ағаш негіздің тік
қабырғасынан пышаққа дейінгі арақашықтық өлшенеді.
Сынама алғыштың көлемі (1.2) формула бойынша есептеледі [3].
(1.11)
Мұндағы:
– сынама алғыштың көлемі, см
3
;
– сынама алғыштың цилиндрлік бөлігінің ішкі диаметрі, см;
– сынама алғыштың ағаш негізінің тік қабырғасынан пышаққа
дейінгі қашықтық, см.
Сурет 1.5. Нан кеуектілігін анықтауға
арналған Журавлев сынама алғышы
Сынама алғыш көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру нəтижелері
белгіленген тəртіппен ресімделіп, арнайы журналда тіркеледі. Сынама
алғыштың көлемін тексеру нəтижелерін 1.15 кестеге жазады [3].
Кесте 1.15.
Сынама алғыштың көлемін тексеру нəтижелері
Тексер
у күні
Сынама
алғышты
ң нақты
көлемі
27см
3
көлемін
е
ауытқу
Нанның
кеуектілігі
есептелген
ойықтардың
жалпы көлемі
Тексеру
жүргізшінің
қолы
Зертхана
меңгерушісін
ің қолы
Қара
бидай
Бидай
1.5. Өндірістің технологиялық режимдерін сақтауға бақылау жүргізу Технологиялық жоспар жоспарланған мерзімге белгіленген мөлшерде
өндірістің нан өнімдерінің түрі жəне саны бойынша технологиялық үдерісті
дұрыс ұйымдастыру үшін қамтамасыз ету. Кəсіпорын жəне өндірістік
желілер үшін жалпы жоспарды құрылады.
Технологиялық жоспар келесі негізгі көрсеткіштерді қамтиды:
бұйымдардың сұрпы жəне оған таратылатын МемСТ нөмірі;
бұйымның берілген немесе орнатылған салмағы;
нан дайындау тəсілі;
рецептура;
технологиялық үдеріс режимі;
жартылай дайындалған өнімнің негізгі сапалық көрсеткіштері;
негізгі сандық көрсеткіштері;
дайын өнімнің жоспарланған шығымы.
Технологиялық жоспарды есептеудің негізгі элементтері шикізат
шығыны жəне қажетті жабдықтардың саны [2].