Правила технической эксплуатации жилищного фонда



жүктеу 4.45 Mb.
бет7/28
Дата09.06.2016
өлшемі4.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

9.3 Шатырдағы үй

9.3.1 Шатырдағы үйде келесі талаптарды сақтап отыру тиіс :

- қоршаушы конструкциялардың беттеріне конденсаттың түсуіне тосқауыл жасайтын температуралық – ылғалдылық режимді;

- шатырдағы үйде салынған инженерлік жүйелердің құбырлары техникалық ақаусыз жағдайда болуы тиіс;

- канализациялық тік құбырдың сорып алатын құбырлары төбе жабындысынан жоғарырақ шығарылған болуы тиіс;

- төбе жабындысына шығуға арналған люктер немесе кіретін есіктер күшейтілген және болат конструкциялардан жасалынған, жылытылған және құлыпқа жабылған болуы тиіс,

- шатырдағы үйде қозғалтқыш тақтайлар және үйдің төбесіне, шатырға шығуға арналған қосалқы сатылар бар болуы тиіс.

Шатырдағы үйдің салқын шатыры жапқыш торлармен жабдықталған үй шатырындағы терезелермен, торлы терезе жапқыштармен, сорып алатын шахталармен немесе желдету саңылауларымен жүзеге асырылатын желдетумен жабдықталған болуы тиіс.

Шатырдағы үйдің салқын шатырының ауа температурасы сыртқы ауа температурасынан 4°С жоғары болмауы тиіс; температуралар айырмасы 4°С жоғары болса, артық жылудың көздерін және желдетудің ақаулық жағдайын жоюға байланысты шаралар қолдану тиіс.

9.3.2 Шатырдағы үйде рұқсат етілмейді:

- құрылыс конструкциялардың және инженерлік жүйелердің беттеріне конденсат түсуі және қызылсу мұздардың, сүңгілердің пайда болуы;

- құрылыс конструкцияларында ағаш элементтердің шіріп кетуі (шатырдағы үйдің температуралық-ылғалдылық режимінің бұзылу белгілері)

9.3.3 Тыйым салынады:

- шатыр бөлмелерін белгіленген тағайындаудан тыс қолдануға (материалдардың қоймасы, киімдерді кептіруге, шеберхана құрылғылары үшін.);

- бөтен кісілер кіруге.
9.4 Үй жанындағы аумақ

9.4.1 Ғимарат маңайындағы аумақтар аббаттандырылған, көгалдандырылған, егілген көк шөптерді суғару үшін инженерлік - техникалық құрылғылармен жабдықталған, өткел және тротуарлар, электржарығы болуы тиіс. Өткелдер және жаяу жүргіншілер үшін қатты төсемдерді қарастырған жөн.

9.4.2 Ғимарат маңындағы аумақты күтіп ұстау жұмыстарына кіреді:

- көріктендіру элементтерінің техникалық ақаусыз жағдайын сақтау (жаяу жүргіншілердің, өткелдердің, демалыс орындарының, ойын және шаруашылық алаңдардың және аз сәулет түрлерінің), көгалдандырудың ( гүлзарлардың, клумбалардың, бұталардың және ағаштарды отырғызу және апаттан көшіру), ашық су бұрғыштардың, нөсерлі канализацияның жалпы қалалық коллекторға қосу орнына дейін және қоса салынған – жапсарластыра салынған қоғамдық әжетханалардың;

- қалдықтарды (қоқыс, жуынды) жою және тазалау жұмыстарының кесте бойынша орындалуын бақылайтын ұйымдармен келісім-шарт бойынша тасып шығару;

- аумақты күнделікті санитарлық жинау және тазалау, аумақтың санитарлық жағдайына жүйелі бақылау;

- қызмет көрсетілетін аумақтарда күл-қоқыс салатын жәшіктерді, қатты, сұйық қалдықтарды жинауға рналған қоқыс жәшікін орнату;

- қоқыс жинайтын алаңды су өткізбейтін жабынмен жабдықтау.

9.4.3 Үй жанындағы аумақтың қысқы жинау жұмыстары жаяу жүргіншілер мен транспортқа бөгет жасамауы тиіс және мыналар кіреді:

- қарды лақтыру және ысыру;

- ғимарат шатырларын тазарту;

- қарды және қарлы-мұздан пайда болғандарды тасып шығару;

- тротуарларды және өткелдерді көк тайғаққа қарсы өңдеу.

Үй жанындағы аумақтың жазғы жинау жұмыстарына мыналар кіреді:

- қоқысты жинау;

- шаң-тозаңды басу және ауаның дымқылдануын азайту үшін аумаққа су себу;

9.4.4 Механикаландырылған жинау және көшелерді, тротуарларды, аулаларды тазалау жұмыстары жергілікті атқарушы және басқаратын органдармен климаттық шарттарға байланысты жылдың мезгілдерін және жаяу жүргіншілердің қозғалыс қарқындылығын есепке ала отырып, белгіленген сағаттарда жүргізілуі тиіс.

9.4.5 Тыйым салынады:

- көшеттерді және ағаштарды, оның ішінде қурап қалған және ауру ағаштарды рұқсатсыз шауып тастауға немесе қайта отырғызуға;

- ағаштарды ғимараттан 6-8м-ден жақынырақ отырғызуды жүзеге асыру;

- аумақ сыртында, осы мақсаттар үшін жарамсыз ыдыстарды, құрылыс материалдарын, отындарды және т.б. салу;

- қоқысжинағыштардан, гүлзарлардан, скверлерде, балалардың ойын алаңынан, жаяу жүргіншілер жүретін жерлерде және басқада осы мақсаттарға ұйымдастырылмаған орындарда, аула маңындағы аумақтарда автокөлікті 10 м радиуста қоюға;

- аула маңындағы аумақтарда сонымен қатар өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, қоқыс тасып шығаратын, қар жинайтын арнайы көлік өтуіне кедергі болатын орындарда автокөлікті ұзақ мерзімге қалдыруға;

- аулаларда, көшелерде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда автокөлік жууын жүзеге асыруға;

- арнайы бөліп берілген алаңдарды қоспағанда, қора маңындағы аумақтарда, балалардың ойын алаңдарында, гүлзарларда, көк шөп егілген аймақтарда, саябақтарда, скверлерде иттерді серуенге шығаруға;

- қала аумақтарында ағаш жапырағын, қоқысты және қалдықтардың барлық түрін өртеуге;


10 Ғимаратты техникалық пайдалану, жөндеу және қайта құру
10.1 Тұрғын қорды күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қайта құруды ұйымдастырудың жалпы талаптары
10.1.1 Ақпараттық талаптар

10.1.1.1 Тұрғын және коммуналды қызмет тұтынушыларын хабарландыру бойынша талаптар - көпқабатты үйлердегі жалға алушылар, меншік иелер (келесі - тұтынушылар) - ашық принципте базаланады, яғни «мөлдірлік», хабарға толық және жетерлік түрде.

10.1.1.2 Тұрғын қордың мемлекеттік меншік иегері, оған тәуелді заңгер (келесі - меншік иегерге тәуелді), басқару ұйымы (компания) тұтынушыға келесі хабарламаны жеткізуге міндетті2:

- әр қызмет түрлері бойынша орындаушы тізімін - осы тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымның басқарушысын (компании) және ұйымды; су-, жылу- және энергиямен жабдықтау ұймдардың мекен-жайы мен телефон нөмірлерін;

- тұрғын тұрмыстың апат-жөндеу, коммуналды апат-диспетчерлік қызметтерінің және арнайы ұйымдардың телефондары мен мекен-жайларын;

10.1.1.3 Орындаушы (жұмыс өндіруші) – осы тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйым, жөндеу ұйымы – ол тұтынушыға келесі хабарларды жеткізуі міндетті:

- барлық бөлімшелердің, қызметтердің толық атауын, жұмыс тәртібін, олардың мекен-жайы мен телефон нөмірлерін;

- орындаушымен қамтылатын пайдалану шығындары бойынша ай сайынғы орныққан тұрғын және коммуналды қызметтердің тізімін;

- тұтынушы тапсырысы бойынша атқарылатын қосымша жұмыстар мен қызметтердің орындалу жағдайы мен шарттарын;

- тұрғын пайдалану және коммуналды қызмет стандарттары орнатқан әртүрлі апаттар мен бұзылған жұмыстардың орындалу мерзімін;

- осы тұрғын қорды күнтізбелік жылда және жыл мезгілдерінде ағымда жөндеу жұмыстарын жоспарлауын (үйге кіре-беріс жерлерде хабарлама ретінде жазылып қойылады);

- әртүрлі тұрғын және коммуналды қызметтердің орындалуы мен мерзімін, олардың жоспар бойынша ұзақтығын (мезгіл бойынша үйді дайындау), сонымен қосалқы пайда болатын: орталық жылыту жүйесін сөндіру, суық және ыстық сумен қамтуды тоқтату; алаңды тазарту күндерін (хабарландырулар үйдің кіре-беріс жерлерінде ілінеді немесе абоненттік пошта жәшіктеріне хат ретінде жіберіледі);

- тұрғындарға арналған тұрғын және коммуналды қызмет түріне байланысты орныққан тарифтер өлшемдері, төлеу тәртібі және формасы (үлгісі), тұтынушымен келісім міндеттері немесе нормативті стандарттардың бұзылуы кезінде төлем өлшемдерінің шарттарын түзеу;

- тұтынушы өзінің міндеттеріне қарсы болған (орындамаған) тәртіп;

- жалпы қорға техникалық қызмет көрсету үшін апаттар мен бұзылудың алдын-алу мақсатында тұрғын бөлмеге құқылы тұтынушылардың тізімі (құжаты) қажет.

- тәртіп, шарты және бұзу (орындамау) бойынша берілген шағымның формасы;

- апаттарды және бұзылған ақауларды жоюға және жалпы мүлікті (электрлік -, жылу -, газ -, сумен жабдықтау жүйелерінің және су әкету) және тұрғын үйдің конструктивтік элементтерінің техникалық қызмет көрсетуін және байқау үшін тұтынушылардың рұқсатымен тұрғын бөлмеге кіруге рұқсаты бар лауазымды кісілердің тізімі (лауазымды кісінің растайтын жеке құжатымен);

10.1.1.4 Тұтынушыларға ТҮБ меншігі, басқарушы және атқарушы ұйымдардың берген хабарламаларының толықтығы мен жетімділігін бақылау.


10.1.2 Келісім талаптары

10.1.2.1 Көпқабатты тұрғын үй тұтынушыларына тұрғын және коммуналды қызмет көрсету процессі келесі келісімдер негізінде іске асырылады:

- мемлекеттік немесе жеке тұрғын қор меншік иесі және басқарушы ұйым (компанияның) тұрғын үй жалпы мүлігімен қолдану, тұрғын және коммуналдық қызметтердің көрсетілуіне байланысты келісім-шартқа отыруы;

- басқарушы ұйым (компанияның), тұрғын, коммуналдық және арнайы ұйымдар тұрғын және коммуналдық қызмет көрсету заттары бойынша келісімі;

- көпқабатты тұрғын үйдің бөлмелерін жалдаушылар және аймақтық басқару органы түріндегі жалға беруші (толық иегер) — жалдау тәртібін, қызметін және коммуналды қызмет көрсету талаптарын көрсететін тұрғын бөлмені жалдау туралы;

- көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлер иегерлері мен басқарушы ұйымның арасындағы тұрғын үйді техникалық және коммуналдық қызмет көрсетуі туралы.

10.1.2.2 Тұрғын қордың мемлекеттік немесе муниципалды иегері (уәкіл етілген меншік иесі) келісілген келісім негізіне сәйкес тұрғын қор басқармасын басқарма ұйымдарына беруге құқылы.

Келісілген келісімге сәйкес басқарушы ұйым да тұтынушылар көз-қарасын қамтып, тұрғын қорды қажетті коммуналды рессурстармен және арнайы ұйымдарды жалдау арқылы барлық тұрғын және коммуналды қызмет көрсетуді іске асыра алады.

Тұрғын қордың иегері (уәкіл етілген меншік иесі) тұрғын қорды жөндеуге арналған міндетті жұмыстарды қаржылайды және басқару жұмыстарының орындалғаның қамтиды, сонымен бірге тұтынушылар қаржылайтын қосымша туындаған жұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді.

10.1.2.3 Басқарушы ұйым (компания) жергілікті орындаушы ұйымдармен келісілген келісім негізіне сәйкес олардың жаңадан тағайындалған өмір сүру жағдайы стандарттарымен нормативтерін, коммуналды және тұрғын үйдің қызметтерін бақылайды; тұтынушылар алдында орындаушылар қызметінің сапасы мен уақытына, нормативтер мен стандарттардың өзгеруіне жауап береді; ТКБ тәртібін тұтынушыға жеткізеді; тұтынушылардың тұрғын бөлмелерді қолдану ережелерін сақтағаның қадағалайды; тұтынушылардың уақытымен төлем ақыларын төлеуін қамтиды; берілген қызмет сапасына байланысты төлемақыларды төмендетуді, орныққан жергілікті органдардың стандарттарына сәйкес орындаушылардың қызмет көрсету бағасын жоғарылатпауын қадағалайды.

10.1.2.4 Тұрғын қордың меншік иегері ретіндегі жалға беруші (уәкіл етілген меншік иесі) көпқабатты пәтерлі үйдің пәтерін жалдаушымен жазбаша түрде әлеуметтік келісім шарт жасауға міндетті, ол мынадай мазмұнда болуы тиіс:

- жалға берушінің міндеті жалдаушыға тұрғын бөлмені иелік еткені және қолданғаны үшін ақы алу; алынған ақыға сәйкес коммуналдық қызметтің көрсетілуін қамту; айлық төлемдер есептемелеріне және келісімге сәйкес күтіп ұстау, жөндеу және қайта құрылымдау бойынша атқарылатын міндетті жұмыстарды орындау;

- жалдаушының бөлмені пайдалану құқығы, міндеті және жауапкершілігі;

- төлем жағдайы, оның өлшемі және орындаушы міндеттерінің бұзылуына сәйкес өзгерістердің тәртібі;

- тұрғын және коммуналды қызметтердің орнықты сапасынан ауытқуы, дұрыс орындалмауын тіркеу тәртібі;

- жалдаушыға тұрғын және коммуналды қызмет көрсетуді тоқтату жағдайлары мен тәртібі;

- пайда болған апаттарды жою мерзімі;

- жалдаушының жанұясының және бірге тұратан адамдардың тізімі;

- жалға беруші мен жалдаушының тұрғын үйді жалдау заңын бұзу алдындағы жауапкершілігі.

Әлеуметтік жалға беру келісіміне тұрғын бөлменің төлқұжаты, тұрғын бөлмені беру-қабылдау актісі қоса қыстырылуы керек.

10.1.2.5 Заңды немесе жеке түрдегі жалға беруші, пәтер-үйлік қорды меншік құқығындағы немесе оларға уәкіл етілген басқарушы ұйымның (компанияның) әлеуметтік жалдау келісім-шартын жалдаушымен жасауға тиісті 10.1.2.4 п. келтірілген шарттарға сәйкес болуы тиіс.

Заңды немесе жеке түрдегі жалға беруші жалдаушымен әлеуметтік келісімге отыруы тиіс, келісім жағдайы 10.1.2.4. п. келтірілген жағдайға сәйкес болуы керек.

10.1.2.6 Тұрғын қорды жөндеу және қалпына келтіру жамыстарын атқаратын басқарушы ұйым (компания), көпқабатты тұрғын үй иелерімен тұрғын үйге техникалық және коммуналдық қызмет көрсету бойынша жазбаша түрде келісімге отыруы керек, ол мынадай мазмұнды қамтиды:

- 10.1.2.4 п. көрсетілген жағдайлар, жалдау жағдайынан басқа;

- ай сайынға төлемге сәйкес орындалатын тұрғын үйді жөндеу және ұстау жұмыстары бойынша атқарылатын міндетті жұмыстардың тізімі;

- тұрғын бөлменің техникалық жағдайын тексеретін акт.

10.1.2.7 10.1.2.4-10.1.2.6 п. айтылған барлық келісімдерде қызмет көрсету сапасы, жергілікті басқару органы бекіткен, ТКБ нормалары мен стандарттары анықтаған тарифтер мен бағаларға сәйкес тағайындалған қызмет көрсету ақысының өлшемінің көтерілмеуіне кепілдік болуы керек.

10.1.2.8 Тұтынушымен екіжақты келісімге қол қойылған күннен бастап тұрғын және коммуналды қызметтерді тұтынуға келісім берілді деп саналады.

10.1.2.9 Тұтынушы мен орындаушы арасындағы келісім орындалмаған жағдайда, олардың құқықтары мен міндеттері қолданыстағы заңға сәйкес белгіленеді.
10.1.3 Технологиялық талаптар

10.1.3.1 Тұрғын қорды жөндеу және ұстау бойынша жұмыстардың әрбір түріне жұмыстардың типтік технологиялық орындалуын қолдану керек (жоқ болған жағдайда — жаңадан өнделеді).

10.1.3.2 Жұмыстардың орындалу технологиясы келесі жұмыстарды қамтиды:

- операциялар құрамы;

- операциялардың орындалу тізбегі;

- қолданылатын материалдар, аспаптар, жабдықтар, тіректер, механизмдер.

10.1.3.3 Жұмыстардың орындалу технологиясы жұмыстардың нәтижелі және тиімді орындалу әдістерін қолдануды көздейді, ол келесілерге негізделген:

- ғимараттың қызмет көрсету мерзімі кемінде 15-20 жыл болатын, ал материал сапасы – конструкция элементтері жөнделетін немесе инженерлік жүйесінен төмен емес қазіргі заманғы және экологиялық таза материалдар;

- пайдаланылған үй жағдайына сәйкес қолмен жұмыс істеуді азайтатын көліктер, механизмдер, электрленген аспаптар.

10.1.3.4 Алаңды механикаландырған жағдайда жинау бойынша жұмыстардың технологиясын көліктік-технологиялық карта түрінде рәсімдеген жөн.

10.1.3.5 Тұрғын қорды жөндеу және ұстау жұмыстарының белгіленген жағдайына типтік технологиялық құжатты түйістірсек, жұмыстардың құрамын мен көлемін, қолданылатын материалдары мен механизм құралдарын, еңбек шығынының калькуляциясын, жұмыстардың орындалу графигін нақтылау қажет болады.

10.1.3.6 Тұрғын қорды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарының арнайы коммуналды ұйымдар жүргізетін технологиялық құжаты басқарушы ұйым немесе тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдармен келісілуі тиіс.


10.1.4 Тұрғын қорды маусымдық пайдалануға дайындау бойынша талаптар

10.1.4.1 Тұрғын қорды маусымдық пайдалануға дайындық жылу маусымында тұрғын үйде тұруға ыңғайлы нормативті талаптарды, инженерлік құрылғылардың (үйдің ішкі жылу көздері) беріктігі бойынша шараларды қамтиды.

10.1.4.2 Тұрғын қорды және оның инженерлік құрылғыларын жылу маусымында пайдалануға дайындаудың жоспар-кестесі өткен жылғы жылыту мерзімінде көрсетілген кемшіліктер және көктемгі бақылау нәтижелерінің негізінде меншік иесімен (уәкіл етілген меншік иесі) немесе тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдармен құрастырылады.

Маусымдық пайдалану бойынша дайындық жұмыстарын бақылау жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік тұрғын үй инспекциясының аймақтық органдары, тұрғын үй қорының меншікті иелеріне (уәкіл етілген меншік иелеріне) жүктеледі.

10.1.4.3 Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйым жылу маусымы алдында көппәтерлі түрғын үйлерде тұрғын үйді жалға алушылар мен меншік иелері арасында үйді жылу маусымына дайындау бойынша (есік және терезе ойыстарын бітеу, жылыту, сынған шыныларды ауыстыру және т.б.) жиналыс өткізуге тиісті.
10.1.5 Ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға қойылған талаптар

10.1.5.1 Тұрғын ғимараттың түріне, негізгі конструкциялардың материалдарына, олардың физикалық тозуы және жергілікті табиғи - климат жағдайына байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарын екі-бес жыл аралықтарында өткізуге болады:

- ірі панельді, ірі блокты толық жиналған, кірпішті қабырғалар, табиғи тасты және т.б. темір бетонды жабындыларды пайдалану жағдайы 3-5 жыл;

- кірпіштен жасалған қабырғалармен, табиғи тастпен және т.б. ағаш жабулармен; пайдалану жағдайы 2-3 жыл басқа материалдардан жасалған ағаш қабырғалар;

10.1.5.2 Тұрғын қордың меншік иесі (уәкіл етілген меншік иесінің), басқарушы ұйым (компания) ағымдағы жөндае жұмыстарына қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалары өңдейді, олардың құрамы мен толықтығы тұрғын үй элементтерін пайдалану және тұрғын қор иегерінің қаражат мүмкіншілігіне байланысты нормативті ұзақтығын анықтайды. Бағдарламалар күрделі жөндеу бағдарламаларымен түйісті болуы керек.

Бағдарламаларды дайындау барысында жақын орналасқан тұрғын үйлерді жөндеуді қарастыру керек.

10.1.5.3 Тұрғын үй қорын ағымдағы жөндеуге кететін орташа шығыны

Тұрғын үй қорын ағымдағы жөндеудегі орташа шығыны түрғын үйді қалпына келтіру бағасынан жылдық есеппен алғанда 0,4 - 0,55 % аралығында жоспарлануы тиіс (техникалық қызмет көрсетудің және тұрғын үй қорын ағымдағы жөндеуде 0,8:1 - 0,9:1), орта шығынның тұрғын үй қорын жөндеу ағымдағы жылға аласы да емес кісі тұратын үйлердің қалпына келтіргіш құн шектерінде тиісті жоспарлану ( техникалық қызмет етумен жұмыстардың кешен құрастырушы бөлімдерінің арақатынасы есепке ала және пәтер-үйлік қор ағымдағы жөндеуіне қалай 0,8:1-0,9:1).

10.1.5.4 Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде ғимаратты жылу-, су-, энергиясымен қамтуды тоқтатпау керек.

10.1.5.5 Алдағы бес жылда жоспарланған ғимаратты қайта қалпына келтіру, жерден алып тастау жөндеу жұмыстары кезінде негізгі конструкциялардың және инженерлік жүйелердің жұмыс жағдайын сақтап тұру қиын болғанда, тұрғылықты жағдайды қамтитын техникалық және экологиялық қауіпсіздік жұмыстарымен шектелуге болады.

10.1.5.6 Тұрғын қордың ағымдағы жөндеу қажеттілігін анықтайтын негізі тұрғын үйлердің жалпы техникалық байқауының көлемі болып саналады.

10.1.5.7 Әрбір ғимараттың көктемгі техникалық байқауы актісіне қатысты жөндеу жұмыстарының тізімі жасалады. Жөндеу жұмыстарының тізіміне:

- келесі жылдағы ағымдағы жөндеу жұмыстарына қалған, техникалық байқаулар барысында анықталған ақаулар;

- Мемлекеттік тұрғын инспекциясы, басқа да мемлекеттік байқау органдары, сонымен бірге жалдаушылар мен меншік иелері тапсырыстары бойынша атқарылатын жұмыстар.

Келесі жылдың 2-ші және 3-ші кварталдарында жоспарланған жөндеу жұмыстарының тізіміне ғимаратты маусымдық пайдалануға дайындау жұмыстары да қосылады.

Көктемгі байқаулар нәтижелері бойынша осы жылдың екінші және үшінші кварталында жөнделетін ғимараттардың жұмыс көлемдері нақтылануы керек.

Белгіленген тәртіппен құрастырылған және келісілген жөндеу жұмыстарының тұрғын үй қорына жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігерлік ұйымның күшімен немесе шаруашылық әдіспен жұмыстарды бағалайтын тізімдері келісім шарттың сметасын жасаудың негізі болып табылады.

10.1.5.8 Күзгі байқаулар нәтижесі бойынша бұрын құрастырылған жөндеу жұмыстарының тізімі мен сметалық есептеулері нақтыланады.

10.1.5.9 Тұрғын үйдің конструктивті элементтері мен сыртқы сәулеттендіру элементтері пайдалану көрсеткіштеріне сәкес жөнделуі немесе ауыстырылуы тиіс. Тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде ауыстырылатын элменттерінің меншікті салмағы мына деңгейден аспауы керек, тұрғын ғимараттың жалпы көлемінен:

- шатыр жабындылары - 50 %;

- еден жабындылары - 20 %;

- басқа конструкциялар мен инженерлік құрылғылар - 15 %

Ғимараттың элементтері мен сыртқы сәулет элементтерін қызмет ету уақыты біткенен кейін толығымен ауыстыруға болады.

10.1.5.10 Егер ғимараттың барлық элементтерінің пайдалану көрсеткіштері, олардың көлемдерінің жоғарлауы немесе қаражат қоры жетіспеушілік себептеріне байланысты жобалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін болса, тұрудың экологиялық және техникалық жағдайының негізі ретінде конструкциялардың және инженерлік жүйелердің жұмыс қабілеттілігін жаңғырту міндетті болады.

10.1.5.11 Меншік иесі (уәкіл етілген меншік иесі); басқарушы ұйым (компания) ағымдағы жөндеу жұмыстардың орындалу сапасын бақылауға міндетті, сонымен қатар олар мемлекеттік тұрғын тексеру жергілікті орган өкілдерін осы жұмыстарға тарту керек.

10.1.5.12 Ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанан кейін тұрғын үйді қабылдау комиссиясы тағайындалады, олар: тұрғын қор меншік иесі (уәкіл етілген меншік иесі); басқарушы ұйымдар немесе тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдар; мердігерлік ұйымдар және мемлекеттік тұрғын-үйді тексеру аймақтық органдары. Қажет болған жағдайда тәуелсіз мамандар немесе эксперттер тартылады.

10.1.5.13 Егер тұрғын үйде (үйлердің тобы) немесе шағынауданда қоғамдық өзін-өзі басқару органы өкілі болса, оны үйдің ағымдағы жөндеу жұмыстарын қабылдау комиссия құрамын енгізуге болады (үйлердің топтары).

10.1.5.14 Орындалған жұмыстарды қабылдау жұмыстардың түрлері мен көлемдерін нақтылап жазылған қабылдау актісі арқылы жүзеге асыру керек.

10.1.5.15 Ауа-райының қолайсыз жағдайында орындалмаған жұмыстардың кейбір түрлері (шатыр жөндеу, жапсарлардың герметизациясы, сыртқы сәулеттендіру, қасбет жөндеу) сапалы орындауға қолайлы мезгілге ауыстырылады.
10.1.6 Тұтынушылар тапсырыстары және қаржысы бойынша қосымша жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар

10.1.6.1 Көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын меншік иелері мен жалдаушылардың жеке тапсырыстарын қаңағаттандыру тұтынушыға берілген қосымша жұмыстардың тапсырыстары бойынша қамтылуы тиіс.

Тұтынушылар қосымша жұмыстардың түрі мен құрамын, олардың сипаттамасы мен ерекшеліктерін (ұсынылатын тізім Е қосымшасында көрсетілген) өздері анықтайды.

Мұндай жұмыстар мен қызмет түрлерінің орындалуы тұтынушы мен орындаушы міндеттері мен жауапкершілігіне, келісімнің түріне, жағдайы мен орындалу уақытына, есептеу тәртібіне көрсетілген келісім бойынша рәсімделеді.

Орындалған жұмыстарды қабылдау, жұмыс көлемдері мен сапасын нақтылау тұтынушы қол қойған актімен рәсімделеді.

Тапсырылған бөлек жұмыстар (технологиялық қиын емес) орындалған кезде басқа түрде, түбіртек, есеп шот және т.б. болып рәсімделеді.

10.1.6.2 Орындаушының қызметі жұмыстардың өндірісіне, стандарттар мен технологиялық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуы керек.

10.1.6.3 Көппәтерлі үйлердегі тұрғын және тұрғын емес бөлмелерді қайта жобалау және қайта жабдықтау бойынша тұтынушылардың тапсырыстарын орындау келесі жағдайларды қамтиды:

- тұрғын қордың меншік иесі (уәкіл еткен меншік иесі), басқару ұйымы жағынан – тұтынушыларға қажетті рұқсат және жұмыс құжаттарын рәсімдеу, сонымен бірге орындалған жұмыстарды бақылау;

- тұтынушылар жағынан – жұмыстардың жағдайын, тәртібін және дайындалуын орындау, сонымен бірге санитарлы нормалар мен келісім жағдайларын сақтау.

10.1.6.4 Көппәтерлі тұрғын бөлмелерді қайта жоспарлау, қайта жабдықтау (кейін – пәтерлерді қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) тұрғын жағдай деңгейін жоғарылату, жаңғырту және ыңғайлы ету мақсатында жүргізіледі.

Пәтерлерді қайта жабдықтау келесі жұмыстарды қамтиды:

- тұрмыс электр плиталарын газ плиталарына немесе қатты отын плиталарына ауыстыру;

- электр жүйелерін, жылыту, сантехникалық және газ құралдарын ауыстыру;

- дәретхана мен жуынатын бөлмелер құрылғыларын жаңарту;

- жаңа желдету каналдарын орнату;

- құбырларды жаңасына ауыстыру.

Пәтерлерді қайта жоспарлау келесі жұмыстарды қамтиды:

- арақабырғаларды бұзу және орнын ауыстыру;

- есік ойыстарын орнату және орнын ауыстыру;

- көп бөлмелі пәтерлерді біріктіру;

- қосалқы бөлмелер арқылы тұрғын бөлме ауданың үлкейту;

- аз бөлмелі пәтерлерді қосу;

- қосымша ас үйлері мен сан тораптарын орнату немесе алып тастау;

- қараңғы ас үйлерді алып тастау;

- тамбурларды өзгерту немесе жаңасын орнату.

10.1.6.5 Тұрғын емес бөлмелерді қайта жоспарлау, не қайта жабдықтау тұтынушы сапасын жоғарылату мақсатында келесі жолмен жүреді:

- табиғи жарықтандыруды жоғарылату;

- бөлмеден сан торапқа аудан бөлу;

- желдеткіш және т.б. орнату.

10.1.6.6 Тұрғын үйлердің тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау мақсатында сұрақтарымен қалалық жергілікті басқару органдары айналысады (кейін – жергілікті басқару органдары).

10.1.6.7 Тұрғын үй қорын жоспарлы түрде жаңарту және тұрғын үй қорын қайта құрылымдауды жүзеге асыру барысында көппәтерлі үйлерін қайта жоспарлау және қайта жабдықтау күрделі жөндеуге және қайта құрылымдауға тағайындалған қаржы есебінен жүргізіледі.

10.1.6.8 Тұрғын үйлердің тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау мақсатында жасалған күрделі жөндеу жұмыстары көппәтерлі үйдің иесімен келісілген тапсырушының меншікті қаржысы арқылы іске асады.

10.1.6.9 Тұрғын үйлердің тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жұмыстары тек жергілікті басқару органдары келісімі негізінде жасалады.

10.1.6.10 Тұрғын үйлердің тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жобалары нормативті және құқылы актілерді сақтау арқылы өнделуі тиіс.

10.1.6.11 Көппәтерлі үйлерде орналасқан, тарихи, ғылыми, әдеби немесе басқа да мәдени құңдылыққа ие тұрғын үйлердің тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жобалары мемлекеттік сәулет, тарих және мәдениетті қорғау, бақылау органдары келісімі негізінде жүргізіледі.

10.1.6.12 Пәтерлер мен тұрғын емес бөлмелерді қайта жабдықтау және қайта жоспарлаудың келесі жағдайларына тиым салынады:

- тұрғын үй конструкцияларының көтергіштік қабілеттілігін немесе беріктігін бұзатын, қасбеттің сыртқы көрінісін бұзатын және оның тұрғын үйге қойылатын өртке қарсы талаптарға сай келмейтін;

- үй немесе пәтер тұрғындарының тұру жағдайын нашарлататын;

- пәтерлерді заңсыз тұрғыдан тұрғын емес бөлмелер ретінде қолдануға.

10.1.6.13 Тұрғын үйлердің пәтерлері және тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру ҚР Үкіметі бекіткен заңға және тұрғын бөлмелерді қолдану ережелеріне, тұрғын үй мен оның айналасын күту талаптарына сәйкес орындалуы керек..

10.1.6.14 Тұрғын үйлердің пәтерлері және тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлауды, жұмыстардың дұрыс орындалуы мен қолданылатын материалдардың сапасын бақылау жергілікті басқару органы мен Мемлекеттік тұрғын инспекциясы органымен іске асады.

10.1.6.15 Тұрғын үйлердің пәтерлері және тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлаудың орындалған жұмыстарын қабылдау жергілікті басқару органы уәкіліне тапсырылады.

Көппәтерлі үйлерді орналасқан, тарихи, ғылыми, әдеби немесе басқа да мәдени құңдылыққа ие тұрғын үйлердің пәтерлері және тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлаудың орындалған жұмыстарын қабылдау мемлекеттік сәулет, тарих және мәдениетті қорғау, бақылау органдары келісімі негізінде жүргізіледі.

10.1.6.16 Тұрғын үйлердің пәтерлері және тұрғын емес бөлмелерінде қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жұмыстары кезінде алынған сандық және сапалық сипаттамаларын өзгерту орнатылған тәртіп бойынша мемлекеттік мекемелерінде тіркелуі керек.

10.1.6.17 Өз еркімен пәтерлерді мен тұрғын емес бөлмелерді қайта жабдықтаған жеке немесе заңды құқығы бар адам, үй иесі немесе уәкіл еткен өкіл талабымен пәтерді орнына келтіруге міндетті.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдар атқарады, бірақ заңды тәртіпке сай айыпкер барлық шығынды өзіне алады.

10.1.6.18 Тұрғын үйдің апаттық жағдайы, оның бөліктері, жеке конструкцияларының немесе үйдің жалпы мүлкінің инженерлік жабдықтар элементтерінің бұзылуы, тұтынушы кесірінен болса, жобалық құжаттарға сай тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдармен жөнделеді, бірақ заңды тәртіпке сай тұтынушы барлық шығынды өзіне алады.

10.1.6.19 Айыпкер 10.1.6.14 - 10.1.6.18 п. жағдайларына сәйкес, тұрғылықты нормативті заңдылығы және әкімшілік құқық бұзушылық заңдылығына сәйкес жауапқа тартылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет