86.Қабылдаудың заңдылықтарын атап көрсет.
Қабылдау заңдылықтары — әрбір адамның қабылдау кезінде жекелеген ерекшелігін айтады. Адам заттар мен құбылыстарды өз мағынада қабылдайды немесе қатар жібереді. Қабылдаудың заңдылықтары: қабылдаудың тұтастығы константтылығы немесе тұрақтылығы деп аталады. Таңдамалығы, структуралығы, иллюзиялығы, галлюцинация.
87.Қабылдаудағы байқағыштық пен бақылампаздықтың алатын орны.
Байқағыштық дегеніміз – кез – келген уақытта көзге ілінбейтін, ерекшеліктерді елей білу. Мысалы: бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың ұсақ түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.
Бақылампаздық — адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады.
88.Қабылдаудағы айырмашылықтарға нелер жатады?
Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Кейбір адамдар қабылдау кезінде зат пен оның жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады да, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән- мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндаушы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады.
89. Ес дегенiмiз не?
Ес- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері ойында ұзақ сақталуын, ұмытуын айтамыз. Түрлері:
Қозғалыс, образдық, сөз-логикалық, эмоциялық.
Ес жайында қандай теорияларды бiлесiң?
Естің химиялық теориясын есте сақтаудың физиологиялық негізгі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты
91. Тұлғаның психикалық белсендiлiк сипатына қарай қандай ес түрлерiн ажыратуға болады?
Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді ес болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |