92.Iс-әрекеттiң мақсатына қарай анықталатын естiң түрлерi.
Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді.
93.Уақытқа байланысты анықталатын естiң түрлерi қандай?
Қысқа мерзімді есте есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады.
Ұзақ мерзімді ес. осы мезетте болған оқиға мен атам заманда болған тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
Эйдетикалық ес дегенiмiз не?
Эйдетикалық бейнелер ересек адамдарға қарағанда (мың адамнан бір адамда, кейбір деректерде бір млн. адамнан бір адамда) балаларда (жүз баланың бесеуі) жиі кездеседі. Эйдетикалық ес — адамның көру есінің түрі, көрген бейнелерді қиналмай, нақты әрі қатесіз еске түсу қабілетімен байланысты.
Мнемоника деп ненi айтады?
Мнемоника - есептеу функциясын анықтау немесе көрсету үшін қолданылатын термин, таңба немесе атау.
Ес процестерiн ата?
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Жаңғырту - бұрын қабылдаған заттармен қайта құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді жаңғырту деп айтамыз. Мұндағы негізгі процесс - елес. Елес - бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу.
Есте сақтау Есте сақтау - бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс.
Ұмыту - бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі.
Достарыңызбен бөлісу: |