Ойлау формаларына не кiредi?
Ойлау формалары мен құрылымдарында бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.
Ой процесiндегi ойлау тәсiлдерiнiң ролi және олардың түрлерi?
Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру.Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой.Ой процестеріне ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес, зейін, түйсік, қабылдау, эмоция, сезімдер, ерік, темперамент, мінез, қабілет, тұлға, қарым – қатынас, іс –әрекет т.б. психологиялық үрдістер жатады.
Мәселенi шешуге қатысты ойлаудың сипаты қандай?
Мәселені шешу нақты бір салаға бағытталса, сыни ойлау жалпы деңгейде орын алады және бірнеше саланы қатар қамтиды. Сыни ойлаудың тамыры сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәстүрден бастау алады. Ол кезде білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдаланған.
Ойлаудың қандай түрлерi бар?
Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау.
Практикалық ойлау — нақты заттармаен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі.
Нақтылы-бейнелі ойлау — елестер мен психика ӛрнектерін арқау еткен ойлау түрлері.
Теориялық ойлау — абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.
Ойлаудың даралық ерекшелiктерi қандай?
Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл- ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |