Флуранс Пьер (1794-1867) француз дәрігері. 1840 ж Француз ғылым Академиясының мүшесі. 1856 ж. бастап Петербург ғылым Академиясының шетелдік корреспондент-мүшесі. Ол өз зерттеулерін құстарға жүргізген. Бас миының үлкен жарты шарларының әрекеті қоршаған орта мен ырықты қозғалыстардың негізінде жатқандығын анықтады. П.Флуранс тірі организмдегі материя өзгерісі үздіксіз жүреді деп ойлады.
П.Флуранс эксперименталдық тәжірибиеде бөліп алып тастау(экстирпация) әдісін қолдады. Осы әдіс арқылы ол бас миының жоғалтылған функцияларының орнын толтыру қабілетін зерттеу. 1822 ж эксперименталдық зерттеудің нәтижесін П,Флуранспен созылған мида (продолговатый мозг) демалу орталығы( жизненный узель) анықталды.
Брока Поль (1824-1880) француз дәрігері, антрополог, анатом. 1850жылы Б.Поль өз зерттеулерін париждік зиратта қаңқа қалдықтарын зерттеуден бастайды. 1859 жылы ол Парижде антропологиялық қоғамды ұйымсдастырады. 1876 жылы Поль Брока Жоғарға антропологиялық мектептің ашылуының инициаторы болады. Ол аффазия зерттеулерінің алғашқы бастауларында тұрды. Өз зерттеулерін сөйлеу қасиетінен айырылғандарға жүргізе отырып ол, бүліну ошағын сол жарты шардың үшінші маңдай қыртысы екенін анықтады. Ол сөйлеудің моторлық орталығы болып табылатын ми бөлігі сөздердің дұрыс ретін үйлесуін қамтамасыз ететін сол бөлік «Поле Брока» деп аталды.
Фехнер Густав (1801-1887) неміс физиологы, философы, психофизиканың негізін салушы. Ол панпсихизмнің болашақ өкілі ретінде әлем жанданған және рухани субстанцияның арты жағы деп санады. Г. Фехнер психологиялық және физиологиялық әлемнің арақатынасы негізінде жаңа ғылым, психофизиканың инициаторы болды. Психофизика манифестісі болып 1860 ж жарық көрген Г Фехнердің «Элементы психофизики» атты еңбегі болды. Бұл кітаптың жарық көруіне Фехнердің әлсіз өзгерістер әдісін қолдана отырып жүргізген 10 жылдық эксперименталдық жұмысы бастау болды. Соның негізінде ол психофизиканың негізгі заңын ашты. Ол заң түйсіктердің интенсивтілігі тітіркену күші логарифміне тура пропорционалдығы туралы заң. Ақырында ол Вебер-Фехнер заңы аталды. Бұл психофизикалық заң әмбебаптылығымен ерекшеленбеді. Себебі тек есту және көру түйсіктерін зерттеуге қолданылатын болатын. Соған қарамастан психологиялық дамуының жаңа денгейіне көтерілгендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |