4-тақырып. XVII ғ. Жаңа дәуір психологиясы.
Декарт Рене (1596-1650), француз философы. Ол Иезуитстік мектебінде білім алған. Біраз уақыт әскерде болуынан кейін және бірнеше жылғы сапарларынан 1629 жылы Нидерландыға қоныс аударады. Осы жерде ол өзінің жиырма жылын ғылыми зерттеулермен айналысуға өткізеді. Р. Декарттың аса атақты шығармаларының бірі «Рассудение о методе ...» (1637) ж, «Размышление о первой философии ...» (1644). 1649жылы шведттік Кристина патшайымның шақырылуы бойынша, ол Стокгольмге қоныс аударып, кейін осы жерде қайтыс болады.
Рене Декарттың ойынша адам ағзасы бір жүйке машинасындай жұмыс атқарады деген яғни механикалық жүйе секілді. Осылайша сыртқы импульстер жүйке талшықтарының ұштарына әсер етіп, ал олар жүйке түтікшелерінің ішінде болғандықтан осы кезде олардың талшықтары созылғанда клапандарды ашады, ал клапандар ми мен жүйкені қосады олар арқылы мидан бұлшық еттерге «Жануарлар жандары» барады.
Р. Декарт бойынша адам өздігінен жансыз бір тәнмен жанның механизмі бар деген сол жансыз байланыста ол ерікпен және ойлау қабілетті басқарады. Тән мен жанның өзара әрекеті ісік тәрізді гипофиз арқылы болады. Адамның бойындағы жанының негізгі екі қасиеті бар ол ерікпен ойлау қабілеті деген. Декарт бойынша адам бойында құмарлық болады оның негізгі іс-әрекеті ол адам жаның өзінің армандаған затты немесе басқадай жағдайдағы арманына өзінің тәнің соған дайындауы. Декарт бойынша жанмен тән әр түрлі ережелерге бағынады және олар өзіндік субстанция бола тұра бір-бірдеріне әсер етеді. Тәннің жұмыс принципі ол – рефлекс принципі, ал жанның жұмыстағы принципі ол – рефлексия принципі деп бөлген болатын. Қалай тәнмен жан адамның бойында толығымен болады дегенде Декарт осыған арнайы өзінің шешімін ұсынған «психофизикалық өзара әрекет» атты еңбегінде яғни мұнда тән жанға байланысты емес одан бағынбайды, ал жан тәнге бағынбайды деген. Декарт өзінің тезисі бойынша жануарларда ешқандай жан жоқ өйткені олардың ойлау қабілеттері жоқ деп санағандықтан оларды жансыз автоматтар ретінде қарастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |