Герман Эбингауз (1850-1909), неміс психологы. Галле және Берлин университеттерінде тарихи- филологиялық және философиялық білім алған. Галле, Берлин, Бреслау университеттерінде сабақ беоген. 1890 жылы Г.Эбингауз алғашқы неміс психологиялық журналын – «Журнал психологии физиологии органов чувств» құрған. Эбингауз өзінің есті эусперименталды зерттеу арқылы өте танымал болды, зерттеуді объективті әдістер көмегімен жүзеге асырылған.
Эбингауздың экспериментінің жаңашылдығы бұрын соңды пайдаланбаған стимулдардың жаңа (мағынасыз буындар) түрін пайдалануға негізделді. Әр буын екі дауыссыздан және бір дауыстыдан тұрады.(М-лы,ках,роп және т.б)
Псевдотілдік стимулдарды қолдану Эбингаузға зерттеу процедурасын өнімділігін едәуір жоғоралатты, өйткені бір ыңғай стимулдар барлық зерттелінушілерді жеңіл теңдестіреді және оның саны бірнеше эксперимент жүргізуге жеткілікті.
Эбингауз «ұмыту қисығын» енгізді. Ол 40-60 % материал жаттағаннан кейін алғашқы минутта ұмытылады,одан азырақ жаттағаннан кейін жақын уақытта ұмытылады, ал одан азырағы эксперимент өткен күннен кейін жақын арада ұмытылады.
Эбингауз «шекара эффектісін» ұсынды,мұнда еске сақтау стимулды қатарда басында және аяғында орналасқан элементтер стимулдық қатардың ортасында орналасқан элементтеріне қарағанда жылдам еске сақталады.
Освальд Кюльпе (1862-1915) неміс психологы, Вюрцбург психологиялық мектептің негізін салушы. Берлин,Геттинген және Лейпциг университеттерінде білім алған. В.Вундтын көмекшісі қызметін атқарды.1886 жылы Кюльпе Вюрцбург университетінде эксперименталды лаборатория құрады,онда ол Вундтың ойлау эксперименталды зертеуге қол жеткізерлік емес деген позициясына қарсы шығып,ойлауды зерттей бастайды.
О.Кюльпе ретросептивті интроспекция әдісін жасаған,оның мәні: зерттелінуші нақты бір тапсырманы шеше отырып ,өзінің шешімі туралы ретроспективті есеп берген (яғни, тәжірибе аяқталғаннан кейін)
О.Кюльпе психикалық өмірде сенсорлы материалмен қатар түйсік болып табылмайтың және ақыл ой актілерімен байланысты емес элементтерде маңызды рол атқарады.
О.Кюльпе ғылыми ұжымда шығармашылық атмосферасын құра алады, өзінің қасына жас, талантты оның көзқарастарын бөлісетін ғалымдарды жинады: Н.Ах, К.Бюллер, Л.Майер, К.Марбе, Л.Мессер, И.Орт, Г.Уатт.
К.Бюллер аяқталмаған сөйлемдерді пайдалана отырып, ойлау процесі сөйлеуден бос деп көрсетті немесе бір ой әр түрлі сөздердің көмегімен шығуы мүмкін, ал әр түрлі ойлар бір сөз жиынтығымен сипатталуы мүмкін.
Вюрцвург мектебі 1909 жылға дейін өзінің өмір сүруін жалғастырды және О.Кюльпенің және оның шәкіртінің әрекеттерінің арқасында, ойлаудың эксперименталды психологиясын ары қарай дамуы үшін құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |