«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


Француз ағартушыларының психологиялық көзқарастары



бет15/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
5 тезис тарих

Француз ағартушыларының психологиялық көзқарастары
XVII ғасырда Францияда ағартушылар қозғалысы психологиялық идеялардың дамуына елеулі әсер етудің факторы болды. Психика және сана мәселерін жетілдірген, француздық ағартушылардың ең танымал өкілдері: Ж.Ламетри, Ж.Ж. Руссо, Д.Дидро, Э.Кондильяк, К.Гельвеций, П.Кабанис болған.
Ламетри Жюльен (1709-1751), француздық философ, дәрігер. Құдай танушылық ғылымды, физиканы және медицинаны оқыған. Жюльен Ламетри ауыр безгектік (лихорадочное) жағдайды бастан кешіп, өзіндік бақылау тәжірибесіне сүйене отырып, денелік жағдай адамның рухани іс-әрекетіне үлкен әсер ететінін қорытындылап шығарды. Жюльен Ламетри 1747 ж Голландияда «Человек машина» атты кітабын жарыққа шығарды, оның жарыққа шығуы діни ұйымдар тарппынан қарсылық дауын туғызды. Бұл кітапта ол адамның ағзасы рақымсыз машина ретінде көрсетілгені туралы ойын айтқан. Жюльен Ламетри адам ағзасы сағаттық механизмге ұқсас күрделі механизм (машина) ретінде көрсетілген деп есептген.
Жюльен Ламетри адамның басқа жануарлардан ерекшелігі қажеттілігін ақылмен көп мөлшерде қамтамасыз етеді деп есептеді. Ламетри бойынша, таным сезінуден басталады және елестету және зейіннің көмегімен бейнелерді құрастыруға әкеп соғады.
Жюльен Ламетри, қоғамның дамуы ағартушылықтың жетістігімен, сондай-ақ үздік адамдардың іс-әрекетімен анықталады деп тұжырымдаған.
Руссо Жан Жак (1712-1778), үздік философ, жазушы, бала тәрбиелеудегі толық жүйе құрастырушы. 1741 жылға дейін Швейцарияда тұрды, басқа ағартушы-энциклопедисттермен бірігіп жұмыс істеуді Парижде бастады.
1762 жылы Жан Жак Руссо «Эмиль, или О воспитании» педогогикалық романын жарыққа шығарды, діни ұйымдар тарппынан жағынан наразылық туғызды. Жан Жак Руссоның пікірі бойынша, өркениет адамға негативтi ықпалын тигізеді, сондықтан ол роман беттерiнде тап қоғамның ықпалынан ойдағы тәрбиеленушi Эмильдің қабiлеттiлiктерін дамыту үшiн және оны қорғап қалуға тырысады, өйткенi тұлғаның гармониялық дамуы үшiн табиғатқа еру керек.
Жан Жак Руссо баланы дұрыс тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін педагогқа баланың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алуы керек және оның жеке тұлғалық мүддесіне қысым көрсетілуіне жол бермеу.
Жан Жак Руссо 4 кезеңді қосатын бiрiншi жас ерекшелігіне байланысты периодизацияға өңдеушi ретінде психологиялық ғылым тарихтан орын алды:
1-ші кезең –туғаннан 2жас –бұл кезде баланың физикалық дамыту керек. Бұл кезде балаларда сөйлеу әлі дамымағандықтан, зерделі (умственном) тәрбие болмайды.
2-ші кезеңде –2 жастан 12 жас –баланың сенсорикасын дамыту керек, өйткенi түйсік баланың болашақта дамуының негiзi ойлау болып табылады. Сондықтан Жан Жак Руссо жүйелiк ерте оқыту орынды болып табылмайды.
3-ші кезең –12-ден 15 жас –баланы интенсивтілікке уйрету керек, қашан сол ұсынылған бiлiмді теңбе-тең қылып бойына сіңіріп, қабылдағанша. Бірак, моралдiк даму балаларда кешiрек болатындықтан, үйренудегi екпiн табиғи және дәл ғылымдарға аса мән берілуі керек.
4-ші кезең –15-тен кәмілет жас аралығында –бұл кезең «бурь и страстей», кезең, балаларда сезім сферасы қалыптасуы журетін кез. Осы кезеңдегі педагогтың негізгі міндеті –мейірімді болуды балалардың бойында қалыптастыру және сонымен қатар еріктік әрекет қабілеттілігін талдауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет