6-тақырып. Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы.
ХІХ ғасырдың 70 жылдарында эксперименталды психологияның пайда болуына біршама білім жинақталды. Бұл психологияның жеке ғылым болып қалыптасуына әсерін тигізді. Эксперименталды психологияның пайда болуы дәстүрлі түрде В.Вундттың еңбектерімен байланысты.
В.Вундт (1832-1920) неміс ғалымы, эксперименталды психологияның негізін салушы. Тюбинген университетінде медицина факультетін бітірген.
1863 жылы В.Вундт «Лекции о душе человека и животных» атты кітабын шығарған, онда эксперименталды психологияны құру идеясы қозғалады, ал кейін 1879 жылы Вундт Лейпциг қаласында әлемдегі бірінші психологиялық лабораторияны құрды.
1881 жылы бұл психологиялық лаборатория Эксперименталды психология институты болып өзгереді, онда психологиялық білім алуға мүмкіндік береді. Осы эксперименталды психология институтында мынадай атақты ғалымдар: С.Холл, Х.Мюнстерберг, Э.Титченер, О.Кюльппе, В.М.Бехтерев, Н.Н.Ланге және т.б білім алып,тәжірибе жинаған.
Вундттың ойынша, психология - сананың тікелей тәжірибесі туралы ғылым болып табылады. Вундт қарастырған және оларды міндетті түрде психологияның шешуі қажет тапсырмалар:
біріншіден, анализ көмегімен қайтымды элементтерді көрсету;
екіншіден, қайтымды элементтер арасындағы байланыс мәнін құру;
үшіншіден, бұл байланыс негізінде жатқан заңдарды көрсету.
Вундттың ойынша, сана құрылымында өте маңызды ролді ерік атқарады, ол ғылыми қоғамда беделді эксперименталды жұмыс нәтижелері алды және оның қызыметтерінің, қабылдауды зерттеуге арналған, сонымен қатар түсті қабылдау эффекті, бинокулярлы және монокулярлы көру, көзбен көру арқылы бейімделу мен түсті контраст мәнін айқындау, түйсіктің ұзақтығы және т.б зерттелді.
Вундттың волюнтаристік көзқарасы мен интроспекция әдісін белсенді түрде қолдануы, психологтар тұрғысынан көп сынға ұшырауын көрсетті. Бұндай сыни ескертулерден соң Вундт экспериментті қойып, мәдени – тарихи феномендерді зерттеумен айналысты, 1900-1920 жылдары 10 томдық « Психология народов» еңбегінде жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |