«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері



бет19/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
5 тезис тарих

Ф.Гальтон (1822-1911), ағылшын психологы және антропологы. Кэмбридж университетінде медициналық білім алған.
1869 жылы Ч.Дарвиннің ойларының ықпалымен дрындылықтың тұқым құалау мәселесін зерттей отырып « тұқым қуалаған генй» деген кітап басып шығарады.
Ф.Гальтонның ойынша, психологиялық ерекшеліктер ата-аналардан балаларға беріліп отырады және тек Ч.Дарвиннің тұқымқуалаушылық туралы білімнің призмасынан көрінеді.
Ф.Гальтонның пікірінше, тәрбие мен әлеуметтік орта – адам болуға аз ықпал етеді, психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуында тұқым қуалаушылық ролін абсолюттайды.
Ф.Гальтон евгеника атты өзінің әлеуметтік жобаны құрушы болды, бұл жоба барысында ол мақсатқа бағытталған ұйымдастырылған жолмен дарынды ер адамдар мен әйел адамдарды некеге отырғызды, яғни солардың ұрпақтарының ақыл- ой қабілеттерін жақсарту мақсатында.
1884 жылы Лондон қаласындағы халықаралық көрмеде Гальтон арнайы антрометрикалық лаборатория ұйымдастырды, бұл лабораторияда 9 мыңнан артық адам болды. Мұнда адамдардың бойлары, салмақтары, сезімталдықтың кейбір түрлері, реакция уақытын т.б өлшеді.
Дарындылықтың дәрежесін бағалау үшін Гальтон тест әдісін жасап, (ағлш. test – зерттеу) оның көмегімен ақыл- ой қабілеттерін өлшеді. Ф.Гальтон белсенді түрде практикаға математикалық статистика әдісін қолдануды енгізе бастады.
Бине Альфред (1857-1911) француз психологы, тестологияның негізін салушылардың бірі. Париж заң лицейінде білім алып, кейін неврология және патопсихологиямен айналысқан. Өзінің кәсіби жұмысын Бине 1882 жылы Ж.М.Шарконың басшылығымен Сальпетриер ауруханасында, гипноз мәселесін бастаған. 1894 жылы Бине Сорбоннд қаласындағы психологиялық лабораторияда басшылық етті.
1899 жылы А.Биненің қолдауымен эксперименталды педагогика лабораториясы ашылды, онда ерекше қабілетке ие адамдардың ойлауына зерттеулер жүргізілді.
1904 жылы Бине оқуында қиындықтары бар балалармен жұмыс кезінде коммиссия жетекшісі болды. Балалардың жағдайының корректі бағалау үшін Бине Теодор Симонмен бірлесе отырып, интеллектің бірінші шкаласын құрастырды, кейіннен ол « Бине- Симон тесті» деп аталынды. Биненің ойынша, индивидуалды, интеллектуалды ерекшеліктерінің себебі жоғары психикалық процесстердің іске асырылуында жасырынады.
Интеллектің алғашқы шкаласы он шақты тапсырмадан тұрады, олар Қиындығына байланысты өсу ретімен орналасады. Әр тапсырма үшін зерттелінушіге жақсы, орташа және жаман жауаптардың нұсқалары берілген. Нәтижесінде интеллект шкаласы бірнеше рет қайталанып, диагностикалық құрал ретінде кең тарады.
Холл Стенли (1844-1924), американ психолгы, педология негізін салушылардың бірі. Рухани білім алған соң, Холл В.Вундттан білім алады. С.Холл АҚШ-қа оралғаннан кейін мұғалім болып қызымет атқарады. 1883 жылы Дж.Хобкинс университетінің негізінде С.Холл АҚШ-ғы алғашқы психолгиялық лабораторияны ашты.
1887 жылы АҚШ-ғы алғашқы периодикалық басылым болып табылған «американдық- психологиялық журналдың» негізін қалаған.
Педоцентризм идеясын жақтаушы бола отырып, С.Холл баланы біріңғай психологиялық ғылымда баланы зерттеу объектісі ретінде қарастырды.
Холл рекапитуляция теориясының авторы, бұл теория бойынша бала өзінің психикалық дамуында адам дамуындағы барлық сатылардан өтуі керек.
Бала бір сатыдан екінші сатыға өту үшін ойын механизмін пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет