Оқытушы - оқу орнындағы бас тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту және өз мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімі бар тұлға.
Оқытудың формасы – бұл оқушылардың білім алуы барысындағы оқушылар мен оқытушының ұйымдасқан өзара әрекеті.
Оқыту технологиясы – екі қабатты түсінік, оның ішкі қабатына - оқу пәндерінің мазмұны кіреді, ал сыртқы қабатына - оқу үдерісіндегі мазмұндардың таратылу формасы жатады.
Оқудың кредиттік жүйесі – оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеден негізгі айырмашылығы: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады.
Оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын құжат.
Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Жаңашыл оқытудың бағыттары мен түрлері
«Инновация» ұғымы латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiредi.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50-жылдары педагогикалық инноватика қалыптасты. Жалпы, инноватика – жаңару үдерісі, жаңалық үдерістерінінің теориясы, жаңалық ендірулер туралы ғылым.
Инновациялық технологиялардың пайда болуы, мәдени байланыстың кеңеюі мен тереңдеуі, ақпараттар ағынының сапасы мен санының тұрақты түрде артуы уақытпен бірге қарқын алып отырған ақпараттар ағынына бейімделу тәсілдерін меңгеру үшін тиісті ептіліктер мен білімді қажетсінеді. Бұл үшін ақпаратты қабылдау және есте сақтау қабілетімен бірге оны шығармашылықпен өңдеу, мәселелерді көріп, оларды шеше білу керек.
Сондықтан да білім берудің алдына төмендегі міндеттер қойылады: жас ұрпақтың осы заманғы әлеуметтік-мәдениеттік жағдайға әлеуметтенуі сынды күрделі мәселені шешу, оның өзіндік өзектілігі арқылы сәйкестік сипатын иеленіп, шығармашылық мүмкіндікті дамытуына жол ашатын ізгілік түсінігін қалыптастыру.
Қазіргі заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Өмір сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы жаңашылдықтарға сәйкес болуы тиіс.
Яғни, біз студенттерді оқытудың жаңа әдістерімен таныстырып, тәжірибеде қолдана білуге үйретуіміз керек. Жаңалықтардың түрлеріне келер болсақ, алдымен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтар, оған: материалдық және рухани; құрылымдық және технологиялық; негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар жатады. Білім беру ұйымдары мен саласындағы жаңалықтарға: жаһандық, ұйымдық , жеке және аяқастынан туындаған және ірі және ұсақ, сырттан келетін және ішкі, сыртқы жаңалықтар жатады. Сонымен қатар, жаңалықтар белгілі бір өлшемдермен өлшенеді. Мысалы ғалым К.Ангеловский төрт өлшемді анықтаған : біріншісіне жаңалық енгізілетін саланы жатқызса, екіншіге – жаңашылдық үдерісті және жаңалықтар енгізу амалын, үшіншіге жаңашылдық іс-әрекеттердің ауқымы мен көлемін, төртінші критерийге жаңалықтардың пайда болуын жатқызған. Жаңашылдық үдерісі белгілі бір кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
- жаңалықты табу (іздеу, қалыптастыру және бейімдеу);
- қалыптасқан жаңалықты зерттеу: тәжірибеде тексеру, бағалау, сынау және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан сараптаудан өткізу;
- жаңалықты мамандар тарапынан қайта қарау және кемшіліктерін түзету;
- жаңалықты қолданысқа ендіру, теориялық тұрғыдан зерттеу, тәжірибеде қолдану;
- жаңалықты одан әрі дамыту.
Оқытудың инновациялық әдістері соңғы нәтижеде болашақ маманның құзіреттілігіне ықпал ететін студенттердің инновациялық және шығармашылық тәжірибелер жинақтауына ықпал етеді. Инновациялық деген ұғымды біз жаңа, жаңашыл деп қолдандық. Оқытудағы инновацияның мәні, оқытудың жаңашыл әдістерінде, сонымен қатар білім алушылардың белсенділігі мен динамикалығы арқылы анықталады. Оқытудың белсенді әдістері (ОБӘ), шындығына келгенде, интерактивті (ағылшынның interaction сөзінен алынғанда, динамикалық ықпал ету дегенді білдіреді), себебі белсенді әдістер ықпал ету әдістерінен оқытушы мен білім алушылардың қарым-қатынастарына ұласады. Бұл дегеніміз тұлғаның өзін-өзі дамытуының жолы болып табылады. Инновацияны мазмұны, құрылымы, сипатына байланысты әртүрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы мазмұнына байланысты ғалымдар: модификациялық, комбинаторлық, радикалдық, деп бөлген. Модификациялық инновация дегеніміз, қолда барды дамыту және оның түрін өзгерту, бұған В.Ф.Шаталовтың математикадан жазған тірек конспектісін жатқызамыз. Комбинаторлық инновация, бұрын қолданыста болмаған белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру, мысалға әдебиет пен тілді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел бола алады. Радикалдық инновация, білім беру жүйесіне мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен өлшемдерді, деңгейлік және сапалық оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Сипатына байланысты саяси-әкімшілік, білім беру жүйесіне өзгерістер саяси билік тарапынан әр түрлі әкімшілік шаралардың көмегімен енгізілуі, нормативті-редуктивтік, яғни ең алдымен мамандар енгізілетін жаңалықты сараптап, даярлайды одан кейін оқытушылар дайындықтан өтеді содан кейін жаңалық қолданысқа енеді. Эмпирикалы-рационалдық, мұнда зерттеу, дамыту және тарату кезеңдері бірте-бірте кезектесіп жүзеге асырылады.
Эссе - фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Ойын – оқытудың белсенді әдісі. Ойын – оқытушылық iс-әрекеттi ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжiрибесi арқылы бiлiм, дағды қалыптастыру мүмкiндiктерiнiң жүйелi түрi. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңiске жету немесе жеңiлуiн айқындайтын оқытушылық iс-әрекет. Ойын - көп қырлы түсінік, осыған орай қолданыста әртүрлі ойындар кездеседі. Бірі балалардың дүниетанымын және ойлау қабілетін дамытса, екіншісі - күш, ептілік, үшіншісі - құрастырушылық дағдыны дамытады. Кейбір ойындар әртүрлі құралдарды және атрибуттарды талап етеді. Олардың пайдалану мерзімін қадағалаған жөн. Ойында қолданылатын заттар мен құралдар, қауіпсіз, балаларға қолайлы және таза болуы тиіс. Балалар ойынның мәні мен мазмұнын, оның ережелерін, терминдер мен түсініктердің нақты аудармасын жақсы түсінуі және әрбір ойындық рөлдің идеясын игеруі қажет.
Жоба - студенттердің өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Жоба жұмысында оймен ойлап, ауызша мен жазбаша жұмысы қатар жүрсе, ол оқушының бойындағы шығармашылықты дамыта алады және өз бетімен сөйлеуге үйретуді, алған білімін іс жүзінде меңгеруді қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |