Түстер құрылымының пайда болуын Люшер былай түсіндінген еді:
Адам әрдайым түстер қоршауында өмір сүріп келеді. Адам үшін сыртқы бейімделу факторы болып келді.
Көкшіл түс-түнгі аспан түсі ол кеш болуын білдіретін сигнал- демалу, қауіпсіздік пен тыныштық уақыты болды.
Жарқын сары - түс-жарқыраған күн түсі, ояну, жаңа күнге деген қызығушылық, үміт.
Қызыл түс - қан шабуыл мен қорғаныс, күш.
Түстерге байланысты белгілі өмірлік ситуациялар мен психофизиологиялық күйлер элементі ретінде ассоцациялар пайда болған болатын.
Негізгі түс және олардың символдық мағынасы
№1 Көк түс. Тыныштық, қанағаттылық, нәзiктiк символмен көрсетедi және құштарлық.
№2-жасыл түс. Табандылық, өзiне-өзi сенушiлiк, өжеттiк, өздiн сыйлаушылық символмен көрсетедi.
№3-қызыл түс. Өзiн-өзi билеушiлiктi, белсендiлiк, агрессивтiлiк, шабуылдық, өктемшiлдiк, сексуалдылық символмен көрсетедi.
№4-сары түс. Қарым-қатынасқа, әуесқой, сонылық, жайма-шуақтық, атақ құмарлық белсендiлiк, талпыныс символмен көрсетедi.
Қосалқы түстер мен олардың символдық мағынасы
№5 күлгін.
№6 қоңыр
№7 қара
№0 сұр
Бұл түстер негативті тенденцияның белгісі: стресс, қорқыныш, уайым, қайғыру т.с.с.
Қара және сұр түсті түс деп атауға да болмайды.
Қара түс - жоқтамалық, сұр түс негативті сипатқа ие.
Сұр және қызыл түстің сәйкестігі - күлгін түс, ашық қызыл мен қара түстің үйлесімділігінен біршама тоқ түс пайда болады. Бұлар түс болып есептелмейді.
Ескертулер:
Түстерді күндіз күні көрсеткен жөн, бірақ жарық күн сәулесі түскен жерде көрсету дұрыс емес. Және де осыған қоса 4 ережені сақтау керек.
Сыналушы тек осы түстерді ғана қолданып тесті шешуге міндетті бұл көп жылдар бойы зерттелінген система сондықтан оны өзгертуге болмайды.
Кез-келген түсті жеке-жеке таңдау қажет. Ешқашан бірнеше түсті бір уақытта таңдауға болмайды.
Сыналушы бұл түстерді өз еркімен өз қалауымен таңдауы қажет
Ешқашан түстер киім, косметика немесе басқада заттарға байланысты таңдалмауы керек.
Зерттеуді жүргізіп отырған маман барлық карточкаларды араластырады да, зерттелушінің алдына қояды. Зертттелуші алдында тұрған карточкалардың ішінен ең ұнамдысын таңдап алады.
Зерттеуші зерттелінушінің түстерді таңдау барысында бір затқа ұқсастырмауы керектігін ескерту керек. Таңдалған карточканы аударып бөлек қою қажет. Осылайша карточкаларды таңдаған соң, психолог қойылған ретте карточка номерлерін жазып алады. 2-3 минуттан соң, зерттелуші əдісті қайталайды, бірақ алғашқы таңдауын еске түсірмеуі қажет, түстерді таңдау барысы алғашқы рет жасалғандай орындалуы тиіс. Алғашқы таңдау ықылас, күй, ал екінші шынайылылықты сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |