Психологиялық- педагогикалық практикум


- тапсырма Шмишектің мінез-құлық акцентуациясын анықтайтын сауалнамасы



бет23/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
семинарға қосымша материалдар

10 - тапсырма Шмишектің мінез-құлық акцентуациясын анықтайтын сауалнамасы.
Бұл сауалнама бойынша адамдарға тән мінез акцентуациясының негізгі 10 түрінің көрсеткіштері анықталады.(Леонгард жіктеуі бойынша) Бұл жіктеуде көрсетілген акцентуация түрлері мінез ерекшеліктерін немесе темпераментті сипаттайды.
Мінез ерекшеліктерінің акцентуациясына келесілер жатады:
-демонстративті (патологияда: истериялық сипаттағы психопатия)
-педантты (патологияда: ананкастикалық психопатия)
-қозғыш (патологияда: эпилептоидты психопатия)
-тұрып қалу, тежелу (патологияда: паранояльды психопаттар).
Акцентуацияның қалған түрлері темперамент ерекшеліктеріне жатады және эффективті реакциялардың ырғағы мен тереңдігін бейнелейді.
Акцентуацияның көрсеткіші 18 балдан жоғары.
Акцентуациялар:
1. Гипертимді - көңіл-күйі жоғары жүруге бейім адамдар, олар белсенді, бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауыса алады, бастағанды аяғына дейін жеткізбейді, жағымсыз ортаның әсеріне жылдам тап болады. Жасөспірімдер романтикаға бейім болады. Өзінің үстінен билік жүргізгенді жек көреді, оларға қамқорлық көрсеткенді ұнатпайды. Басымдылыққа, көшбасшылыққа тенденциялар. Аяқ астынан көңіл-күйінің көтерілуі патологиялық бақытты тәрбиесіне әкелуі мүмкін. Патологияда жабысқыш невроз жағдайы.
2.Тежелген - белгілі бір аффектіге бейім. Өте жоғары бағананы идеяларды ойлап табуға бейім, педантты, кек сақтағыш, ашуы көпке дейін тарқамайды, ашуланады, өкпелейді.Кей кезде агрессиялық жағдайға ұшырайды.Патологияда паранолды психопат.
3. Эмотивті-эмоционалды сезімталдығы басым дамыған адамдар, көңіл-күйі тез өзгеріс табады. Көңіл-күйі тез өзгеріс табады: жұмысқа бейімділік, өзін-өзі сезінуі. Эмоционалды ортасы өте жіңішке ұйымдастырылған, терең ойлауға және уайымдауға бейім. Қоршаған ортамен жақсы қатынасқа бейім келеді. Өзгелердей емес махаббаттан жаралы болған. Егерде жақын адамдармен қарым-қатынасы үзілуі болса, уайым мен депрессияда болады, тұрпайылық, дөрекілік танытады.
4. Педантты-ригидті белгілері басым және педантизм.Ригидті адамдар, оларға бір эмоциядан екінші эмоцияға ауысу ауыр. Бәрінің өз орнында тұрғанынқалайды, адамның өз ойын дұрыс қорытындылағанды қалайды, яғни соңғы педантизм. Жинақылық, ұқыптылық өмірінің басты мәні. Жауыздық-ішпыстырарлық кезең оларды тітіркендіреді. Патологияда-эпилептоидты психопатия. Агрессия көрсетуі мүмкін.
5.Үрейшіл-меланхолик немесе холерик типті адамдар, конституционалды жоғарғы күдікшіл деңгейі бар. Өзінің қабілеттерін бағаламайды. Жауапершіліктен қорқады, барлық жағымсыз заттардан қорғанады, өзінің қорқынышы мен күдігін жеңе алмайды.
6. Циклотимді - көңіл-күйдің тез бұзылуы. Жақсы көңіл-күй қысқа, жаманы ұзақ. Депрессия кезінде өзін-өзі күдікшіл етіп, тез күрсініп, жағымсызданып, өзін-өзі өлтіруге дейін барады. Жақсы көңіл-күйде өзін гипертимділер сияқты ұстайды.
7. Демонстративті-патологияда истерикалық психопатия типіне жатады. Эгоцентризмі жоғары дамыған адамдар, әрқашан ортада болуға икемделеді, бұндай адамдар әртістер арасында көп кездеседі.Патологиялық көзбояушылық-жарқын жүру үшін.Ашық, экстравагантты киімді кигенді ұнатады.
8. Қозғыштық-жоғары импульсивті ортаға бейім. Патологияда эпилептоидты психопатия.
9. Дистимді-көңіл-күйдің бұзылуы.Гипертимдіге қарама-қарсы.Түсіңкі көңіл-күй, писсемист.
10. Экзальтировті-аффективті экзальтацияға бейімділік. (жақын демонстративті).
Әдістеме барлығы 97 сұрақты қамтиды.
Сұрақтар.
1. Сіздің көңіл-күйіңіз анық, жадыраңқы бола ма?
2. Сіз ашуланғандырғанды, келемежді қабылдауға бейімсіз бе?
3. Оңай жылай аласыз ба?
4. Бір жұмысты бітіріп алғаннан кейін сенімсіздік пайда болса, сол жұмысты кері тексеруге барасыз ба?
5. Бала кезіңізде құрдастарыңыз сияқты батыл болдыңыз ба?
6. Сіздің көңіл-күйіңіз жиі өзгеріп отыра ма?(қазір ғана аспанда ұшып жүрдіңіз, бір мезетте өте көңілсіз боласыз.)
7. Өз ортаңызда көңіліңіз көтеріңкі болып жүре ме?
8. Сізді кейбір күндері себепсіз ұрысқақ, тітіркендіретін кездері болған кезде, сізді бәрі қозғамау керек деп ойлайды ма?
9. Хатты алғаннан кейін сіз жылдам жауап қайтарасыз ба?
10. Сіз салмақты адамсыз ба?
11. Бір мезгілде сіз бір нәрсемен айналысып басқалары маңызсыз болып қалмайды ма?
12. Сіз талапқойғышсыз ба?
13. Сіз реніш пен келемежді тез ұмытасыз ба?
14. Жүрегіңіз кең бе?
15. Почта жәшігіне хатты салғанда оның ішіне түскен түспегенін тексересіз бе?
16. Сіздің шыншылдығыңыз сізді жұмыста біріншілердің қатарында болуыңызды қалайды?
17. Бала кезіңізде найзағай мен иттен қорықтыңыз ба?
18. Жағымсыз әзілдерге күлесіз бе?
19. Сіздің таныс адамдарыңыздың арасыфнда сізді педантты деп ойлайтын адам бар ма?
20.Сіздің көңіл-күйіңіз сыртқы заттар мен жаңалықтарға байланысты бола ма?
21. Таныстарыңыз сізді жақсы көре ме?
22. Сіз ішкі қобалжу процесінде өте сирек боласыз ба?
23. Сіздің көңіл-күйіңіз әркез түсіңкі ме?
24. Сіз өте ауыр нервтік жағдайда жыладыңыз ба?
25. Сізге бір орында отыру қиын ба?
26. Қарым-қатынас кезінде әділетсіздік танытса, сіз өзіңіздің қызығушылығыңызды жоғалтасыз ба?
27. Сіз кейде мақтанасыз ба?
28. Сіз керек болған жағдайда үй жануарын немесе құсты бауыздай аласыз ба?
29. Егер сіздің үйіңізде терезе жабын немесе стол жабыны дұрыс тұрмаса,сізді тітіркендіреме,оны түзеуге тырасыз ба
30. Бала кезіңіз де сіз үйде жалғыз қалудан қорықтыңыз ба?
31.Сіздің көніл күйіңіз еш себепсіз бұзыла ма?
32.Сіз оқу немесе жұмысыңызда ең жақсылардын бірі болдыңыз ба?
33. Қайғыға оңай берілесіз бе?
34. Сіз еркелеп көнілді бола аласыз ба?
35. Сіздің бақытқа толы кездеріңіз бола ма?
36. Көңілді ұйымдастыруда әзілкеш адамның ролін ойнай алар ма едіңіз?
37. Өз өміріңізде өтірік айтып көрдіңіз бе?
38. Сіз өз ойыңызды адамдардың бетіне айта аласыз ба?
39. Сіз қанға жай ғана тұрып қарай аласыз ба?
40. Сізге жұмысыңыз ұнайды ма, егер тек сізді соған жауапты етіп қойса?
41. Қарым-қатынаста әділетсіз қылықтар жіберген адамдарға жақтасасыз ба?
42. Сізді міндетті түрде қаранғы шоланға, бос қаранғы бөлмеге кіру мазалайды ма?
43. Сіз ұзақ және нақты көп күшті қажет етпейтін және тез орындалатын қызметті қалайсыз ба?
44. Сіз қарым-қатынасшыл адамсыз ба?
45.Сіз мектепте өлеңді мәнерлеп оқыдыңыз ба?
46. Кішкентай кезіңізде сіз үйден қашып көрдіңіз бе?
47. Сіз әркез ешқандай ескертусіз автобуста жасы үлкен пассажирлерге орын бересіз бе?
48. Сізге өмір әркез ауыр көріне ме?
49. Белгілі бір дау-жанжалға ренжіп,содан соң жұмысқа барғыңыз келмей қалған жағдай болды ма?
50. Сіз сәтсіздік кезінде өзіңіздің әзіл-қалжын сезіміңізді сақтайсыз ба?
51. Егер сіз біреуді ренжітсеңіз сол кісімен достасуға тырысасыз ба? Татуласуды бірінші болып бастайсыз ба?
52. Сіз жануарларды жақсы көресіз бе?
53. Сіздің үйден шығып бара жатып кері келіп бірдеңе болып қалған жоқпа деп тексерген кезіңіз болды ма?
54. Бір кездері сізді бір ой мазалады ма, бір күні сізге немесе сіздің туған-туыстарыңызға бір нәрсе болып қалама деп?
55. Сіздің көңіл-күйіңіз ауа-райына байланысты ма?
56. Сізге үлкен аудитория алдында сөз сөйлеу қиын ба?
57. Сіз біреуге ренжи отырып қол жұмсай аласыз ба?
58. Сіз көңіл көтеруді жақсы көресіз бе?
59. Сіз өз ойлап тұрғаныңызды айтасыз ба?
60. Сіз қызғаныштын арқасында толғанысқа түсе аласыз ба?
61. Сізді ұйымдастырушы рөлі белгілі бір жұмыста қызықтыра ма?
62. Егер сіз белгілі бір мақсатқа жетерде беймәлім бір нәрсе кездессе күресесіз бе?
63. Сізге ұнамайтын адамның сәтсіздікке ұшырауынан сіз ләззат аласыз ба?
64. Сіздің көзіңізден жас шығаратындай сізді трагедиялық фильм толғандыра ма?
65. Сізді болашақ немесе өткен күндеріңіздегі мәселелер толғандыра ма?
66. Мектеп кезінде қатарластарыңа сыбырлап айту немесе көшіруге беру сізге тән болды ма?
67. Сіз қаранғыда бейіт арқылы өте аларма едіңіз ?
68. Сіз ойланбай-ақ артық алған ақшаңызды кассаға қайтарып бересіз бе?
69. Сіз әрбір заттың өз орнында тұруына үлкен мән бересіз бе?
70. Сіз ұйықтауға өте жақсы көніл-күймен жатып, келесі күні танертен бірнеше уақытқа созылатын жағымсыз жағдайда тұрған кезіңіз болды ма?
71. Сіз жаңа ситуацияға жылдам бейімделесіз бе?
72. Сізде бастың айналуы жиі бола ма?
73. Жиі күлесіз бе?
74. Сіз жағымсыз пікірдегі адамға, оған деген қатынасыңызды ешкім білмейтіндей етіп жылы шырайлық таныта аласыз ба?
75. Сіз қозғалғыш, еті тірі адамсыз ба?
76. Сіз әділетсіздік болса, қатты қайғырасыз ба?
77. Сіз табиғатты құмартып жақсы көресіз бе?
78. Сіз үйден шыға бере немесе ұықтар алдында кранды жапқаныңызды немесе жарықты сөндіргеніңізді, есікті жапқаныңызды тексересіз бе?
79.Үрейшілсіз бе?
80. Алкаголді ішімдік пайдаланған кезде сіздің көніл-күйіңіз өзгере ме?
81. Сіз өз еркіңізбен сурут үйірмелеріне қатысасыз ба?
82. Сізді кейде үйден алысқа кету тарта ма?
83. Сіз өз болашағыңызға аздап писсимистік көзбен қарайсыз ба?
84. Сізде көтерінкі көніл-күйдін сағынышқа ауысатын кездері бола ма?
85. Сіз ортаны көңілдендіре аласыз ба?
86. Сіз өкініш сезімі мен кекті ұзақ уақыт сақтайсыз ба?
87. Басқа адамдардың қайғысына ұзақ уақыт қайғырасыз ба?
88. Сіз өзіңізге бағытталған ескертулердің дұрыстығын біле тұра келісесіз бе?
89. Мектеп кезінде бүлініп қалған дәптер парақтарын қайтадан көшіресіз бе?
90. Сіз адамдармен қарым-қатынаста сақ және сенімсізсіз, әлде сенгішсіз бе?
91. Сізде қорқынышты түстер жиі болады ма?
92. Сіз перронда тұрсаңыз өз еркіңізден тыс поездің астына түсесіз бе немесе үйдің жоғарғы этажының терезесінен секіресіз бе?
93. Көңілді адамдардың арасында көңілденіп кетесіз бе?
94. Сіз қиын жағдайды ойламайтын, ал егер онымен айналыссаңыз ұзаққа бармайтын адамсыз ба?
95. Алкаголдің әсерінен келеңсіз импульсивті қылықтар жасайсыз ба?
96. Әңгімелесу кезінде сіз сөйлегеннен көрі көп үндемейсіз бе?
97. Біреуді сурутте кезінде өзіңіздің қандай екеніңізді ұмытатындай күйде боласыз ба?
Кілтпен сәйкес жауаптар акцентуация типінің коэффициент санына көбейтіледі.Егер алынған мөлшер 18-ден жоғары болса, бұл акцентуация типінің көрінісін дәлелдейді.



Мінездің қасиеті

Коэффициенті

"ИӘ" Сұрақтар №

"ЖОҚ" Сұрақтар №

Гипертимді

3

1,12,25,36,50,61,75,85




Дистимді

3

10,23,48,83,96

34,58,73

Циклотимді

3

6,7,20,31,44,55,70,80,93




Эмоционалды

3

3,14,52,64,77,87

28,39

Демонстративті

2

7,21,24,32,44,49,71,74,81,94,97

56

Тежелгіш

2

2,16,26,38,41,62,76,86,90

13,51

Педантты

2

4,15,19,29,43,53,65,69,78,89,92

40

Үрейшіл

3

17,30,42,54,79,91

5,67

Қозғыштық

3

8,22,33,46,57,72,82,95




Экзальтиривті

6

11,35,60,84




Өтірік

1

9,47,59,68,83

18,27,37,63



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет