Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар. Жедел тыныс жетіспеушілігі дегеніміз



бет2/8
Дата13.03.2024
өлшемі0.63 Mb.
#495429
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
пульмонология каз

Аурухана кезеңі:
1.Жұтқыншақ деңгейінде ауа өткізгіштігін сақтау және тілдің түсіп кетуін болдырмас үшін ауыз және мұрын ауа өткізгіштерін енгізу
3. Трахеостомия – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етудің соңғы шарасы.
4. Бөгде денелерді алып тастау.
5. Трахеяны интубациялау, ӨЖЖ, тыныс жолдарын тазалау.
6. Қабынуға, ісінуге қарсы ем, спазмолитикалық терапия.
7. Оксигенотерапия.

Бронхообструктивті синдром тыныс алу жолдарының тарылуына немесе бітелуіне негізделген өкпе вентиляциясының бұзылуымен және бронх секрециясының шығуы қиындайтын кең таралған және қайтымды әртүрлі этиологиялы бронх обструкциясы бұзылыстарының симптомдық кешені.
Себептері: обструктивті бронхит, жедел бронхиолит, бронхтағы бөгде зат,бронх демікпесі.

Бронх демікпесінің ұстамасы – жедел дамыған және/немесе үдемелі нашарлайтын экспираторлық тұншығу, қиындаған және/немесе ысқырықты сырылдар, спастикалық жөтел немесе осы белгілердің тыныс шығару ағымының ең жоғары жылдамдығының күрт төмендеуімен үйлесуі.
Ұстамалардың тікелей себебі - экзо- және эндогендік тітіркендіргіштерге бронхтардың жоғары сезімталдығы және гиперреактивтілігі.
Клиникасы: қозу, мәжбүрлі поза, спастикалық жөтел, ысқырықты дем шығарумен шулы тыныс алу, дистанциялық сырылдар, экспираторлық ентігу, акроцианоз, кеуде қуысының эмфизематозды түрі, көмекші бұлшықеттердің қатысуы, кеуденің бүкіл бетінде қораптық дыбыс, дөрекі, созылған дем шығару фонында құрғақ сырылдар.
Парклиникалық:пикфлоуметрия көрсеткішінің төмендеуі, SaO2 төмендеуі.
Емдеу
Ауруханаға дейінгі кезең:
1. Баланы еңкейіп, жартылай отыратын күйде отырғызу.
2. Егер астматикалық статус болмаса, жиі қолданылатын ингаляциялық бронходилататорларды, бір рет небулайзер, мөлшерленген аэрозольді ингалятор (MАИ) немесе спейсер (сальбуматол) арқылы пайдалану
3. МАИ-дан сальбутамол ингаляцияын спейсер арқылы , 20 минут сайын бір сағат ішінде 2-4дозадан беру .
4. Егер сальбутамолдың алғашқы ингаляциясы тиімсіз болса, шұғыл медициналық көмек шақыру.
5. Науқас анамнезінде бұрын реанимация бөлімшесіне госпитализациялауға әкелетін астма статусының ауыр астмалық ұтамалары орын алған болса, сальбутамолды қайталап ингаляциямен беру кезінде эффект болмаса онда дене салмағына 3-5 мг/кг преднизолон тағайындау көрсетіледі.
6. Мүмкіндігінше, ауыр тыныс алу бұзылыстары кезінде оттегінің жоғары ағынын қамтамасыз ету қажет болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет