Аурухана кезеңі:
1. Жағдайдың ауырлығын бағалау.
2. Маска немесе мұрын катетері арқылы ылғалданған оттегіні SaO2 деңгейіне > 92% дейін беру.
3. 20 минуттан кем емес аралықпен (күніне 4 реттен көп емес), жылдам әсер ететін β2-адреномиметиктерді ингалятор, спейсер, небулайзер арқылы қайталау (дозаын 1-2 мл 0,9%физ. ерітіндіде )
небулайзер арқылы сальбутамол: жеңіл ұстамада 1-2 мг, 5мг-орташа және ауыр ұстамада ( мөлшерленген ингалятор: 1 доза-100мкг, 1-2 ингаляция тәулігіне 4 ретке дейін),немесе
фенотерол (Беротек) небулайзер арқылы: жасына байланысты 0,5-1,0 мл (500-1000 мкг) (өлшемді ингалятор: 1 доза - 100 мкг, күніне 4 ретке дейін 1-2 ингаляция) немесе
ипратропий бромиді (Atrovent) небулайзер арқылы: жасына байланысты 0,5-1,0 мл (125-250 мкг) (өлшемді ингалятор: 1 доза –20мкг, күніне 4 ретке дейін 2-3 ингаляцияға) немесе
біріктірілген ем фенотерол/ипратропий бромиді (Беродуал) небулайзер арқылы : жасына байланысты 0,5-2,0 мл (өлшемді ингалятор: күніне 4 ретке дейін 2 ингаляция).
4. Өршу кезінде небулайзер арқылы ингаляциялық стероидтарды тағайындау ұсынылады – будесонид суспензиясын (1-1,5 мг дозада) небулайзер арқылы ингаляциялау
5. Әсері жеткіліксіз болса, жүйелі глюкокортикоидтарды (преднизолон 1-2 мг/кг/тәу) 2 жасқа дейінгі балаларда 20 мг-ға дейін; 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда 30 мг дейін; 6-11 жаста 40 мг дейін, 12 жаста 50 мг дейін.қолданылды
6. Негізгі терапияны түзету.
Status asthmaticus — β2-адренергиялық рецепторлардың функционалды блокадасы салдарынан үдемелі тыныс алу жеткіліксіздігімен және бронходилататорларға төзімділікпен сипатталатын, ұзақтығы 6 сағаттан асатын ауыр демікпе ұстамасы.
Себептері: аллергендердің әсер етуі, жұқпалы аурулар, астманы емдеудегі қателіктер, стресс, ауа-райының әсері.
Клиникасы:
I кезең (салыстырмалы компенсация, симпатомиметиктерге төзімділіктің қалыптасуы) – ұзақ уақыт бойы тұншығу ұстамасының басылмауы, науқастың есі сақталған, ентігу, орташа цианоз, өкпелік дыбыс қорап дыбысы секілді, тынысы әлсіреген, барлық бөліктерінде жүргізіледі. , құрғақ шашыранды сырылдар. Гипервентиляция, гипокапния, орташа гипоксемия. Ең қорқыныштысы – қақырық бөлінбеуі болып табылады.
II кезең (декомпенсация, «үнсіз өкпе») - ауыр жағдай, науқас тыныс алмай бір сөйлемді айта алмайды, кеуде қуысы эмфизематозды, кеуде экскурсиясы байқалмайды, «үнсіз» өкпе аймақтары, қашықтықтан естілетін ысқырықты сырылдар сақталған,, гипервентиляция гиповентиляциямен алмасады, бронхообструкцияның үдеуі, гипоксемиямен, гиперкапниямен және респираторлық ацидозмен күшейеді, пульс әлсіз, минутына 140-қа дейін, жиі аритмия, гипотензия.
III кезең (гипоксиялық гиперкапникалық кома) - өте ауыр жағдай, церебральды және неврологиялық бұзылулар, сирек, беткей тыныс, жіп тәрізді пульс, гипотензия, коллапс.
Емдеу
Шұғыл көмек амбулаториялық жағдайда басталып – жедел жәрдем және аурухананың қабылдау бөлімінде, қарқынды терапия бөлімінде жалғасуы керек.
Бет маскасы арқылы ылғалдандырылған оттегінің көмегімен гипоксемияны түзету; ауыр жағдайларда жасанды желдету қажет (тұрақты гипоксемия және гиперкапния).
Достарыңызбен бөлісу: |