Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет10/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

теориялық – интуитивтік болжау, рационалдық -өңдеу 
жолымен алынады. Көптеген ғалымдар ғылымды емес, 


19 
мәселелерді жіктеуге бейім. Қазіргі жаратылыстану парадигмасы 
психологиялық әдістің негізіне айналуда.Әр адам тұрмыстық-
психологиялық білімнің қандай да болмасын бір дәрежесін 
меңгереді, өйткені олар өздігінен қалыптасады.Психология үшін 
тұрмыстық бақылау болашақта тәжірибе жинақтаудың маңызды 
көзі болып табылады, сонымен қатар, қатаң ғылыми зерттеу 
шеңберінде 
қалыптасатын 
теориялық 
және 
қолданбалы 
міндеттерді шешу барысында болжау және ұсыныстар көзі бола 
алады. А.Н. Леоньтевтің ілімі бойынша, ғылым мән–мағынасы 
обьективті білімді дүниеге әкеледі, таратады, тіркейді, ал, өнер 
тұлғалық мағынасы бар бейнелер көмегімен суретшінің әлемге 
қатынасын білдіреді және жеткізеді. 
ХІХ ғ. ортасында позитивизмнің негізін қалаушы О.Конт 
адам білімінің даму тұжырымдамасын ұсынды. Ол бірін–бірі 
кезекпен алмастыратын білім формаларын қарастырады: 
- діни -жеке наным мен салт-дәстүрге негізделген; 
- философиялық – автордың интуициясына, қағидаларына 
негізделген.Позитивтік–мақсатты бақылау мен эксперимент 
барысында фактілерді бекітуге негізделген ғылыми білім. О.Конт 
адамдар білім формаларын кезегімен өзгертіп отырады деп 
ойлаған. Адам білімінің ертедегі формалары (діни және 
философиялық) өзгеріп, мәдениет зерттеушісінің обьектісі болып 
қалуы тиіс. Бірақ, позитивті білімнің өзгерістеріне қарамастан, 
ХХ ғасыр не философиялық, не діни білімді жоққа шығармады. 
Сондықтан, бұл жерде әңгіме бір білімнің екіншісімен ауысуында 
емес, өркениеттің дамуы барысында білім формасының 
басымдығын ауыстыру жөнінде болып тұр.
«Психология» терминінің адам тәжірибесі мен білім түрлерінде 
қолданылуын қарастырсақ: біріншіден, психология адамдар 
психикасының күнделікті білімі туралы, мінез-құлық болмысы, 
өздерінің немесе айнала қоршаған дүние құбылыстарының 
ерекшеліктері мен заңдылықтарына қарай дамуының жүйесі. Бұл 
«күнделікті психология» бүгінде ғылыми-психологиялық зерттеудің 
бір саласына айналып отыр. Дәстүрлі, күнделікті білім адам 
психикасы ерекшеліктерін, оның жүріс-тұрысын, жеке-дара мінез-
құлқын, қабілеттерін, мотивациясын т.б. суреттейтін, табиғи тілмен 
бекітілген, ол көбінесе мақал-мәтелдерде кездеседі. Жанның діни 
болжамы дәстүрлі, күнделікті білім мен оның табиғатын түсіну 
негізінде жатыр. Екіншіден, философиялық психологияда 


20 
психикалық шындықтың табиғаты туралы сұрақ басты сұрақ, 
идеалды және материалды қатынастағы философияның негізгі 
сұрағы. 
Сондықтан, 
көптеген 
философтар 
психиканың 
концепцияларын, жеке тұлға туралы өз болжамдарын, оның 
ерекшеліктері мен дамуын, объективті және субъективті 
шындықтың қарым-қатынасын және адам мен адамдар тобының 
болмысының детерминациясын ойлап шығарды.
Обьективтік материализм немесе детерминизм принциптері 
психиканы зерттеудің табиғи, ғылыми негізі болды. Неміс 
ғалымы В.Дильтей жан туралы ғылым мен ішкі әлем туралы 
ғылымды бөліп қарауды ұсынды. Біріншісіне ол философияны
эстетиканы, лингвистиканы, құқықты және т.б. жатқызды, ал, 
екіншісіне – физика, химия, геология, биология сияқты 
жаратылыстану ғылымдарын енгізді. Психологияны ол жан 
туралы барлық ғылымдар бастау алатын іргелі ғылым ретінде 
анықтады. Бұл ғылымнан негізгі әдіс «жан туралы ғылымды» 
түсіну әдісі келіп шығады. Ежелгі дәуірде алғашқы 
психологиялық еңбектердің авторы Демокрит (б.э.д. V ғ. ІІ 
жартысы) 
және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет