22
Психология әдіснамасының коммуникативтік қызметі туралы
мәселе кездейсоқ қойылып отырған жоқ. Біріншіден, әдіснама
коммуникация жөнінде емес, ғылыми қоғамдастықтың мүшелері
арасындағы ара-қатынас жөнінде болуы керек. Ал, олар белгілі
бір «кәсіптік» әлем бейнесін
жасаушылар ретінде ғана емес,
сонымен қатар, өз позицияларын интеллектуалды қамтуға
қабілетті адамдар ретінде де қарастырылуы тиіс. Екіншіден, даму
барысында психологиялық білімнің интеграциясына қабілетті
бола алатын теориялар ғана коммуникативтік қызмет атқара
алады. Алайда теориялық психология қажеттілігін негіздейтін
сол мақсаттардың шоғырлануы бүгінде
конструктивті рөлді
атқарады: бұл метаталдау және нақты ғылыми теориялар
деңгейінің ерекше қажеттілігін жүзеге асыру деген сөз.
Теориялық психология пәні –психологиялық ғылымның
өздігінен туындайтын және оның категориялық құрылымы
ретінде зерттелетін өзіндік рефлексиясы (протопсихологиялық,
базистік,
метапсихологиялық
категориялар),
түсіндірме
принциптері (детерминизм, жүйелік, даму), психологияның
тарихи дамуы барысында пайда
болатын негізгі мәселелері
(психофизикалық, психогностикалық), сонымен қатар, іс-
әрекеттің ерекше түрі ретіндегі психологиялық таным
(Петровский, Ярошевский, 2003, 5б.). Теориялық психологияның
мұндай түсінігі «Психология әдіснамасы» пәнінің тақырыбымен
мәндес болуы мүмкін. Біз базистік (сол жағы) және
метапсихологиялық (оң жағы) категориялары үшін теориялық
психологияда қалыптасқан кейбір сәйкестіктерді атап өтеміз:
1-кесте.
Базистік және метапсихологиялық категориялар.
Мұндағы
метапсихологиялық
категориялардың
айырмашылығы сол, олар басқалармен салыстыру арқылы кейбір
Бейне
Сана
Мотив
Құндылық
Уайымдау
Сезім
Әрекет
Іс - әрекет
Өзара
қатынас
(интеракция)
Қарым-қатынас
(өзара әрекет)
Мен
Жеке адам
Жағдай
Дербес сала
23
базистік категорияларды ашады. Авторлар көрнекі сурет түрінде
метапсихологиялық болып та, базистік болып та ашылатын
категорияларды ұсынады.
Метапсихологиялық категориялар
Психологиялық категориялар
Базистік психологиялық категориялар
(А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевский бойынша)
Мұндай сызбаға мысал
ретінде жалпы психологиялық
теорияларды жіктеуші Ф.Василюктің адам өмірінің «бірліктері»
сызбасын келтіруге болады.
2-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: