Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет11/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

«Жан 
туралы» 
трактаттың 
авторы 
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж) детерминизм түсінігін 
ұғынуда берген бірнеше тұжырымдары бір-бірімен тығыз 
байланыста болды. Ертеде жан мен тәннің бөлінбейтіндігі 
жөнінде негізгі қағида болған еді. Аристотель табиғи дене және 
тірі ағзаның өмірін сипаттайтын себептерін бөліп қарастырады. 
Оның биологиялық детерминистік көзқарасы қандай да бір 
«соңғы» немесе «тұтас» әрекеттерді келтірді, тірі ағзаға тән 
мақсатқа лайықтылық себептермен ажыратты. Бұл ұғымның 
қаралуы тұтас әлемдегі құбылыстар телеологиясы атауымен 
ғылымнан орын алды. 
Теориялар деңгейін ерекшелеу туралы немесе жалпылығы әр 
түрлі 
дәрежедегі 
теорияларды 
жіктеу 
ғылыми 
ойлау 
әдіснамасындағы бағыттардың бірі болып табылады. Бастапқыда 
болжамдар эмпирикалық бақылау негізінде құрылады, «теория 
әлемі» және «эмпирия әлемі» арасын байланыстырушы болып 
табылады. Ғылыми таным әдіснамасында теориялардың үш түрі: 
жоғарғы, орташа және төменгі деңгейлері туралы ұғым 
қалыптасқан. «Төменгі деңгейдегі» теорияларда ұғымдар 
эмпирикалық-максималдық түсіндірме сызбаларды қолданады.
Мұндай теорияларда психологиялық құрылым олардың қабылдап 


21 
алатын психологиялық нақтылығымен тікелей салыстырылады.
«Орташа деңгейдегі» теорияларда эмпирикалық деңгейдегі 
психологиялық 
заңдар 
туралы 
айтылғандарды 
тікелей 
салыстырылмайды, эксперименталды болжам түрінде беріледі 
және эмпирикалық бақылауға болжам жасауға мүмкіндік береді. 
«Жоғарғы деңгейдегі» теориялардың эмпирикалық қатынас 
көзқарасынан айырмашылығы бар. Әдетте бұл теориялар сол 
немесе басқа психологиялық мектептің әдіснамалық базисі болып 
табылады. Жоғары деңгейдегі теориялар жүйесі басқа 
теориялардың жасалуын болжайды. Психологияда мұндай 
жоғары деңгейдегі теорияларға А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет 
теориясын келтіруге болады. Мұнда енгізілген әрекет және іс-
әрекет, мақсат пен себептің салыстырмалылығы, яғни ұғымдар 
арасындағы құрылымдық байланыс әдіснамалық негізде А.С. 
Рубинштейннің іс-әрекет теориясын толықтырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет