Р. Б. Доскалиева


Вербалды және вербалды емес тестілер



Pdf көрінісі
бет49/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Вербалды және вербалды емес тестілер. Бұл тестілердің
айырмашылығы материал сипатына байланысты. Вербалды 
тестіде жұмыс мазмұны зерттелушінің ұғымы, ойлау әрекеті мен 
ой операцияларының сөздік-логикалық формасы арқылы 
ерекшеленеді. Бұл әдістеменің тапсырмалары ес, қиял, ойлау 
процестеріне сөздік формада беріледі. Вербалды тапсырмалар 
көбінесе интеллект және арнайы қабілетті және жеке тұлғалық 
қасиеттерді анықтау тестілерінде кездеседі. 
Вербалды емес тестілерде материалдар көрнекілік түрінде 
беріледі. Мысалы, суреттер, сызбалар, кестелер, графикалық 
бейнелер және т.б. Тапсырмаларды орындау тәртібі перцептивті және 
моторлы қызметтерге негізделеді. Вербалды емес тестілердің ішінен 
Равеннің прогрессивті матрицасын айтуымызға болады. Вербалды 
емес тестілер бөлек субтест ретінде көпшілік жағдайда интеллект, 
жалпы және арнайы қабілеттерді және жетістіктерді анықтауда 
қолданылады. Бұл тест тапсырмалары арқылы сөйлеу кемістігі бар 
және білім деңгейі төмен адамдарға да зерттеу жүргізіледі. 
Тестілер мазмұнына қарай мынадай топтарға бөлінеді: 
- интеллект анықтау тестілері; 
- қабілетті анықтау тестілері; 
- тұлғалық қасиетті анықтау тестілері; 
Интеллект тестілері адамның жас ерекшелігіне және жеке 
басы ерекшелігіне қарай интеллектуалдық даму деңгейін зерттеу 
үшін қолданылады. Бұл тестілер психологиялық диагностикада кең 
таралған әдістемелер қатарына жатады. Формасына қарай интеллект 


89 
анықтау тестілері топтық, жеке, ауызша, жазбаша, бланкылы, заттық 
және компьютерлік болады. Соңғы 30-35 жыл ішінде интеллект 
вербалды критерийлі-бағдарлық тестілер нәтижелі талдануда. 
Олардың дәстүрлі тестілерден айырмашылығы, біріншіден, 
сыналушы берілген нақты логикалық есептерге өз шешімін табу 
қажет; екіншіден, кез-келген ұғымдар мен терминді қолданбай, тек 
қана оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұғымдар қолданылуы 
тиіс.Осы ұғым, терминдер оқушылардың ойлау іс-әрекетінің құрамы 
болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет