Қабілет тестілерінің әдістемелері индивидтің білім, дағды,
іскерліктерінің білгілі бір салаға бейімділігін бағалауда
қолданылады. Математика, техника, әдебиет немесе көркемдік іс-
әрекет түрлеріне және т.б. іс-әрекетке бейімділігіне қарай адам
қабілетін зерттеу үшін жалпы қабілет мен арнаулы қабілет бөліп
қарастырылады.
Жалпы
қабілетте
адамның
жалпы
интеллектуалды қабілеті (ақыл-ой) зерттеледі. Арнаулы қабілетте
адамның белгілі бір білім саласына немесе нақты іс-әрекетке
бейімділігі зерттеледі. Қабілет тестілері де топтық, жеке, ауызша,
жазбаша, бланкалы, заттық, аппаратуралық болып бөлінеді.
Тұлғалық тестілер. Психодиагностикалық бұл әдістемелер
психикалық іс-әрекеттердің эмоциялық-еріктік компоненттері
мотивация, қызығуы, эмоция, қарым-қатынас және белгілі бір
жағдайдағы индивидтің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға
бағытталған. Тұлғалық тестілер әрекет тестілері және жағдайлық
тестілері болып бөлінеді. Әрекет тестілерінде қарапайым, нақты
құрылған, жауаптары қатар беріледі. Жағдайлық тестілердің
ерекшелігі әлеуметтік белгілі бір жағдайдағы мінез-құлық көрінісін
анықтайды. Бұл диагностиканың көмегімен сыналушының тұлғалық
аспектілерін, ассоциалдық мінез-құлыққа бейімділігін, оған
тұрақтылығын, белгілі бір шешімі мен іс-әрекетін білуге болады.
Жетістік тестілері әдістемелерін нәтижелерді объективті бақылау
тестісі деп атауға болады. Олар мектептік, кәсіптік, спорттық болуы
мүмкін. Жалпы білім алуда немесе кәсіптік даярлықтағы білім,
іскерлік, дағдысын бағалауда жетістік тестілері қолданылып, әрбір
индивидтің стандартты нәтижелерін білуге болады. Бұл тестілер оқу
іс-әрекетін, кәсіптік жетістіктерін бағалауда кеңінен қолданылады.
Мектепте жетістікті анықтау тесттерінің негізінен топтық және
бланкалық, компьютерлік нұсқалары бар. Кәсіптік жетістік
тестілерінің 3 формасы бар. Олар: құралдық, ауызша және жазбаша.
|