101
арналған кешенді әдісті С.Провинс, Дж.Эриксон, С.Уотер және т.б.
психологтар тобы дайындады.
Қазіргі кезеңде мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған
психодиагностиканың жан-жақты қаралған бөлімінің бірі –
мектепке
психологиялық
дайындық
диагностикасы.
Психологиялық
дайындық
психиканың
екі
саласы
-
интеллектуалды және тұлғалық арқылы қаралады.
Баланың интеллектуалдық дайындық диагностикасында
мына көрсеткіштер бағаланады: психикалық қызмет түрлері
(сенсорлық, моторлық, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял) және
жан-жақты салалардан хабардар болуы, оқу деңгейі,
оқуға
қабілеті.Тұлғалық дайындығы диагностикасының параметрлері:
мотивациялық даму деңгейі, эмоционалдық сала, рефлексия,
қарым-қатынас.
Баланың мектепке психологиялық дайындығын зерттеуде
педагог, психолог және т.б. ғалымдар пікірінше негізгі сапалық
ерекшеліктері: еріктілік (А.Н. Леонтьев);
оқушының ішкі
позициясы (Л.И. Божович); психиканың мотивтік-мағыналық
кемелденуі (Д.Б. Эльконин); кейбір психикалық үрдістердің
нақты даму деңгейі, қабылдау, ес қиял, ойлау т.б (П. Я.Кеэс);
символдық қызмет (Н.Г. Салмина); саралап білу қабілеті,
сөйлеудің даму деңгейі (Х. Бройер, М. Войффен); оқуы
(М.Н. Костикова); қарым-қатынас (Е.Е. Крабуова); мотивация
(Н.Г. Гуткин); «оқудың басты сапалары» кешені (В.Д. Щадриков,
Н.В.
Нижегордцева).Балалардың мектепке
психологиялық
дайындығы
психодиагностикасында
арнайы
кешенді
программалық әдістемелері мен жеке қасиеттерді анықтау
әдістемелері қолданылады. Мысалы:
- Н.И.Гуткиннің танымдық әрекеттер және аффектілі
қажеттілік саласында ойын мотиві әдістемесі; оқушының «ішкі
позициясын» анықтауда әңгімелесу әдісі;
- Д.Б. Элькониннің «графикалық диктант» әдістемесі,
оқушының сөйлеу және көру
арқылы қабылданған бейне
бойынша берілген тапсырманы орындау іскерлігін анықтау.
Д.Б. Эльконин психикалық даму заңдылықтарын зерттей отырып,
бала психикасының қалыптасуының негізгі көзі–«баланың
үлкендермен, ортамен, қоғаммен қарым қатынасы жүйесіндегі
өзгерістері»-дейді;
102
- «Узор» әдістемесі (Л.И. Цеханская): геометриялық
фигуралар арқылы өз әрекетін басқару тәсілдері мен ереже
бойынша жұмыс жасау іскерлігін анықтау;
- «Нүкте бойынша сурет салу» (үлгі және ереже) әдістемесі ;
- «Бала интеллектуалдық іс-әрекетін өзі басқара алу деңгейі»
әдістемесі.
Баланың
мектепке
оқуға
психологиялық
дайындық
диагностикасының танымал бағдарламалары:
- чех психологы Я.Йирасек пен неміс психологы А.Керннің
зерттеулері бойынша бірлескен әдістемелер жинағы, «Керн-
Йирасектің мектепке дайын болудың бағдарлық тестісі» деп
аталатын әдістемесі;
- неміс психологы Г.Витцлактың «Бастауыш мектепке
баруда балалардың даму деңгейі»
бағдарламалық-кешенді
әдістемелер жинағы;
- эстон психологы Г.Кеэстың «Мектептік кемелдену тестісі»
топтық тестілеуге арналған кешенді әдістемелер жинағы. (5,5-7,5 жас);
- Н.И.Пушкинаның баланың психикалық дамуына арналған
бірнеше
бағытты
зерттейтін
әдістемелер
жинағы
«Диагностикалық бағдарлама» деп аталады. Бұл аталған
әдістемелер түрлері психологиялық диагностика даму барысында
әр сала бойынша алғашқы қолданылған және кең көлемде
таралған танымал, қолданылып жүрген әдістемелер жүйесі.
Жас ерекшелігіне қарай барлық кезеңге арналған кешенді
зерттеу бағдарламалар мен зерттеу әдістемелері арқылы
психодиагностикалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі кезеңде психологиялық
қызметтің жан-жақты
дамуына қарай, психодиагностикалық зерттеулер қажеттілігі
артып,
тұлғалық
ерекшеліктерді
анықтауда
әдістемелер
түрлерінің қоры көбеюде.
Достарыңызбен бөлісу: