психофизиологиялық
әдістемелер негізгі құрамын құрайды. Психофизиологиялық
әдістемелер адамның табиғи және жүйке жүйесі қасиеттеріне
қарай ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Бұл әдістемелер
алғашқыда Теплов-Небылицын мектебінен бастау алып, ғылыми
бағытта дамып, «дифференциалды-психофизиология» деген
атпен белгілі болды. Бұл әдістемелердің теориялық негізі жүйке
жүйесі қасиеттеріне қарай индивидуалды айырмашылықтарының
психофизиологиялық концепциялары. Жүйке жүйесі қасиеттеріне
байланысты тұлғалық ерекшеліктер былай көрініс береді:
психиканың
формалды-динамикалық
ерекшеліктері
және
адамның
мінез-құлқы
(жылдамдығы,
темп,
төзімділігі,
еңбекқорлығы және т.б.) Психофизиологиялық әдістемелер
көмегімен алынған диагностикалық маңызы бар қорытындылар
тест критерийлерін талдауда қолданылады (стандарттық,
валидтілік, сенімділік). Формасына қарай психофизиологиялық
әдістемелер құралдық болады. Мысалы, электроэнцефалографтар
және арнайы құралдар, соңғы онжылдықта «қарындаш және
қағаз» типті әдістемелер қолдануда (бланкалық әдістемелер).
Формалды емес әдістемелердің бірі – бақылау әдісі,
психологиялық диагностикада әдістердің көмегімен кең көлемді
ақпарат алуға болады және бұл стандартталмаған әдістеме.
Психодиагностикалық
әдістемелер
жоғарыда
аталған
жіктелулермен қатар, зерттеу объектісіне қарай жалпы
топтастырылуы төмендегідей:
1. Когнитивті саладағы диагностика.
2. Тұлға диагностикасы.
3. Тұлғааралық қарым-қатынас диагностикасы.
4. Жеке адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқы диагностикасы.
5. Психикалық даму ерекшеліктері диагностикасы.
Бұл бағыттардың әрқайсысына тоқталатын болсақ, әр
бағыттың өз ерекшелігіне қарай түрліше әдістемелер қолданады
және әр бағыттың өзіндік жіктелуі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |