Әдебиеттер
1. Бет. 122-127; 2. 21-23; 6. Бет. 8-10; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.
Зертханалық сабақтың қысқаша мазмұны.
1 тақырып. Аталық жыныс жүйесі. Ен.
Мақсаты: Бейтарап сатыдағы жыныс бездері мен жыныс жолы ұрықтық дамуда қалай қаланатынын, оның негізін білу. Жыныс тұрқының айырмашылығы қалай басталатынын меңгеру. Еннің гистологиялық құрылысын зерделеу. Еркек малдардың өсіп-өну ағзаларын анықтап, оның құрамындағы ұлпаларды ажырата алу.
1 тапсырма. Кестеде сперматогенездің қай фазасына мына жасушалар сай келетінін белгілеу қажет.
Жасушалар
|
Көбею
|
Өсу
|
Пісу
|
Қалыптасу
|
Сперматозоид
|
|
|
|
|
Сперматогоний
|
|
|
|
|
Бірінші ретті сперматоцит
|
|
|
|
|
Екінші ретті сперматоцит
|
|
|
|
|
2 тапсырма. Мына кестені дәптерге жазып алып, онда өсіп-өну ағзаларының дамуындағы бейтарап сатыға, жыныс диморфизмінің білінуіне тән белгілерді қажетті бағанға + немесе – қою қажет.
Белгілер
|
+
|
-
|
Бастама бүйректің ортаңғы бетінде сір қабығы қалыңдайды, онда гоноциттер жиналады
|
|
|
Жыныс безі бастамаларына гоноциттер, ұрықтық эпителийлер терең батады, онда жасушалар тәжі құралады
|
|
|
Жыныс безі бастамаларына гоноциттер, ұрықтық эпителийлер терең батады, онда жұмыртқасы бар шар түзіледі.
|
|
|
Вольф денешігінің бөлігі жыныс жолына айналады
|
|
|
Жыныс жолының қалыптасу көзі тек мюллеров өзегі болады
|
|
|
Жыныс жолының қалыптасу көзі вольф өзегі болады
|
|
|
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
-
Ұрықтың иректi өзекшесiнiң қабырғалары құрамын ата.
-
Лейдиг жасушасының құрылысы, ол қандай гормон бөледi?
-
Ен қосалқысындағы барлық өзекшелердi атап, әкетүшi өзекшелерден тiк өзекшелер қандай белгiлерiмен ерекшелелетiнiн түсiндiр.
-
Көлденең кесiндiдегi ен сағағын қандай белгiлерiне қарап, препаратта анықтауға болады?
-
Еркек малдардың барлық қосымша бездерiн атап, олардың маңызын сипатта.
-
Еннiң құрылысы қандай?
-
Үрпi құрылысын түсiндiр.
2 тақырып. Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқалық.
Мақсаты: Ұрғашы малдар өсіп-өну ағзаларының құрылысын микроскопта анықтап, жұмыртқалық, ондағы түрлі көпіршіктер құрылымының ерекшеліктерін және сары тін, бітеуөзек құрылыстарын байқап, меңгеру.
1 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып алып, жұмыртқалық және басқа ағзалар құрылымдарының ұрықтық даму көзіне “+” белгісін қою керек.
Жасушалар, ағзалар
|
Ұрықтық эпителий
|
Парамезо нефр.өзек
|
Мезен хима
|
Гоно бласт
|
Зәржыныс қойнауы
|
Жұмыртқалықтағы овоциттер
|
|
|
|
|
|
Жұмыртқалықтағы фолликулалық эпителий
|
|
|
|
|
|
Жұмыртқалықтағы аралық жасушалар
|
|
|
|
|
|
Жұмыртқаклетка жолы
|
|
|
|
|
|
Жатыр
|
|
|
|
|
|
Қынап
|
|
|
|
|
|
2 тапсырма. Мысық жұмыртқалығы препаратын қарап, оны дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-жамылғы эпителий, 2-ақ қабық, 3-қыртысты зат ( фолликулалар аймағы), 4-алғашқы, 5-екінші және 6-үшінші (граафов көпіршігі) фолликулалар: а) жұмыртқа дамитын төмпешік, б) түйіршікті аймақ, в) шыны тәрізді қабық, г) ішкі және д) сыртқы қаптамалар, 7-сары тін, 8-бітеуөзек, 9-милық зат (тамырлы аймақ), 10-строма.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
-
Жұмыртқалық неден дамиды?
-
Аналық без үлпершегiнiң қыртысты затын не құрады?
-
Қандай белгiлерiне қарап екiншi фолликуланы алғашқыдан ажыратуға болады?
-
Граафов көпiршiгі қабырғасының құрылысын ата.
-
Сары тін қалай және қашан дамиды?
-
Бітеуөзек (атрезия денешiгi) дегенiмiз не?
-
Аналық без қыртысты затын неге фолликулалы, жұмсақ затын – тамырлы аймақ деп атайды?
-
Аналық жасушалар дамуында қандай сатылардан өтеді?
-
Овуляция дегенімізне?
3 тақырып: Сперматогенез.
Мақсаты: Жыныс жасушаларына тән даму ерекшеліктерін меңгеру. Гаметогенез морфологиясын және биологиялық маңызын зерделеу.
1 тапсырма. Кестеден сперматогенез сызбасы суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-көбею сатысы: а) бастапқы ұрықтар (сперматогонийлер), 2-өсу сатысы: б) 1-ші ретті сперматоцит, 3-пісу (жетілу) сатысы: в) 2-ші ретті сперматоцит, г) сперматидтер, 4-қалыптасу сатысы: д) қалыптасудағы сперматозоидтар. Ен препаратынан иректі ұрық өзекшелерінің қабырғасын көріп, суретін салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-өзек қабығы, 2-сперматогонийлер ядролары, 3-Сертоли жасушаларының ядролары, 4-1-ші және 2-ші ретті сперматоциттер ядролары, 5-сперматидтер ядролары, 6-қалыптасудағы сперматозоидтар.
2 тапсырма. Овогенез бен сперматогенез сызбаларын салыстырып, олардың айырмашылығын айқындау керек. Айырмашылықтарын келесі кестенің қажетті бағанына “+” белгісін қойып, көрсету қажет.
Сперматогенез және овогенез айырмашылықтары
№ реті
|
Белгілері
|
Сперма-тогенез
|
Овоге-нез
|
1
|
Дамуда 4 саты болады
|
|
|
2
|
Дамуда қалыптасу сатысы жоқ
|
|
|
3
|
Бастапқы ұрықтан 4 жетілген жыныс жасушалары пайда болады
|
|
|
4
|
Бастапқы ұрықтан тек 1 жетілген жыныс жасушасы, 3 өзгеру денешіктері түзіледі
|
|
|
5
|
Көбею сатысы туғанға дейін жүреді
|
|
|
6
|
Көбею сатысы туғаннан кейінде жүреді
|
|
|
7
|
Өсу сатысында шағын, ұлғая өсу фазалары болады
|
|
|
8
|
Пісу сатысы көбінесе ұрық безінен тыс өтеді
|
|
|
9
|
Мейоз соңында диплоидты хромосомалар гаплоидты түріне ауысады
|
|
|
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
-
Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?
-
Мейоз дегеніміз не? Ол қай кезде, қай жерде өтеді?
-
Сперматогенез сатыларын ата, оның жетiлу (пiсу) дәуiрiнiң биологиялық мәнi неде екенiн түсiндiр.
-
Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?
-
Сперматогенез қайда өтедi?
Жаттығу тестлері
Төменде көрсетілген әр сұрақ жауабының төрт нұсқасы бар, оның біреуі немесе бірден бірнешеуі дұрыс болуы мүмкін. Таңдаңыз:
А – егерде 1, 2 және 3 сұрақтар дұрыс болса
Б – егерде 1 және 3 сұрақтар дұрыс болса
В – егерде 2 және 4 сұрақтар дұрыс болса
Г - егерде 4 сұрақ дұрыс болса
Д - егерде 1, 2, 3 және 4 сұрақтар дұрыс болса
Сперматогенез:
(1) алғашқы жыныс жасушаларының сперматогонийге нақтылануы жыныстық жетілу басталысымен басталады
(2) сперматогоний сперматозоидқа нақтылануы 120 күнге созылады
(3) пісу сатысында аяқталады
(4) қызу шамасы бұзылып, еннің ұмаға түспеуінде жабылып қалады
Сперматозоидтардың қалыптасу сатысы:
(1) сперматогонийлер арасындағы цитоплазмалық көпір үзіледі
(2) цитоплазма қалдықтары макрофагтармен жібіріленеді
(3) акросома Гольджи кешені қатысуымен құрылады
(4) аксонема актин және миозин жіпшелерінен қалыптасады
Эстрогендер бөлетін жасушаларды көрсетіңіз:
(1) нгипоталамустың ейросекреттіктері
(2) theca interna
(3) аденогипофиздің гонадотроптылары
(4) фолликулярлылар
4 тақырып: Овогенез.
Мақсаты: Жыныс жасушаларына тән даму ерекшеліктерін меңгеру. Овогенез морфологиясын және биологиялық маңызын зерделеу.
1 тапсырма. Кестеден овогенез сызбасын салып алып, белгілеу керек: 1-көбею сатысы: а) овогонийлер, 2- өсу сатысы: б) 1-ші ретті овоцит, 3-пісу сатысы: в) 2-ші ретті овоцит, г) өзгеру денешіктері, д) жұмыртқаклетка.
2 тапсырма. Овогенез бен сперматогенез сызбаларын салыстырып, олардың айырмашылығын айқындау керек. Айырмашылықтарын келесі кестенің қажетті бағанына “+” белгісін қойып, көрсету қажет.
Сперматогенез және овогенез айырмашылықтары
№ реті
|
Белгілері
|
Сперма-тогенез
|
Овоге-нез
|
1
|
Дамуда 4 саты болады
|
|
|
2
|
Дамуда қалыптасу сатысы жоқ
|
|
|
3
|
Бастапқы ұрықтан 4 жетілген жыныс жасушалары пайда болады
|
|
|
4
|
Бастапқы ұрықтан тек 1 жетілген жыныс жасушасы, 3 өзгеру денешіктері түзіледі
|
|
|
5
|
Көбею сатысы туғанға дейін жүреді
|
|
|
6
|
Көбею сатысы туғаннан кейінде жүреді
|
|
|
7
|
Өсу сатысында шағын, ұлғая өсу фазалары болады
|
|
|
8
|
Пісу сатысы көбінесе ұрық безінен тыс өтеді
|
|
|
9
|
Мейоз соңында диплоидты хромосомалар гаплоидты түріне ауысады
|
|
|
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
1. Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?
-
Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?
-
Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?
4. Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?
5. Овогенез өсу сатысының ерекшелігі бар ма?
5 тақырып: Аталық жыныс жасушасының құрылысы.
Мақсаты: Микроскопта аталық жыныс жасушасын, оның құрылым құрам бөліктерін анықтай білу. Жыныс жасушаның дене жасушасынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу.
1 тапсырма. Қошқардың шәует жағындысы препаратынан үлкен ұлғайтқышта көк түске боялған шәуеттерді тауып, бір шәует суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-басы, 2-мойны, 3-құйрығы. Бұл суреттің жанына кестеден шәует құрылысы сызбасын салып алып, мына белгілерді қою қажет: 1-басы: а) ядро, б) Гольджи аппараты бар ұрық қандауыры (акросома), 2-мойны: в) үстіңгі жақ және г) төменгі жақ центриолилер, 3-денесі: д) өзекті жіп, е) оралым жіп, 4-құйрығы.
2 тапсырма. “Ен” препаратын микроскопқа қойып, ондағы ұрықтың иректі өзекшелерінде дамудағы сперматозоидты көріп, зерделеп, суретін салып, мыналарды белгілеу керек:
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
-
Сперматозоидтың қай жерiнде Гольджи аппараты, центриолилер, митохондрийлер орналасады?
-
Сперматозоидтың құрылысы мен қызметiн баяндаңыз.
-
Акросома дегенiмiз не? Оның атқаратын рөлi қандай?
-
Сперматозоид, жұмыртқа жасушаларының дене жасушаларынан айырмашылығы неде?
-
Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты, қайсысында гаплоидты жиынтығы болады?
Жаттығу тестлері
(әр сұрақтан немесе аяқталмаған мақылдаудан соң әріптермен белгіленген жауаптар немесе нақты мақылдаулар болады. Әр мақылдауға сай, бір жауапты (немесе нақты мақылдауды) таңдаңыз (әріпті көрсетіңіз).
Акросома. Дұрыс мақылдауды таңдаңыз:
-
Жарғақты тұрақты қосынды
-
Гольджи кешені туындылары
-
лизосоманың биохимиялық ұқсасы (аналог)
-
протеазалар, липазалар, фосфатазалар сақтайды
Акросомалық реакция:
-
Акросома мен плазмалық жарғақтың сыртқы жарғағының көптеген жерінің қосылуы
-
Сперматозоидтың мөлдір қабықтан өтуін қамтамасыз етеді
-
Сперамтозоидтың мөлдір қабықтағы өз қабылдағышымен алғашқы байланысынан кейін басталады
-
эндоцитоздың бір түрі
Кортикальді түйіршіктердің қызметі қандай?
(А) қоректі заттарды жинайды
(Б) зиготаның бөлшектенуін бастайды
(В) жұмыртқаклеткаға сперматозоид енуін жеңілдетеді
(Г) ұрықтану қабығын құрады
(Д) сперматозоидпен сенімді байланысты қамтамасыз етеді
6 тақырып: Аналық жыныс жасушасының құрылысы. Жұмыртқаклетка.
Мақсаты: Микроскопта аналық жыныс жасушасын, оның құрылым құрам бөліктерін анықтай білу. Жыныс жасушаның дене жасушасынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу.
1 тапсырма. Мысық аналық безі препаратынан кіші ұлғайтқышта бірінші, екінші, үшінші көпіршіктерді (фолликулаларды) тауып, оларды үлкен ұлғайтқышта көріп, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бірінші фолликул, 2-екінші фолликул: а) ұлғая өсудегі овоцит, б) ядро, в) цитоплазма, г) сары уыз түйіршіктері, д) цитолемма, е) мөлдір қабық (оолемма), ж) көп қабатты эпителий, 3-үшінші фолликул: з) жұмыртқа түзуші төмпешік, и) бірінші ретті овоцит, к) ядро, л) цитоплазма, м) сары уыз түйіршіктері, н) қыртысты (кортикальді) қабат, о) цитолемма, п) мөлдір қабық, р) фолликулалы қабық, 4-фолликула қабырғасы: с) фолликулалы эпителий (түйіршікті аймақ), т) шыны тәрізді қабық (қалыңдаған негізгі жарғақ), у) дәнекер ұлпадан тұратын қаптама.
Бақылау есебі:
-
Препаратта әр түрлі даму сатысындағы жұмыртқаклеткасы көрінеді. Оның көлемі ұлғайған сайын, тұрақсыз сары уыз жиналып, ол цитоплазмада біркелкі орналасады. Бұл қандай жұмыртқаклеткасына тән, әрі жануарлардың қай түріне жататынын анықтау керек.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
1.Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгiлерi бойынша олиголецитальді, мезолецитальді, полилецитальді, сондай-ақ изолецитальді және телолецитальді болып бөлiнедi?
2.Жұмыртқа жасушасында плазмолеммадан басқа қандай қосымша қабықтары болады? Олардың атқаратын қызметiн түсiндiр.
3.Сары уыз мөлшерiне байланысты жұмыртқа жасушасы қалай жiктеледi?
Сүтқоректілер жұмыртқаклеткасы мен зиготасы. БҰДАН БАСҚАНЫҢ, бәрі дұрыс:
(А) жұмыртқаклеткасы изолецитальді
(Б) жұмыртқаклеткасы мөлдір қабықпен қоршалған
(В) зигота мөлдір қабықпен қоршалған
(Г) акросомалық реакцияда кортикальді түйіршік ішіндегісі мөлдір қабықты түрлендіреді
(Д) зиготаның бөлшектенуі голобластикалы
Сүтқоректілер жұмыртқаклеткасы қабықтарының дұрыс алмасуын көрсетіңіз:
(А) плазмолемма – мөлдір қабық – сәулелі тәж
(Б) сәулелі тәж – анимальді қабық - плазмолемма
(В) плазмолемма - сәулелі тәж - амнион
(Г) мөлдір қабық – сәулелі тәж - амнион
(Д) плазмолемма - анимальді қабық – мөлдір қабық
Кортикальді түйіршіктердің қызметі қандай?
(А) қоректі заттарды жинайды
(Б) зиготаның бөлшектенуін бастайды
(В) жұмыртқаклеткаға сперматозоид енуін жеңілдетеді
(Г) ұрықтану қабығын құрады
(Д) сперматозоидпен сенімді байланысты қамтамасыз етеді
7 тақырып. Бөлшектену.
Мақсаты: Бөлшектену морфологиясы мен биологиялық маңызын және әр түрлі жануарлардағы бластуланың құрылуын зерделеу. Бөлшектену ерекшеліктерін, бластуланың құрылуын зерделеу.
1 тапсырма. Ұсынылған препараттарды сипаттап, оларды зерделеу тәртібін түсіндіру. “Жұмыр құрт жұмыртқасының бөлшектенуі” препаратын көріп, дәптерге салып алып, белгілеу.
2 тапсырма. “Бақа жұмыртқасының бөлшектенуі” препаратын көріп, құрылысын анықтап, оны білгеннен кейін оқу дәптеріне бейнесін салып алып, оларды белгілеп, жақсы меңгеріп алған жөн.
3 тапсырма. Мына жұмыртқаклеткаларының бөлшектену түрлерін дәптерге салып алып: 1-толық біркелкі; 2-толық біркелкі емес; 3-толық емес беткі; 4-жартылай дискоидальдіні белгілеп, қайсысы қандай жануарда болатынын түсіндіру керек.
4 тапсырма. Мына суретті: 1-морула; 2-целобластула; 3-амфибластула; 4-дискобластула; 5-стерробластула; 6-перибластула; 7-плакулаларды дәптерге салып алып, мұндай бластула түрі қандай жануарға тән екенін көрсет.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
1. Бөлшектенудің жалпы сипаттамасы, оның биологиялық маңызы неде?
2. Бөлшектену түрлері, оның жұмыртқа құрылымына байланыстылығы неде?
3. Бластула түзілуінің жалпы сипаттамасы, оның биологиялық мәні неде?
4. Қандай бластула түрлерін білесіз?
5. Бөлшектенуде, бластула түзілуінде жасушалардың ерекшеліктері бар ма?
6. Бластомерлерді бөліп алудағы, оны алмастыруда, ядролардың белсенділігін жоюда ядро мен цитоплазманың рөлі қандай?
8 тақырып. Гаструляция.
Мақсаты: Гаструла түзілуінің маңызын, тәсілдерін, ерекшеліктерін, оның қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. “Бақа гаструласы” препаратын көріп, бейнелерін дәптерге салып алып, белгілеу керек.
2 тапсырма. “Алғашқы жолақ” препаратын мұқият қарап, ұрық жапырақшаларын ажыратып, бейнелерін дәптерге салып алып, белгілеу керек.
3 тапсырма. Түрлі-түсті суреттерді ықыласпен қарап, ерекшеліктерін көріп, дәптерге салып алып, белгілеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |