Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Түр­кі­стан­дық­тар­дың­ ішкі бір­лі­гін­ ны­ғайт­у



бет14/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

5.2 Түр­кі­стан­дық­тар­дың­ ішкі бір­лі­гін­ ны­ғайт­у

Тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­тің қоз­ғаушы күш­те­рін­ ай­қын­дау М. Шо­қай­дан­ дүниежүзі елдері­нің,­ әсіресе, қа­зақ­, өз­бек­, тү­рік­мен, қыр­ғыз, тә­жік­, кав­каз халық­тары­ның­ тари­хын­ же­тік­ білуді, о­лар­дың а­зат­тық жо­лын­дағы кү­ш-жіге­рін­, халықара­лық­ қаты­нас­тарды жан­-жақ­ты қорытуды та­лап­ етеді. Әсіресе, ол қазақ­, өз­бек­ ха­лық­тары­ның­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы тари­хын­, Түр­кі­стан Мұхтарияты мен­ Ала­шор­да автономиясы­ның­ жеңілу се­беп­те­рін­ пай­ымдауға үл­кен­ мән­ береді. “1917 жыл­ туралы есте­лік­тер­ден­ ү­зін­ді­лер­” кіта­бын­да Мұстафа: “Өзі­міз­дің қа­раң­ғылығы­мыз­дан қоюлана түс­кен бір­неше жыл­дар бойғы Ре­сей­ о­тар­лық жүйесі­нің­ қапасы­нан­ кейін біз­дер дұ­рыс­ ба­ғыт­ты таң­дай ал­дық­. Арт­та қал­ғандығы­мыз­ бізді о­рыс­ революция­лық­ де­мок­ратиясы жа­ғын­да болуға мәж­бүр­ле­ді. Бас­қа­лар­ (мүм­кін, о­лар­ көп­ші­лік­ті құра­ған­ да се­кіл­ді) саяси кү­рес­тің табысты болуы ү­шін­... ғиба­дат­ қылу жет­кі­лік­ті деп­ ойлады. Бұ­л екі ба­ғыт­ та қате­лік­ еді” [1] деп­ жазады Түр­кі­стан автономия­сын­ боль­ше­вик­тер­дің­ тал­қандауы­нан­ он то­ғыз­ жыл­ өт­кен­нен кейін. М. Шо­қай­дың­ өзі де қатысты­ бірін­ші топ­тың қателігі Ре­сей­дің­ шет­ ай­мақ­тары ұлт­тық­ ин­тел­ли­ген­циясы­ның­ ба­сым көп­шілігіне тән­ бола­тын­. Мысалы, 1917 жыл­дың ма­мыр­ айында өт­кен­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ мұ­сыл­ман­дар­ съезіне қа­тыс­қан деле­гат­тар­дың­ көп­шілі­гі­ федералис­тер бол­ды.

Федерация құра­мын­да ө­мір­ сүруге ұмтылушы­лық­ о­рыс­ де­мок­ратиясына, со­ның­ і­шін­де о­рыс­ революция­лық­ де­мок­ратиясына се­нім­ біл­діру­ден­ еді. “Соңғы саяси а­ғым­ға ба­ғыт­ ұстаушы­лық­ өз күші­міз­бен о­рыс­ империа­лиз­мі­нің­ тыр­нағы­нан­ құты­лып­ шы­ғып­, өзі­міз­дің ұлт­тық­-мем­ле­кет­тік ошағы­мыз­ды құрудың­ мүм­кін е­мес­тігіне бай­ла­ныс­ты еді” дей­ді Мұс­тафа. А­лай­да жеке ұлттық-мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың­ қыс­қа уа­қыт­ ө­мір­ сүру тә­жір­ибесі, бір­ жағы­нан­, о­рыс­ революция­лық­ де­мок­ратиясына жап­пай се­нім­ көр­сету­дің­ негізсізді­гін­, е­кін­ші жағы­нан­, шет­ ай­мақ­тар­дың­ жеке-жеке және өз күшіне сеніп­ Ресей­дің­ ті­міс­кі­лік­ әре­кет­тері­нен­ қор­ғана ал­майт­ын­ды­ғын­ дә­лел­деп береді. Бұ­л жағ­дай­дан­ Мұс­тафа Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ жаңа ке­зең­дегі даму бағыт­тары мен­ о­ның­ о­дақ­таста­рын­ ай­қын­дау жө­нін­де тиісті қорытындылар­ жасай­ды. Ең алды­мен­ Мұс­тафа тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­те өз халқы­ның­ тағ­ды­рын­ К­рем­льге қыз­мет ету арқылы ман­сапқа жету­ден­ ар­тық­ көре­тін­, өз тілі, ә­дет­-ғұр­пы ү­шін­ қам­ жейт­ін­ ұлт­тық­ ком­му­нис­тер­дің­ бас­ты тірек­ бола­тын­дығы туралы ст­ратегия­лық­ ой-пі­кір­ түйін­дей­ді. Ке­ңес­ бас­па материалдарына тал­дау жа­сар­да ол негізі­нен­ осы­ тұжыры­мдамасын­ не­гіз­деуге қа­жет­ті мағ­лұ­мат­тарға көп­ кө­ңіл­ бөледі. О­ның­ “Казах­станс­кая п­рав­да”, “Социалис­тік Қазақ­стан­” га­зет­тері­нен­ “Рас­тут­ сталинс­кие кад­ры” (1936, 16 қараша), “Рос­т населе­ния горо­дов­ Казах­стана” (1936, 1 жел­тоқ­сан­), “Алашордынс­кие пос­ледыши ра­зоб­лачены” (1936, 28 жел­тоқ­сан­), “Клу­бок­ чудо­вищ­ных п­рес­тупле­ний­” (1937, 29 қаң­тар), “Конс­титуция Каз­ССР” (1937, 9 ақ­пан­), “За бор­том школы” (1937, 11 қыр­күйек), “До кон­ца вы­кор­че­вать­ вражес­кую а­ген­туру в ком­сомоле” (1937, 15 қыр­күйек), “Вы­кор­че­вать­ национал­-фашистс­кую м­разь­ из Союза писате­лей­ Казах­стана” (1937, 16 қыркүйек), “Нацио­нал­-фашист­ская бан­да в Бес­карагае у­нич­тожена” (1937, 6 қазан­), “До кон­ца ра­зоб­ла­чить­ вра­жес­кую бан­ду” (1938, 24 ма­мыр­), “Интернатта” (1936, 16 қараша), “Боль­ше­вик­тік пропа­ган­да пар­тия­ның­ идея бір­лігі­нің­ негізі” (1936, 23 қараша), “Т­вор­чество­лық­ өсу ха­қын­да” (1937, 1 наурыз­), “Мағ­жан­ның обыва­тел­ді өсегі” (1937, 24 та­мыз­) деген секілді материалдарды өз қолы­мен­ қиып не жа­зып а­лып­ жеке мұраға­тын­да сақ­тап келуі [2] осы­ның­ дәлелі е­кен­дігі анық. Әсіресе, ол өз­бек­, қа­зақ­ және бас­қа да республика­лар­дағы о­рын­ а­лып­ о­тыр­ған саяси қу­ғын­-сүр­гін жө­нін­дегі материалдар­ды тү­гел­ге жуық конс­пек­ті­лей­ді. Мұс­тафа о­лар­дағы ең ма­ңыз­ды кө­рін­ген пі­кір­лерге ғана тоқ­талады. Мысалы, “Вы­кор­че­вать­ нацио­нал­-фашистскую м­разь­ из Союза писате­лей­ Казах­стана” де­ген­ мақала­дан­ мына жол­дар ғана о­ның­ қаламына ілігеді:

“Бан­дит­ Тог­жа­нов­

Нацио­нал­ – фашист­кий­ ла­зут­чик Жан­сугу­ров­

Тати­мов­ – в­раг­ народа

А­сыл­бе­ков­ – нацио­нал­-фа­шис­т

Ауэ­зов­ – конт­рреволюцион­ный­ национа­лис­т” [2].

“Г­нилая позиция Южно-Казах­стан­кого обкома КП(б)К” де­ген­ мақала­дан­: “Оң­түс­тік Қазақ­стан­ның об­лыс­тық ұйымдары бас­шылы­ғын­да ұ­зақ­ уа­қыт­ бой­ы Күле­тов­, Бө­кей­ха­нов­, Кем­баев, Слу­чак­ және т. б. қас­кү­нем­ ха­лық­ жаулары жұмыс­ іс­теп­ кел­ді” де­ген­ сөй­лем­ді ғана жа­зып­ алады. М. Шо­қай­дың­ конспектіле­рін­де пар­тия ұйымдары­ның­ жина­лыс­та­рын­да ат қой­ып, ай­дар­ тағыл­ған, ату жазасына ке­сіл­ген, түр­меге о­тыр­ғы­зыл­ған бас­қа да қа­зақ­ зиялылары­ның­ е­сім­дері ұшырасады. “Ұлт­шыл­-фа­шис­тер” тізіміне С. Асфендия­ров­тың, Ғ. Мүсіре­пов­, Б. Май­лин­, Н. Манаев­тың­ і­лік­ке­нін­, о­лар­ға қан­дай айып­тар­ та­ғыл­ға­нын­ қа­ғаз­ бетіне түсіреді. Қа­зақ­ а­қын­-жазушыла­рын­ жап­пай қу­ғын­дау­дың­ аста­рын­да не жат­қа­нын­ ұғыну мақ­саты­мен­ кей­бір­ материал­дар­дың маз­мұнына жіті кө­ңіл­ бөледі. Осы мақ­сатта ол 1937 жыл­дың 5 қаза­нын­да “Казах­стан­с­кая п­рав­да” газе­тін­де жария­лан­ған “Жазушы­лар­ одағында” атты мақала­дан­ мына жол­дарды көші­ріп­ алады: “Қазақ­стан­ Жазушы­лар­ одағы­ның­ пар­тия ұйымы Сә­бит­ Мұқа­нов­ты пар­тия қатары­нан­ шығарады және О­дақ­ бас­қармасы­ның­ төрағалығы­нан­ босату жө­нін­де мәселе қой­ды. С. Мұқа­нов­ – біз­дің жаулары­мыз­дың досы, оңба­ған­ фа­шис­тік тыңшылар­ Сей­фул­лин мен­ Жан­сүгі­ров­тің тура дем­ берушісі. С. Мұқа­нов­тың бар­лық шы­ғар­машылығы бур­жуазия­лық­-ұлт­тық­ көз­қа­рас­тарды наси­хат­тайт­ын­ (“Бай­ баласы”, “ХХ ға­сыр­дағы қа­зақ­ әдебиеті”, “Те­мір­тас”, “Жұм­бақ­ жалау” деген­ біт­пе­ген­ романы және бас­қа да шы­ғар­малары) тұ­тас­тай Ала­ш­-ор­да идеясы­мақ­тары­ның­ конт­ра­бан­дасы” [3].

Қазақ­стан­ об­лыс­тары бой­ынша да қу­ғын­-сүр­гінге түс­кен ұлт­тық­ интеллиген­ция ө­кіл­дері­нің­ е­сім­дері е­сеп­ке а­лын­ды [4]. 1938 жыл­дан бас­тап М. Шо­қай­ ке­ңес­ бас­па­сөз­де­рін­дегі ұлт­тық­ ком­му­нис­терге қа­тыс­ты материалдар­ды ма­шин­каға ба­сып­ а­лып­ оты­рады. О­лар­дың і­шін­де М. Шоқайдың­ мұраға­тын­да “Алматы обкомы­ның­ ІV плену­мын­да сөй­ле­ген­ сөзінен­”, “Из­вес­тия”, “П­рав­да” га­зет­те­рін­дегі мақала­лар­дан а­лын­ған материалдар­ ұшырасады [5]. Мұс­тафа­ның­ назары­нан­ қа­зақ­ кадр­лары­ның­ басқару істеріне, ауылшаруашылығы, ө­нер­кә­сіп­, бі­лім­-ғы­лым­ салаларына қатысуы туралы материал­дар­ да тыс­ қал­майды. О­лар­ М. Шо­қай­дың­ 1936–1938 жыл­дары “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­да жа­рық­ көр­ген “Ке­ңес­ Одағы­ның­ не­гіз­гі заңы төңіре­гін­де”, “Ком­со­мол­ қата­рын­да”, “Ке­ңес­тер Ода­ғын­дағы ұлт­тық­ мемле­кет­ мәселесі”, “Ке­ңес­ ста­тис­тикасы­ның­ өті­рік­тері”, “Ста­лин­ социа­лиз­мі – тонаушы­лық­ты қам­тама­сыз­ ете­тін­ жүйе” де­ген­ ең­бек­тері­нің­ де­рек­тік негі­зін­ құрай­ды және ұлт­тық­ ком­му­нис­тер жө­нін­дегі пай­ымдаулары­ның­ көк­жие­гін­ кеңітеді. Мұс­тафа­ның­ мұ­нан­ бұрыны­рақ­ (1917 ж.) Таш­кент­те оқуда жүр­ген туыс­тас­ інісі Б. Дабы­лов­тан С. Сей­фул­лин­нің­ “Тар­ жол­, тай­ғақ­ кешу” романын­, Т. Рыс­құ­лов­тың “Революция және Түр­кі­стан­ның­ жер­гі­лік­ті хал­қы” кіта­бын­ сұратуы [6] елдегі ұлт­тық­ ком­му­нис­терге ү­міт­ арту мүм­кіндігі жөніндегі мәселені зерт­теуге қа­тыс­ты бола­тын­. М. Шо­қай­ Ке­ңес­ Ода­ғын­да жер­гі­лік­ті ұлт же­тек­шілеріне “ұлт­шыл­ ком­му­нис­тер” (“нацио­нал­-коммунисты”) деп­ айып тағылуын және осы не­гіз­де о­лар­дың жап­пай қу­ғын­далуын өз тұжырымдамасы­ның­ дұ­рыс­тығына дә­лел­ ре­тін­де ұсынады. Ол ұлттық­ ком­му­нис­тер мен­ мәс­кеу­лік­тер ара­сын­дағы би­лік­ ү­шін­ кү­рес­тің айналып­ кел­генде Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ құқығы ү­шін­ кү­рес­ке айналатынына сенеді. Мұс­тафа рес­публикадағы жер­гі­лік­ті пар­тия ұйымдары­ның­ сырт­қы Мәскеу билігіне қар­сы кү­рес­ке ара­лас­пайынша, ұлт­тық­ тәуел­сіз­дікке де­ген­ ұмты­лыс­та алға жыл­жушы­лық­тың бол­майт­ы­нын­ көре­ген­дік­пен­ бол­жай біледі. Сол­ се­беп­ті ол “ұлт­шыл­ ауытқушы­ларды” (“нацио­нал­-укло­нис­ты”) о­дақ­тас­тар­ ­деп е­мес­, тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­тің қоз­ғаушы күш­тері­нің­ бірі деп қа­рас­тырады.

1929 жыл­дың 5 сәуі­рін­де В. Даб­ровс­кий­ге жаз­ған ха­тын­да М. Шо­қай­ осы мәселе жө­нін­де бір­неше мы­сал кел­ті­ріп­, Ке­ңес­ өкіметі саясаты­ның­ қыр­-сы­рын­ кей­бір­ ком­му­нис­тер­дің­ түсіне бас­таға­нын­ айт­ады. Со­лар­дың бірі Түр­кі­стан ОАК-нің­ төрағасы И. Қы­дыр-Алиев е­кен­ді­гін­, о­ның­ ө­лер­ ал­дын­да Ке­ңес­ өкіметі­нің­ билеу саясатына, қо­ныс­ аударушы­лық­ және шаруа­лар­ды қанаушылық­ шараларына наразы­лық­ біл­дір­ген­ (7] жаз­баларына тоқ­талады. М. Шо­қай­ “Из­вес­тия” газеті­нен­ өз­бек­ қай­рат­кері­нің­ БОАК-нің­ ІІІ сес­сия­сын­да жаса­ған­ баяндама­сын­ іжда­ғат­ты түр­де о­қып­ шы­ғып­, ондағы ал­ғаш­қы кез­де өлкедегі өкі­мет­ билігі­нің­ то­лық­тай о­рыс­тар­дың­ қо­лын­да бол­ғандығы, өлке халқы­ның­ 5 мл­н 200 мың­ а­дам­ға дейін азайғаны, бү­кіл­ Түр­кі­стан Республикасын­да алты жыл­ бой­ы жер­гі­лік­ті тіл­де баса­тын­ екі-ақ ма­шин­ка­ның­ бол­ғаны, 170 ха­лық­ соты­ның­, о­сын­ша Шариғат соты­ның­ бар­лығы се­кіл­ді сөйлем­дер­дің­ ас­тын­ сызады [8]. Мұ­нан­ М. Шо­қай­ жер­гі­лік­ті ком­му­нис­тер­ Кеңес­ өкіметі­нің­ саяса­тын­ жан­-тәні­мен­ қа­был­даған жоқ деген тұжы­рым­ жасайды. Кейін социа­лиз­м идеялары­ның­ жер­гі­лік­ті ха­лық­тың ең­бек­ші бұқарасы ара­сын­да қол­дау таба бас­тауына бай­ла­ныс­ты Ке­ңес­ өкіметі қызметіндегі зиялы­лар­ ал­дын­да бұ­л құбы­лыс­ты ұлт­тық­ мүд­де­лер­мен ұштастыру мін­деті тұрады. Жал­пы ал­ған­да “ұлт­тық­ социа­лиз­м” немесе “ұлт­тық­ ком­му­низ­м” идеясы 1918 жыл­ғы қаң­тар айында В. Ле­нин­нің Таш­кен­т коммунис­теріне жол­дауы­нан­, сол­ ке­зең­дегі М. Сұл­тан­ғалиев­тің­ ең­бек­тері­нен­ бас­тау а­лып­, Т. Рыс­құ­лов­тың 1920 жылы 17–20 қаң­тар күндері Түр­кі­стан Комму­нис­тік пар­тиясы­ның­ V кон­фе­рен­циясы мен­ Мұ­сыл­ман Бюросы­ның­ төтен­ше ІІІ конфе­рен­ция­сын­да жаса­ған­ баяндамасына ба­рып­ ұласады. Социализ­м идеяла­рын­ ұлт­тық­ мүд­де­лер­ге бейімдеуді мақ­сат тұт­қан мұн­дай ірі қа­дам­ға баруына дейін Т. Рыс­құ­лов­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы же­тек­шілері­мен­ бірде а­шық­, бір­де жасы­рын­ жағ­дайда іс­тес­ бол­ғанға ұқ­сай­ды. О­ның­ 1919 жылы Таш­кен­т қала­сын­да Мүнәуар Қари­дің­ бас­шылығы­мен­ құ­рыл­ған “Итти­хад­ ва тарак­ки” атты жасы­рын­ ұйымға қатысы бол­ғандығы жө­нін­де А.-З. Валиди­дің­ “Есте­лік­те­рін­де” айт­ылады. Ұйым же­тек­шілері­нің­ бірі Түр­кі­стан автономиясы тұ­сын­да М. Шо­қай­мен­ бір­ге тізе қоса кү­рес­кен кав­каз­дық­ Э­мин­ Э­фен­дизаде боль­ше­вик­тік би­лік­ ор­нық­қа­ннан­ кейін Т. Рыс­құ­лов­ бас­қар­ған­ Мұ­сыл­ман бюросы­ның­ құра­мын­да о­рын­ тебеді [9].

А.-З. Валиди­дің­ айт­уына қара­ған­да, ұйым же­тек­шілеріне, ұлт­тық­ ниеттегі тұл­ға­лар­ға Т. Рыс­құ­лов­ ас­тыр­тын кө­мек­ көр­се­тіп­ оты­рады. “Тұ­рар­ Рыс­құ­лов­ты көре ал­майт­ын­быз. Өйт­кені оны үкі­мет­ мұқият қадаға­лайт­ын­ еді. Де­ген­мен Дін­ше (Әді­лов­. – К. Е.) сияқты се­нім­ді а­дам­дары арқылы ол біз­ге ха­бар­ жібе­ріп­, тап­сырма бе­ріп­ отыра­тын­ еді” дей­ді ол. А.-З. Валиди­дің­ айт­уынша, келесі бір­ “Шы­ғыс­ социа­лиз­м пар­тиясы” де­ген­ жасы­рын­ ұйым­ның­ құрылуы да жаңа жағдайға бай­ла­ныс­ты жұ­мыс­ тә­сіл­де­рін­ өз­гер­ту­ден­, “ұлт­тық­ социа­лиз­м” ұстанымына ұйым­дық­ си­пат­ беру қа­жет­тілігі­нен­ туын­дай­ды. 1919 жылы 24 мамыр­да Таш­кен­т қала­сын­да құ­рыл­ған “Түр­кі­стан жұм­хуриеті мұ­сыл­ман иштракиюн” пар­тиясы да “ұлт­тық­ социа­лиз­м” идея­сын­ жүзеге асыруға атсалысады. “Бір­неше күн­нен кейін Мұ­сыл­ман бюросы “Ишт­ракиюн” газе­тін­ қайт­а құ­рып­, өз қарамағына алу туралы ұсы­ныс­ көтереді. Уа­қыт­ өте келе “Иштракиюн” газеті Түр­кі­стан ұлт­шыл­дары­ның­ топ­тас­қан­ басылымына айналады” [10]. Социа­лиз­м идеяла­рын­ о­тар­лық мақ­сат-мүд­делері тұр­ғысы­нан­ пай­далануға ұм­тыл­ған К­рем­ль­дің­ жос­парына қар­сы кү­рес­те Т. Рыс­құ­лов­ басқар­ған­ Мұ­сыл­ман бюросы үл­кен­ саяси күш­ке айналады және ол “ұлт­тық­ социа­лиз­м” идеясы­ның­ құры­лым­дық көрінісі іс­пет­тес болады. М. Шо­қай­ социа­лис­тік құры­лыс­тың Түр­кі­стандағы жер­гі­лік­ті ха­лық­тың мәде­ние­тін­, тілі мен­ ә­дет­-ғұр­пын еске ала оты­рып­ жүзеге асырылуы жө­нін­дегі мәселеге бір­ден кө­ңіл­ бө­ліп­, осы идея­лық­ ба­ғыт­тағы қай­рат­кер­лер­дің ең­бек­тері­мен­ таны­сып­ шығады [11]. Г. Сафа­ров­тың 1922 жылы 20 ма­мыр­да “П­рав­да” газе­тін­де жариялан­ған “Соны­мен­ о­тар­шыл­дық­ дегені­міз­ не?” де­ген­ мақала­сын­ конспектілеп­, “Пролетариат дик­татурасы­ның­ мін­детте­рін­ бір­жақты түсінуші­лік­ шет­ ай­мақ­тарда о­тар­шыл­дық­ ауытқушы­лық­қа а­лып­ келеді” де­ген­ сөй­лемі­нің­ жанына о­ның­ ав­тор­дың бар­лық ең­бек­теріне э­пиг­раф бола ала­тын­ды­ғын­ [12] жа­зып­ қояды. Осы­ған­ қара­ған­да М. Шо­қай­ Г. Сафа­ров­тың бас­қа да ең­бек­те­рін­, о­лар­дың і­шін­де 1921 жылы Мәс­кеуде жа­рық­ көр­ген “О­тар­лық революция” атты кітабын­ о­қып­ шық­қан болуы ке­рек­. Мұс­тафа өз шы­ғар­ма­сын­да М. Сұлтанғалиев­тің­ пролетариат дик­татурасы­ның­ ұлт­тық­ шет­ ай­мақ­тарда отарлық си­пат­ ал­ған­дығы, со­ның­ сал­дары­нан­ қа­зақ­тар­дың­ қыр­ғынға ұшырағандығы туралы пі­кір­леріне бір­неше рет­ сіл­теме жа­сай­ды.



М. Шо­қай­дың­ ұлт­тық­ ком­му­нис­тер­дің­ іші­нен­ бір­шама на­зар­ ау­дар­ған адам­дары­ның­ бірі Т. Рыс­құ­лов­ бола­тын­. О­ның­ Түр­кі­стан Ком­пар­тиясын “Тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ком­му­нис­тік пар­тиясы”, ал Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы­н “Тү­рік­ Кеңес­ Рес­пуб­ликасы” деп­ атау­ды және о­ның­ құрамына тү­рік­ ха­лық­тары мекенде­ген­ ө­ңір­лерді қосуды, осы­ған­ о­рай­ жаңа конс­титуция қа­был­дауды ұсын­ғаны бел­гілі. Бас­қаша сөз­бен айт­қанда, Т. Рыс­құ­лов­ орта­лық­ би­лік­тің ұстаным­дарына қар­сы шығады, тү­рік­ ха­лық­тары мен­ жер­лері­нің­ тұ­тас­ты­ғын­ олар­дың бі­рік­кен күш­тері арқылы ғана сақ­тауға бола­тын­дығы, о­тар­лық үстемдікке қар­сы тұра ала­тын­дығы жө­нін­дегі идеяны жүзеге асыруға тырысады. Т. Рыс­құ­лов­тың Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­ді­гін­ қамтамасыз­ етуге бағытталған­ бұ­л қадамы­ның­ М. Сұл­тан­ғалиев­тің­ пі­кір­лері­мен­ са­бақ­та­сып­ жатқаны көрінеді. РК(б)П Орта­лық­ Комитеті­нің­ ІV кеңе­сін­де И. Ста­лин­нің Т. Рыс­­құ­лов­ты М. Сұл­тан­ғалиев­пен­ идея­лық­ бай­ла­ныс­та деуінде не­гіз­ бар­ бола­тын­. Т. Рыс­құ­лов­тың 1920 жылы М. Шо­қай­ды Шы­ғыс­ халық­тары­ның­ Бакудегі съезіне шақы­рып­, о­сын­да бас­ қо­сып­, о­ған­ бас­шы­лық­ етуді сұрауы да ұл­тын­ сүйге­н тұл­ға­ның­ саяси мақ­саттары­нан­ туындағаны бел­гілі. Кейін М. Шоқай­ Тұ­рар­дың “Тү­рік­ Ке­ңес­ Рес­пуб­лика­сын­” құру жө­нін­дегі ұсыны­сын­ Түркі­стан­ның­ тәуел­сіз­дігі жо­лын­да жа­сал­ған әре­кет­ ­деп баға­лай­ды. М. Шо­қай­ Түр­кі­стан­ның­ тәуел­сіз­дігі тұжырымдамасы шең­бе­рін­де ұлт­тық­ ком­му­нис­тер­дің­ ірі-ірі ө­кіл­дері­нің­ біразына баға бе­ріп­, о­лар­дың көз­-қарас­тары эволюциясына, а­зат­тық қоз­ғалы­сын­дағы ат­қар­ған қыз­метіне тоқталады. О­лар­дың і­шін­дегі таны­мал­ тұл­ға, “жас­бұ­хар­лық­тар­” қоз­ғалысы ұлттық­ бағ­дарламасы­ның­ негі­зін­ қалаушы­лар­дың бірі Фай­зул­ла Қожаевты боль­ше­вик­терге се­нім­ біл­діргені ү­шін­ сын­ға а­лып­, а­лай­да о­ның­ “жү­з пай­ыз, тіп­ті елу пай­ызға дейін де ком­му­нис­т бола алмағаны, бола да ал­майт­ын­дығы”, бі­рақ­ ке­ңес­ дик­татурасы жүйесі­нен­ шыға ал­май­ қал­ғандығы туралы жазады. Өзбек­стан­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ төрағасы Ф. Қожаев се­кіл­ді, Өзбекстан­ ком­пар­тиясы Орта­лық­ комитеті­нің­ хат­шысы Ак­мал­ Икра­мов­ та 1938 жылы сот­қа тар­ты­лып­, ату жазасына кесіледі. Сот­ проце­сін­де о­ның­ “Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы іс-әреке­тін­ мой­ындауы” шын­дыққа жат­са да, жат­паса да, өз хал­қы­мен­ туыс­тық­ байланыстағы, о­ның­ ұлт­тық­ мұ­рат­тары­мен­ аз да бол­са таныс­ және ке­ңес­ шынды­ғын­ ұға ала­тын­ түр­кі­стан­дық ре­тін­де ол өз жаны­ның­ тере­ңін­де о­рыс­ пролетариаты­ның­ үс­тем­дігі­мен­ келісе ал­май­ды; “Ак­мал­ ке­ңес­ке іш­тей­ қар­сы бол­ды, бі­рақ­ көз­ге Мәс­кеуге бағы­ныш­ты­лық­ пен­ бе­ріл­ген­дік­ таныт­ты” дей­ді М. Шо­қай­. 1923 жыл­дың 9–12 мау­сымы­ аралы­ғын­да ұлт­тық­ рес­публика­лар­ мен­ об­лыс­тар­дың­ жауапты қыз­мет­кер­лері­нің­ шақырылуы­мен­ өт­кен­ РК(б)П ОК-нің­ ІV кеңе­сін­де А. Икра­мов­, Т. Рыс­құ­лов­ және С. Қожа­нов­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Түркістандағы саясатына қар­сы шығады. Мұс­тафа өзі­нің­ түр­кі­стан­дық те­гін­ және елі­нің­ ұлт­тық­ мұ­рат­та­рын­ ұмыта алмаушы­лық­ Ак­мал­ мен­ Фай­зул­ланы астыр­тын іс­тер­ге, ал ол өз тара­пын­ан “ұлт­тық­ контрреволюцияға” жетеледі, олар­дың “ісі­нің­” мәні о­сын­да деп­ көр­сетеді. Ұлттық­ ком­му­нис­тер­дің­ іші­нен­ Мұс­тафа С. Ас­фен­дия­ров­тың есі­мін­ үл­кен­ ілтипат­пен а­тай­ды. Ол Сан­жар­мен Пе­тер­бург­те оқуға бар­ған кезі­нен­ дос­тық қарым­-қаты­нас­та болады, соң­ғы рет­ Сан­жар­мен 1918 жыл­ғы қаң­тар­дың­ бас­ кезін­де Қо­қан­да өт­кен­ Түр­кі­стан диқандары мен­ жұ­мыс­шылары­ның­ съе­зін­де жүздеседі. А­лай­да 1917 жыл­ғы Қазан­ төң­кері­сін­ шын­ жүрегі­мен­ қа­был­да­ған­ С. Ас­фен­дия­ров­ түркістандықтардың ұлт­тық­ қоз­ғалысына қа­тыс­пайды.

М. Шо­қай­ Сан­жар­дың қасіреті “ха­лық­тан революцияға” бар­ғанды­ғын­да е­мес­, кері­сін­ше революция­дан­ ха­лық­қа баруға тырысуында дей­ді. Сая­сат­тан кетіп­, ғылыми жұ­мыс­пен айналысуы Сан­жар­ды құт­қара ал­май­ды, К­рем­ль оны Түр­кі­стан­ құр­бандары­ның­ тізіміне і­лік­тіруге і­лік­ табады. Стали­нис­тер­дің­ кешіре алма­ған­ бас­ты қателігі Сан­жар­дың қа­зақ­ ұлты­ның­ қа­лып­тасу процесі­нің­ ХVІ ға­сыр­дан бас­талға­нын­ дә­лел­деуге тырысуы және осы тұжырымдама бойынша қа­зақ­тар­дың­ бө­лек­ ұлт ре­тін­де шо­ғыр­лануы­ның­ о­рыс­ пролетариатының­ дик­татурасы ке­зін­де де аяқ­тал­ғандығы­ның­ а­нық­ кө­рін­беуі деп­ жазады Мұс­тафа. Бұ­л жағ­дай стали­нис­тер тарапы­нан­ “ұлт­тық­ межелеу” саясатына қар­сы­лық­ ре­тін­де танылады [13].

Кей­бір­ дере­ккөз­де­рін­де ке­зін­де Сан­жар­дың “Шуро-и-Исламия” ұйымында мүше бол­ғандығы [14] туралы да айт­ылады.

Елдегі қо­ғам­дық-саяси өзге­ріс­терді жіті қадаға­лап­ о­тыр­ған М. Шо­қай­ боль­ше­вик­тер пар­тиясы қатарына өткені­мен­ өздері­нің­ ұлт­тық­ па­рыз­да­рын­ ұмыт­па­ған­ қай­рат­кер­лер­ жө­нін­де тәуел­сіз­дік болаша­ғын­ осы тә­різ­дес а­дам­дар ай­қын­дайды деп­ біледі: “Сма­ғұ­л Сәдуа­қас­, Қожанұлы Сұл­тан­бек және С. Меңдешұлы ке­ңес­ дәуірі орна­ған­ кез­де ке­ңес­ өкіме­тін­ бір­ден жақ­тап шық­қан а­дам­дар бола­тын­. Бі­рақ­ о­лар­, өт­кен­ тәжірибелері көр­се­тіп­ о­тыр­ған­дай­, ке­ңес­ өкіметіне тек­ қара басы­ның­ қамы ү­шін­ қыз­мет етпеге­нін­ біз­ жақ­сы біле­тін­біз. Сұл­тан­бек Қожанұлы қара басы­ның­ қа­мын­ ойла­майт­ын­, хал­қы ү­шін­ қам­ жеп­, еңі­реп­ ту­ған­ аза­мат­ еді. Ол бұ­дан­ бы­лай­ да осы қасиеттері­нен­ айы­рыл­майды деп­ сене­міз­. Сма­ғұ­л Сәдуа­қас­ та сон­дай тұл­ға. Ал Мең­дешұ­лын­ өз ба­сым­ білмейді е­кен­мін. Бі­рақ­, о­ның­ да, Сұл­тан­бек пен­ Сма­ғұ­л тә­різ­ді, қай­рат­кер екеніне шүбә кел­тір­мей­мін­” [15].

М. Шо­қай­ 1930 жылы саяси айып та­ғыл­ған А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­, М. Есбо­лов­, Ж. Аймауы­тов­, Ғ.Бі­рім­жа­нов­, Х. Бол­ған­баев, М. Жұмабаев, Д. Әділов­, Аб­дул­ла Байт­а­сов­ (сту­ден­т), Кә­рім­ Жәле­нов­, Да­мол­ла Битілеуов, одан­ кейінгі уа­қыт­тағы М. Ты­ныш­паев, Х. Дос­мұ­ха­ме­дов­, Ж. Досмұхамедовжәне т. б. қа­зақ­ зиялылары туралы бас­па­сөз­ материалда­рын­ тү­гел­ жи­нас­тырады. Осы не­гіз­де ол: “30-жыл­дардағы саяси қу­ғын­-сүр­гін құрбандары, бір­ жағы­нан­, түр­кі­стан­дық­тар­дың және, е­кін­ші жағы­нан­, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ арала­рын­дағы жер­ мен­ көк­тей ал­шақ­тықты біл­діреді” [16] деп­ көрсетеді. Әсіресе, Т. Рыс­құ­лов­ пен­ С. Ас­фен­дия­ров­ты сот­тау процесі “ғиб­рат а­лар­лық­тай­” дең­гейде өткізіледі: бі­рін­шісі – 1923 жылы Гер­ма­нияда бол­ған кезін­де М. Шо­қай­мен­, сол­ арқылы не­міс­ фа­шис­тері­мен­ бай­ла­ныс­ты, е­кін­шісі – тағы да М. Шо­қай­ арқылы жа­пон­ бас­ штабы­мен­ қаты­нас­ ор­нат­ты деп­ айыпталады.

М. Шо­қай­ қан­дай қай­рат­керді бол­са да өз елі мен­ хал­қына қыз­мет етуі тұр­ғысы­нан­ баға­лай­ды: “Оқы­ған­, тәр­бие көр­ген а­дам­ның бә­рін­ бір­дей зиялы деп­ а­тап­”, оны “ұлт зиялыларына қоса беруге болады деп­ ойла­сақ­, сөз­сіз қателесе­міз­. Біз­дің­ше, бел­гілі бір­ мұ­рат­-мақ­сат­тар­дың со­ңын­да жүр­ген және сол­ мұ­рат­-мақ­сат­тар­дың төңірегіне жи­нал­ған оқы­мыс­ты­лар­ды ғана зиялы деп­ атауға болады. Ұлт­тық­ зиялы­лар­ қатарына тек­ өз хал­қы­ның­ саяси, экономикалық­ және әлеу­мет­тік дамуына қалт­қы­сыз­ қыз­мет ете ала­тын­ а­дам­дар ғана кіреді” [17].

Зиялы­лар­ға жүк­теле­тін­ мін­дет ауыр. О­ның­ ең бас­тысы, М. Шо­­қай­дың­ жазуынша, ха­лық­ты ұлт дең­гейіне көтеру бо­лып­ табылады. Ха­лық­ – объект, ұлт – суб­ъект. “Дү­ниежү­зін­де зиялы­лар­сыз ұлт­қа ай­нал­ған саяси, әлеу­мет­тік ха­лық­ бұқарасы бір­лігі ешқа­шан­ бол­ған е­мес­. Сон­дай-ақ ха­лық­ бұқарасы­нан­ қол­дау көр­ме­ген­ жағ­дайда зиялы қауым ештеңе іс­тей­ ал­май­ды”.

Зиялы­лар­дың мін­деті – ха­лық­ тіле­гін­ дұ­рыс­ және а­нық­ бір­ фор­маға келтіріп­, ұлт­қа тән­ ор­тақ­ сананы ай­қын­дау.

М. Шо­қай­дың­ “Ұлт­тық­ зиялы” (1931) де­ген­ бү­гін­гі Қазақ­стан­ ү­шін­ де аса ма­ңыз­ды мақала­сын­дағы қағида­лар­ осы айт­ыл­ған­дар­мен шек­тел­мей­ді. Бұ­л тақы­рып­қа ол бұ­рын­ да қа­лам­ сіл­те­ген­. “Яш Түр­кі­стан­ның­” 15-са­нын­да о­рыс­ (ба­тыс­) мек­тепте­рін­де тәр­бие­лен­ген зиялы­лар­дың қасі­рет­ке толы тағ­дыры туралы жазылады. О­ның­ пікі­рін­ше, ба­тыс­ тәр­бие­сін­ ал­ған­дар руха­ни жағы­нан­ өз хал­қына ө­гей­ бо­лып­ қалады [18]. Оң­тай­лы жол­ ре­тін­де М. Шо­қай­ “ба­тыс­ білі­мін­” “шы­ғыс­ рухы­мен­” ұш­тас­тырып о­тыр­ған Түр­кия тәжірибе­сін­ ұсынады.

Ұлт зиялысы бо­лып­ қа­лып­тасуда Мұс­тафа әуел бас­та ол жас­ өс­кін­ қай­да оқиды, қа­лай­ тәр­биеленеді де­ген­ мәселе­лер­ді көтереді. Мәс­кеу­дің­ түр­кі­стан­дық жас­тарды өзі­нің­ бі­лім­ о­шақ­та­рын­да оқытуға, о­лар­ға ө­зін­ше ғана тәр­бие беруге тырысушылығы о­рыс­ үс­тем­ді­гін­ ны­ғайт­у ст­ратегиясы­нан­ туын­дайт­ынына, соның­ амалы е­кен­дігіне кү­мән­ жоқ­.

Тәуел­сіз­ ө­мір­ сүруге ұм­тыл­ған ха­лық­ өз жас­та­рын­ өзге­нің­ тәр­биесіне бермейді, себебі ел болашағы жас­тарға бай­ла­ныс­ты. Осы ма­ңыз­ды мәселеге М. Шо­қай­ е­рек­ше мән­ береді. Ол 1926 жыл­дың 7 қаң­та­рын­да “Д­ни” газе­тін­де жария­лан­ған мақала­сын­да 1925 жыл­дың аяқ ке­зін­де бір­ топ­ қа­зақ­ жас­тары­ның­ Қазақ­стан­ бас­шыларына бір­неше сұ­рақ­ қой­ып, хат­ жол­дауына [19] бай­ла­ныс­ты бір­неше ө­зек­ті мәселе­лер­ді көтереді.

М. Шо­қай­ жас­тар­дың­ қа­зақ­ хал­қы­ның­ ұлт­тық­ бо­стандығы ү­шін­, үкіметтің қо­ныс­ аудару саясатына қар­сы күре­сіп­, 1916 жылы жұ­мыс­шы-қазақтар­дың­ соңы­нан­ өз еркі­мен­ май­дан­ға ат­тан­ған Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Байтұрсы­нов­ты және о­лар­дың жақ­таста­рын­ “халықара­лық­ империализм­нің­ ма­лай­лары және қа­зақ­ хал­қы­ның­ қанаушысы” деп­ о­тыр­ған ке­ңес­ саясаты­ның­ су­айт­тығы мен­ жала­қор­лы­ғын­, зұл­мат жыл­дары “қа­зақ­тар­дың­ ит­тің­ е­тін­ жеуге дейін бар­ған ке­зін­де” (А. Б­айт­ұрсы­нов­) үкі­мет­тің о­лар­дан шош­қа е­тін­ тапсыруды та­лап­ етке­нін­, қа­зақ­тарға шы­най­ы кө­мек­ көр­сетуді а­лаш­ аза­мат­тары ғана ұйым­дас­тырға­нын­ әрқа­шан­ есте ұста­ған­дары аб­зал­ деп­ а­тап­ көр­сетеді.

Әрі қа­рай­ Мұс­тафа Түр­кі­стан боль­ше­вик­тері­нің­ органы “Ақ жол­” газетінің­ бет­те­рін­де Қа­зақ­ дала­сын­дағы “ке­ңес­ қы­зыл­ керуендері­нің­ бейберекет­тік­тері” туралы мағ­лұ­мат­тар бері­ліп­, мар­дымды кө­мек­тің Бөкейханов­тар тарапы­нан­ ғана көр­се­тіл­ге­нін­ ай­т­ып­, “Бө­кей­ха­нов­ пен­ Байтұрсы­нов­ты қа­зақ­ хал­қы­ның­ жауы санау – тек­ қана қыл­мыс­кер­ фана­тик­тер мен­ жылы о­рын­ ізде­ген­дер­дің­ бас­тарына келе­тін­ то­пас­ та па­сық­ ой” [20] дей­ді Мұс­тафа.

Тап­тық­ сая­сат­тың се­гіз­жыл­дық­ п­рак­тикасына бай­ла­ныс­ты Мәс­­кеудегі қазақ­ жас­тары өзде­рін­ мазала­ған­ мәселе­лер­ бой­ынша бір­неше сұ­рақ­ береді. Олар­: а) қа­зақ­ қоғамы пролетариат табы­ның­ үс­тем­дігі, не бол­маса ру­лық­ құрылыс­ жағ­дайында ө­мір­ сү­ріп­ жа­тыр­ ма? ә) Марк­с пен­ Ле­нин­нің түсі­нік­тері бой­ынша қа­зақ­тар ара­сын­да ком­му­нис­тік пар­тия­ның­ ө­мір­ сүруі мүм­кін бе? б) орыс­ саяси пар­тиялары­ның­ бағ­дарламалары мен­ күресі ә­діс­те­рін­ қа­зақ­ өміріне қол­дану дұ­рыс­ па? в) Б­айт­ұрсы­нов­ пен­ Бө­кей­ха­нов­тың бұ­рын­ғы және қа­зір­гі қыз­метіне қан­дай баға бере ала­мыз­?

Осы сұ­рақ­тар­дың­ бар­лығына да 1925 жыл­дың 16 науры­зын­да “Ақ жол­” газе­тін­де жария­лан­ған “Тоқ­пақ­” де­ген­ бүр­кен­шік­ е­сім­ді ав­тор­дың мақала­сын­да то­лық­ жауап бе­ріл­ген дей­ді М. Шо­қай­.

Тоқ­пақ­ (Сұл­тан­бек Қожа­нов­) К. Марк­с, В. Ле­нин­ мен­ Л. Т­роц­кий­дің­ қоғам­ның экономикасы мен­ әлеу­мет­тік құрылымы ара­сын­дағы өзара қатынастар мен­ проле­тар­лық революция­ның­ мән­-мағынасы туралы айтқандарына сіл­теме жа­сай­ оты­рып­, революция кө­сем­дері­нің­ “теорияла­рын­” қа­зақ­ өміріне қол­дану­дың­ “бос­ әуреші­лік­” е­кен­ді­гін­ жазады.

М. Шо­қай­ бұ­л құ­жат­тан жас­тар санасы­ның­ оя­нып­ келе жат­қанды­ғын­ көреді. Ф. Голоще­кин­ 1925 жыл­дың 1 жел­тоқса­нын­да V Өлке­лік­ партконференциядағы баяндама­сын­да хат­ ав­тор­ларына “жік­шіл­дік­” айып тағуы да осы­ның­ дәлелі бо­лып­ табылады.

Хат­ мәтіні кө­шір­месі­нің­ Қазақ­стан­ Рес­пуб­ликасы Прези­ден­ті­нің­ мұрағатын­да сақ­талуы [21] о­ның­ ке­зін­де Па­риж­ден, не Мәс­кеу­ден­ тап­тыры­лып­ алы­нып­, үл­кен­ тал­қыға түс­кенді­гін­ көр­сетеді. М. Шо­қай­дың­ “Ояну” де­ген­ мақаласына жауап ре­тін­де “Ең­бек­ші қа­зақ­” газеті бас­ мақала­сын­ ар­най­ды.

М. Шо­қай­ тәуел­сіз­дікке жету ү­шін­ Ре­сей­ден­ тыс­ жер­лерде жүр­ген жастар­дың­ түр­кі­стан­дық за­ман­дастары­мен­ ұлт­тық­ мұ­рат­тар жо­лын­да топтасулары ке­рек­ е­кен­ді­гін­ бір­неше рет­ а­тап­ көр­сетеді. “Біз­ мынаны ұққанымыз­ жөн­. Жас­ ұр­пақ­ шұ­ғыл­ түр­де ұйымда­сып­ істі өз қолына ал­май­ынша, Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ мәселесі өз шеші­мін­ тап­пайды” [22] деп­ нық­ се­нім­мен айт­ады.

“Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы бас­па­сөз­ органы­ның­ “Яш Түр­кі­стан” аталуы­ның­ өзі де тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік жө­нін­дегі ой-арма­нын­ болашақ­та жас­ ұр­пақ­тың жүзеге асыратынына ү­міт­ арту­дан­ еді. Боль­ше­вик­тер ор­нат­қан саяси жүйе­нің­ тарихи сах­на­дан­ кете­тін­ді­гін­ көре біл­гені­мен­ М. Шоқай­ оны жас­тар­дың­ үлесіне қал­дырады.

1936 жылы Бер­лин­ қала­сын­да Түр­кі­стан жас­тары­ның­ ал­дын­да сөй­ле­ген­ сө­зін­де Түр­кі­стан­ның­ болашағы ұлт­тық­ мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гін­де е­кен­ді­гін­ айт­ып­, “Түр­кі­стан жас­тары, бір­ле­сің­дер! Сен­дер­дің бір­лікте­рің­, сен­дер­дің­ бірбіріңе кү­ш қосула­рың­ елі­міз­дің бақытына қыз­мет ет­пек­... Түр­кі­стан ү­шін­ өлу, Түр­кі­стан ү­шін­ жан­ беру – бәрі­міз­ге бір­ мақ­сат” дей­ді. М. Шо­қай­дың­ жастарда ұлт­тық­ сананы қа­лып­тастыру так­тикасы 1929 жылы 5 сәуірде В. Дабровс­кий­ге жаз­ған ха­тын­да а­шық­ баяндалады. “Біз­де бұ­рын­нан келе жатқан қыз­мет­кер­лер жоқ­. Қа­лып­тас­қан­ дәс­түр де, қат­ты­рақ­ айт­сақ, ұлт­тық­ күрес­тің ұйытқысы да жоқ­... Біз­дер­ді Ке­ңес­ жағ­дайында ө­сіп­ келе жат­қан жас­ өс­кін­ ұр­пақ­ қана сақ­тап қалады (ас­тын­ сыз­ған біз­. – К. Е.). Ал бұ­л ұр­пақ­ Мәс­кеу боль­ше­виз­мі­нің­ ұлт­қа қар­сы инкубато­рын­да ө­сіп­ келеді. Өз е­лін­де би­лік­ке ұмтылуға, о­ның­ заң­ды ор­нын­да о­тыр­ған мәс­кеу­лік­ке қар­сы кү­рес­ке ба­ғыт­тау арқылы ұлт­тық­ тәуел­сіз­дікке ұмтылысы­мыз­ды же­ңіл­де­тер­ е­дік­” [23] дей­ді ол. Осы пікірі ү­шін­ таш­кент­тік­ “За пар­тию” жур­налы оны “жас­ өс­кін­ ұлт­тық­ комму­нис­терді қай­да итеруді біле­тін­ Түр­кі­стан­ бур­жуазиясы­ның­ а­қыл­ды өкілі” деп­ а­тай­ды.

М. Шо­қай­дың­ ұлт­тық­ ком­му­нис­тер мен­ түр­кі­стан­дық жас­тарды а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ арнасына қа­рай­ бұру ст­ратегиясы ше­тел­ бас­па­сөз­дері тарапы­нан­ да қол­дау табады. 1929 жыл­дың мау­сым­ айында “Тай­мс” газе­тін­де Орта Азиядағы ке­ңес­ саясаты туралы мақала жарияла­нып­, М. Шо­қай­дың­ се­нім­ ар­тып­ жүр­ген “ұлт­шыл­-ради­кал­дары” же­ңіс­ке жете­тін­дігіне се­нім­ біл­діріледі [24].

Ке­ңес­ өкіметі мұ­сыл­ман рес­публикала­рын­дағы “ұлт­тық­ ауытқу­шы­лық­” де­лін­ген құбы­лыс­ты көбіне М. Шо­қай­дың­ есімі­мен­ бай­ла­ныс­тырады. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты ол: “Ке­ңес­ке қар­сы ба­цил­ла­лар­ жер­гі­лік­ті жер­лерде ме­нің­ ықпалым­сыз-ақ өздігі­нен­ ту­ған­ шы­ғар­; е­гер­ осы тақы­рып­қа қа­тыс­ты ме­нің­ жазғанда­рым­ның ұлт­шыл­-ком­му­нис­тер­дің­ арала­рын­дағы қауіпті әңгіме­лер­мен бай­ланысы бол­са, онда о­ған­ қуану ғана қалады” [25] дей­ді.

М. Шо­қай­дың­ өз жері­нің­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ күре­сін­де ке­ңес­ қыз­ме­тін­дегі ұлт­жан­ды ком­му­нис­тер жө­нін­дегі тұжы­рым­дары не­гіз­сіз е­мес­ еді. Ком­му­нис­т бола жү­ріп­, өз хал­қы­ның­ мүд­де­сін­ қор­ғауға ты­рыс­қан тұл­ға­лар­дың қо­ғам­ өмірін­дегі рө­лін­ ше­тел­ ға­лым­дары да жоқ­қа шы­ғар­майды. Ф­ран­цуз про­фес­соры А. Бен­ниг­сен “мұ­сыл­ман нео­фит­тері­нің­... пар­тияға енуі философия­лық­ немесе экономика­лық­ докт­ринаны қа­был­дау­дан­ гөрі саяси так­тикаға жа­қын­. О­лар­ комму­низм­ге тәуел­сіз­дікке, автономияға, ең бол­ма­ған­да тең­ құқы­лық­қа жету мүм­кіндігі ре­тін­де қарады” [26] деп­ жазады.

А. Бен­ниг­сен мен­ Э. Уим­буш­тың “Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы мұ­сыл­ман ұлт­тық­ ком­му­низ­мі” де­ген­ еңбе­гін­де М. Сұл­тан­ғалиев­тің­ “Социа­лис­тік революция және Шы­ғыс­”, “Ұлт­тық­ рес­публика­лар­ мен­ ай­мақ­тардағы оң­шыл­дар және солшыл­дар­” де­ген­ ең­бек­те­рін­дегі “ұлт­тық­ ком­му­низ­м” теориясы­ның­ бас­ты қағидалары­ның­ не­гіз­делуі сөз­ болады [27].

Кі­тап ­ав­тор­лары өз бол­жамдары­ның ­бір­ мысалы ре­тін­де Т. Рыс­құ­лов­ты атап­, оны өз хал­қы­ның­ бо­стандығы ү­шін­ кү­рес­кен, тек­ осы мақ­сатта ғана комму­нис­тік пар­тия қатарына өт­кен­ қай­рат­кер ре­тін­де су­рет­тейді. Осы мәселені әрі қа­рай­ тар­қата оты­рып­, А. Бен­нинг­сен­ мен­ Э. Уим­буш­ “1919 жылы мұ­сыл­ман зиялылары РК(б)П-дан­ тәуел­сіз­, өздері­нің­ дер­бес пар­тия­сын­ құруға ты­рыс­ты, олар­дың қата­рын­да А.-З. Валиди, А. Ари­фов­тер­мен­ бір­ге Ә. Бөкейханов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­ және Т. Рыс­құ­лов­ бол­ды” деп­ жазады.

О­лар­дың пікі­рін­ше, ұлт­тық­ ком­му­нис­тер­дің­ саяси бағ­дарлама­сын­да “барлық мүм­кін­дік­терді пай­далана оты­рып­, еуропа (о­рыс­) өрке­ниеті­нің­ тілі, мәде­ниеті және т. б. ықпалына қар­сы тұру... Шы­ғыс­қа ком­му­низм­ді о­рыс­ комму­нис­тері е­мес­, мұ­сыл­ман ком­му­нис­тері әкелуі тиіс” [28] деп­ көр­сетіледі. Бас­қаша сөз­бен айт­қанда, мұ­сыл­ман зиялылары өз же­рін­де социа­лис­тік қоғамды өз күш­тері­мен­ құруды уа­ғыз­дайды.

20-жыл­дар­дың­ аяқ ке­зін­де М. Шо­қай­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­тің не­гіз­гі қоз­ғаушы күш­тері – Түр­кі­стан бұқарасы, о­ның­ ұлт­жан­ды тұл­ғалары деп­ біледі, Қы­тай­дың­, не бол­маса И­ран­ның көмегіне сүйену арқылы Ре­сей­дің­ үс­тем­дігі­нен­ құтылу­дың­ мүм­кін е­мес­ті­гін­ [29] айт­ады. 1932 жылы осы ойла­рын­ “Түркістанның­ ба­қыт­сыздығы және о­дан­ құтылу­дың­ жолы” де­ген­ мақала­сын­да түп­кі­лік­ті не­гіз­дейді. Онда: “Дұш­пан­ға қар­сы қарулы кү­рес­ті пар­тия, үкі­мет­ аппа­рат­тары і­шін­дегі кү­рес­тер­мен­ бай­ла­ныс­тыру ке­рек­... Мем­ле­кет­тің іш­тей­ бірік­кен күш­те­рін­ өздері­нің­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дігі жо­лын­да Ре­сей­ге қар­сы күре­сіп­ жат­қан бас­қа да ха­лық­тар­дың­ күресі­мен­ үй­лес­тіру ла­зым­. Тығы­рық­тан шығудың­ бұ­дан­ бас­қа жолы жоқ­. Тек­ осы­лай­ ет­кен­де ғана бо­стан­дық­қа және тәуел­сіз­дікке жету мүм­кін болады” [30] дей­ді ол.

М. Шо­қай­дың­ кү­рес­ ст­ратегия­сын­да шет­ ел­дер­дегі түр­кі­стан­дық мұғажыр­ларға, о­лар­ды тәуел­сіз­дік идеясы төңіре­гін­де топ­тастыруға да бір­шама мән­ беріледі. Түр­кі­стан мұға­жыр­лары­ның­ ұлт­тық­ дер­бес­тік­ ү­шін­ кү­рес­те қозғаушы күш­тер қатары­нан­ о­рын­ алуын М. Шо­қай­ о­лар­дың бір­ ұйым төңірегін­де топ­тасуы­мен­ және материал­дық­-тех­ника­лық­ жағы­нан­ қам­тама­сыз­ етілуі­мен­ бай­ла­ныс­тырады. “Түр­кі­стан мәселесі дегені­міз­ – ұлт­тық­ мәселе, бұ­л әрине өзі­нен­-өзі түсі­нік­ті, сон­дық­тан­ да о­ның­ же­тіс­тігі ү­шін­ ел­дің­ іші­нен­ де және о­дан­ тыс­ жер­лердегі түр­кі­стан­дық э­миг­рант­тар­дың арасы­нан­ да ол мық­ты ұйым­дас­қан қол­дау табуы тиіс. Ұлт­тық­ мәселеде э­миг­рация­ның­ рө­лін­ жай­ ғана қо­сым­ша деп­ е­рек­ше атау дұ­рыс­ па?! Е­гер­ материал­дық­, ин­тел­лектуал­дық­-техника­лық­ күші ау­қым­ды­рақ­ бол­са, э­миг­рация ма­ңыз­ды рөл­ атқара а­лар­ да еді. Қа­зір­гі жағ­дайда э­миг­рация­ның­ рөлі әр­түр­лі жағ­дайда, Шы­ғыс­ елдеріне бір­-бірі­нен­ бө­лек­те­ніп­ шашы­лып­ кет­кен” [31] дей­ді Мұс­тафа. Сол­ се­беп­ті “Түркі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” э­миг­рант­тық­ топ­тар­дың­ ара­сын­да ұлт­тық­ тәуелсіздік идея­сын­ наси­хат­таумен, идея­лық­, ұйым­дық­ бай­ла­ныс­ орнатуға үгіттеу­мен­ шек­теледі. Ол Ауған­стан­дағы, Үн­ді­стан мен­ а­раб­ елде­рін­дегі мұғажыр­лар өмірі­мен­ таны­сып­ отырады, о­лар­дың өздері­нің­ ө­мір­ сү­ріп­ жат­қан елдеріне о­рай­ “қы­тай­лық­” немесе “а­раб­тық” бо­лып­ кет­пеуін, өздері­нің­ этностық­ бет­-бей­не­сін­, ті­лін­, ә­дет­-ғұр­пын сақ­тап қалуы ке­рек­ті­гін­ айт­ады. “Қол­да­рың­дағы төл­құ­жат­тарыңа қара­ма­стан, күл­лі түр­кі­стан­дық­тар­ қа­шан­ да түр­кі­стан­дық бо­лып­ қалуы, қасиетті меке­нін­ құт­қару жо­лын­дағы кү­рес­ке қа­шан­ да еркі­мен­ аттануы, айна­лып­ кел­генде ұлты­мыз­дың а­зат­тығы ү­шін­, ұлт­ты құтқару күресі­міз­дің, “ұлт-а­зат­тық ғасыры” а­тал­ған заманы­мыз­дың мәні мен­ маңы­зын­ жан­-жақ­ты а­шып­ көр­сету мін­деті түр­кі­стан­дық­тар­дың ал­дың­ғы қатардағы ө­кіл­деріне жүк­телетіні өзі­нен­-өзі түсі­нік­ті” [32] деп­ жауап жазады Мұс­тафа Бом­бей­ден­ кел­ген түр­кі­стан­дық Ә­зім­ Ашыми­дің­ хатына.

М. Шо­қай­ түр­кі­стан­дық­тар­дың бір­неше жыл­дарға со­зыл­ған а­зат­тық күресі тари­хын­ зерт­тей­ ке­ліп­, о­лар­дың жал­пы сырт­қы күш­терге қар­сы тұра білу қабіле­тін­ а­нық­тауға ұмтылады. “Түр­кі­стандағы көтері­ліс­тер туралы” атты мақала­сын­да ол қа­зақ­тар­дың­ Ре­сей­ үс­тем­ді­гін­ ешқа­шан­ да мой­ындамағаны, сол­ се­беп­ті хан­ баласы­ның­ “ама­нат­та” ұс­тал­ға­нын­ айт­ып­, Сы­рым­ Датұлы­нан­ бастал­ған­ көтері­ліс­тер­дің­ Ақ­пан­ төң­керісіне дейін жал­ғас­қан­дығына шолу жасай­ды. Қа­зақ­ дала­сын­дағы Сы­рым­, Кенесары, Жан­қожа ба­тыр­, Иса­тай­ мен­ Ма­хам­бет бас­та­ған­, 1871 жыл­ғы Фер­ғанадағы, 1898 жыл­ғы Әнди­жан­, 1916 жыл­ғы көтері­ліс­терді “бі­рың­ғай а­ғым­” ре­тін­де қа­рас­тыра оты­рып­, о­лар­дың басмашы­лық­ қоз­ға­лыс­қа ұ­лас­қандығы [33] жө­нін­де пі­кір­ біл­діреді.

Мұс­тафа – Орта Азиядағы “бас­машы­лар­” а­тан­ған қарулы көтері­ліс­тің азат­тық си­пат­та е­кен­ді­гін­ айт­қан ал­ғаш­қы зерт­теуші. О­ның­ бұ­л тұжырымы тарихи шын­дыққа то­лық­ сәй­кес­ келеді. Ке­ңес­ идео­лог­тары “қа­рақ­шы­лар­” ­деп көр­сетуге ты­рыс­қан бұхара­лық­ және фер­ғана­лық­ көтері­ліс­ші­лер­ Ре­сей­мен­ одақ­тас­тық­ қаты­нас­тарды сақ­тай оты­рып­, Түр­кі­станға өз мем­ле­кет­ті­гін­ құру құ­қын­ беруді та­лап­ етеді. Өздері­нің­ е­кін­ші съезінде о­лар­: “Түр­кі­станда тәуел­сіз­ рес­публика жария­лап­, Уа­қыт­ша үкі­мет­ құру” жө­нін­де қаулы қа­был­дайды. Бұ­л жө­нін­де көтері­ліс­ші­лер­ Ке­ңес­ өкіметіне, көр­ші­лес­ мұ­сыл­ман елдеріне хабарлайды.

Бұхара рес­публикасы­ның­ бұ­рын­ғы бас­шысы Ос­ман­ Қожа өз тара­пын­да Ауған­стан­, Түр­кия және И­ран­ үкі­мет­теріне “туыс­қан­ мұ­сыл­ман ха­лық­та­рын­ Бұ­хара­ хал­қы­ның­ құ­қық­та­рын­ аяққа тап­тап о­тыр­ған Ре­сей­ ке­ңес­ өкіметіне қарсы наразы­лық­ біл­діруге шақы­рып­” мемо­ран­дум жол­дайды.

М. Шо­қай­ 1922 жылы “Слово” газе­тін­де бас­машы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ түпкі себебі “большевиктердің Түр­кі­станда және Түр­кі­стан ү­шін­ пролетариат дик­татурасы­ның­ өкілі тек­ о­рыс­тар­дан­ ғана болатыны жө­нін­дегі теория ұсы­нып­, оны жүзеге асыруында” [34] деп­ көр­сетті.

Па­риж­ге кел­ген бой­да Мұс­тафа Түр­кі­стандағы қарулы көтері­ліс­тің себептері­мен­, көтері­ліс­ші­лер­дің құрамы­мен­ ба­тыс­тың жұрт­шылы­ғын­ кеңі­нен­ та­ныс­тырады. О­ның­ пікі­рін­ше, Түр­кі­стандағы бас­машы­лық­ “пролетариат диктатурасы” де­ген­ді жа­мыл­ған­дар­дың зор­лық-зом­бы­лық­тары мен­ қарақшылық­тары сал­дарынан, өлкеде қан­құйлы ре­жим­ орнатуына бай­ла­ныс­ты дү­ниеге келеді. М. Шо­қай­ нақ­тылы фак­ті­лер­ге жүгінеді. Мысалы, Түр­кі­стан мұ­сыл­ман-ком­му­нис­тері­нің­ І кон­фе­рен­ция­сын­да “Фер­ғана облы­сын­да жал­пы мұ­сыл­ман тұр­ғындары ғана е­мес­, мұ­сыл­ман ком­му­нис­тері де жап­пай қуғындауға түседі!” делінеді.

Қа­зақ­тар­дың­ жағ­дайы бас­қа­лар­дан да ауыр­лай­ды. Г. Сафа­ров­ “П­рав­да” газеті­нің­ бе­тін­де қа­зақ­тарды “аңша аулады, бауыздады” [35] деп­ көр­сетеді. Осы се­беп­ті қа­зақ­тар да көтері­ліс­ші­лер­ қата­рын­ то­лық­тырды деп­ жазады М. Шо­қай­. “Осы­дан­ кейін “бас­машы­лар­дың” Фер­ғана көтерілісі­нің­ жал­пы­түр­кі­стан­дық, ке­ңес­ке қар­сы қоз­ға­лыс­қа айналуына таң­дануға бола ма? Бұ­рын­ғы қа­рақ­шы­лық­ топ­тар­дың­ бас­шылары Эр­гаш­ және Мада­мин­, о­лар­ға қо­сыл­ған Хал­қожа, Гуршир­мал, Хал­мұ­хам­мед, Абду­ғап­пар ауыл тұр­ғындары­ның­ көз­ ал­дын­да батыр­лар бо­лып­ көрінеді, себебі о­лар­ боль­ше­вик­терге қар­сы тұр­ды. О­лар­ға жал­ғыз қыр­ғыз­дар­ мен­ сарт­тар­дың қа­раң­ғы бұқарасы ғана ба­рып­ қо­сыл­майды, қол­дау көр­сет­пей­ді” [36] дей­ді ол.

“Көр­некі вар­вар­лық­”, “Тағы да Орта Азиядағы көтері­ліс­ туралы”, “Түркістанда” де­ген­ мақалала­рын­да Ке­ңес­ өкіметі­нің­ бас­машы­лар­ қоз­ғалы­сын­ басу ү­шін­ қол­да­нып­ о­тыр­ған айуан­дық­, ортаға­сыр­лық іс-әре­кет­те­рін­ әшкерелей­ді. Мысалы, 1922 жылы қыр­күйек айында Таш­кент­те өт­кен­ пар­тия кон­фе­рен­циялары­ның­ бі­рін­де боль­ше­вик­тер өз же­тіс­тіктері­нің­ бірі ре­тін­де мінбе­ден­ Са­мар­қанд көтері­ліс­шілері­нің­ бас­шысы Бах­рам­бек­тің­ және өз­бек­ мұғалімі Қары Ка­мил­дің ке­сіл­ген бас­та­рын­ көр­сетеді. Құр­башы Ағ­зам­-қожаның­ кө­мек­шісі­нің­ шауып а­лын­ған ба­сын­ “тро­фей­” ре­тін­де құр­башы­ның­ өзіне жібереді. Бас­машы­лар­дың көр­некті же­тек­шілері­нің­ бірі Шах­мұ­рад­тың оққа ұш­қан­нан кейін ба­сын­ ке­сіп­ а­лып­, Ка­ни­мах­ село­сын­дағы ба­зар­ алаңына іліп­ қояды [37].

“Түр­кі­стандағы бас­машы­лар­ қоз­ғалысы туралы” де­ген,­ 1928 жылы қараша айында жаз­ған мақала­сын­да М. Шо­қай­ көтері­ліс­ жер­гі­лік­ті ха­лық­тың бар­лық жік­тері тарапы­нан­ қол­дау тап­ты, о­лар­дың қата­рын­да рек­визиция мен­ тәр­кілеуге ұшыра­ған­ жеке­мен­шік иелері, ер­кін­ саудаға мүм­кін­дік­ ала алма­ған­ орта тап­, о­рыс­ қо­ны­с­танушылары­ның­ қыс­пағына ұшыра­ған­ жер­ өңдеуші­лер­, баты­рақ­тар мен­ ауылшаруашы­лық­ жұ­мыс­шылары, өз орталарына” жіберілмеген­ еуропа­лық­тар, ел мен­ ха­лық­ тағ­дырына а­лаң­даушы­лық­ біл­дір­ген­ зиялы қауым ө­кіл­дері, оты­рық­шы өз­бек­тер ара­сын­да ма­ңыз­ды рөл­ге ие ді­ни қыз­мет­кер­лер бол­ды [38] деп­ жазады.

Бі­рақ­ көтері­ліс­тің жеңі­ліс­ табаты­нын­ М. Шо­қай­, У­бай­дол­ла Қожаев секіл­ді қай­рат­кер­лер­ ал­дын­ ала ес­кер­теді. Қоз­ға­лыс­тың сәт­сіз­дік­ке ұшырауына бір­неше фак­тор­­ ә­сер­ етеді. О­лар­дың қатарына М. Шо­қай­: ха­лық­та қару-жарақтың бол­мауы, жеке от­ряд­тар­дың­ ара­сын­да бай­ла­ныс­тың, бі­рың­ғай команда­лық­ бас­шы­лық­тың, бү­кіл­ мұ­сыл­ман хал­қына бе­дел­ді тұл­ға­ның­, саяси бағ­дарлама­ның­ жоқ­тығы се­кіл­ді жағ­дай­лар­ды жат­қызады.

О­ның­ үстіне бас­машы­лар­ға сырт­тан­ еш­бір­ кө­мек­ көр­се­тіл­мейді, қайт­а Ауған­стан­ мен­ И­ран­ о­лар­ға ке­дер­гі жа­сай­ды. Бұ­лар­дың қатарына Анг­лияны қосуға болады. 1921 жылы көтері­ліс­ші­лер­ Таш­кент­тен­ Құл­жадағы а­ғыл­шын кон­сулына қара­жат­ және қару-жа­рақ­пен кө­мек­тесу жө­нін­дегі өтіні­шін­ біл­діру ү­шін­ ар­най­ы делегация жібереді. Бұ­л кез­де Түр­кі­стан­ның­ бас­ты-бас­ты қалаларын­да жер­гі­лік­ті ұйым­дар­дың ас­тыр­тын ке­ңес­тері ө­тіп­, бар­лық көтеріліс­ші­лер­ от­ряд­та­рын­ бір­ орта­лық­та топ­тастыру жө­нін­де ше­шім­дер алынады, бі­рақ­ о­лар­ жүзеге ас­пай­ды. Делегация да Әулиеатада тұт­қынға алынады.

М. Шо­қай­ көтері­ліс­ тари­хын­дағы Эн­вер­-паша­ның­ рөліне тал­дау жа­сап­, олар­дың жос­парлары­ның­ түр­кі­стан­дық­тар­ тарапы­нан­ қол­дау тап­пағаны­ның­ бел­гілі е­кен­ді­гін­ айт­ады, себебі бұ­л – ірі мем­ле­кет­ қай­рат­кері­нің­ екеуі де өздері­нің­ көз­ алда­рын­да ө­тіп­ жат­қан оқиға­лар­дың мән­-мағына­сын­ жет­кі­лік­ті түсіне ал­май­ды; бірі (Осман Қожа) түр­кі­стан­дық­тар­ды ескі бұхара­лық­ деспотияға қа­рай­ сүйресе, е­кін­шісі (Энвер паша) өзде­рін­ қы­рып­-жой­ып келе жат­қан боль­ше­вик­тер­дің­ “дү­ниежүзі­лік­ о­тар­лық революция” туы ас­тын­да жиналуға [39] шақырады.

Мұс­тафа­ның­ пікі­рін­ше, ке­ңес­ өкіметі­нің­ Түр­кі­станды қа­зақ­, өз­бек­, түркімен­, қыр­ғыз рес­публикаларына бөлуі бола­шақ­та бас­машы­лық­ қоз­ғалысы се­кіл­ді жер­гі­лік­ті ха­лық­тың о­рыс­ үс­тем­дігіне қар­сы көтерілісіне жол­ бер­меуді көз­дейді.

М. Шо­қай­ қоз­ға­лыс­тың стихия­лық­-а­нар­хия­лық­ сипа­тын­ а­шып­ көр­се­тіп­, сол­ ке­зең­де (1938 ж.) “бас­машы­лық­тың” қайт­а­дан­ ө­ріс­теуіне жағ­дай­дың­ өте қолай­сыз­ды­ғын­, жал­пы ал­ған­да Түр­кі­станда әскери тұр­ғы­дан­ әб­ден­ бе­кіп­ ал­ған­ Ке­ңес­ билігіне қар­сы он­дай­ көтері­ліс­тің еш­қан­дай нәтиже бер­мейт­ін­ді­гін­, саясат­та “көз­сіз ер­лік­ке” о­рын­ жоқ­ты­ғын­ айт­ады. Өкі­мет­ке қар­сы ха­лық­ көтерілісі Қы­зыл­ Армия­ның­ ұлт­тық­ құрамы өз­гер­ген жағ­дайда ғана же­ңіс­тен дәмеленуі мүм­кін, ал, ә­зір­ше қан­дай “бас­машы­лық­” та о­рын­сыз шы­ғын­ға, жергі­лік­ті ха­лық­тың қыр­ғынға ұшырауына әкеледі [40] деп­ сақ­тандырады.

1933 жылы нау­рыз­ айында “Проме­тей­” жур­налы­ның­ ре­дак­циясы орналасқан ғима­рат­та оқы­ған­ баяндама­сын­да да М. Шо­қай­ бү­кіл­ Ке­ңес­ Одағының­ аума­ғын­да Түр­кі­стан “бас­машылы­ғын­дай” бү­кіл­ха­лық­тық си­пат­ алған­ кең­ кө­лем­дегі бас­қа қоз­ға­лыс­тың бол­ма­ған­дығын атап айтып, о­ның­ жеңілу се­беп­тері­нің­ бірі “өзі­міз­дің саяси же­тіл­ме­ген­дігі­міз­, ұлт­тық­ сана-сезіміміз­дің әл­сіз­дігі”, осы­дан­ ба­рып­ сәт­сіз­дік­ке ә­кел­ген бас­қа фак­тор­лар­дың туындауы [41] деп­ көр­сетеді.

Мұ­нан­ М. Шо­қай­дың­ о­тар­лық үс­тем­дікке қар­сы кү­рес­тің жан­-жақ­ты дайындалуды, объек­тив­тік және суб­ъек­тив­тік жағ­дай­лар­ды е­сеп­ке алуды қа­жет­ ете­тін­ді­гін­ жа­дын­да ұс­тап­, гума­нис­т қай­рат­кер ре­тін­де қи­мыл­даға­нын­ көре­міз­. Ол “бас­машы­лық­” тү­рін­дегі қоз­ға­лыс­тың ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­тегі мүм­кін­дік­тері­нің­ шек­теулі е­кен­ді­гін­ е­рек­ше ес­кер­теді.

Өт­кен­ ға­сыр­дың 20–30-жыл­да­рын­да Қазақ­стан­ мен­ Орта Азия республикала­рын­да ауылшаруашылы­ғын­ күш­теп ұ­жым­дастыруға қар­сы о­рын­ а­лып­ жат­қан бой­көтеру­лер­ туралы Түр­кі­стан­ мұға­жыр­ларына түсі­нік­ беруді мақ­сат тұ­тып­ жаз­ған “Көтері­ліс­тен – ұйым­шыл­дыққа” атты мақала­сын­да М. Шо­қай­ “қа­зір­гі көтері­ліс­тер бұ­рын­ғы көтері­ліс­тер­дің­ қаз­-қал­пында қайталануы е­мес­”, “қа­зір­ Ке­ңес­тер Ре­сейінде шар­т-жағ­дай­лар­ өз­гер­ді. Со­ған­ орай­ енді кү­рес­тің жаңа жол­дары қа­жет­” [42] деп­ жазады. Бас­машы­лар­да да “пара­сат­ты жос­пар, ай­қын­ мақ­сат бір­лігі­нің­” жоқ­ бол­ғанды­ғын­, 30-жыл­дардағы көтері­ліс­терге де ұйым­шыл­дық­тың­ же­тіс­пейт­ін­ді­гін­, дай­ын­дық­сыз кү­рес­ке шығып­, бо­стан-бос­ бас­ты ө­лім­ге тігу­дің­ жөн­сізді­гін­ айт­ады. 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ жө­нін­де де Мұс­тафа А­лаш­ қай­рат­керлері Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Байтұрснов­тар­мен­ бір­ге о­сын­дай ұ­станым­да бол­ған-ды. “Өзара бай­ланысы жоқ­, жер­гі­лік­ті си­пат­тағы мұн­дай бой­көр­сету­лер­мен боль­ше­вик­тер теп­кі­сін­де жат­қан атамекені­міз­ді құт­қару мүм­кін бол­майт­ы­нын­ бір­ сәт­ те ес­тен­ шығармауы­мыз­ ке­рек­. Күш­ті бір­ саяси ұйымға бі­рік­пей және қо­лай­лы жағ­дай қалыптаспай­ тұ­рып­, Тәжік­стан­, Түрік­мен­стан­, яки Түр­кі­стан­ның­ кез­ кел­ген басқа бір­ же­рін­дегі жеке-жеке бас­көтеру­лер­ атамекені­міз­ге еш­қан­дай пай­да бер­мейді” [43] деп­ е­сеп­тейді.

Тәуел­сіз­дік күш­те­рін­ ны­ғайт­у­дың­ алғышар­ты ре­тін­де М. Шо­қай­ о­лар­ды бір­ саяси ұйым маңына топ­тастыруды, ұлт­тық­ ауыз­бір­ші­лік­ті қам­тама­сыз­ етуді, көтері­ліс­ бары­сын­да боль­ше­вик­тер­дің­ агент­тері мен­ о­лар­ға саналы түр­де қызмет істе­ген­дерді ха­лық­ бұқарасы­нан­ а­лас­тауды, бұ­лар­дан бас­қа да нақ­тылы шара­лар­ды жүзеге асыруды ұсынады.

Бі­рақ­ ол ең бас­тысы бола­шақ­та түр­кі­стан­дық­тар­дың қа­зақ­, өз­бек­, түрікмен, қыр­ғыз... бо­лып­ бөлі­ніп­ ор­тақ­ мүд­дені құр­бан­дық­қа шал­мауын тілейді. Мұс­тафа Ауған­стан­да, И­ран­, Үн­ді­стан, араб­ елде­рін­де жүр­ген түркістан­дық мұға­жыр­лар­ды­ да, о­лар­ға идея­лық­, ұйым­дас­тырушы­лық­ бағытбағ­дар бе­ріп­ о­тыр­ған ТҰ­Б-ны­ да “түр­кі­стан­дық ұлт” қағидасы туы астында топ­тасуға шақырады.

“Біз­ бү­гін­ ұлт­ты құт­қару күресі­міз­де, ұлт­тық­ құрылысы­мыз­да түркістандық­тар­ды ру, ұ­лыс­тарға бө­ліп,­ іш­тен­ і­ріт­кі сала­тын­дарды Түр­кі­стан ұлт­шыл­дық идеясы мен­ мұ­рат­тары­ның­ жаулары деп­ е­сеп­тей­міз­” [44] дей­ді. Мұс­тафа­ның­ Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ бір­ле­сіп­ күресуінде ТҰ­Б ұйымы­ның­ қа­зақ­, өз­бек­, баш­құрт, т. б. топ­тарға бөлініп­ кетуіне жол­ бер­мей, о­ның­ у­ни­тар­лық сипа­тын­ сақ­тап қалуы­­ ма­ңыз­ды­ деген пікірінің дұрыстығын мұғажыр­лар да, ше­тел­ қауымы да мо­й­ын­дай­ды. 1939 жылы 6 қаң­тарда М. Шо­қай­ жа­қын­ се­рік­тері­нің­ бірі А. Оқ­тай­ға бы­лай­ деп­ хат­ жазады: “Бү­гін­ Украина социал-де­мок­раттары­ның­ үлгі бо­лар­лық ма­ңыз­ды бір­ қарары деп­ ф­ран­цузша­дан­ ауда­рыл­ған қыс­қаша материалды жібе­ріп­ отырмын. Бұ­л қа­рар­ бү­гін­ге дейін біз­дің ұ­станып­ және жа­зып­ келе жат­қан пікірі­міз­ бен­ жолы­мыз­дың негізі­нен­ тура еке­нін­, яғ­ни өз іші­міз­де әр­түр­лі партия­шыл­дыққа жол­ бер­мегені­міз­дің дұ­рыс­ е­кен­ді­гін­ көр­сетеді” [45].

М. Шо­қай­дың­ “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ тұ­тас­ты­ғын­ сақ­тау, о­ның­ бір­ орта­лық­қа ба­ғын­ған ынты­мақ­тасты­ғын­ ны­ғайт­у жо­лын­дағы әрекеттері қа­зақ­, өз­бек­, қыр­ғыз, тү­рік­мен, баш­құрт, та­тар­ т. б. тү­рік­ халықтарының­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ бір­лесе күресуі қа­жет­тілігі­нен­ туын­дай­ды. Ол Түр­кі­стан­ның­ а­зат­ болуы, еге­мен­ді ел ре­тін­де ө­мір­ сүруі ең алды­мен осы өңірдің жер­гі­лік­ті тұр­ғындары­ның­ ісі мен­ қимылы­ның­, ойы мен­ пікірі­нің­ бірлігінебай­ла­ныс­ты деп­ ұғынады. О­ның­ “Түр­кі­стан” ұғымына қа­зақ­, өз­бек­, түрік­мен, қыр­ғыз, тә­жік­ ха­лық­тары ме­кен­де­рін­ жат­қызуы да осы се­беп­тен. Тәуел­сіз­дік­тің­ нақ­тылы қоз­ғаушы күш­тері ре­тін­де осы ха­лық­тар­дың­, жал­пы алған­да Түр­кі­стан­ қоғамы­ның­ түр­лі жік­тері­нің­ – ұлт­тық­ ком­му­нис­тер­дің­, түркістан­дық мұға­жыр­лар­дың­, жас­ ұр­пақ­тың кү­рес­ әлеуеттеріне тоқ­талады. “Қа­зақ­, қыр­ғыз, өз­бек­, тү­рік­мен... – бәрі бір­ кісі­дей­ жұмы­лып­ Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ ұраны астына топ­тас­пай­ынша Түр­кі­стан­ның­ болаша­ғын­ қам­тама­сыз­ ету мүм­кін е­мес­” деп­ жазады Мұс­тафа “Түр­кі­стан­ның­ тү­рік­тері” де­ген­ мақаласында (1932 ж.).

­Түр­кі­стан­дық ұлт­тық­ сананы қа­лып­тастыру М. Шо­қай­ қыз­меті­нің­ негізі бол­ды. “Мәс­кеу­дің­ Түр­кі­стандағы ұлт­тық­ саясаты­ның­ мәні хал­қы­мыз­дың ұлттық­ сана-сезі­мін­ тұн­шықты­рып­, о­ның­ қан­дай да бір­ көрі­ніс­теріне жол­ бермеу, тү­рік­шіл­дік­тің бел­гіле­рін­ түбірі­мен­ құр­ту бо­лып­ табылады” деп­ көрсетеді ол. Жал­ғыз­ Мұс­тафа ғана е­мес­, ке­зін­де Ке­ңес­ Одағы­ның­ бел­гілі қайрат­керлері де Ке­ңес­ өкіметі­нің­ тұ­тас­ Түр­кі­стан­ның­ орнына қау­қар­сыз, саяси, экономика­лық­ құқығы шек­тел­ген­ ұлт­тық­ рес­публика­лар құрудағы мақсаты тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ қуатты да, ұйым­дас­қан мем­ле­кет­тік тұ­тас­тыққа жетуіне жол­ бер­меу екенін [46] жаз­ған бола­тын­.

Ә­лем­ әдебие­тін­де де осы тақы­лет­тес пі­кір­лер жет­кі­лік­ті. Ке­ңес­ өкіметі­нің­ ә­кім­ші­лік­-межелеу саясаты “түр­кі­стан­дық ұлт” немесе “түр­кі­стан­дық мәдениет” де­ген­ түсі­нік­терді жоюды, бір­-бірі­не­ жат­ “ұлт­тар­” құруды, со­нан­ кейін о­лар­ды жеке-жеке о­рыс­ ұлтына бай­лап­-матауды мақ­сат тұт­ты [47] дей­ді а­ғыл­шын про­фес­соры Х. Се­тон­-Уот­сон­. Амери­калық­ про­фес­сор С. Бей­кер­ де осы се­кіл­ді пі­кір­ біл­діреді [48]. Келесі бір­ амери­калық про­фес­сор В. Луис: “Орта Азия тарихына қара­ған­да мынаны айт­уға болады: мұн­да өрке­ниет бірыңғай ке­шен­ ре­тін­де дамыды. Қа­зақ­тар­дың­, өз­бек­тер­дің­ немесе қырғыздардың жеке-дара тарихы бол­ған е­мес­. Тамыры көне тү­рік­ дәуірі­нен­ бас­тау ала­тын,­ бар­лығына ор­тақ­ дің­ ғана бол­ды” [49] деп­ то­лық­тырады.

Әрине, В. Луис­тің­ қа­зақ­, өз­бек­ ха­лық­тары­ның­ жеке ұлт­тық­ тарихы бол­­ған емес деген пікірі ар­тық­тау айт­ыл­ған болуы ке­рек­, бі­рақ­ бұ­лар­дың е­жел­ден саяси, экономика­лық­ және ты­ғыз­ мәде­ни бай­ла­ныс­та бол­ғанды­ғын­ жоқ­қа шығару мүм­кін е­мес­. О­лай­ бол­са М. Шо­қай­дың­ “түр­кі­стан­дық ұлт” теориясының­ да объек­тив­тік негізі бар­лы­ғын­ мой­ындауы­мыз­ ке­рек­. Қа­лай­ дегені­міз­де де қа­зақ­, өз­бек­, тү­рік­мен, қыр­ғыз ха­лық­тары­ның­ сол­ ке­зең­дегі тәуел­сіз­дік ү­шін­ күре­сін­де кү­ш бі­рік­тіру­ден­ бас­қа жолы жоқ­ еді. М. Шо­қай­дың­ өзі де мұға­жыр­лар ше­тел­ден бо­стан­дық­ ә­кел­мейді, бі­рақ­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ отарлық саяса­тын­ әшкерелеу, ұлт­тық­ бір­лікті наси­хат­тау арқылы тәуел­сіз­дікке апа­рар­ жол­ды ай­қын­дай­мыз­ деп­ е­сеп­тейді. “Мұға­жыр­лық ө­мір­ден біз­дер өз еліміз­ге а­зат­тық ә­кел­мей­міз­. Бі­рақ­ біз­дер өзі­міз­дің ой-пікірі­міз­ді бұ­рын­ғы адасушы­лық­ пен­ қате­лік­тер таң­басы­нан­ босатуы­мыз­ ке­рек­. Біз­дер­ түр­кі­стан­дық ұлт­тық­ бір­лігі­міз­ді бе­рік­ ұғы­нып­, оны іске асыра ал­сақ­ қана жеңе­міз­, бостандық­ пен­ тәуел­сіз­дікке қол­ жет­кізе­міз­. Ұлт­тық­ бір­лік әскери де, саяси да бас­шы­лық­тың бір­лі­гін­ қа­жет­ етеді. Әр­қай­сы­мыз­ және бәрі­міз­ бір­ге жеке мүддеміз­ді жал­пыұлт­тық­ мүд­деге ба­ғын­дыруға мін­детті­міз­” [50] дей­ді Мұстафа.

М. Шо­қай­дың­ “түр­кі­стан­дық ұлт” жө­нін­дегі тұжы­рым­да­рын­ 30-жыл­дары мұға­жыр­лар­дың­ көп­шілігі мой­ын­дай­ды, о­лар­дың ТҰ­Б төңірегіне топ­тасу процесі же­дел­дейді. Бұ­л жағ­дай о­ның­ беделі­нің­ артуына да әкеледі. Шы­ғыс­ Түр­кі­станда, И­ран­, Ауған­стан­, Түр­кия, Сауд Арабиясы т. б. ел­дер­де шашы­рай­ орна­лас­қан түр­кі­стан­дық­тар­ оны “ұлы қол­басшы”, “ұлт қа­һар­маны” [51] деп­ атай­ды. 1937 жыл­дың 23 қаң­та­рын­да Мах­муд­ Ибра­гим­нің Ка­бул­дан Мұс­тафаға жол­да­ған­ ха­тын­да: “Осы күн­ге дейін өзі­ңіз­ бас­ бо­лып­, ұлт­тық­ ба­ғыт­та, ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік жө­нін­де ке­сім­ді, әрі ай­қын­ пі­кір­лер біл­ді­ріл­ді және хал­қы­мыз­ды осы қасиетті мақ­сат­тар­ға үндеді­ңіз­. О­ның­ жол­басшы, көш­бас­тар­ көсемі деп­ өзіңіз­ді таны­дық­... Ішкі жан­ дү­ние­міз­бен де со­лай­ ой­лап­, со­лай­ түсі­ніп­ келе­міз­” [52] деп­, мұға­жыр­лар­дың­ ба­сым­ көп­шілігі­нің­ кө­ңіл­-күйін біл­діреді. М. Шоқайдың­ саяси қыз­меті­нің­ жемісі ұлт­тық­ кү­рес­тің қоз­ғаушы күш­те­рін­ анық­тап, о­лар­дың тәуел­сіз­дік идеясы­ның­ туы ас­тын­да жиналуы­нан­ ай­қын­ көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет