Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Түр­кі­стан бір­лігі­нен­ тү­рік­ бір­лігіне



бет15/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

5.3 Түр­кі­стан бір­лігі­нен­ тү­рік­ бір­лігіне

Қа­зақ­, өз­бек­, тү­рік­мен, қыр­ғыз, қара­қал­пақ ха­лық­тары­ның­ бір­ мем­ле­кет­ке бірігу идеясы бұ­рын­нан-ақ ұлт зиялылары­ның­ сана­сын­да о­рын­ а­лып­, Ре­сей­ мұсыл­мандары съезде­рін­де көп­тен бері тал­қыла­нып­ келе жат­қан бола­тын­. Қазан­ төң­керісіне дейінгі уа­қыт­та тү­рік­-мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық қозғалысы же­тек­шілері ара­сын­да о­тар­лық үс­тем­дікке эт­ностық­ және ді­ни негіздегі ынты­мақ­тас­тық­ты қар­сы қою әре­кет­тері ба­сым­ болады. М. Дулатовтың 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тер­геушілеріне бер­ген жауабы осы жағ­дайды аң­ғар­тады: “Ол кез­дегі Түр­кі­стан мен­ қа­зақ­ бірігу ке­рек­ деушілер­дің дәлелі о­рыс­ о­тар­лаушылығы­нан­ құтылу ү­шін­, күш­ті бо­лып­ ұлт­тық­ тілегі­міз­ді жүзеге асыру ү­шін­ Орта Азия елдері бірігуі­міз­ ке­рек­ дей­ді” [1].

Кейін тұ­тас­ Түр­кі­стан идея­сын­ М. Шо­қай­ әрі қа­рай­ дамы­тып­, теория­лық­ дең­гейге көтереді және оны тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ құралына ай­нал­дырады. Түр­кі­стан­ның­ ішкі күш­тері­нің­ әлеуе­тін­ ай­қын­да­ған­нан кейін М. Шо­қай­ тәуелсіз­дік ү­шін­ кү­рес­те о­дақ­тас­тар­ ре­тін­де кім­дерге арқа сүйеу ке­рек деген мәселеге көшеді. 1931 жылы М. Шо­қай­: “Біз­ мил­лионда­ған­ тұр­ғындары бар­ Ресей­мен­ кү­рес­те же­ңіс­ке жет­кізе­тін­ ең тура, ең се­нім­ді жол­дар мен­ тә­сіл­дерді таң­дап ала білуі­міз­ ке­рек­. Тек­ өз күші­міз­дің аз­дық­ ететіні көз­ге көрі­ніп­ тұр­ғаны ақи­қат­. Сон­дық­тан біз­ өзі­міз­бен тағ­дыр­лас­ және өзі­міз­ сияқты ұлт­тық­ тәуелсіздікке ұмты­лып­ о­тыр­ған ха­лық­тар­мен­ тізе қо­сып­, кү­ш бі­рік­тіру­дің­ жолда­рын­ із­дес­тіруі­міз­ ла­зым­” [2] деп­ жазады.

М. Шо­қай­ ең алды­мен­ Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік кү­рес­те бір­лесе қи­мыл­дауын қа­лай­ды. “Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ күштері топ­тас­пай­ынша Түр­кі­стан­ның­ болаша­ғын­ қам­тама­сыз­ ету мүм­кін е­мес­, “Мәс­кеу­дің­ азабы­нан­” құты­лып­, ұлт­тық­ а­зат­тығы­мыз­ға тезі­рек­ қол­ жет­кізе­тін­ бір­ден-бір­ дұ­рыс­ жол­ – тү­рік­шіл­дік­ жолы” [3] деп­ е­сеп­тейді. Сол­ се­беп­ті ол “Идель­-У­рал­”, бас­қа да э­миг­рант­тық­ ұйым­дар­ға бір­ле­сіп­ қи­мыл­ жасау­дың­ маңыз­дылы­ғын­ айт­ып­ ұсы­ныс­тар жа­сай­ды. Мұс­тафа тү­рік­ тек­тес ел­дер­дегі ұлттық­ қоз­ға­лыс­ күш­тері ара­сын­дағы бұ­рын­ғы да, соң­ғы кез­дегі де оқиға­лар­ды пай­ымдауда бірауызды­лық­тың жоқ­тығына өкі­ніш­ біл­діреді, осы­ған­ қара­ма­стан ор­тақ­ мүд­деге о­рай­ о­лар­ды бір­ле­сіп­ жұ­мыс­ істеуге шақырады. Өзі­нің­ осы ұстанымы жө­нін­де ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері М.-Э. Ра­сул­-Задеге 1929 жыл­дың 27 ақпа­нын­да бы­лай­ деп­ хат­ жол­дайды: “Мен­ біз­дің жаңа дос­тары­мыз­ – та­тар­ дербесшілеріне де (қы­рым­ та­тар­ла­рын­ айт­ады. – К. Е.) қо­лым­ды соза­мын­. Біз­ олар­мен ор­тақ­ күресі­міз­де о­дақ­таса­мыз­. Үй-іші­нің­ істе­рін­ әр­қай­сы­мыз­ өзіміздің ың­ғайы­мыз­ға қа­рай­ өзі­міз­ шеше­міз­. Бі­рақ­ қа­жет­ бола­тын­ бол­са, мен­ бұ­л сан­ды­рақ­ты да айт­а ала­мын­, та­тар­ дер­бесшіле­рін­ Түр­кі­станда тіке­лей­ жұмыс­ істеуге шақыруға дай­ын­мын­, со­лай­ біз­дің тү­рік­ бабалары­мыз­дың шашы­рап­ кет­кен ұлда­рын­ жинауды бас­тай­мыз­” [4].

Мұс­тафа Түр­кі­стан­ның­ руха­ни, саяси болашағы Түр­кі­стан тү­рік­тері­нің­ бір­лі­гін­де деген идеяның бұ­рын­нан мә­лім­ е­кен­дігіне, бі­рақ­ оны жаңа жағ­дайда то­лық­тыру, о­ған­ жаңа сер­пін беру ке­рек­тігіне тоқ­талады. Осы тұ­тас­тыққа ұмты­лыс­тың мы­сал­дары ре­тін­де ол Түр­кі­станда тұра­тын­ қа­зақ­тар­дың­ 1918 жылы Түр­кі­стан қала­сын­да өткізіле­тін­ құ­рыл­тай аты­нан­ Арқа қа­зақ­тарына үндеу жол­дап, Ұлы Түр­кі­стан ұраны аты­нан­ жиналуға ша­қыр­ға­нын­, түрікмендер­дің 1919 жылы өздері­нің­ кей­бір­ бас­шылары­ның­ жеке Тү­рік­мен ханды­ғын­ құру жө­нін­дегі ұсы­ныс­та­рын­ қа­был­дамауын, 1919 жылы Ташкенттегі Мұ­сыл­ман ком­му­нис­тері ұйымдары­ның­ құ­рыл­тайында Т. Рысқұлов­ бас­та­ған­ ком­му­нис­тер­дің­ өз­бек­, қа­зақ­, қыр­ғыз, тү­рік­мен, та­тар­, баш­құрт елде­рін­ бір­ ғана ке­ңес­тік рес­публика е­тіп­ құру туралы қаулы­сын­ атайды. Бұ­л қа­дам­дарды “осы бір­лік­тің­ қа­дір­-қасие­тін­ те­рең­ сезіну­дің­ нақ­тылы көрінісі еді” дей­ді.

М. Шо­қай­ ал­ғаш­қы кез­де, Т. Рыс­құ­лов­ сияқты, бір­ мем­ле­кет­ құра­мын­да (мүм­кін ол федерация бол­сын, кон­федерация бол­сын) қа­зақ­, өз­бек­, қыр­ғыз, Олар­дың ынты­мақ­тас­тық­тарына бас­қа да мы­сал­дар бар­шы­лық­. 1917 жыл­дың ө­зін­де Таш­кент­те “У­луғ­ Тур­ке­стан” газеті шығары­лып­, о­ның­ ре­дак­ция­сын­да М. Шо­қай­ та­тар­ зиялылары­мен­ бір­ле­сіп­ қи­мыл­дайды. Баш­құр­т әс­кер­лері­нің­ Ала­шор­даға да, Түр­кі­стан Мұх­тариятына да кө­мек­ке кел­ген кез­дері мә­лім­. Баш­құр­т, та­тар­ зиялылары Түр­кі­стан­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ М. Шо­қай­мен­ тізе қо­сып­ қи­мыл­дайды. А­лай­да М. Шо­қай­дың­ көз­қарасы Т. Рыс­құ­лов­тың ұстанымы­нан­ ал­шақ­тап, 20-жыл­дар­дың­ е­кін­ші жар­тысы­нан­ Түр­кі­стан бір­лігі идеясы жаңа маз­мұнда си­пат­ алады. “Біз­, негі­зін­де, үл­кен­ күш­ке ие­міз­. Бұ­л кү­ш – тү­рік­ іс бір­лігі... Ев­рей­лер­ “Вар­шавада бір­ ев­рей­дің­ тісі ауырса, Америкадағы ев­рей­дің­ жағы сыз­дайды” дей­ді. Сол­ сияқты біз­ де тү­рік­ тек­тес бір­ ел а­зап­ шексе, бар­ша тү­рік­тер а­зап­ шегеді деуі­міз­ қа­жет­” деп­ жазады Мұс­тафа “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­да.

Сан­ ға­сыр­лар бой­ы империя­лық­ күш­тер­дің­ бө­ліп­-жару саясатына байланыс­ты тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ өз арала­рын­да да түр­лі мәселе­лер­дің барлығын­ ол көре де, түсіне де біледі. Бі­рақ­ со­ған­ қара­ма­стан о­лар­ды өз араларын­да шешуге, ол ү­шін­ тү­рік­ әлемі­нің­ қар­сы­лас­тары­нан­ о­дақ­тас­тар­ іздемеуге шақырады. Жер­лес­теріне қы­сыл­таяң жағ­дайға бай­ла­ныс­ты Ке­ңес­ Одағы­мен­ ымыра­лық­ қаты­нас­ орнатуға мәж­бүр бол­ған Түр­кия­ның­ саясатына аса шүйлі­к­пеу, о­ның­ “мүд­десіне, ішкі және сырт­қы саясатына қай­шы келе­тін­ та­лап­тар” қой­мау қа­жет­ті­гін­ айт­ады. Түр­кі­стан­ның­ шы­най­ы тәуел­сіз­дігі не орыс­ мо­нар­хистері, ка­дет­тері­мен­, не боль­ше­вик­тер­мен­ федера­тив­тік о­дақ­та бірге ө­мір­ сүру арқылы мүм­кін е­мес­тігіне о­ның­ көзі әб­ден­ жет­кен бола­тын­. Сол­ се­беп­ті ол тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі өз алдына дер­бес мем­ле­кет­ ре­тін­де құрылған Түр­кі­станда ғана жүзеге асырылады деп­ бол­жайды. 1929 жыл­дың 10 сәуі­рін­де баш­құрт қай­рат­кері О­мер­ (Гу­мер­) Тенере­ког­лы М. Шо­қай­ға жаз­ған ха­тын­да: “Тү­рік­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ биік мұраты – тү­рік­ ұлт­тық­ мәде­ниеті мен­ өрке­ниеті­нің­ тек­ Түр­кі­станда, тү­рік­тер­дің­ ға­сыр­лар­дан­ келе жат­қан отанын­да жүзеге асуы мүм­кін” [5] дей­ді.

Мұ­нан­ бұрыны­рақ­ (1929, 11 ақ­пан­да) М. Шо­қай­ О. Тенере­к­­-ог­лына “Түркі­стан­ идеясы” деп­ өзі­нің­ “та­тар­-баш­құрт-түр­кі­стан­дық үш­тік­ коалициясын­ ұғынаты­нын­, о­ның­ “өте қа­жет­тілі­гін­” және “қо­лай­лылы­ғын­” айтады. Сол­ жыл­дың 21 ақпа­нын­да О. Тенере­к­-ог­лы Кра­ков­тан М. Шо­қай­ға “мен­ де Сіз­ сияқты жал­пытү­рік­тік көз­қа­рас­ты ұстана­мын­... Ре­сей­де тү­рік­ ұлттық­ мәселесі Түр­кі­стан тәуел­сіз­ бол­ғанда ғана шешілетініне сене­мін­” деп­ жауап қайт­арады. “Не Ә­зір­бай­жан­ның тәуел­сіз­дігі, не Қы­рым­ның тәуел­сіз­дігі тү­рік­ ұлт­тық­ п­роб­лема­сын­ шеше ал­май­ды. Е­діл­ бой­ы тү­рік­тері­нің­ мәселесі түгел­дей Түр­кі­стан­ мәселесіне бай­ла­ныс­ты” [6] деп­, Мұс­тафа­ның­ пікіріне толық­ қол­дау біл­діреді.

Өз пікі­рін­ М. Шо­қай­ по­ляк­ бар­лау қыз­меті­нің­ рези­ден­ті В. Даб­ровс­кий­ге жаз­ған ха­тын­да да қайт­а­лай­ды [7]. Мұс­тафа тү­рік­ саяси кү­рес­керлері­нің,­ әсіресе жас­тар­дың­ арасына і­ріт­кі сала­тын­ “та­тар­ мәде­ниеті”, “шаға­тай­ мәдениеті” деп­ бөлінуші­лік­ке қар­сы тұ­рып­, о­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ бү­кіл­ қозғалыс­ тағ­дырына тигізе­тін­ зияны­ның­ ора­сан­ екеніне се­рік­тері­нің­ кө­зін­ жеткізуге тырысады. “Та­тар­” немесе “шаға­тай­” мәде­ниеті туралы кейін әңгімеле­сер­міз. Қа­зір­ мәселе­нің­ мұн­да е­мес­тігіне сен­діре­мін­. Ең ма­ңыз­ды мәселе – бұ­л Түр­кі­стан тағ­дыры. Түр­кі­стан тәуел­сіз­ді­гін­ қайт­а­рып­ алу қолымыз­дан кел­се – біз­дің бар­лығы­мыз­дың ұлт­тық­ тұр­ғы­дан­ сақ­талғаны­мыз­” [8] дей­ді.

М. Шо­қай­ ү­шін­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі идеясы өзі­нен­-өзі түсі­нік­ті, өздері­нің­ шық­қан тегі, тілі, діні мен­ мәде­ниеті бір­ а­дам­дар­дың­ табиғи бауырлас­ты­ғын­ біл­діреді. О­лар­ қан­дай уа­қыт­та да бір­-бірі­нен­ ажы­рап­, а­лыс­тап кет­пеуі тиіс, руха­ни бай­ла­ныс­та­рын­ үзбеуі ке­рек­ деп­ е­сеп­тейді. “Түр­кі­стан түрік­тері ү­шін­ Украина және украин­дық­тар де­ген­нен гөрі Қы­рым­ және қырымдық тү­рік­тер де­ген­ сөз­дер жан­дарына жа­қын­ және құ­лақ­тарына жағатынын­ мен­ жа­сыр­май­мын­... Тура сол­ сияқты, Ака­кий­ Ивано­вич­, Түр­кі­стан мен­ түр­кі­стан­дық­тар­ға Кав­каз­дың бас­қа ха­лық­тары, со­ның­ і­шін­де сіз­дер туралы – Грузия және гру­зин­дер де­ген­ сөз­ден гөрі Ә­зір­бай­жан­ және әзірбайжан­дық­тар­ де­ген­ сөз­дер жан­дарына жа­қын­ және құ­лақ­тарына жағады” [9] деп­ жазады М. Шо­қай­ 1939 жыл­дың 29 шіл­де­сін­де гру­зин­ қай­рат­кері А. И. Ч­хенкелиге жол­да­ған­ ха­тын­да. Бі­рақ­ ол тегі бір­ ха­лық­тар­дың­ бауырластығы бас­қа ха­лық­тар­мен­ бір­ле­сіп­ жұ­мыс­ істеу ү­шін­ ке­дер­гі бол­мауы ке­рек­ деп­ ес­кер­теді.

Өзі­нің­ бұ­л мәселе бой­ынша көз­қара­сын­ түбі бір­ ха­лық­тар­дың­ руха­ни, мораль­ды­қ қа­рым­-қаты­нас­тары мен­ саяси мәселе төңіре­гін­де топ­тасу­ды бір­біріне қар­сы қоюға бол­майт­ын­дығы­мен­ тү­сін­діруге тырысады. О­ған­ М. Шоқайдың­ мына сөз­дері дә­лел­: “Ме­нің­ пікі­рім­ше, сая­сат­ және на­ғыз­ сая­сат­ де­ген­ – ор­тақ­ идея мен­ ор­тақ­ мүд­де жо­лын­дағы ізгі дос­тықты және тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ жол­да­рын­ бай­ла­ныс­тыру... На­ғыз­ саяси қай­рат­кер­лер­дің қыз­меті бауыр­лас­тар­дың­ өзара сүйіс­пен­шілі­гін­ ор­тақ­ мүд­делері­міз­де пай­далану, сөз­дің тура мағына­сын­да табиғи жа­қын­дасу­дың­ нығаюына ке­дер­гі бол­мау, қайт­а “бөг­де бауыр­лар­ды” ор­тақ­ мүд­де­лер­ге тар­ту, өзіне жа­қын­дату” [10].

Мұс­тафа ү­шін­ Түр­кі­стан­ның­ тү­рік­шілдігі – о­ның­ тү­рік­тік мәні тә­різ­дес табиғи құбы­лыс­. О­ның­ пікі­рін­ше, тү­рік­шіл­дік­ – шық­қан тегі мен­ мәде­ниеті туралы мәселе де, тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ – кү­н тәр­ті­бін­дегі мәселе [11]. Ол бұ­л екі мәселені ша­тас­тыр­май­ды және бірі­нің­ есебі­нен­ е­кін­ші­сін­ іске асыру­дан­ аулақ­ болады. А­лай­да М. Шо­қай­дың­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ өзара бай­ла­ныс­ты болу қа­жет­тілігі жө­нін­дегі көз­қарасы­ның­ мә­нін­ А. И. Ч­хен­кели тү­сін­бейді, оны эт­ностық­ фак­тор­лар­ға ба­сым­ды­лық­ береді деп­ кінәлай­ды. Ал, енді біреулері Мұс­тафаны “тү­рік­шіл”, “тұ­ран­шыл” деп­ айыптауға дейін барады. Тү­рік­ халықтары­ның­ бір­лігі “пан­тюр­киз­м”, “пан­тура­низ­м” деп­ ат қой­ып, ай­дар­ тағатын­,саяси ұ­ран­ға ай­нал­дыра­тын­ мәселе е­мес­ е­кен­ді­гін­, о­ның­ бас­қа халықтар­дың­ саяси, не экономика­лық­ мүд­делеріне қар­сы ба­ғыт­талма­ған­ды­ғын­ М. Шо­қай­ бір­неше рет­ ес­кер­тіп жазады. О­ның­ пікі­рін­ше, тү­рік­ ха­лық­тары арасын­дағы ауыз­бір­лік о­лар­дың тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресі­нің­ нәтижелі болуына қа­жет­, о­тар­лық үс­тем­дікке қар­сы ғана ба­ғыт­талады. Сол­ се­беп­ті М. Шо­қай­дың­ “тү­рік­шілді­гін­” тү­рік­ және тү­рік­ е­мес­ ха­лық­тарды бө­ліп­-жару, бір­-біріне қарама-қар­сы қоюды көз­де­ген­ тұжы­рым­ ­деп пай­ымдау мүл­дем те­ріс­, көпекөрінеу бұр­малаушы­лық­ бо­лып­ табылады.

Ә­лем­ ха­лық­тары­ның­ бар­лы­ғын­ бір­дей тең­ құқылы, та­рих­ су­б­ъ­ектісі ­деп қа­рас­тыра оты­рып­, Мұс­тафа тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бо­стандығы мен­ ұлт­тық­ мүдделеріне шабуылдаушы күш­терді ор­тақ­ жау деп­ е­сеп­тейді. Бас­қаша сөз­бен айт­қанда, М. Шо­қай­дың­ “тү­рік­шілдігі” қор­ға­ныс­тық си­пат­тағы ұ­станым­ ретінде көрінеді.

Тәуел­сіз­дік ал­ған­нан кейінгі уа­қыт­та да М. Шо­қай­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ әлем­дік өрке­ниет­тің­ құ­рам­дас бөлігі ре­тін­де дамуын, халықара­лық­ қатынастарда өз ор­нын­ табуын қа­лай­ды. Ол өзі­нің­ “Ос­той­ропа” (Бер­лин­) журна­лын­да жа­рық­ көр­ген “Ке­ңес­тік Орта Азия Федерациясы­нан­ – Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Федера­циялық мем­лекетіне” де­ген­ мақала­сын­да тү­рік­ ха­лық­тарының же­тек­шілері­ оқшау­лан­ған мем­ле­кет­ құруды аң­сай­ды дейтін ла­қап­тардың­ жай­ бай­ба­лам­ екен­ді­гін­ айт­ып­, қар­сы­лас­тарына бұл­тарт­пас­ жауап­ береді. “Яш Түркі­стан” жур­налы­ның­ өзі “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ органы ретін­де Түркістан­ ха­лқының­ мұ­ң-мұқ­тажы­мен­ шек­те­ліп­ қал­май, ке­ңес­ езгісіндегі әзірбай­жан­, грузин­, украин, Сол­түс­тік Кав­каз­, Е­діл­бойы, Қы­рым­ халық­тары туралы да қо­ғам­дық-саяси тақы­рып­тағы мақала­лар­ жария­лап­ тұрады. Мұ­ның­ өзі де М. Шо­қай­дың­ түр­кі­стан­дық­тар­дың тағ­ды­рын­ бас­қа халық­тар­дың­ ты­ныс­-тір­шілігі­нен­ жеке-дара қарама­ған­дығы­ның­ айғағы іспеттес.

Тү­рік­ бір­лігі мәселе­сін­ Мұс­тафа геосаяси фак­тор­лар­ды ысы­рып­ тас­тап, қай­ жер­де орна­лас­қанына, қан­дай жағ­дайда ө­мір­ сү­ріп­ жат­қанына қара­ма­стан, тү­рік­ тек­тес ха­лық­тарды бір­ саяси құры­лым­ға бі­рік­тіру деп­ тү­сін­бейді. О­ның­ көз­қара­сын­дағы бас­ты мәселе – бар­лық тү­рік­ ха­лық­тары бірі­гіп­, а­лып­ империя құра­тын­дығы жө­нін­дегі бол­жам­дар­ды ө­мір­ шын­дығы­нан­ туындама­ған­, қияли қағида деп е­сеп­тегені, яғ­ни ол эт­ностық­ фак­торды қо­ғам­ дамуында ең бас­ты, шешуші кү­ш деп­ қа­рас­тыр­май­ды. “Мұс­тафа Ататү­рік­тің Түр­кі­станды жау­лап­ алуы... және Е­діл­ бойы­нан­ Па­мир­ тауларына дейін созы­лып­ жат­қан а­лып­ империя құруы мүм­кін е­мес­. Қа­зір­ Түр­кі­стан мен­ түр­кі тіл­ді ел­дер­ ара­сын­да бай­ла­ныс­тың сон­ша­лық­ты қиын еке­нін­ еске­рер­ бол­сақ, саяси қаты­нас­тың қа­лай­ құрылатыны бел­гі­сіз­” дей­ді Мұс­тафа.

О­ның­ бол­жауынша, тү­рік­ ха­лық­тары ара­сын­дағы қа­рым­-қаты­нас­тар мәде­ни бір­лес­тік­ке не­гіз­делуі ке­рек­ те, саяси тұр­ғы­дан­ ал­ған­да о­лар­ жеке-жеке федерация­лар­ға, ал о­лар­ өз кезе­гін­де кон­федера­цияға бірігуі тиіс. Әр­бір­ түр­ік хал­қы өз е­рек­ше­лік­те­рін­ сақ­тайт­ын­, ішкі өмі­рін­ рет­тейт­ін­ өз заң­дары бар­ швейцария­лық­ кан­тон­дар­ се­кіл­ді автономия­лар­ құруын да М. Шо­қай­ жоқ­қа шы­ғар­майды. Бі­рақ­ қа­лай­ бол­ғанда да саяси бір­лес­тік­ фор­масы­ның­ қан­дай бола­тын­дығы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дікке қол­ жет­кіз­ген­нен кейін ойлана­тын­ мәселесі деп­ е­сеп­тейді ол.

М. Шо­қай­ да өз тара­пын­ан Анадолы­дан­ Ал­тай­ға дейінгі ау­мақ­ты қамтитын­ а­лып­ империя құру идея­сын­ ешқа­шан­ ұ­сын­ған е­мес­. Ол ни­хал­ Атсыз­дың бү­кіл­ тү­рік­ ха­лық­та­рын­ бір­ мем­ле­кет­ ая­сын­да бі­рік­тіру жө­нін­дегі көзқа­рас­тары­мен­ келісе ал­май­ды. Мұс­тафа бір­ мем­ле­кет­ке бірігу ү­шін­ тіл­ мен­ дін­нен бас­қа да фак­тор­лар­ды, әлеу­мет­тік-экономика­лық­, география­лық­ және саяси жағ­дай­лар­ды еске алу ке­рек­ті­гін­ алға тар­тады. Осы­лай­ деп­ жауап берердің ал­дын­да ол Н. Ат­сыз­дың 1933 жылы С­там­булда жа­рық­ көр­ген еңбе­гін­ кей­бір­ бет­тері­нің­ жанына сұрау бел­гі­сін­ қой­ып, сөй­лем­дері­нің­ ас­тын­ сыза отырып­, на­зар­ қой­ып о­қып­ шығады [12], со­дан­ кейін ба­рып­ “Яш Түр­кі­стан­ның­” бе­тін­де ав­тор­ тұжы­рым­дары­ның­ не­гіз­сіздігіне тоқ­талады. “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­на­лын­да Н. Ат­сыз­ға қар­сы Т. Шаға­тай­ да мақала жария­лай­ды [13]. Ж. Ақшора, Н. Ат­сыз­ та­рап­тары­нан­ М. Шо­қай­ бай­ырғы түсі­нік­тегі тү­рік­шіл емес­тігі ү­шін­ сын­ға а­лын­са, о­рыс­ э­миг­рант­тары­ның­ же­тек­шіле­рін­ бы­лай­ қойған­ның ө­зін­де, ар­мян­, гру­зин­ қай­рат­керлері оны “тү­рік­шіл”, “тұ­ран­шыл” деп­ айыптауға ұмтылады. Соң­ғылары тү­рік­шіл­дік­ қоз­ғалысы­ның­ мә­нін­ өздерінше пай­ымдауға, сол­ арқылы о­ның­ қай­рат­кер­лік­ бол­мысына нұқ­сан келтіруге әрекет­тенеді. Шын­ды­ғын­да М. Шо­қай­ “тү­рік­шіл” бол­ды ма және оны қа­лай­ ұғына­мыз­? Бұ­л сұ­рақ­ бү­гін­гі күні де саяси ө­мір­дің ө­зек­ті мәселе­сін­ қозғайды. Тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ өздері­нің­ ұлт­тық­ бол­мы­сын­, сал­т-дәс­тү­рін­, діні мен­ ті­лін­ сақ­тап, бас­қа ха­лық­тар­мен­ тең­ құқылы ө­мір­ сүруге ба­ғыт­тал­ған­ әрекет­тері­нің­ бар­лығына о­рыс­ әдебие­тін­де “пан­тюр­киз­м” (“тү­рік­шіл­дік­”), “панис­ла­миз­м” (“ис­лам­шыл­дық­) аттары тағы­лып­, о­лар­ өрке­ниет пен­ де­мок­ратияға қар­сы тағы қоз­ға­лыс­ ре­тін­де су­рет­те­ліп­ келеді. Осы­лай­ша Ре­сей­ді “жоғары мәде­ниет ошағы” деп­ е­сеп­тейт­ін­ идео­лог­тар қоз­ға­лыс­қа о­рыс­ мүддесіне қар­сы си­пат­ береді.

Мұн­дай тұжы­рым­ның қи­сын­сыздығы туралы та­тар­ қай­рат­кері Сад­ри Мақ­суди 1908 жылы ІІІ Мем­ле­кет­тік думада сөй­ле­ген­ сө­зін­де-ақ айт­қан-ды [14]. “Еуропа­лық­ ис­лам­танушы­лар­ түсінігі бо­й­ынша, па­нис­ла­миз­м – ді­ни фанатиз­м негі­зін­де бірі­гіп­, еуропа­лық­ өрке­ниет пен­ бү­кіл­ х­рис­тиан әле­мін­ жоюды мақ­сат ет­кен­ қоз­ға­лыс­. Бас­қаша айт­қанда, а­дам­зат­тың­ тұр­пайы­лық­ тари­хын­ да ба­стан кеш­пе­ген­, мейі­рім­сіз­дік­ пен­ қы­рып­-жоюды наси­хат­тайт­ын­ ілім­” [15]. Мұ­нан­ әрі қа­рай­ С. Мақ­суди “мен­ мұны еш­қан­дай сын­ кө­тер­мейт­ін­, мұ­сыл­ман әлеміне жа­был­ған жала деп­ е­сеп­тей­мін­. Мұ­сыл­ман­дық­ қоз­ға­лыс­та мұн­дай і­лім­ аты­мен­ жоқ­” дей­ді.

Тү­рік­шіл­дік ис­лам­шыл­дық­ сияқты, Ре­сей­де 1880-жыл­дары тү­рік­-та­тар­ ин­тел­ли­ген­циясы­ның­ мәде­ни-либе­рал­дық ағымы ре­тін­де пай­да бол­ғаны белгілі. Тү­рік­шіл­дік­тің негізіне гума­низ­м мен­ мәде­ниет идеялары жатады, ол нәсіл­шіл­дік­ті уа­ғыз­дайт­ын­ сла­вян­шыл­дық­тан мүл­дем бө­лек­ а­ғым­ бо­лып­ табылады. Сла­вян­шыл­дық­тың теоретигі Н. Я. Да­нилевс­кий­дің­ сөзі пікірі­міз­ге то­лық­ дә­лел­ береді. “Тарихи про­цес­тер­дің­ не­гіз­гі маз­мұндары әр­түр­лі мәде­ниет тарихы түр­лері­нің­ бел­гілі бір­ тәр­тіп бой­ынша ауысуы­нан­ құралады. Сла­вян­дық тү­р мәде­ниет тарихы­ның­ ең жоғары түрі бо­лып­ саналады. Бас­қа ұлт­тар­ – нәсілдік шикі­зат­тар. Сла­вян­дар о­зық­ ұлт болуы се­беп­ті бас­қа ұлт­тар­ды а­зат­ ету және үс­тем­дік жүр­гізу мін­де­тін­ (мис­сия­сын­) өзіне ал­ған­” [16] дей­ді ол.

Мұн­дай жағ­дайда тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ о­зық­ ойлы зиялылары­ның­ нәсілшіл­дік­ теорияға қар­сы өз ұ­станым­да­рын­ алға тарт­пай­, бей­жай­ қалуы мүмкін емес­ еді. Тү­рік­шіл­дік­ идеологиясы­ның­ негі­зін­ қалаушы­лар­дың бірі Зия Гёкаль­п бұ­л а­ғым­ға шови­низ­м мен­ фанатизм­нің­ жат екенін­, бас­қа ха­лық­тар мен­ о­лар­дың мәде­ниеті­нен­ өзде­рін­ ау­лақ­ ұста­майт­ы­нын­, о­лар­ды баға­лай­ да құрметтей­ білеті­нін­ [17] а­тап­ көр­сетеді.

Осы се­кіл­ді, ді­ни сенімі бел­гісі негі­зін­де бір­лес­кен­ а­дам­дар қауы­мын­ білдіре­тін­ ис­лам­шыл­дық­ та, сөз­дің се­ман­тика­лық­ функ­ция­сын­ ауыстыру арқылы,кез­ кел­ген саяси экс­тремизм­ге дем­ беруші а­ғым­ деп қа­рас­тыры­лып­ келеді. Шын­дығына кел­генде, тү­рік­шіл­дік­, ұлт­шыл­дық сияқты, ис­лам­шыл­дық­ сөзі­нің­ де те­ріс­ эмоция­лық­ және идея­лық­ мағынасы жоқ­. Ис­лам­шыл­дық­ қозғалысы­ның­ түп­кі мақ­саты бір­-бірі­мен­ қа­рым­-қаты­нас­тарына, өт­кен­ тарихи даму жол­дарына және е­рек­ше­лік­теріне қара­ма­стан, бү­кіл­ мұ­сыл­ман елдері мен­ қауымда­рының­ о­тар­лық үс­тем­дік­тен­ құтылу жо­лын­да бірігуін көз­дейді. Қозғалыс­тың негі­зін­ қалаушы Жа­мал­ ад-дин­ әл-Афга­ни­дің­ ілі­мін­ ар­най­ы зертте­ген­ ба­тыс­ ав­тор­лары да о­сын­дай тұжы­рым­ға келеді [18].

Тү­рік­шіл­дік­, ис­лам­шыл­дық­ а­ғым­дары бір­-бірі­мен­ өзара ты­ғыз­ байланысты, бірі – тү­рік­ ха­лық­тары­ның­, е­кін­шісі – бү­кіл­ мұ­сыл­ман­дар­дың басын­ бі­рік­тіруге, сол­ арқылы империа­лис­тік оз­быр­лыққа қар­сы тұруға тырысады. О­дан­ шап­қыншы­лық­ си­пат­ іздеу шын­дыққа жа­нас­пайды.

Тү­рік­шіл­дік­, ис­лам­шыл­дық­ қоз­ға­лыс­тары тү­рік­ нә­сіл­ді және ис­лам­ дініндегі ха­лық­тар­дың­ ө­зін­дік біре­гей­лі­гін­ сақ­тай оты­рып­, ғы­лым­-бі­лім­ арқылы өрке­ниетке жетуді мақ­сат тұтады. Тү­рік­шіл­дік­ қоз­ғалысы идео­лог­тары­ның­ бірі М.-Э. Ра­сул­-Заде бол­са тү­рік­шіл­дік­ті, тіп­ті, саяси қоз­ға­лыс­ е­мес­, “ол – ғылымифилософия­лық­, эстетика­лық­ мек­теп” [19] деп­ е­сеп­тейді. Соны­мен­ бір­ге бі­раз­ ға­лым­дар тү­рік­шіл­дік­ және ис­лам­шыл­дық­ тер­минологиялары­ның­ жасанды­лық­ сипатына на­зар­ аударады [20]. Қы­тай­ та­рих­шылары Лю Бин­, Хан­ Лин­ мен­ Ли Чи тү­рік­шіл­дік­ті саяси тү­рік­шіл­дік­ және мәде­ни тү­рік­шіл­дік­ деп­ бө­ліп­ қа­рас­тырады. О­лар­ саяси тү­рік­шіл­дік­ті “тү­рік­ тіл­дес ұлт­тар­ бір­лі­гін­” ұйым­дас­қан бағ­дарлама­лық­ не­гіз­де жүзеге асыруды мақ­сат тұт­қан саяси іс-қимыл­ деп­ біледі. Ал, мәде­ни тү­рік­шіл­дік­ де­ген­де о­ның­ ғы­лым­ мен­ мәде­ниетті қам­ты­ған­ идеология­лық­ наси­хат­қа не­гіз­делуіне кө­ңіл­ бөледі [21].

Соны­мен­ М. Шо­қай­ды “тү­рік­шіл қай­рат­кер” ­деп е­сеп­те­ген­нің ө­зін­де де оның­ бү­кіл­ өмі­рін­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бо­стандығы ү­шін­ кү­рес­ке арнаған болмыс-біті­мін­, дү­ниетаны­мын­ ман­сұқтауға еш­бір­ не­гіз­ жоқ­. Оны қоя тұр­ғанда М. Шо­қай­ды тү­рік­шіл­дер­ санатына қоса­тын­дар­дың­ бі­рен­-са­ран­ е­кен­ді­гін­ айтуы­мыз­ ке­рек­. Жоғарыда е­сім­дері а­тал­ған қы­тай­ ав­тор­лары М. Шо­қай­ды түрік­шіл­дік­ идео­лог­тары қата­рын­да ата­май­ды. Тү­рік­шіл­дік­ және ис­лам­шыл­дық­ қоз­ға­лыс­та­рын­ ар­най­ы зерт­те­ген­ ф­ран­цуз про­фес­соры А. Бен­ниг­сен тү­рік­шіл идео­лог­тар ре­тін­де И. Гасп­ринс­кий­, Г. Исхаки, А. Топ­чибашы, М.-Э. Ра­сул­Заде, Ға­лым­жан Ибраги­мов­, Ж. Ақшора, Т. Рыс­құ­лов­, М. Сұл­тан­ғалиев­тің­ көзқа­рас­та­рын­ тал­дауға алады, бі­рақ­ М. Шо­қай­ есі­мін­ ата­май­ды да [22].

Гер­ма­ния­ның­ Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлі­гін­де қыз­мет іс­теп­ жүр­ген Ә. Идриси 1941 жылы 25 мау­сым­да тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ э­миг­рацияда жүр­ген же­тек­шілеріне бер­ген си­пат­тама­сын­да М. Шо­қай­ Тұ­ран­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі (тү­рік­шіл­дік­) идея­сын­ қол­да­май­ды [23] делінеді.

М. Шо­қай­ өз жаз­бала­рын­да тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ іс-қимылы жө­нін­де сөз­ қоз­ғағаны­мен­, оны “тү­рік­шіл­дік­” деп­ а­тап­ көр­ген е­мес­ және о­лай­ деп­ атауға үзіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы тұрады. Ке­ңестік­ және ке­ңес­ке қар­сы жа­зыл­ған саяси әдебиетте көр­се­тіл­ген­дей­ мағынадағы тү­рік­шіл­дік­ те, ис­лам­шыл­дық­ та Ре­сей­ аума­ғын­да және Ре­сей­ тү­рік­тері­нің­ түсі­нік­те­рін­де ешқа­шан­ бол­ған е­мес­. Бі­рақ­ о­лар­да өз құ­қық­тары ү­шін­ кү­рес­те ор­тақ­ мүд­делі­лік­ бол­ды. “О­рыс­тар­мен­ бірдей тең­ құқылы ө­мір­ сүру жө­нін­де та­лап­тар қой­ғаны ү­шін­ тү­рік­ халықтарының­ же­тек­шілері “ис­лам­шыл­дар­” а­тал­ды” [24] дей­ді Мұс­тафа. Өз қар­сы­лас­тарына “Яш Түр­кі­стан­ның­” бет­те­рін­де М. Шо­қай­ боль­ше­вик­тер шындықты бұр­малауға қан­ша әре­кет­тенгені­мен­, “тү­рік­ тай­палары­ның­ бір­лігі жө­нін­дегі мәселе – тарихи фак­т және Түр­кі­стан­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы таң­дап ал­ған­ жол – Түр­кі­стан­ның­ өз і­шін­дегі тү­рік­ бір­лігі – бір­ден-бір­ дұ­рыс­ және Түр­кі­стан мүд­десіне жауап бере­тін­ жол­” [25] деп­ өз пікі­рін­ біл­діреді. Мұс­тафа бұ­л мәселе жө­нін­дегі ке­ңес­ насихаты­ның­ екі­жүз­ділі­гін­, тарихи шын­дыққа мой­ын бұрмайтын­ды­ғын­ нақ­тылы мы­сал­дар­мен­ көр­сетеді. 1919 жылы Таш­кент­те өткен­ Мұ­сыл­ман ком­му­нис­тік ұйымдары кон­фе­рен­ция­сын­ мы­сал­ға ала отырып­, е­гер­ тү­рік­-мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ бас­тары бірі­гіп­ Ре­сей­ саяса­тын­ жақ­тап, а­ғыл­шын империа­лиз­міне қар­сы кү­рес­ке ша­қыр­са, о­лар­дың ше­шім­дері тү­рік­шіл­дік­ пен­ ис­лам­шыл­дық­тан ау­лақ­ та, Ре­сей­ о­тар­шылдығына қар­сы үндесе, на­ғыз­ осы “изм­дер­дің” өзі бо­лып­ шығады дей­ді. О­ның­ сөзі­мен­ айтқанда, “пан­тюр­киз­м, па­нис­ла­миз­м – бұ­лар­дың бәрі о­рыс­ сая­сат­керлері душар­ бол­ған “тү­рік­ ауруы­ның­” көрі­ніс­тері... О­рыс­тар­дың­ тү­рік­ ауруы о­лар­ға қауіп төн­ген кез­де, ұлт-а­зат­тық қоз­ға­лыс­тары кү­шей­ген­ тұс­та асқына түсе­тін­ дағ­дысы” [26].

Түр­кі­станды рес­публика­лар­ға бөл­шектеу – осы “ауру­дың­” ал­дын­ алу амалы е­кен­ді­гін­ М. Шо­қай­ да, о­дан­ кейінгі бас­қа да көп­те­ген­ ға­лым­дар а­тап­ өтеді. М. Шо­қай­ды тү­рік­шіл­дер­ қатарына апа­рып­ қоса салу­дың­ не­гіз­сіздігіне оның­ жал­ғыз тү­рік­ ха­лық­тары­мен­ шек­те­ліп­ қал­май, Ре­сей­ге бо­дан­ халықтардың­ кең­ ау­қым­ды коалициясын құруға ұм­тыл­ғаны дә­лел­ бола алады. Ол ү­шін­ Мұс­тафа әр ха­лық­ өз і­шін­де ауыз­бір­ші­лік­ті кү­шейт­уі, топ­шыл­дық­қа жол­ бер­меуі ке­рек­ деп­ ұғынады. Осы ба­ғыт­та Мұс­тафа алды­мен­ түркістандықтар­дың, о­дан­ соң­ Ре­сей­ империясы құра­мын­да бол­ған тү­рік­ халық­тары­ның­ бір­лі­гін­ қам­тама­сыз­ етуге ұмтылады. Мұс­тафа 1932 жылы осы мәселе бой­ынша: “Әсіресе, біз­ бар­лық тү­рік­ тек­тес­тер­дің, та­тар­лар мен­ башқұрт­тар­дың, қы­рым­дық­тар­ мен­ ә­зір­бай­жан­дар­дың­ және түркістандықтардың өзара татулығы мен­ ынтыма­ғын­ көзі­міз­дің қарашы­ғын­дай қор­ғап, дә­ріп­теп отыруы­мыз­ тиіс. О­лар­дың ара­сын­да еш­қан­дай бір­ алауыз­дық­ бол­мауы ке­рек­. “Яш Түр­кі­стан” ө­мір­ге кел­ген сәт­тен бас­тап осы мұ­рат­тарға бар­ кү­ш-жіге­рін­ жұм­сап қыз­мет е­тіп­ келеді және бұ­дан­ соң­ да со­лай­ ете бере­тін­ болады” [27] деп­ көр­сетеді.

Соны­мен­ бір­ге ол Түр­кия, Ф­ран­ция, Гер­ма­ния, Ұ­лыб­рита­ния, Италия және бас­қа да ел­дер­де “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігіне” және о­ның­ қыз­метіне байла­ныс­ты билеуші топ­тар­дың­ көз­қа­рас­та­рын­ жіті бақы­лап­, жа­ғым­сыз іс-әрекет­тер­дің­ ал­дын­ алуға, Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ мақ­сатта­рын­ түсінді­ріп­ отыруға бар­ кү­ш-жіге­рін­ салады. 1932 жыл­дың 14 мамы­рын­да Густав­ Рол­лин­ге (Вар­шава) жаз­ған ха­тын­да “С­там­булда біз­дің ісі­міз­бен танысуға саяси топ­тар ғана е­мес­, соң­ғы уа­қыт­та полиция да қызығушы­лық­ таныта бас­тапты” [28] деп­ ха­бар­лайды.

Осы­дан­ кейін Мұс­тафа Түр­кия­ның­ Ф­ран­циядағы елшісі­мен­ кез­де­сіп­, ТҰБ-ның­ саяси ұ­станым­дары жө­нін­де әңгімелеседі. Елші­нің­ Ис­тан­бұлға жіберген мағ­лұ­мат­тары Түр­кия­ның­ көз­қарасына бір­шама ық­пал­ етеді. Париждегі жеке мұраға­тын­да сақ­тал­ған­ материал­дар­ М. Шо­қай­дың­ тек­ түркістан­дық­тар­ ғана е­мес­, бас­қа да ха­лық­тар­дың­ ұйымда­рын­да ішкі бір­лік­тің­ нығаюына ба­ғыт­тал­ған­ ау­қым­ды жұ­мыс­тар ат­қар­ға­нын­ көр­сетеді. Мұс­тафа Г. Исхаки­дің­ тү­рік­-та­тар­ тұр­ғындары­ның­ ба­сын­ бір­ ұйымда бі­рік­тіру, “Миллиюл” жур­на­лын­ шығарудағы әре­кет­теріне ба­рын­ша қол­дау біл­діреді. Татар­ ті­лін­дегі бұ­л басы­лым­ды ұйым­дас­тыру жө­нін­дегі ше­шім­ 1923 жылы күзде Бер­лин­ қала­сын­да С. Мақ­суди, Г. Бат­тал­, О. Терегу­лов­, Ф. Тух­та­ров­, Ж. Ақшора, А. Шафеев (Ал­мас­ Шафи), А.-З. Валиди, Мұс­тафа Бө­кей­ха­нов­ және т. б. та­тар­, баш­құрт және қа­зақ­ э­миг­рант­тары­ның­ қатысуы­мен­ өт­кен­ кеңес­те а­лын­ғаны­мен­ [29], о­ның­ ал­ғаш­қы саны 1929 жылы ғана жа­рық­ көреді (ол 1931 жыл­дың қаң­тары­нан­ жур­нал “Янга мил­ли юл” деп­ аталады).

Г. Исхаки жур­налды шығаруға дай­ын­дық­ жұ­мыс­тары бары­сын­да 1929 жыл­дың 7 қыр­күйе­гін­де Поль­ша Бас­ штабы бар­лау бөлімі­нің­ № 2 экспозитурасына Бер­лин­нен жаз­ған ха­тын­да: “Түр­кі­стан­дық­тар­мен­ дос­тық қарым­-қаты­нас­та­мын­, бі­рақ­ рес­ми ке­ңес­ Шоқаев кел­ген­нен­ кейін ғана басталады... Қыр­күйекке дейін ол о­сын­да болады” [30] дей­ді.

1936 жыл­дың 6 қаза­нын­да Г. Исхаки Бер­лин­нен М. Шо­қай­ға: “Біз­дің­ “Мили Бай­рақ­қа” қараша­ның­ бі­рін­де бір­ жыл­ толады... Сол­ ү­шін­ де “Мил­л байрақ­тың” бір­ жыл­дығыме­нен­ құт­тық­тап­, ша­ғын­ бір­ мақала жа­зып­ жі­бер­сең дұ­рыс­ бо­лар­ еді. Тек­ мақала өте тез­ жіберілуі тиіс. Мүм­кін­ бол­са, осы бір­ істі еске­ріп­ кө­рер­сің” [32] де­ген­ өті­ніш­ жа­сай­ды.

Мұс­тафа 1936 жыл­дың қыр­күйек айы­нан­ шыға бас­та­ған­ “Муса­ват­” Ұлттық­ Ә­зір­бай­жан­ ха­лық­ пар­тиясы­ның­ бюл­лете­нін­ де алды­рып­, онда жариялан­ған материал­дар­ға тал­дау жа­сап­ отырады. 1919 жылы Па­риж­дегі жарық­ көр­ген “La Republіque de L'Aserbaіdjan du Caucase” де­ген­ ша­ғын­ кі­тап­ты да зейін қой­ып о­қып­ шығады. Бұ­л материал­дар­дың бар­лығы да тү­рік­ халықтары­ның­ бір­лігі идеясы­ның­ жүзеге асуы, геосаяси фак­тор­лар­ды ескергенде о­ның­ реги­о­н­дық бір­лікке ұмты­лыс­пен қай­шы­лық­қа түсе­тін­дігі тұрғысы­нан­ пай­ымдалады. Осы жағ­дайға бай­ла­ныс­ты ол 1933 жыл­ғы 28 мамыр­дағы Ә­зір­бай­жан­ ақпа­рат­тық бюросы­ның­ бюл­лете­нін­де (“Ис­тик­лал” газеті) көте­ріл­ген Кав­каз­ ха­лық­тары­ның­ кон­федерация­сын­ құру идеясына ерекше кө­ңіл­ бөледі [33].

Осы­лай­ша бір­неше жыл­дар бой­ы жүр­гіз­ген­ саяси қыз­меті мен­ ізденістерінің­ бары­сын­да М. Шо­қай­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бір­лігі­нен­ де ауқымды­рақ­, Ре­сей­ бо­дан­ды­ғын­дағы бас­қа да ха­лық­тар­дың­ қатысуы­мен­ жаңа о­дақ­ құру идеясына көшу ке­рек­ті­гін­ ұғынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет